Кейіпкерлерге мінездеме беру


Кейіпкерлерге мінездеме беру
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Кейіпкер түрлеріне байланысты мағлұмат
2. Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесі (5 сынып І тоқсан)
3. Мінездеме түрлері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кейіпкерлерге мінездеме беру
Көркем мәтінді талдау кезінде кейіпкерлерге мінездеме берудің мәні үлкен. Әрбір мінездеме мәтіннің өзінен тудыра талданады. Оқушылар кейіпкердің бір сипатын атап, соған мәтіннен дәлел келтіреді. Сөйтіп, мінездеменің жоспары айқындалады немесе мінездеме жоспарын алдымен жасап алып, оған мысалдар тапқызуға болады. Мұндай жұмыс түрлері үйрету, бірлесіп талдау сабақтары үшін қажет. Кейіпкер мінезінің әрбір сипатын аша отырып, олардың әрқайсысына атау беріледі. Оқушылардың осылайша талдау тәжірибесі орныққан соң, мінездеме жоспарын жасауды үйге беруге болады. Ол сыныпта талданып, толықтырылады. Осыдан соң мұғалімнің көмегімен, оқушылар образ табиғатын, автор суреттеуін қалай түсінгенін айтады. Кейіпкерлер кезекпен мінезделген соң, өз ара салыстырылады. Мұғалім алдымен оқушылардың жасап келген мінездеулерін оқытады, оларды бір‑бірімен салыстырады.
Зерттеуші Б. Сманов “Кейіпкер бейнесін талдау” әдістемеік еңбегінде көркем бейнені талдаудың мынадай тәсілдерін көрсетеді:
‑ Кейіпкерлер портреті, іс‑әрекеті, оның ішкі психологиясы жайлы автордың ойын білдіруі;
- Көркем бейнеге тән ерекшеліктерді өзге кейіпкерлерді сөйлету жолымен беру;
- Әдеби бейненің ішкі толғаныстарын (монологтарын) келтіре отырып ашу;
- Қаһармандар табиғатын оларды бір‑біріне қарсы қою әдісімен (диалог, әңгімелестіру) ашу.
Кейіпкерді мінездеу ең алдымен шығарма жанрына байланысты. Мәселен, лирикалық шығармаларда кйіпкер кейде тікелей көрінсе, кейде ақынның ойы көңіл‑күйі, бейнесі арқылы беріледі. Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы 15 қазанда Алматы облысының Нарынқол ауылында туған. Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген. Содан соң Нарынқол ауданында мұғалім болған. Жазушының тырнақалды туындысы «Он алты жасар чемпион» повесі 1951 жылы жарық көрді. Оның атын ерекше танытқан шығармасы «Менің атым Қожа» повесі болды. Ол орыс, француз, украин, литва, латын, молдаван тілдеріне аударылған. 1963 жылы «Қазақфильм» киностудиясында экрандалған. Осы көркем лента 1967 жылы Канндағы халықаралық кинофестивальда арнаулы жүлдені жеңіп алды.
Повесте кішкентай Қожаның мектеп жасындағы бастан кешкен әр түрлі қызықты оқиғалары жайлы баяндалады. Ол қанша бұзықтық жасаса да жақсы адам болуға талпынысы бар. Өзінің жасаған бұзықтығының бәрі әкесіз өскендігінен деп ойлайды. Қожа өзінің мінезін, тәртібін өзгертуге тырысады. Әңгімеде Қожаның балалық махаббаты да үлкен рөл ойнайды. Ол сыныбындағы үлгілі, тәртіпті әрі сабағын үздік оқитын Жанар деген қызды жақсы көреді. Тіпті кей кездері Жанарға арнап өлең де шығарады. Жанарды әрқашан көргісі келіп тұрады. Қожа жазушы болуды армандайды.
Шығарма кейіпкерлері. Қожа - Шын аты Қожаберген. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін оны "Қара Қожа" деп атайды. Кейде келемеждеп, «Қара Қожа» деудің орнына «Қара Көже» дейді. Фамилиясы Қадыров. Бір кезде «Қадырұлы» деп те жазып жүрді. Шашы қайратты. Бойы - орта бойлы, әжесі "әкең тәрізді сұңғақ боласың" дейді. Мектепте дәрігер өлшегенде бір жүз отыз тоғыз сантиметр шыққан. Жасы он екіде. Бесінші сыныпты бітірген. Арманы: оқу бітіріп, ер жету, университетке түсу. Жазушы болу.
Жанар - Қожамен бірге оқиды. Қожаның ойынша "кластағы ең бір ақылды қыз. Сұлу. " Дауысы әдемі, ән салады. Басына үкілі тақия киіп, мың бұралып «Қамажайға» билейді. Өнерлі қыз. Сыныптағы бірінші үздік оқушы.
Сұлтан - ол Қожаның жан досы. Бойы ұзынша арық келген жігіт. Қожадан екі-үш жас үлкен. Әкесі Сүгір жылқы бағады. Бірақ ол біраз жыл бұрын оқуды тастап кеткен және жаман қылықтарға әуес.
Қаратай - көрші колхоздағы комбайншы. Қаратайдың әйелі дүние салған. Ол Қожаның анасына үйленбекші. Қожа оны жек көреді.
Жантас - Ол Қожамен бір сыныпта оқиды. Жантас пен Қожа бір бірін ұнатпайды. Себебі Жантас Қожаны үнемі «Қара көже» деп мазақтайды және екеуі де Жанарды ұнатқандықтан үнемі сөзге келіп қалады. Сол себепті өз сыбағасын алады.
Майқанова - Қазақ тілі пәнінің мұғалімі (Майқанова Сәбира) . Қожа оқитын сыныптың жетекшісі. Ол адамгершілігі мол әрі ақылды ұстаз.
Әжесі - Қожаны қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай қызғыштай қорғап өсіреді. Өзінің ерке немересін еш жамандыққа қимайтын жанашыр жан.
Анасы - Қожаның анасының аты - Миллат. Ол ақылды, тәрбиелі адам. Ауылдың үлкен-кішісінің бәрі бірдей алдынан қия басып өтпей, хан көтеріп, құрметтеп тұрады. Екі бірдей сайлауда қатарынан аудандық советке депутат етіп сайланған.
Сәйбек қарт - Мектеп күзетшісі. Ол Қожаның әкесі Қадырдың досы, әкесі туралы көп білетін әрі Қожаға ақыл айтқан кісі.
Оспанов - зоология пәнінің мұғалімі. Қожаның жақсы көретін мұғалімдерінің бірі. Ол Қожаның әкесінің көзі тірі кезіндегі жан досы болған.
Жақанов - Қожаның сыныптасы.
А. Михайловна - Толық аты: Анфиса Михайловна. Орыс тілі пәнінің мұғалімі. Қожаның айтуынша, "мұғалімдердің ішіндегі алтын адам".
Сүттібайдың Қожасы - Қожаның сыныптасы. Сүттібайдың үлкен баласы. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін оны өңіне қарап "Сары Қожа" деп атайды.
Кейіпкерге мінездеме берудің мынадай түрлері бар:
1) Дара мінездеу
2) Салыстырмалы мінездеу
3) Топтау түріндегі мінездеу
Кейіпкерге мінездеме беру тәсілдері түрліше болады. Онда кейде кейіпкердің сырт кескіні, кейде міне‑құлқы көрінеді. Яғни, мінездеуде кейіпкердің жас ерекшелігі, дене бітімі, бет пішіні, киім киісі, дене қозғалысы, бет‑жүз қимылы кіреді. Бұған портрет тәсілінің қатысы бар. Портрет тікелей адамға бағытталып, сөз арқылы оның бейнесі жасалады. Портрет біржақты тәсіл емес, ол кейде толығып, кейіпкердің мінез сипатын, әлеуметтік жағдайын ашып та тұрады. Көркем образ ‑ өмірлік шындықты игеру мен қайтадан қорытып жаңа сапада жасап шығарудың өнерге ғана тән ерекше тәсілін сипаттайтын категория. Кейде оқушы күнделікті өмірдегі адам мен әдеби қаһарманды бірдей ұғым деп қабылдайтыны бар. Алайда, әдеби кейіпкер мен түптұлға (прототип) бір емес. Әдеби бейнеде қаламгердің ұстанымдары жинақталып, соған сәйкес көркем бейне жасалады. Мінез - адамның ішкі болмысы, қоғамдық жағдай қалыптастырған психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы. Осы мінез сипатты ашу үшін жазушы әр түрлі тәсілдерге жүгінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz