Дәрілік өсімдіктерге жалпы сипаттама


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Күні: Сыныбы: 7 «Жас б иолог» үйірмесі

Сабақтың тақырыбы: Дәрілік өсімдіктерге жалпы сипаттама

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Дәрілік өсімдіктердің медициналық құндылығын түсіндіру

Дамытушылық: Оқушылардың химия пәнінен алған білімдерімен ұштастырып түсіндіру

Тәрбиелілігі: дәрілік өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер

Сабақ өту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

ⅠҰйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

Ⅲ Жаңа сабақты түсіндіру:

Қазақстанның кең-байтақ аумағы пайдалы өсімдіктер түрлеріне өте бай. Оның ішіңде маңызды болып саналатын медицинаға аса қажетті өсімдіктер тобы - дәрілік өсімдіктер болып табылады. Қай заманда болмасын, адамзат өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес, сонымен қатар емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Өсімдік тағамдарын ем ретінде пайдалану сонау көне заманнан бері дағдыға айналған. Қазіргі кезде бұлардан жасалатын препараттардың тиімділігі өз алдына, сондай-ақ, олардың биологиялық сіңімділігі жоғары болуымен қатар, бойға тез таралады, зияңды заттарды бейтараптандырады және олардың ағзадан шығуын тездетеді, ағзаның қорғаныш күшін күшейтеді. Қазақстан жерінде өсетін 5600-ден астам гүлді өсімдіктердің дені өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында пайдаға асады [1] . Соның 500-ге жуығы пайдалы өсімдіктер болып табылады. Олардың ішінде жүздеген ресми дәрілік, халық арасында дәрі-дәрмек үшін пайдаланатын бірнеше жүздеген улы, дәруменге бай, алколоидты, флавоноидты және т. б. пайдалы өсімдік түрлері бар [2, 3] . Сонымен қатар, дәрілік өсімдіктер қатарына әртүрлі сәндік өсімдіктер де жатады, олардың көпшілігі физиологиялық белсеңді заттар (шегіргүл, гүлшетен, т. б. ) .

Дәрілік өсімдіктермен емдеу бұрыннан келе жатса да, өзіңдік маңызын әлі күнге дейін жойған жоқ, қайта жыл өткен сайын оның құндылығы артып келеді. Сондықтан, соңғы кезде қолданылатын химиялық препараттарға қарағанда "дәрілік өсімдіктерден" дайындалған дәрілерге сұраныс басым. Дәрілік өсімдіктерден жасалған препараттардың адам денсаулығы үшін өте жоғары бағаланатыны белгілі, соның нәтижесінде бұл күнде "фитотерапия" айтарлықтай дамып отыр. Дәрілік қасиеттері бар өсімдіктерді зерттеу барысында биологиялық белсенді заттарын анықтауда тек бұрыннан белгілі түрлердің ғана емес басқа да перспективті дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттерін ескеріп анықтау маңызды болып табылады. Адам баласы өсімдіктерді сонау көне дәуірден бастап күні бүгінге дейін өз қажетіне жаратып, пайдасына асырып келеді. Қалай атаған күнде де адамзат баласы үшін дәрілік өсімдіктердің пайдасы өте зор. Дәрілік өсімдіктер адам ағзасын нығайтады, бауыр, бүйрек, жүрек, өкпе, асқазан және ішек жолдары мен әртүрлі бездердің (мәселен, ас қорыту бездерінің, т. б. ) қызметтерін жақсартады, қан қысымы мен зат алмасуды ретке келтіреді, ағзаға жиналған зиянды және улы заттарды несеп, нәжіс, қақырық, тер арқылы сыртқа шығарады, микробтар мен бактерияларды, вирустарды жояды, ауырған жерді (ауруды), дене қызуын басады, қан тоқтатады, орталық жүйке жүйесін тыныштандырады, т. б [2, 4, 5] . Сондықтан халықтың өсімдіктер туралы: "өсімдік - жанға шипа, дертке дауа, өсімдік - денсаулық кепілі, өсімдік - дәрі-дәрмек қоймасы, өсімдік - ауруға ем, сауға қуат" деген қағидалардың шынайылығы мен ақиқаттығына көз жеткізу қиын емес. Қазіргі кездің өзінде отандық ғылыми медицинада 216-дан астам аса дәрілік өсімдік түрлері қолданылады [4] . Дәрілік өсімдіктерді қалай болса солай ысырапсыз жинап, олардың тұқымынан құртып алудан әрқашанда сақ болғанымыз абзал. Сонымен қатар, оларды қорғауды, сақтауды, сөйтіп, табиғат "тегін" сыйға тартқан қымбат қазынаны келешек ұрпаққа аман-есен жеткізуді ешқандай да естен шығармауымыз жөн деп қарауымыз қажет. Дәрілік өсімдіктерді жан-жақты зерттеу, қолданысқа енбеген кейбір түрлерін медицинаға қолдануға ұсыну қазіргі осы салаға байланысты ғылыми жұмыспен айналысушы ізденушілердің басты міңдеті болып табылады

Жалпы еліміздің флорасының таралу ареалына келетін болсақ, Қазақстанның шығыс аймағында, соның ішінде Тарбағатай жотасыңда көпжылдық бұталы өсімдіктер басым. Соның ішінде дәрілік өсімдіктердің бірнеше тобы өседі. Сондықтан, Тарбағатай жотасының жер бедерінің, климатының, топырақ жамылғысының сан алуандығы, ондағы қалыптасатын дәрілік өсімдіктер жамылғысының алуан түрлілігіне де әсер етеді

Күні: Сыныбы: 7 «Жас б иолог» үйірмесі

Сабақтың тақырыбы: Дәрілік өсімдіктердің кейбір түрлерінің сипаттамасы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Дәрілік өсімдіктердің медициналық құндылығын түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың химия пәнінен алған білімдерімен ұштастырып түсіндіру.

Тәрбиелілігі: дәрілік өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер

Сабақ өту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

ⅠҰйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

Ⅲ Жаңа сабақты түсіндіру:

  1. Алматы доланасыбиіктігі - 4 - 6 метр болтатын, жеміс ағашы, бұталардың қабығы қоңыр, тікенектері бар

Жапырақтары жұмыртқа сияқты, шеттері ара түсті, гүлдері қызыл, шоғырланып орналасқан. Тұқымы қара - қоңыр түсті, 3 - 5 дәнекі бар жеміс, сопақша келген. Мамыр - маусым айларында гүлдейді.

Дәрлік мақсат үшін долананың жемісімен гүлін пайдаланады. Доланадан жасалған дәрілер орталық нерв жүйесін тыныштыандырады, жүрек бұлшық еттеріне күш береді (Іскендіров, 1982 ж)

(М. Қажымұратов, 1986 ж) - тамыз айында жеміс береді, жемісінде қант, белок, илі заттар, май қышқылдары сондай-ақ кратегус, стеорин, пильметин қышқылдары және глюкозид ноксинантин болады. Әсер ететін негізгі заттың бірі - кратегус қышқылы. Ерте заманда онымен асқазан, әйелдердің жыныс сырқатын, жүректің әлсіреуімен болған ісіктерді емдеген. Жемісінің тұнбасы қан қысымын бәсендетеді. Станковтың (1951) зерттеуіне қарағанда долана жемісінде 0, 25 - 0, 5 мг А витамині, 9, 09 - 54 мг С витамині, ал жапырағында 180 мг С витамині бар. Қабығынан қоңыр, сары түсті бояулар алынады.

Долана (боярышник - crataegus) жуан әрі түп-түзу тікенектері болады. Жемісі қыркүйкек айында піседі. Жеуге жарамды (Б. Қалиұлы, К. Үшбайұлы, 2005 ж)

Дайындалуы. Дәрілік мақсаты үшін гүлі мен жемісі пайдаланылады. Гүлдерін - мамыр-маусым айларында, жемісін қыркүйек - қазан айларында жинап алып, гүлін жұқа етіп жинап, көлеңкелі және жел қағатын жерде (қаңылтыр шатыр астында) кептіреді. Ал жемісін 50 - 60 кептіргіште немесе пеш үстінде кептіреді. Мата дорбаларда немесе кардон қораптарда сақтайды. Сақтау мерзімі 2 жыл.

Қолданылуы. Долананы жүрек ауырғанда (гипертония, анионрвоз т. б. ) жүрек қатты соққанда, қан қысымы көтерілгенде, нерв жүйесі әлсіренгенде, үйқы қашқанда қолданылады. Ол жүректің бұлшық етіне күш береді, қан қысымын жақсартады, үйқыны қалпына келтіреді.

Пайдалануы:

1. Долана гүлінің 1 ас қасығын 1 стакан қайнап тұрған ыстық суға салып, бетін жабады, ішінде су бар ыдысқа орналастырады: сөйтіп, 15 минут қайнатады, суған суын сүзіп, үшке бөліп, күніне тамақ алдында ішеді.

2. долана жемісінің 10 г қайнап тұрған 1 стақан суға салып, тұндырады. Күніне жарты стақаннан тамақ алдында 2 - 3 рет ішеді.

3. Долананың 1 шай қасық гүлін, 1 ас қасық жемісін 1 стақан ыстық суға салып тұндырады. Күніне тамақ алдында жарты стақаннан 2 - 3 рет ішеді.

4. Долана жемісінің 25 г 100 мг спиртке салып, 8 - 10 күн ұстайды.

Содан соң 30 - 40 тамшыдан 3 рет тамақ алдыннан ішеді. Тұнба егер арақаа жасалса, онда 50 - 60 тамшыдан ішеді.

5. Долананың 50 г, қырықбуын шөбінің 20 г, қызыл таспаның 30 г қосып, тұнба жасайды. Күніне стақанның 1/3 бөлігіндей мөлшерде 3 рет ішеді.

2. Қара өрік - биіктігі 3 метрге дейін жететін бұта, бұталардың көбінің ұшында өткір тікенегі болады. Жапырақтары майда, жұмыртқа тәрізді, гүлдерінің түсі ақ түсті. Жемісі - дөңгелек, қара - көк, сүректі келеді. Сәуір айында гүлдейді. (Іскендіров 1982)

Дәрілік мақсаты үшін қара өріктің гүлдерін, жапырақтарын несес айдайтын, іш жұрмей қалғанда және түйнеп ауырғанда қолданады. Қабығынан жасалған дәрілерді дене қызуы көтерілгенде пайдаланады.

Қара өрік жемісінде 7, 3 - 14, 8 % қант, 0, 3 - 1, 5 % түрлі қышқылдар, 10 мг % А, С витаминдері бар. Ал тұқымында 40 % дейін май болады. (Қажымұратов, 1986 ж)

Жарық сүйгіш жеміс ағашы. Оның қазақша - алхоры, шолмырт, орысша - терн, терновник, чернослив деген қосымша атаулары бар (Б. Қалиұлы, К. Үшбаұлы 2005ж)

Дайындалуы. Емдік мақсатта оның сүйегі алынып тасталған, жемісі және гүлі мен жапырақтары, қабығымен тамыры пайдаланылады. Гүлін, жапырақтарын, қабығын - көктемде (сәуір, мамыр) тамырын - күзде жинап алып кептіреді.

Қолданылуы. Қара өрік суық дегенде, дене қызуы көтерілгенде, жүрек айнығанда, асқазан, бауыр, бүйрек ауруларына, өт қабығанда, іш жүрмей қалғанда, дене сыртына іріңді бөрпелер шыққанда, сондай-ақ, атероссклероз, гипертония, сарып, подагра ауруларымен ауырғанда қолданылады. Ол бүйректің жұмысын жақсартады, зат алмасуын реттейді, тер шығарады, несеп айдайды, іш жүргізеді, нерв жүйесін тыныштандырады.

Пайдалануы:

Гүлімен жапырағының 2 шай қасық ұнтағын алып, 1 стақан қайнап тұрған суға салып 8 сағат бұқт ырады. Сүзіп, ширек стақаннан күніне 4 рет ішеді.

Қабығымен тамырының 1 шай қасық (5 г) ұнтағын 1 стақан қайнап тұрған суға салып, 15 минут қайнатады. Сүзіп, 1 күнде ішіп таусады.

25 г ұнтақталған гүлін 1 стақан қайнап тұрған суға салып, 30 минут бұқтырады да, сүзіп, шай ретінде ішеді.

Ащы ермен - биіктігі 50 - 100 см жететін көпжылдық өсімдік. Ащы ерменнің сабағы тік, көп қырлы, ұшына таман қалың тарандалған. Гүлдері сары түсті, жемісі тұқымша. Шілде мен тамыз айларында гүлдейді. Ерменді жерден шамаен 10 - 15 см биіктікте, сабағын пышақпен кесіп алу керек. Бұдан жасалған дәрілер қарын жолдарының жұмысын жақсартып, іштегі зиянды құрттарды түсіруге көмектеседі.

3. Ащы ермен (полынь горькая - Artemisia absinthium) . Жапырақтары көп әрі уақ. Тілімделіп келеді. Сабақтары мен жапырақтарын сұр түсті түк басған. Гүлдері майда, сраы түсті, сабақтардың басына орналасқан. Шілде-тамыз айларында гүлдейді. Барлық жерде өседі. Өзіне тән ерекше иісі бар. Дәмі ащы.

Дайындалуы. Дәрілік мақсатта ерменнің жер үсті бөлігі (шөбі, жапырақтары, гүлі) падаланылады. Гүлдеу кезінде сабағының жоғарғы жағының гүлмен қоса орып алып, шатр астында (көлеңке жерде) кептіреді.

Қолданылуы. Ермен тұнбасымен бүйрек, бауыр, талақ (көк бауыр), сары ауру, шемен, безгек, астма, ревматизм, геморрой, экзема және күз ауруларын емдейді. Қандала мен бүргеге қарсы қолданылады. Ас қорту жұмысын жақсартады, тәбет ашады, өт жүргізеді, несеп айдайды, нерв жүйесін тыныштандырады, асқазан мен ішек құрттарын түсіреді, асқазан қышылуын басады, іш өткенді тияды, жараны жазады, жұқпалы аурулардың микробтары мен вирустарын жояды, ауыздан шыққан жағымсыз иісті кетіреді.

Пайдалануы:

Тұнба жасау үшін 1 шай қасық (20 г) уақталған ермен шөбіне 2 стақан қайнаған су құйып, қайнатады да 20 минут тұндырады. Сүзіп, 2 ас қасықтан немесе стақанның ¼ бөлігіндей мөлшерден тамақтан жарты сағат бұрын күніне 3 мезгіл ішеді.

спиртті тұнба жасау үшін, кептіріліп, уақталған ермен шөбін ыдысқа салып, үстіне 40 % спирт (мөлшері - 1: 5 яғни 20 г шөп, 100 мг спирт) құйып 7 - 14 күн сақталады. 15 - 20 тамшыдан тамақтан жарты саған бұрын күніне 3 мезгіл ішеді.

асқазан бездерін жұмыстарын жақсарту үшін, тәбет ашу үшін ерменнің 8 бөлігін, мың жапырақтын2 бөлігін, андыз тамырының екі бөлігін арластырады да осы қоспаның 1 шай қасығын қайнап тұрған 2 стақан суға салып, 20 минут тұндырады. Тамақ алдында 30 минут бұрын жарты стақанынан 3 - 4 рет ішеді.

осы тұнбаның 2 стақан қытай пияздың бір түйірінен жасалған 1 стақан тұнбаны арластырып ішек құрттарын түсіру үшін клизма жасайды.

буын шығып кеткенде, сіңір созылғанда, денеге соққы тиіп көгергенде ерменнің жас жапырақтары мен таңып қояды.

бір ас қасық ерменді 1 стақан қайнаған суға салып, тұндырады да, ауыз шаяды (жағымсыз иісті кетіреді)

4. Итмұрын - биіктігі 2 метрге жететін бұта. Жапырақтары қауырсын тәрізді кезектесіп орналасқан. Қабығы қоңыр-қызғылт түсті. Гүлдері өте ірі, ашық қызыл түсті. Жемісі ішінде 1 ғана тұқымды бар жаңғақша. Мамыр-шілде арасында гүлдейді.

Дәрілік мақсаты үшін итмұрын жемісін тереді. Осы өсімдіктен жасалған дәрілердің өт айдайтын асқазан мен ішектің қызметін жақсартатын қасиеттері бар. Сонымен қатар жемісінен май күйікті, ісікті тері ауруларын емдеуге таптырмайтын ем.

Қолданылуы итмұрын тұнбасы бауыр (холецистит, гепатит) бүйрек қуық ауырғанда, бауырға тас байланғанда, бас ауырғанда (гипертония) атеросклероз, гастрит болғанда қан кеткенде, инфекциялық ауруларға, созылмалы жараларға қарсы қолданылады. Ол өт, несеп айдайды, асқазан, ішек жұмысын реттейді, тонусты көтереді, зат алмасуды жақсартады.

Күні: Сыныбы: 7 «Жас б иолог» үйірмесі

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанды мекендейтін емдік қасиеті бар өсімдіктер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Дәрілік өсімдіктердің медициналық құндылығын түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың химия пәнінен алған білімдерімен ұштастырып түсіндіру.

Тәрбиелілігі: дәрілік өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер

Сабақ өту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

ⅠҰйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

Ⅲ Жаңа сабақты түсіндіру:

Алтын тамыр. Сабағы тік өсетін, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Дәрілік шикізат ретінде оның барлық түрінің тамыры жиналады. Дұрыс жиналып, сақталған бұл өсімдік тамыры 2, 5-3 жылға дейін шипалық қасиетін жоймайды. Алтын тамырдың құрамын-дағы экстракт ағзаның дене жұмысына шыдамдылығын арттырады, жүрек-қан тамырлары жүйесін жақсартады, жоғарғы жүйке жүйесінің ыр-ғағына жағымды әсер етеді, қан қысымын реттейді. Оны орнымен қолданбаса, кейбір адамдардың қан қысымын арттырып та жібереді.

Адыраспан . Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап алады. Ол - улы өсімдік. Халық емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Мал-дә-рігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын емдейді.

Арша . Оны кәдімгі арша, ем арша деп те айтады. Биіктігі 1-3, 5 метр, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Қара күзде өсімдіктің піскен жемісі (қаракөк түстілері) жинап алынып, ашық жерде ептеп кептіреді. Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Аршамен тіс тазалау пайдалы.

Ащы мия. Оны ақ мия деп те атайды. Көп жылдық шөп тектес өсімдік. Бүкіл шөбі мен тұқымы дәрі. Басты ем болатын аурулары: жедел және созылмалы ди-зентерияға; асқазан ауырып, аздап запыран құсқанда; шиқан, сыздауық және басқа жарақаттың іріңдеуіне, жара-ларға; қышыма, бөріткен, ес-кілікті теміреткіге; ақ кір көп келуге. Улы дәрі. Абайлап қолдану қажет.

Ащы қарбыз. Көп жылдық өрмелегіш сабақты өсімдік, ұзындығы он сантиметрдей. Тамыр түйнегі етті, сабағы көп бұтақты, мұртша ширатылып өседі. Басты ем болатын аурулары: кеңірдекшелердің созылмалы қабынуына; кеуде толып, тынышсызданып ауырғанда; жүрек шаншып ауырғанда; емшек безінің шұ-ғыл қабынуына; жұтқыншақ ауырып, үн қарлығуына. Ащы қарбыз тамыры қанды несеп ауруына ем болады.

Арпа. Бір жылдық шөп тектес дақыл. Халық медицинасында бойға қуат беретін арпа дәнінің қайнатпасы асқазан мен ішек ауруларын, денедегі бөртпелерді жазып, бүйрек-тегі тасты түсіріп, қуықтың қабынуына ем.

Дәрмене жусан. Онымен емдеу ғылыми медицинаға қосылған үлкен үлес. Қазақтың халық емшілері ішек құрты ауруына қарсы қолданған. Бабаларымыз бұл өсімдікті атам заманнан бері шет елдерге сауда керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп отырды. Қара жусанның тамырын тәбет ашуға, ішек, асқазан, бауыр, өт қалтасы ауруына пайдаланады.

Женьшень. Ол тіршілік тамыры саналады. Аралия тұқымдасы панак туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 50 сантиметрдей, тамыры жуан, бұтақталған, сыртқы қабы-ғы ақ, қатты. Өте баяу өсіп, 10-11 жылдан кейін жеміс береді. Оның тамырында тритерпен глюкозидтері (сергіткіштік қасиеті бар) кездеседі. Женьшеньнің тамырынан дайындалған дәрі-дәрмек, ұнтақ, тұнба медицинада ор-ганизмнің жалпы тіршілік қа-білетін, ауруға төзімділігін арттырып, кейбір жүйке және жүрек - қан тамыры ауруларын емдеуге қолданылады.

Күні: 10 . 09. 2010 Сыныбы: 6 - 7 «Жас б иолог» үйірмесі

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанды мекендейтін емдік қасиеті бар өсімдіктер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Дәрілік өсімдіктердің медициналық құндылығын түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың химия пәнінен алған білімдерімен ұштастырып түсіндіру.

Тәрбиелілігі: дәрілік өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер

Сабақ өту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

ⅠҰйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.

Ⅲ Жаңа сабақты түсіндіру:

Мойыл. Биіктігі 3, 5-8 метрлік, ағаш немесе бұталы өсімдік, жемісі - қара сүйекше. Дәрілік шикізат - жемісі. Жеміс тұнбасы жас бұзаулардың іш өтуін тоқтатады. Шыбын-шіркей, кене т. б. зиянкестерді қыру үшін ағаш қабығының тұнбасы пайдаланылады. Ол үшін ағаш қабығының 100 граммы 5 литр суға ерітіліп, шыбын-шіркейі мол жерге шашылады.

Марал шөп тамыры. Бұғылар күз, көктемде бұл өсім-діктің тамырын тұяғымен қа-зып жейтін болғандықтан, оны марал шөп тамыры деп атап кеткен. Тамыры қысқа, ірілеу, шашақталған, гүлдері - көк, көкшіл түсті, шар тәрізді тостағанша құрып, сабақтың ұш жағында жеке-жеке орна-ласқан. Оны мақсыр деп те атайды. Халық ертеден бері «алтын тамыр», женьшень тәрізді әл беретін дәрі ретінде пайдаланған.

Қара пышақ, күшәла. Қара пышақ - биіктігі 20-40 сантиметр болатын, көп жылдық шөп тектес, жартылай улы өсімдік, гүлінің ішкі беті қара түсті. Өзбектер оны күшәла деп атайды. Ортаңғы қабыршақ жапырақтың ішінен ұзындығы 5-8 сантиметр болатын, қарындаш тәрізді өзек-ше өсіп шығатын болғандықтан, орыстар оны карандаш дейді. Медицинада осы өсімдік тамырынан дәрі жасап, онымен өкпе туберкулезін емдеп келеді.

Тобылғы. Раушан гүлділер тұқымдас, көп жылдық, шөп тектес өсімдік - тобылғының тұнбасы, майы көп ауру-ға ем. Гүлінің, жапырағының тұнбасымен малдың бүйрек, қуық ауруларын, асқазан - ішектің түйілуін, денесіндегі түрлі ісіктерді емдейді. Тобылғы майын малдың, адамның ісіп кеткен буындарына, сырқырап ауыратын тұстарына жағып, сырқатын жазады.
Қарандыз. Сазды жерде өседі. Түбін дәрі ретінде пайдаланады. Жөтелгенде түбірін аршып ауызға салады.

Жербауырсақ. Жусанға, басқа шөпке жабысып өседі, бауырсаққа ұқсас. Оны қуығы тұтылған адам емге ішеді.

Шырғанақ. Бұтағы тікенді, аса жуан емес, іші сары қатты ағаш. Оны ыстық-суық болып ауырғанда емдік дәрі ретінде қолданады.

Шетен . Биіктігі - 3-20 метрлік, жұқа сұрғылт қабықты, көп жылдық жабайы ағаш. Оның жемісін бауыр, өт ауруларын емдеуге, несеп, өт айдауға, бүйрекке және қуыққа байланған тасты түсіруге, іш жүргізуге пайдаланады.

Итмұрын. Жемісінің құра-мында илік заттар, С, К, Р, Е, В тобындағы дәрумендер, каротин, қант, лимон, алма қышқылдары, аздаған мөл-шерде белок, май, гликозидтер бар. Итмұрын жемісі, тұнбасы малға да, адамға да өте пайдалы.

Орман бүлдіргені. Биіктігі 5-25 сантиметр, көп жылдық шөп тектес. Жемісі шілде, тамызда піседі. Жемісі-дәрумендердің бай қоры. Асқазан - ішек жұмысын жақсартады, адамның тағам-ға деген тәбетін арттырады, ас қорыту органдарының қабынуын басады, бауыр, бүй-рек ауруларына ем.
Өгей шөп. Биіктігі 15-20 см, күрделі гүлділер тұ-қымдас, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Жапырағының астыңғы беті жұмсақ, жылы, үстіңгі беті қатты және суық болғандықтан, халық оны өгей шөп деп атаған. Ха-лық емшілері өгей шөптен жасалған тұнбаны жөтелді басатын дәрі ретінде қолданған. Өсімдіктің құрғақ жапырағын тынысы тарылып, ентігетін адамға темекі тәрізді қағазға орап тартқызып, емдеген.

Долана. Раушан гүлділер тұқымдасына жатады, бұта не ағаш. Қазақстанда 7 түрі Алтай, Тарбағатай, Іле және Жетісу (Жоңғар) Алатауында өседі. Жемісі тамыз - қыркүйекте піседі, дәруменге бай. Долананың 50 түрі қолдан өсіріледі, ол - дәрілілік құнды шикізат. Жемісінің құрамында аскорбин, лимон қышқылдары, флавоноидтар, каротин, гиперозид, қант бар.
Долана жүректің бұлшық еттерінің жиырылуын күшей-теді, қажығанда қуат береді, қан қысымын төмендетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пайдалы өсімдіктердің зерттелуі
Қазақстанның өсімдіктер ресурсының түрлерін анықтау
Дәрілік өсімдіктердің тарихы
Altheae officinalis L (Дәрілік жалбызтікен) өсімдігі вегетативитік мүшелерінің онтоморфозгенезі
Қазақстан ғалымдарының дәрілік өсімдіктерді зерттеуде қосқан үлестері
Дәрілік өсімдіктердің химиялық, формакологиялық құрамдары
Convolvulaceae vent. Тұқымдасының дәрілік түрлері өкілдерінің морфо-анатомиялық ерекшеліктері
Дәрілік өсімдіктердің кездесетін жерлері
Мектеп жасына дейінгі балаларға табиғатқа деген ізгілік пен ұлттық әдет ғұрыптарды қалыптастыра отыру
Дәрілік өсімдіктердің биологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz