Жоғары мектеп педагогикасы және жоғары білімді жетілдіру міндеттері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Әсейін Айдана
АЯ 20-3М
Жоғары мектеп педагогикасы және жоғары білімді жетілдіру міндеттері
Жоғары мектеп педагогикасының қалыптасуында Я.А. Коменскийдің
Академия еңбегіндегі оқытудың қағидалары мен әдістері: студенттерге
адамзатта бар білімді меңгерту, оларға ғылымның негізін үйрету;
студенттерді оқытуға тек ғалымдар мен профессорларға рұқсат беру;
Академияда барлығына қол жетімді кітапханалардың болуы туралы
идеялары маңызды роль атқарған.
Дж.Локктың дамыта оқыту, оқытуда жеке-дара тұрғыдан қарау, дербес
ойлауды дамыту туралы идеялары, И.Гербарттың оқыту үрдісін басқару,
адамгершілік тәрбие, тәрбиелей оқыту, тәрбиедегі талап қоюшылық пен
қаталдық туралы идеялары, А.Дистервегтің мұғалімдерді даярлау туралы
идеялары ерекше маңызға ие болды.

№1 тапсырма. Жоғары кәсіби білімнің даму бағыттары
№2 тапсырма. Жоғары кәсіби білімнің дамуына үлес қосқан қазақстандық ғалымдар жайлы ақпарат жинау.

Жоғaры білімнің міндеттері (ЮНЕСКО Деклaрaциясы бойыншa)
* жоғaры мaмaндaндырылғaн кaдрлaрды дaйындaуды қaмтaмaсыз ету;
* өмір бойы жоғaры білім aлу және кейінгі білім aлуды жaлғaстыру мүмкіндігін беру;
* білімді дaмыту мен тaрaту;
* қоғaмдық құндылықтaрды бекіту және қорғaу;
* білім беруді бaрлық деңгейде дaмыту және жетілдіру.

Қазақстанның Болон процесіне жедел кіруі нәтижесінде еліміз үш деңгейлі модельге енді: бакалавриат-магистратура- PhD докторантура.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған уақыт аралығында жоғары білім беруді дамытудың стратегиялық бағыттары өзгерді. Бастапқыда олар білім берудің ұлтты жүйесіне, кейіннен әлемдік білім беру кеңістігіне ену мақсатында сапаны көтеруге бағытталды. Төменде көрсетілген бағыттар жоғары кәсіби білім беруді дамытуды жүзеге асыра бастады.

1. Жоғарғы білім жүйесін демократияландыру және басқарудың бір орталықтан жүргізілмеуі;
2. Жоғарғы оқу орындарының құрылымы мен жүйесін әртараптандыру;
3. Жаңа заңнамалық және нормативтік-құқықтық базаны құру;
4. Жоғары білім берудің жаңа мемлекеттік стандарттарын қалыптастыру.

Осы бағыттар бойынша білім беруді дамытудың жаһандық тенденциялары қалыптасты.
1. Білім беру гуманизациясы
Білім гуманизациясы білім беруді адамға жақындастыру, білім алушылардың қызығушылықтарын, мүмкіндіктерін және жеке қабілеттерін ескеру; адамның жан-жақты дамуына тиімді жағдай жасау, оқытуды дамыту басымдықтары, оқыту процесіне рефлексияны, өзін-өзі тексеру мен өзін-өзі бағалауды қосу.
2. Білімді интеграциялау
Білімді интеграциялау білім беру мазмұнының компоненттеріне өзара сіңісуден (ішкі интеграция) және әртүрлі елдердің білім беру жүйесін жақындастыру және жалпы білім беру кеңістігін қалыптастырудан (сыртқы интеграция) көрінеді. Білім беру интеграциясы білім саласындағы интеграцияланған бағдарламалар мен курстар және халықаралық ынтымақтастықты құру арқылы жүзеге асады.
3. Білім беруді стандарттау
Жаһанданумен байланысты, Болон процесінің қатысушылары қол қойылған уағдаластыққа сәйкес, Бірыңғай еуропалық білім беру мен ғылыми кеңістік құру негізінде жатқан барлық идеялар мен қағидалардың жүзеге асуын қамтамасыз етуге міндетті.
Болон процесінің міндетті параметрлері:
- Жоғары білім берудің үш деңгейлі жүйесі
- ECTS академиялық кредиттері
- ЖОО студенттерінің, оқытушылары мен әкімшілік қызметкерлерінің академиялық ұтқырлығы
- Дипломға Еуропалық қосымша - Жоғары білім беру сапасын бақылау
- Бірыңғай еуропалық зерттеу кеңістігін құру4. Демократизация
Білімді демократияландыру барлық халық үшін білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету екенін, білім беру мекемелеріне үлкен құқықтар мен автономдығын, білім алуға әрбір адамның құқығын жүзеге асыру мақсатында педагогтар мен білім алушыларға академиялық еркіндік беру.

5.Білімді ақпараттандыру және компьютерлендіру

Білімді ақпараттандыру мен компьютерлендіру компьютерлік және электронды-есептеу техникаларын кең түрде пайдаланумен, ғаламтор желісіне қосылу, оқу процесін жабдықтау мультимедиасы арқылы көрінеді.
Білімді ақпараттандырудың кең түрдегі мағынасы - бұл білім беру жүйесіндегі білім мен ақпараттар айналымының қарқынын жеделдету.

6. Білім фундаментализациясы
Білім фундаментализациясы білім алушылардың әдістемелік, теориялық және практикалық дайындықтарының бірлігін тереңдету мен қамтамасыз етуге негізделген.
* Жоғары білім беру фундаментализациясы төмендегілер арқылы көрінеді:
жалпы гуманитарлық пәндер циклын жаратылыстану мен техникалық білімге енгізу және жалпы жаратылыс-ғылыми пәндерді гуманитарлық білімге адамдардың дүниетанымдық мәдениеті бастарының бірікпеуін жеңе білу мақсатында жүргізу;
* Барынша әмбебап және жалпылауыш білімі бар, қолданбалы зерттеулер мен әзірлемелердің негізі болып табылатын, адамдардың жалпы және кәсіби мәдениетін қалыптастыруға арналған базаны, жаңа мамандықтарға тез бейімделуге интегралды пәнаралық курстар құру;
* ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика ғылымының салалары мен міндеттері
ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫ, ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Ынтымақтастық педагогикасының ғылыми – педагогикалық негіздері
Ынтымақтастық педагогиканың негіздері
Болашақ мамандарды даярлау жүйесі
Педагогиканың жалпы мәселелері. Педагогика пәні, оның әдіснамалық негіздері
Педагогиканың дәрістері
Оқытуды ұйымдастырудың формасы
Оқытуды ұйымдастырудың басқа формалары
Дене шынықтыру және спорт педагогикасы
Пәндер