Педагогикалық әрекет ғылым және өнер ретінде


Орындаған:
Әсейін Айдана, АЯ 20-3М тобы
3 практикалық сабақ.
Педагогикалық әрекет ғылым және өнер ретінде
1. Педагогикалық әрекет туралы түсінік
2. Әрекет компоненттері
Педагогикалық іс-әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады. Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіндік сипаттары-ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім «сананың біртұтастық объектісі» болып есептелуі керек (Н. И. Непомнящая), мұғалімнің іс-әрекеті. Оның білімі және тәжірибесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық.
Мектептегі педагогикалық (оқыту-тәрбиелеу) процестре мұғалім және оқушы іс-әрекетінің субъектісі ретінде көрінеді, мұғалім іс-әрекеттің объектісі ретінде оқушыны емес, педагогикалық процесс деп есептеу керек.
Қазіргі кезеңдегі біртұтас педагогикалық процестің мәні туралы түсінік ғалымдардың бірнеше ұрпақтарының күш салуларының арқасында жинақталады, өйткені педагогикалық құбылыстар компоненттерінің, қасиеттері, заңдылықтар туралы дербес білімдері бірте-бірте жинақталады. Бірақ, бөлік туралы білім әлі біртұтас туралы білім емес. «Педагогикалық процесс деген сөздік ғылыми айналымға ХІХ ғасырдың екінші жартысында (П. Ф. Каптерев) енгізілгенімен, ұғымның мазмұндық сипаттамасын тек қана тұлға теориясы, іс-әрекет теориясының дамуы арқылы құбылыстарды зерттеуде жүйелілік тәсіл қолдануды қалыптастыру арқасында мүмкін болды.
Педагогикалық процестің мәні туралы қалыптасқан түсініктердің сыртында мұғалім үшін өте маңызды бір қатар мәселелер қалды, ол: не себепті бір тұтас педагогикалық процесс оқыту мен тәрбиенің бірлігі (А. Ф. Каптерев, М. А. Данилов) ; оның оқыту, даму және тәрбиелік қызметтерінің бірлігі қалайша қамтамасыз етіледі (Ю. К. Бабанский) оқушылардың өзара әрекетінің ерекшеліктері қалай анықталады (С. Т. Шацкий, Н. К. Крупская, В. А. Сухомлинский) ; өзара әрекет тек қана оқудан тыс уақытқа тән бола ма (А. С. Макаренко) ; біртұтас педагогикалық процестің қандай ерекшеліктерін білу оның бағытты дамуының мәселелерін шешуге көмектеседі (Б. Т. Лихачев) және қазмет істеулерін басқару (В. С. Ильин, И. П. Радченко) және т. б. Пайда болған сұрақтарға жауап басқа кеңістікте жатыр - ол біртұтас педагогикалық процестің барлық сапалары мен қасиеттерін сипаттау.
« Іс - әрекет», бір жағынан ғылыми білімінің категориясы, адамдардың қоғамдық - тарихи болмысының спецефикалық формасы ретінде танылып, ал екінші жағынан өмір сүру мен дамудың тәсілі, мақсатқа бағытталған білім алу немесе табиғи және әлеуметтік шындық ретінде түсініледі.
Іс - әрекеттің ең басты сипаттамалары:
1. Заттылығы - ол объективті әлемнің әс - әрекет процессі кезінде өзгерген қасиеттері мен қатынасы тәуелді, меншікті болуы қажет;
2. Әлеуметтілігі - адамның іс - әрекеті сол адамды ақпаратпен алмасуға, жекелік мақсатпен жоспарларын келістіруге итермелейтін қоғамдық мінезгі ие;
3. Саналылығы - іс - әрекетті ұйымдастыру және жүзеге асыру процесі кезінде саналылығы әр түрлі қызметтер атқарады: ақпараттық, мақсаттылық, т. б.
Іс - әрекеттің нәтижесі көрсеткіштің сапалығы мен санында анықталады және тұрақтануы мүмкін.
Қажеттілік - адамның өмір сүру мен дамуы үшін әрекетпен объектілердің қажеттілігі түрінде көрінетін оның пайда болған қалпы.
Мотив - қажеттілікті қанағаттандыру үшін іс - әрекетке итермелеушілік әрекет пен тәсілдерді таңдаумен түсіндірілетін себеп.
Мақсат - нәтижеге жетуге бағытталған адамның іс - әрекеті.
Тапсырма - белгілі бір шарттарға қойылған іс - әрекеттің мақсаты, және де осы шарттардың жүзеге асырылуы кезінде мақсатқа жету міндеті.
Әрекет - алдын ала қарастырылып, белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс - әрекеттің бірлігі.
Операция- белгілі ситуацияның шарттарымен танылатын іс-әрекетті жүзеге асыру тәсілі.
Мұғалім-мамандандырылған дайындығы бар және педагогикалық іс-әрекетпен айналысатын адам. Мектеп мұғалімі- ерекше мұғалім. Ол балалар мен үлкендер әлемі арасындағы сарапшы. Ол әлі толыспаған жас сәбидің мәңгі өзгермелі қарама-қайшылығы мол жан дүниесіне еніп, оған білім бере алады, адам болуға үйретеді
Педагогикалық іс-әрекетінің мақсаты әр адамға, оның табиғи рухани қабілетін, және де негізгі қоғамдық дамудың бағыттарын ескеріп отыру, арнайы талаптар қоюмен байланыс ретінде қалыптасады және қарастырылады, мақсаттың құрамы бір жағынан жеке түлғаның қажеттіліктерімен ұмтылушылығы болса, ол басқа жағынан әр түрлі әлеуметтік және этникалық топтардың қызығушылығы және болжамы. Пайда болған қиыншылықтың шешілуін табуға бағытталған іс-әрекетте ғана мақсатқа жету жүзеге асырылады. Қиыншылықтың шешуін табу мақсаттың бөлігі болып, ал иақсатқа жетудің баспалдағы -мақсатқа бағытталған іс-әрекетін аралас нәтижесі болып қарастырылады.
Мұғалімнің іс-әрекетінің мазмұны мыналар болып табылады:
∙ ғылыми білім;
∙ Оқулықтар білімді «Тасушы» ретінде танылады немесе оқушылардың бақылау барысындағы әрекеттері танылады.
Қосымша құралдар ретінде: техникалық, компьютерлік, графикалық. . құралдар танылады.
Педагогикаық әрекет тиімді болу үшін оқытушы мыналарды білуі керек:
1. қызметтің психологиялық құрылымын;
2. адам қажеттілігінің табиғатын;
3. әр жастағы әрекеттердің бастаушы түрлерін.
Одан басқа, мұғалім мыналарды атқара білуі керек:
1. адам әрекетінің шығармашылығын ескере отырып әрекетін жоспарлау, оның нысандары мен негізін жас ерекшелігіне байланысты және жасөспірімнің жеке тұлғалық ерекшелікке байланыстыжоспарлау;
2. мотивацияны қалыптастыру және әрекетті ынталандыру;
3. балалардың әрекет етудің негізгі компаненттерін игеруін қамтамасыз ету, олар: ептіліктер, дағды, мақсатты анықтау, жоспарлау, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау.
Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлері:
1. Оқу материалын іске асыру бойынша оқытушылық жұмыстары;
2. Тәрбие беру жұмыстары;
3. Оқытушылардың өздігінен білім алулары мен өзін-өзі тәрбиелеуі;
4. Басқарушылық әрекет;
5. Ғылыми-зерттеу жұмыстары;
6. Мектептен тыс жұмыстар;
7. Әдістемелік жұмыстар;
8. Ұйымдатырушылық жұмыстар.
Педагогикалық іс-әрекеттің функциялар:
1. Диагностикалық.
2. Бағыттылық-болжамдық.
3. Конструктивтік-жобалық.
4. Ұйымдастырушылық.
5. Ақпараттық-түсіндірмелік.
6. Коммуникативтік-ынталандырушылық.
7. Аналитикалық-болжаушылық.
8. Гностикалық.
Педагогикалық іс-әрекетінің ең маңызды компоненттерінің бәрі-оның мотивациясы болып табылады. Мотив түрінде - қоршаған әлемнің заттары мен құбылыстары, пікірлер, яғни барлық қажеттіліктер көрінісі бейнеленеді.
Мотивацияның төрт компоненттен тұрады:
1. Іс-әрекетінің өзіне қанағаттанарлық;
2. Жеке тұлғаға тікелей оның өзінің нәтижесінің маңыздылығы;
3. Іс-әрекет үшін мадақтаудың мотивациялық күші;
4. Жеке тұлғаға ырықты қысым.
Мұғалімнің іс-әрекетінің мазмұны- оқушының оқу іс-әрекетін ұйымдастыру үрдісі болып табылады. Яғни, оқушының өзіне дамудың негізі мен шарты және өз іс-әрекетін ұйымдастыра алу үрдісі ретінде пәндік мәдени- әлеуметтік тәжірибені меңгертуге бағытталған.
Мұғалімнің іс-әрекетінің құралдары мыналар болып есептеледі:
1. Ғылыми білімі;
2. Білімді тасығыштар ретінде оқулықтағы мәтіндер, бақылаулар, практикалық сабақтардағы қатысулар, экскурсиялар, және т. б;
3. Көмекші құралдар ретінде: техникалық, графикалық, компьютерлік және т. б.
Оқытушылық іс-әрекетте әлеуметтік тәжірибені жеткізудің тәсілдері: түсіндіру, көрсету, біріккен жұмыс, оқытушылық тікелей практикасы т. б.
Педагогикалық іс-әрекеттің жемісі-оқытушыларда қалыптасқан барлық этикалық, адамгершілік, эмоционалды-мағыналық, құбылыстық, заттық, бағалау тұрғысынан жеке тәжірибесі болып табылады.
Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі мақсатының орындалуы ретінде оның нәтижесі-оқушының дамуы болып табылады, яғни оның жеке тұлғалығының, ақыл-ойының шыңдалуы, жеке тұлға ретінде қалыптасуы.
Педагогкалық іс-әрекеттің маңызды құраушыларының бірі болып оның мотивациясы саналады. Бұл термин «мотив» сөзінің туындысы болып есептелінеді. Л. И. Божовичке сәйкес мотивке сыртқы орта заттары, көріністер, идеялар, сезімдер мен толғаныстар - бір сөзбен айтқанда қажеттілік көрініс тапқан барлық нәрселерді жатқызуға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz