Әкімшілік құқықтық норма және әкімшілік құқықтық қатынастар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Әкімшілік - құқықтың негіздері

  1. Әкімшілік құқық: мәні, пәні, әдістері, дерексөздері, суьектілері
  2. Әкімшілік құқықтық норма және әкімшілік құқықтық қатынастар
  3. Мемлекеттік қызмет. ҚР мемлекеттік қызметтің негізгі прнциптері.
  4. Мемлекеттік басқарудың нысандары мен әдістері
  5. Басқару құқықтық актілері
  6. Әкімшілік қызметте заңдылықты қамтамасыз ету.

Қортынды

Кіріспе.

Қазіргі кезеңдегі ғылымда ″Әкімшілік - құқық″ терминінің әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады. Мысалға алатын болсақ: оқулық әдебиеттерде әкімшілік-құқық - тиісті мемлекеттің құқық жүйесінің дербес саласы деп айтылса, ал жалпы түрде әкімшілік-құқықты - басқару құқығы деп айтуға болады делінген.

Әкімшілік-құқық дегеніміз - мемлекеттік басқарушы органдардың басқарушы - жарлықшы қызметін реттейтін құқықтық рәсімдер жиынтығын айтамыз.

  1. Әкімшілік құқықтың рөлі мен маңызы.

Құқық жүйесінің ең үлкен және күрделі салаларының бірі - әкімшілік - құқық. Ол қоғамдық қатынастарды реттеп қана қоймай, мемлекеттің басқару қызметінің процесінде пайдаланатын және мемлекеттік аппараттың тәртіптелген бірізділік жұмысын қамтамасыз етеді. Мемлекет әкімшілік - құқықтың нормалар арқылы өзінің өкілетті органдарымен қоғамның қажеттерін қанағаттандыру және де өз азаматтарының өміріне қалыпты жағдайларды қамтамасыз ету үшін экономикалық және әлеуметтік - мәдениеттік мәні бар аса маңызды ұйымдық шараларды жүзеге асырып отырады.

Мемлекеттік басқаруды жетілдіру, оның тиімділігі мен мемлекеттік органдардың өздері қабылдаған шешімдірі үшін азаматтардың алдындағы жауапкершіліктерін арттыру жөнінде әкімшілі - құқық маңызды құрал ретінде үлкен рөл атқарады. Оның көмегімен қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтарының басым көпшілігін қамтитын мемлекеттік басқару саласында Қазақстан Республикасының заңдарының орындалуы қамтамасыз етіледі.

Әкімшілік құқықтың негізгі мақсат-міндеттері:

  • қоғамның, мемлекеттік аппараттың, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басты құрал ретінде әкімшілік биліктің тиімді қызмет етуіне жағдай жасау.
  • атқарушы билікті демократиялық ұйымдастыру.
  • атқарушы биліктің қалыптасуымен байланысты азаматтар мен олардың бірлестіктерінің құқықтары мен бостандыктарының нығаюына оң әсер ету.
  • азаматтар мен қоғамды - атқарушы биліктің бір жақты озбырлығынан қорғау.
  • қоғамдық қатынастарды реттеу, нығайту.
  • Конституция талаптарына сай немесе қоғамдық даму заңдарына сай жаңа қоғамдық қатынастарды қалыптастыру.
  • әкімшілік нормалармен, өзгеде құқық салаларымен реттелген
  • қоғамдық қатынастарды қорғау.
  • қоғам, мемлекет, азаматтар мүддесіне сай емес басқару сапасындағы катынастарды ығыстыру.
  • Әкімшілік құқық пәні шартты түрде екі бөлімнен тұрады:
  • I. Аппарат ішілік қатынастар. Мұнда мемлекеттік органдардағы аппарат ішілік жұмыс әдістерін және формаларын, қызметін үйымдастыру нығайтылады.
  • 2. Әкімшілік биліктің түрлі ұйымдармен, мекемелермен, азаматтармен қатынасы.
  • Әкімшілік құқық пәні астарында басқару мазмұнындағы катынастар жатыр. Бұл қатынастардың түрлері:
  • - баскару органдары арасындағы көлбеу (вертикальды) қатынас (Қазакстан Республикасы Үкіметі және Мининистрлік)
  • -басқару органдары арасындағы бағынушылық қатынас (аудандық әкімдік және жергілікті орган)
  • -басқару органдарының өздеріне бағынышты ұйым, бірлестіктермен қатынасы (завод және министрлік) .
  • Әкімшілік құқық пәнімен қоса әкімшілік құқық ғылымына тоқталып өтер болсақ, әкімшілік құқық ғылымы заң ғылымының негізгі бөлігі болып саналады. Ол әкімшілік құқықтың даму заңдылыктарын зерттейді. Әкімшілік кұкық ғылым ретінде әкімшілік-құқықтық құбылыстар туралы ұғымдар, категориялар және тұжырымдар жуйесі болып табылады.

.

2. ӘКІМШІЛІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР МЕН ҚАТЫНАСТАР

Жоспар:

  1. Әкімшілік - құқықтық нормалар түсінігі, ұғымы.
  2. Әкімшілік - құқықтық нормалардың түрлері.
  3. Әкімшілік - құқықтық қатынастар түсінігі, мазмұны.

Басқа құқық салалары сияқты, әкімшілік құқық та заңды нормалардан тұрады. Жалпы пән мен әдістерді біріктіру нәтижесінде әкімшілік-құқықтық нормалар институты құрылып, осы негізде толық бекітілген салааралық жүйе қалыптасады. «Әкімшілік норма» түсінігі негізінен мынадай мағынада қолданылады:

  1. заңды ережелермен басқару.
  2. жариялық мүдде негізінде бекітілген ережелер арқылыбасқару.

Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілгендей «мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық, халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді». (3-бап, 1, 2 -тармақ) . Әдебиетте «билік»түсінігінің мәні - құқық негізінде өз еркін басқа субъектілер арқылы орындату. Ертеде әкімшілік құқықтық нормалар жалпы міндеттеуші сипатта болып, билікгі белгілі бір орталықтан басқару керек деген пікірге келді, себебі мемлекет қызметі біртұтас организм (жүйе) деп саналды. Атқарушы биліктің институттарын құруда белгілі бір мақсатқа жету үшін әкімшілік құқықтық нормалар көмегімен модельді ситуациялар туындайды. Яғни:

  1. субъектілердің құқықтары мен кепілдерін құқық көмегіменбекіту мен дамытуды талап ету;
  2. цивильді нысандадаулы конфликтілерді шешу негізінде билік құрылымын күшейту (мысалы, соттык реформаны жүргізу барысында сот ролі мен ықпалын күшейту) .

Әкімшілік-құқыктық нормалар дегеніміз - міндетті немесе кейде ерікті түрде мемлекеттік басқару органдарымен қабылданған, ( яғни, атқарушы және заңды) атқарушы билік сферасында қоғамдық қатынастарды реттеуші ереже.

2. Әкімшілік-құқықтық нормалардың түрлері. Әкімшілік құқық нормалары белгілі бір критерияларға байланысты жіктеліп (классификацияланып), бірнеше түрлерге бөлінеді.

Әкімшілік құқық нормаларының ең күрделі түсінігі, яғни мәні мен мазмұнын ашатын негізгі критериялар мыналар:

а) мазмұны;

б) субъектілердің мінез-құқына әсер ететін әдістер;

в) белгілі бір мақсатты тағайындау;

г) белгілі бір ортада қолданылуы;

д) занды күші;

е) қолданылу шегі (белгілі бір аймаққа, уақытқа, субъектілер
тобына қолданылуы) . Әкімшілік құқық нормалары мазмұны бойынша:

  1. материалдық (қаржылық) нормалар
  2. процессуалды болып екіге бөлінеді.

Материалдық нормалар - азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін, атқарушы билік органы мен ұйымдарды біріктіретін ережелер. Мысалы: атқарушы билік органдары субъектілерінің қоғамға, тұлғаларға көрсететін заңды түрдегі құзіреті (компетенциясы) .

Процессуалды нормалар - мемлекетпен бекітіліп, санкцияланған материаддық нормаларды жүзеге асыру барысында және мемлекеттік басқару органдарының жаңа нормативтік актілерді шығарумен сипатталады. Процессуалды нормалардың материалдық нормалардан айырмашылығы:

а) өзінің тағайындалуымен, яғни материалдық нормалар субъектілерінің әкімшілік- құқықтық мәртебесін тағайындаса, ал процессуалдық нормалар олардың орындалуы мен міндеттелуін занды түрде жүзеге асырады;

б) талап ету, яғни процессуалды нормалар, ең алдымен материалдық нормалардың орындалуын талап етеді;

в) іске асыру, яғни әкімшілік-құқықтық материалдық нормалардың қабыддануын, олардың жүзеге асырылуын талап ету арқылы іске асыру.

Процессуалды нормалар материалдық нормалар сияқты классификациялау дәрежесіне байланысты жіктеледі. Мысалы: заңды күшіне байланысты, белгілі бір ортага, яғни сфераға байланысты және т. б. Субъектілердің мінез-қүлқына әсер ететін әдістер:

  1. міндеттеуші (обьязывающие) ;
  2. тыйым салушы (запрещающие) ;
  3. уәкілдік беруші (уполномочивающие) әкімшілік-құқыкггык нормалар болып бөлінеді.

1. Міндеттуші әкімшілік-құқықтық нормалар -тұлғаның белгілі бір ережелердің орындалуын міндеттеп, талап етуі. Мысалы, заңды тұлғалардың міндетті түрде Әділет органдарында тіркелуі, азаматтардың шағымдарын (жалоба) белгілі бір мерзімде басқару органдарының қарастыру міндеттілігі. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік салық жүйесі мен бюджеті» атты Президент Жарлығының 171 -бабында салық жүйесін міндетті түрде салық қызметкерлері атқарады.

2. Тыйым салушы әкімшілік-құқықтық нормалар - норма көздеген мақсаттан тыс белгілі бір іс-әрекеттердің орындалуына тыйым салып, шектейді.

Тыйым салудың екі түрі бар:

а) жәй тыйым салу;

б) арнайы тыйым салу.

Жәй тыйым салу дегеніміз - әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар істердің орындалуы мен жүзеге асуын шектеуі.

Арнайы шектеу дегеніміз- Қазақстан Республикасы Президенті заңының 174-бабында көрсетілгендей, салық қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін өздерінің тікелей немесе жанама туыстығы бар салық төлеушілермен қаржылық мәселелерді шешуге шектеу қоюы.

3. Уәкілдік беруші (уполномочивающие) нормалар - субъектілердің әкімшілік-құқықтық қарым-қатынасында өз шешімі бойынша қатынастарды жүзеге асыру, бірақ нормалардың сақталуын бұзбау керек. Мысалы: «Қазакстан Республикасының банктері мен банк жүйесі» туралы Президент жарлығының 46-бабында былай делінген: Егер Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі II дәрежедегі әкономикалық нормаларды бұзған жағдайда мынадай шаралар қолданылады:

а) міндеттеуші хатты талап етеді;

б) банкпен жазбаша түрде келісім жасайды;

в) ескерту, сөгіс береді;

г) жазбаша түрде береді;

Қолданылу шегіне байланысты:

а) жалпы міндетті;

б) ішкі жүйелік.

а) жалпы міндетті нормалар әкімшілік- құқықтық қатынасқа
түсетін барлық субъектілерден талап етіледі.

б) ішкі жүйелік нормалар белгілі бір атқарушы билікгің талап
етуіне байланысты қолданылуы.

Мекен-жайға байланысты (по адресату) : белгілі бір ұйым іс атқарушы билік органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесін (статусын) белгілеу арқылы бөлу, яғни қоғамдық бірлестіктерге, мемлекеттік бірлестіктерге және азаматтарға байланысты қолданылуы.

Сонымен қорытындылай келе әкімшілік құқықтық нормалар -бұл конституцияда бекітілген белгілі бір кағидалар мен ережелердің жиынтыгы. Ал әкімшілік- құқықтық қатынастар - бұл әкімшілік-құқықтық нормалармен реттелген, мемлекеттік басқару саласындағы коғамдык қатынастар. Бүл екі ұғым бір-бірімен тығыз байланысты, біріншісі мемлекет бекіткен қағидалар мен ережелердің жиынтығы болса, сол ережелер құқықтық қатынастарды реттеп баскарып отырады.

Әкімшілік құқытық нормаларының түрлері мен қайнар көздері.

Экономика, әлеуметтік - мәдениет және әкімшілік саяси аяларда мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру туралы негізгі ережелерді айқындайтын нормалар түрлеріне бөлінеді.

Әкімшілік құқықтық нормалармен реттелетін қатынастарға қатысушылардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершіліктерін айқындайтын нормалар тобын материалдық деп атауға алынған. Мысалы: мемлекеттік басқару субъектілері туралы көптеген ережелердің баптары.

Материалдық құқық нормаларын жүзеге асырудың тәртібін айқындайтын әкімшілік құқық нормалар процесуалдық деп аталады. Мысалы: істердің тиісті сыныптары бойынша іс жүргізуді реттейтін әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің бөлімдері.

Әкімшілік - құқықтық нормалар көрінісінің нысаны бойынша : міндеттейтін, тиым салатын, уәкілеттік беретін, ынталандыратын және ұсынылатын болып бөлінеді.

Міндеттейтін нормаға, яғни тиісті түрде іс - әрекет жасау жөнінде нұсқама қаралған Су кодексінің 42 бабы мысал болып табылады. Ол бойынша су пайдаланушылар суды үнемді жұмсауға міндетті. Мұнда тиым салуда: табиғи ортаға және шаруашылық объектілеріне зиян келтірмеу; басқа су пайдаланушы құқыларының бұзылуына жол бермеу қаралған.

Уәкілеттік беретін нормаларға мысал ретінде: ″Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы″ 1995 жылғы 21 желтоқсандағы заңның ІІІ тарауын алуға болады. Онда ішкі істер органдарының өздеріне жүктелген міндеттерін орындау кезіндегі рұқсат берілген іс - әрекеттердің түрлері , атыс - қаруын, арнайы құралдар мен күш қолданудың шарттары мен шектері толығынан айқындалған.

Ынталандыратын нормалар реттелінетін басқарушылық қатынастарға қатысушыларға олардың қажетті мінез - құлқын қамтамасыз ету мақсатында материалдық және моральдық ықпал ету құралдарын қарастырады. Мысалы: белгілі бір жеңілдіктер береді.

Құқықтың кез келген өзге нормасы сияқты, әкімшілік құқықтық норма да гипотезадан, диспозициядан және санкциядан тұрады.

Гипотеза норманы жүзеге асырудың шынайы шарттарын, мән - жжайларын көрсетеді, солар болған жағдайда тиісті түрде іс - әрекет жасау керек немесе жасауға болады. Әкімшілік - құқық нормасының гипотезасымен қаралатын жағдайлар әкімшілік - құқық қатынастарын туғызатын, өзгертетін немесе тоқтататын заңдық айғақтар болып табылады.

Диспозиция - әкімшілік - құқықтық норманың негізгі бөлігі - құқықтың осы нормасымен нұсқама жасалынатын, рұқсат берілетін немесе ұсынылатын мінез - құлық ережесініңөзін айқындайды.

Әкімшілік - құқықтың норманың санкциясында осы нормамен белгіленген ережені бұзушылар үшін туындайтын жағымсыз салдар көрсетіледі.

Атқарушы билік аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін әкімшілік - құқықтық нормалар бар болатын заң шығарушы және атқарушы билік органдарының актілері әкімшілік - құқықтың қайнар көздері деп аталады.

Қазақстанның әкімшілік - құқығының қайнар көздері мыналар:

а) Конституция;

б) әкімшілік - құқықтық нормалар болатын заңдар;

в) тиісті кодекстер;

г) Президенттің, Үкіметтің, орталық атқарушы билік органдарының нормативтік актілері;

д) әкімшілік - құқықтық қатынастарды реттейтін жергілікті өкілді және атқарушы билік органдарының нормативтік актілері болып табылады.

Әкімшілік - құқықтық актілер жариялайтын аса маңызды ресми баспалар мыналар ға тоқталатын болсақ, олар: ″Парламенттің жаршысы″, ″Президент пен Үкіметтің актілер жинағы″, ″Егемен Қазақстан″, ″Казакстанская правда″, ″Заң″, ″Юридическая″ газеттері.

Әкімшілік-құқықтық қатынастар - әкімшілік-құкықтық нормалармен реттелген, мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастар. Атқарушы билік органдары өз қызметі барысында түрлі субъектілермен өзара әрекет жасайды. Көп жағдайда олардың мүддесі бір-біріне сәйкес келмейді. Бұл сәйкессіздік азаматтар, ұйымдар, органдар тарапынан ортақ қатынастарды реттеуге, жүйелеуге ұмтылдырады. Осы тұрғыдан әкімшілік құқықтың субъектілері заң алдында тең. Әкімшілік- құқықтық қатынастардың мақсаты тұракгц заңмен карастырылған катынастар жүйесін қамтамасыз ету және қатынастар барысында субъектілердің әр түрлі мүделері мен қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Әкімшілік-кұқықтық қатынастар субъектілердің өз құқықтары мен міндеттерін ерікгі түрде орындауға бағытталған. Басқару органы өзінің биліктік өкілеттіліктеріне қарамастан өздерінің қызметтерінде мемлекет және оның мүддесін көздейді. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың қатысушыларының, бірі кұқық бұзушылық жасаса, нормаларды бұзса, мемлекет алдында жауапқа тартылады. Ал бұл жағдайды әкімшілік тәртіп реттейді. Әкімшілік-құқықтық қатынастар түрлі тараптардың өз құкықтары мен міндеттерін орындау барысында туындайды және ол ережелермен процедураларға негізделген. Әкімшілік-кұқықтық. Іс қатынастардың қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін өзінше өзгерту мүмкіндігі шектелген.

Әкімшілік-құқықтық қатынастардың құрылымы және түрлері. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың өзіндік құрылымы бар, ол субъект (қатысушы) - құқықтық қатынасқа қатысушы нормаға сай кұқықтармен міндеттерге ие тұлға. . Құқықтық қатынастардың бағытталған мақсаты оның мазмұнын құрайды, сол бағытталған мақсатқа жету барысында құқықтық қатынастар туындайды.

Материалдық мазмұны - бұл тұлғаның нақты әрекеті, бұны орындау барысында тараптардың кұқықтары мен міндеттері жүзеге асады. Заңдык мазмұн бұл субъективтік кұқықгар мен міндеттер болып табылады. Әкімшілік-кұқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі, жойылуы заңдық қатынастарға негізделген. Заңдық фактілер -тараптар арасында нақты кұқықтық қатынас тудыратын нормамен бекітілген жағдай. Әрекет-субъектінің өз еркін білдіру актісі, ол өз кезегінде заңды және заңсыз болып екіге бөлінеді. Оқиғаның әрекетке қарағанда ерекшелігі - ол субъектінің еркіне бағынбайды. Бұған адамның дүниеге келуі, қайтыс болуы және т. б. жаткызуға болады. Әкімшілік- кұқықтық қатынастар зандық сипаты бойынша тік (вертикапьный) және көлбеу (гаризонтальный) болып бөлінеді. Тік әкімшілік кұқықтық қатынастар әкімшілік кұқықтық реттеудің және мемлекетті басқару қызметіне тән субъектілер мен объектілер арасындағы бағыныштылық байланыстың мәнін білдіреді. Көлбеу кұқықтық қатынастардың көбінесе тіке қатынастарға алғы шарт болатыны тәжірибеден белгілі.

3. ҚР Мемлекеттік қызметтің негізгі принциптері

Ол негіз болатын идеялар, мемлекеттік қызметтің жүйесінде әрекет ететін, мемлекеттік қызметкерлердің құзыреттері, мемлекеттік органдардың қызметтері мен міндеттерін, құзыреттерін жүзеге асыруға ғылыми - негізделген бағытын анықтайтын және объективті заңдылығын білдіретін заң.

Мемлекеттік қызмет принциптері мемлекеттік қызмет жүйесінде туындайтын, қарым-қатынастың мәнін, заңдылығын және әлеуметтік құндылығын шарттайды. «Мемлекеттік қызметтің құқықтық принциптерінің болмауы онда еркіндік, бюрократиялық, берекесіздік, заңсыздық, әділетсіздік және өнегесіздік элементтерінің пайда болуына алып келеді».

Мемлекеттік қызмет принциптері - ол субъективті түсінік. Оларды адам (заң шығарушы) нақты құқықтық тәжірбиеден және құқықтық мәдениеттен шыға отырып тұжырымдайды, елімізде салалық заңнаманы дамытудағы қол жеткізген деңгейді ескере отырып құқықтық жүйенің негізгі ережелеріне негізделеді.

Қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет принциптері әртүрлі заңнамалық және басқа да нормативті құқықтық актілерде бекітіледі: ҚР Конституциясында, және басқа заңдарда, ҚР Президенті жарлықтарында, ҚР Үкіметінің қаулыларында, ҚР субъектілерінің конституцияларында, жарлықтарында және басқа да заңнамалық және нормативтік актілерінде. Оларды мемлекеттік қызметкерлер практикалық әрекеттері арқылы жүзеге асырады. ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда белгіленген, мемлекеттік қызмет принциптері барлық басқа да заңнамалық және басқа нормативті құқықтық актілер үшін модель болып табылады, сондай-ақ олар көпшілік қызметтің принциптер жүйесін анықтайды.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет төмендегідей принциптерге негізделеді:

1. заңдылыққа;

2. қазақстандық патриотизмге;

3. мемлекеттік қызмет жүйесінің бірлігі, мемлекеттік биліктің заңнамалық, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуіне тәуелді емес;

4. мемлекет қызығушылығы алдындағы азаматтардың құқық, бостандық және заң қызығушылықтарының басымдығы;

5. жалпы қол жетiмдiлiк, яғни Республика азаматтарының мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуге және өз қабiлеттерi мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттiк қызмет бойынша жоғарылатылуға тең құқығы;

6. мемлекеттік қызметке азаматтардың өз еркімен кіруі;

7. мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпқойлығы мен құзыреттілігі;

8. маңызы бірдей жұмыстарды орындағаны үшін бірдей еңбекақы төлеу;

9. төменгі мемлекеттік органдар қызметкерлері және бағынышты мемлекеттік қызметкерлер үшін, олардың өкілеттілігі бойынша лауазымды тұлғалармен және жоғары тұрған мемлекеттік органдармен қабылданған, шешімдерді орындау міндеттілігі;

10. мемлекеттік қызметкерлердің бақылауға алынатындығы және есеп берушілігі;

11. әлеуметтік пікір және жариялықты ескеру, мемлекеттік құпияларды немесе құпияны сақтайтын басқа да заңнан тұратын, әрекетті қоспағанда;

12. мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы;

13. ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды, лауазымдық міндеттерді адал, ынталы атқарғаны үшін мемлекеттік қызметкерлерді марапаттау;

14. мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін лайықсыз орындағаны не болмаса орындамағаны және олардың өздерінің өкілдіктерін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауапкерлішігі;

15. мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін үздіксіз арттыру».

4. Мемлекеттік басқарудың нысандары мен әдістері

1. Басқару әдісі - бұл әкімшілік құқық субъектісінің кызметін ұйымдастырудың, басқару кезінде пайда болатын нақты мәселелерді шешудің, басқарудағылардың еркіне әсер етудің тәсілі.

Әкімшілік құқық субъектісінің қызметін ұйымдастыру - бұл құрамындағы бөлімшелерді қалыптастыру мен олар арасындағы функцияларды бөлу, оларды атқару билік органдарының жуйесіне енгізу, басқару процесті калыптастыру дегеніміз.

Басқару кезінде пайда болатын мәселелер министрмен, мемлекеттік комитет төрағасымен жеке немесе алқамен коллегияда, ғылыми - әдістемелік кеңесте шешілуі мумкін. Бұл шешімдер қаулы, бұйрық, нұсқау нысандарында шығарылады.

Басқару әдістер басқару кезінде шешілетін нақты тапсырмалардың әсерімен қалыптасады.

2. Қоғам мен азаматтардың саяси, әлеуметтік - экономикалық және басқа да мудделері мен қажеттіктерін жүзеге асыру үшін атқару билік органдары субординация мен координация әкімшілік - құқықтық әдістерінен пайдаланылады. Субординация дегеніміз кіші кызметкерлердің өзінен жоғары кызметкерлерге қызмет бабында бағынуы болады. Субординация әдісіне төмендегі қаситтер тән :

-басқарудағыларға олардың құқықтары мен міндеттерін тікелей белгілеумен әсер етеді ;

-бағынышты басқару органның мәселені шешу әдісін немесе біржақты оның мінез - хұлқының нақты вариантын таңдау жолымен тапсырмаларды және оларды орындау тәртібі мен мерзімдерін белгілейді ;

-заңда белгіленген тәртіппен физикалық немесе заңды тұлғалардың құқықтарын қорғайды.

Солай етіп, бұл әдістің негізін заңи ықпал етудің өктем сипаты мен мемлекет беделі құрады.

Координация әдісі орталық атқару органдардың, басшы және лауазымды адамдардың басқару мәселелерді шешукезінде бір- бірімен үйлескен әрекеттер жасалуын қамтамасыз етумен сипатталады. Координация тек бір- біріне бағынбайтын өктемқабілетті органдар, қызметтер, лауазымды адамдар арасында ғана қолданылады. Әрекеттердің үйлесуін қажет ететін қайбір мәселелердің бүтін комплексін шешу шарасыз болған жағдайда координация мұқтаждық ретінде пайда болады. Координация шарттары жоғары орган құқықтық актісімен енгізілуі мүмкін (мысал, 19 февраль 1994 жылғы “Қылмыстықпен күресу бойынша Кеңесті құру туралы” ҚР - сы Президентінің жарлығымен бұл органға орталық атқару органдар азаматтардың конституциялық құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша бір- бірімен үйлескен әрекеттер жасалуын қамтамасыз ету міндеті жүктелген) .

Координация арқылы Әділет министрлігі физикалық және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ, міндеттерін іске асырудың мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Дегенмен, осындай өктем ұйғарымдар орган немесе лауазымды адамдардың тек есеп берушілігін ғана белгілеуден тұрмауы мүмкін. Мысал, көп министрліктер мен мекемелер өз қарауындағы орта мен жоғары оқу орындарына ие. Бірақ, жалгыз Білім және Ғылым министрлігі ғана олардағы оқу процесін ғылыми- әдістемелік қамтамасыз етуге, жалпы міндетті оқу стандарттарды орындау жөніндегі оқу орындардың әрекеттерін үйлестіруге (координациялауға) құқылы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік құқықтық басқару
ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ ҰҒЫМЫ
Құқық жүйесі
Құқық нормаларын талқылау түрлері
Құқық қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы
Халықаралық құқық субъектілік құқық
Құқықтың түсінігі
Құқық нормалары мен құқықтық қатынастардың түрлерін анықтау
Әкімшілік құқық реттейтін қоғамдық қатынастар
Құқықтық қатынастар - құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz