Құлыншақ ақынның әдеби мұрасы
Халқымыздың өткен замандардағы тарихын, рухани тыныс.тіршілігін танып.білуде көркем сөз шеберлерінің қалдырған әдеби мұраларының маңызды орын алатындығы белгілі.
Дүние танымы, ақыл.парасаты өзге ұлттар мен халықтардан бір де кем түспейтін дана халқымыз өмір сүру, шаруашылық кәсібі салтына орай өзінің арманы мен мұңын, ой.толғаныстарын шешендікпен ауызша түрде айтумен қатар, жазып та тәлім.тәрбиелік ойларын әр түрлі тәсілдермен ұрпақтарына насихат, өсиет етіп қалдырып отырған екен. Зерделі ұрпақ ата.бабаларының өнегелі ойлы сөздері мен өлең.жырларын бірінен.біріне жеткізіп мұра етіп отырған. Ауызша айту дәстүрінің әсерінен және тарихи жағдайларға байланысты көптеген әдеби мұралардың біздің дәуірімізге түгелдей сол күйінде жетпегені де белгілі.
Хандық дәуірдегі жыраулар мен ақындардың телегей теңіздей жырларының аздаған үлгілерінің ғана жетуі бұл ойымызға дәлел болады. Әрісін айтпағанның өзінде уақыт жағынан дәуірімізге жақынырақ болып келетін XIX ғасырда өмір сүрген сөз шеберлері шығармаларының өзі де толық жетіп таныла қойған жоқ.
Заман шындығын әрқайсысы өз танымдары тұрғысынан қарап оны өз шығармаларында көркем бейнелей білген ақындардың шығармаларына кеңес дәуірінде әр түрлі пікірлер айтылып, әрқилы бағаланып, көптеген сөз зергерлерінің шығармашылықтары жете зерттелмей, көпшілік қауымға біржақты ғана айтылып, шығармаларының жариялануының өзіндік қиыншылықтары болып келгендігі еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін, қазіргі кезде ашық айтыла бастады.
Елбасымыз Нұрсүлтан Назарбаевтың басшылығымен арнайы «Мәдени мұра» бағдарламасы жасалынып, оны іске асыруға бағытталған іс.шаралар атқарылып жатыр. Кеңес дәуірінде зерттелмей, халқымызға толық танылмай келген рухани, әдеби мұралардың қатарында кезінде өз бағасын ала алмай келген зар заман әдебиетінің XIX ғасырдағы көрнекті өкілдері болып саналатын Дулат, Шортанбай, Мұрат, Әбубәкір сияқты ақындардың қатарында өз шығармаларына заман шындығын арқау етіп, оны көркем бейнелей білген көптеген ақындардың шығармашылықтарының әлі де халыққа жан.жақты танылмай келген жақтары бар. Солардың бірегейлері . Оңтүстік өңірінде XIX ғасырда өмір сүрген Майлықожа, Құлыншақ сияқты ақындар. Біз бұл дипломдық жұмысымызға осы мәселеге қатысы бар деп санап Құлыншақ Кемелұлының шығармашылығын арқау еттік.

Кіріспе
Халқымыздың өткен замандардағы тарихын, рухани тыныс-тіршілігін танып-
білуде көркем сөз шеберлерінің қалдырған әдеби мұраларының маңызды орын
алатындығы белгілі.
Дүние танымы, ақыл-парасаты өзге ұлттар мен халықтардан бір де кем
түспейтін дана халқымыз өмір сүру, шаруашылық кәсібі салтына орай өзінің
арманы мен мұңын, ой-толғаныстарын шешендікпен ауызша түрде айтумен қатар,
жазып та тәлім-тәрбиелік ойларын әр түрлі тәсілдермен ұрпақтарына насихат,
өсиет етіп қалдырып отырған екен. Зерделі ұрпақ ата-бабаларының өнегелі
ойлы сөздері мен өлең-жырларын бірінен-біріне жеткізіп мұра етіп отырған.
Ауызша айту дәстүрінің әсерінен және тарихи жағдайларға байланысты көптеген
әдеби мұралардың біздің дәуірімізге түгелдей сол күйінде жетпегені де
белгілі.
Хандық дәуірдегі жыраулар мен ақындардың телегей теңіздей жырларының
аздаған үлгілерінің ғана жетуі бұл ойымызға дәлел болады. Әрісін
айтпағанның өзінде уақыт жағынан дәуірімізге жақынырақ болып келетін XIX
ғасырда өмір сүрген сөз шеберлері шығармаларының өзі де толық жетіп таныла
қойған жоқ.
Заман шындығын әрқайсысы өз танымдары тұрғысынан қарап оны өз
шығармаларында көркем бейнелей білген ақындардың шығармаларына кеңес
дәуірінде әр түрлі пікірлер айтылып, әрқилы бағаланып, көптеген сөз
зергерлерінің шығармашылықтары жете зерттелмей, көпшілік қауымға біржақты
ғана айтылып, шығармаларының жариялануының өзіндік қиыншылықтары болып
келгендігі еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін, қазіргі кезде ашық айтыла
бастады.
Елбасымыз Нұрсүлтан Назарбаевтың басшылығымен арнайы Мәдени мұра
бағдарламасы жасалынып, оны іске асыруға бағытталған іс-шаралар атқарылып
жатыр. Кеңес дәуірінде зерттелмей, халқымызға толық танылмай келген рухани,
әдеби мұралардың қатарында кезінде өз бағасын ала алмай келген зар заман
әдебиетінің XIX ғасырдағы көрнекті өкілдері болып саналатын Дулат,
Шортанбай, Мұрат, Әбубәкір сияқты ақындардың қатарында өз шығармаларына
заман шындығын арқау етіп, оны көркем бейнелей білген көптеген ақындардың
шығармашылықтарының әлі де халыққа жан-жақты танылмай келген жақтары бар.
Солардың бірегейлері - Оңтүстік өңірінде XIX ғасырда өмір сүрген Майлықожа,
Құлыншақ сияқты ақындар. Біз бұл дипломдық жұмысымызға осы мәселеге қатысы
бар деп санап Құлыншақ Кемелұлының шығармашылығын арқау еттік.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Құлыншақ ақынның әдеби мұрасы.
Өзектілігі: Құлыншақ ақын - ақындық өнерпаздығы кезінде өзі өмір сүрген
өңірге ғана белгілі болып қоймай, Сыр бойы, Арқа, Оңтүстік, Жетісу
өлкелеріне танымал болған сөз зергерлерінің бірі. Ол жөнінде Жамбыл,
Бұдабай, Майлықожа сияқты белгілі ақындарымыздың берген бағалы ой-пікірлері
олардың өлең-жырларында айтылған.
Құлыншақ ақынның қазаққа кең танымал болғандығы оның өз өлең-жырларынан
да, кейінгі ақын шәкірттерінің шығармаларынан да айқын көрініс тауып
отырады. Кезінде көбісі жазылып хатқа түспегендіктен ақынның шығармалары
ауызша айтылумен үзік-үзік болып, толық күйінде жетпей, жете танылмай
келді. Оның үстіне иманына ислам дінін негіз етіп Әр сөздің басы
бісімілла, Құдая иманымы саламат қыл деп сөз толғаған ақын шығармашылығы
зерттелуінің кенжелеп қолға алынуына кеңестік идеологияның ықпалы да аз
әсер етпегені анық.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі рухани мұраларымызға
деген жаңа көзқарастың қалыптасуы, сонымен бірге Құлыншақ ақынның бұрын
белгісіз болып келген, жарияланбаған шығармаларының табылып жарық көруі
ақынның әдеби мұрасын, шығармашылық өмірбаянын, арман-мұраттарын айқындап,
қайта қарауды, жан-жақты зерттеуді қажет етеді.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
Белгілі сөз шебері Құлыншақ Кемелұлы шығармашылығының басты
ерекшеліктеріне, оның шығармашылық өмірбаянына, шығармаларының идеялық,
танымдық, тәрбиелік мәніне, өзіндік сыр-сипатына талдау жасау, сондай-ақ
көркем туындыларының бізге жету жолын, жариялануын, танылуын, әр
кезеңдердегі зерттелу ерекшеліктерін айқындау мақсат етілді. Осы мақсатты
орындау үшін мынадай міндеттер іске асырылды:
Құлыншақ ақынның өмірі, шығармашылығы туралы айтылған
ой-пікірлерді жинақтап, талдау жасау;
Ақынның әр кездерде жарық көрген шығармаларын түгелге
жуық қарастырып, әр түрлі жанрларда көрініс тапқан шығармаларын
жинақтап, жүйелей отырып талдаулар жүргізу;
- Туындыларының идеялық мәнін, мазмұнын айқындау;
- Ақын шығармаларының бізге жету жолы, жариялануының
ерекшеліктерін көрсету;
- Зерттелуінің әр кезеңдердегі ерекшелектерін нақты деректерге,
ғылыми зерттеу еңбектерге сүйене отырып көрсету;
Дипломдық жұмысты жазу барысында. жинақтау, жүйелеу, салыстыру, талдау
сияқты зерттеу әдістері қолданылды.
Дипломдық жұмыстың теориялық мәселелерін тұжырымдауда З.Қабдоловтың
Сөз өнері, З.Ахметовтің Өлең сөздің теориясы, Қ.Жұмалиевтің Әдебиет
теориясы, Ә.Қоңыратбаевтың Қазақ фольклорының тарихы, М.Ғабдуллиннің
Қазақ халқының ауыз әдебиеті, Х.Сүйіншәлиевтің Қазақ әдебиетінің
тарихы, М.Әуезовтің Әдебиет тарихы, М.Мағауиннің Қазақ хандығы
дәуіріндегі әдебиет, Р.Бердібаевтың Гүлстан бұлбұлдары, Ә.Оспанұлының
Қаратау шайырлары, Р.Сыздықованың Қазақ әдеби тілінің тарихы,
Б.Уахатовтың Қазақтың халық өлеңдері еңбектері, сондай-ақ
Ә.Әбдікәрімұлының Қазақстан тарихы, Қазақстан тарихы. Очерктер, т.б.
еңбектер пайдаланылды.
Диплом жұмысының жаңалығы - Құлыншақ ақын шығармашылығының бұрын
айтылмай келген қырларының айқындалуы, кейіннен табылып, соңғы жылдары
жарық көрген шығармаларымен толықтырыла отырып ақын шығармашылығына
жасалған тұжырымдар мен талдаулар деп білеміз.
Құлыншақ ақынның әдеби туындыларын талдауда арнайы жазылған
Ә.Оспанұлының, Р.Бердібаевтың, Х.Сүйіншәлиевтің т.б. әдебиет
зерттеушілердің талдау жасаған еңбектерін басшылыққа ала отырып, өзіміздің
жеке талдау білігімізге сүйендік.
1 - тарау. Құлыншақ ақынның өмірі мен шығармашылығының зерттелуі
1.1. Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы деректер.
Еліміздің Оңтүстік өлкесі тарихының қатпар-қатпар тереңдігімен де,
өлең-жыр мен күйге, қазыналы кенге байлығымен де шежірелі.
Шежірелі Қаратау Әулиенің кені еді, -
деп Құлыншақ Кемелұлы жырлағандай бұл өлке көптеген ауыз әдебиеті
үлгілеріне де арқау болып жырланған, бір кездерде қазақ хандығының ордасы
болған, ертеден келе жатқан қазақтың мәдениеті берік орныққан киелі
жерлерінің бірі деп саналады.
М.Әуезовтің "Созаққа барсаң күйшімін деме" дейтін сөзі де терең мәнді
аңғартады. Қаратаудың теріскей өңірі Сүгір, Ықыластай, Жаппас Қаламбаев,
Төлеген Момбеков, Генерал Асқаровтай бүкіл қазаққа танымал болған дәулескер
күйшілерді, Тәкен Әлімқұлов пен Төлеген Тоқбергенов, Асқар Сүлейменов
сияқты т.б. көптеген сөз шеберлері мен өнер қайраткерлерін дүниеге әкелген
өлке.
Қарт Қаратаудың теріскей өңірінен шыққан сөз шеберлерінің бірі,
кезінде Сыр бойы, Қаратау өңірінен Жетісуға, Арқаға дейін танымал болған
ақын - Құлыншақ Кемелұлы.
Акынның өмірі жөнінде тоқтала кететін болсақ, Құлыншақтың кенже ұлы
Исаханның айтуынша, Құлыншақ ақын 1831 жылы туылып, Меккеге қажылыққа
барып, сол сапардан келе жатқан жолда 1901 жылы ауырып қайтыс болған
делінсе де, көптеген әдебиеттерде әртүрлі жазылып, айтылып келеді.
Мысалы, "Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері" деген кітапта [28],
Х.Сүйіншәлиевтің "Қазақ әдебиетінің тарихы" оқулығында [30.634] ақынның
өмір сүрген жылдары 1831 - 1892 жылдар деп, "Бес ғасыр жырлайдының" 1989
жылы шыққан екі томдығының 2-томында [10.75] 1840 - 1911 жылдар, қайтыс
болған жері Созақ ауданындағы Жартытөбе деген жер деп көрсетеді.
Ғалым Р.Бердібаев Созақ өңірінің шежіресіне қанық Әлішер
Қосбармақов, Қызылқұм өңірінде өмір сүрген, ақынның біраз өлеңін жатқа
білген Омар Байымбетовтердің Құлыншақ ақын 1840 жылы туылған деген
деректерін сенімдірек деп есептейді.
Ақынның ұзақ сапардан келе жатып елге жете алмай жолда қайтыс
болғанын ақынның бізге жеткен мына өлең жолдары дәлелдей түседі. Ақын
ауырып жатқан кезінде:
Адамзат келер, келер жүзге келер,
Пендені үйде өлсе де, түзге көмер.
Құдая иманымды саламат қыл,
Ағайын қайда бізді іздеп келер, -
деп өлең шығарған екен. Жолда ауырып, жүруге шамасы келмей жатып қасындағы
жолдасы Шорнақбай дегенге "маған қалам, дәптер тауып әкел, елге хат
жазайын" дегенде, ол тауып әкеле алмаған екен деген деректер бар [24. 23].
Бұл өлең сол Шорнақбай арқылы елге жеткен ақынның соңғы сәлем өлеңі
болуы мүмкін.
Ғалым Ә.Оспанұлы соңғы еңбектерінде Құлыншақ ақын 1832 жылы туып
1901 жылы қайтыс болған деп көрсетеді [14].
Құлыншақ ақын қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданындағы
Жартытөбе деген жерде туып өскен. Деректерге қарағанда әкесі кедейлеу шаруа
адамы болған сияқты. Зерттеуші ғалымдардың айтуына қарағанда Құлыншақ та
отыз жасқа келіп елге талантын танытқанға дейін кедейшіліктің зардабын
тартып, тек өмірінің соңғы кезеңінде ғана орташа дәулет жиып ел қатарына
қосылады. Он бес жасқа келген кезінде-ақ сөз өнеріне бейімділігімен жұрт
назарын өзіне аудара бастайды. XIX ғасырдағы көптеген ақындар сияқты
ақындық өнерді халық әдебиеті үлгілерін жаттап, ойын-сауықтарға араласып,
оларды айтып жүреді. Сауатын өз бетінше ізденіп жүріп ашады да шығыс
қиссаларын оқып үйренеді. Негізінде Құлыншақ ақын ел ақындары дәстүрінде
тәрбиеленіп, өз өлеңдерін көбіне ауызша айтып таратумен бірге, жазбаша да
шығарып отырған.
Қазіргі кезде ақынның қырықтан (40) астам әртүрлі арнау, толғау, насихат,
терме, бата, жоқтау, сыншыл, әлеуметтік сипаттағы өлеңдері мен Шөже,
Майлықожа, Бұдабай, Шәді т.б. ақындармен сөз қағысулары мен айтыстары
белгілі болып отыр. Ақын өлеңінде:
Алдын ала сұрама бермейтінді,
Алла өзі жаратқан өлмейтінді.
Халқым үшін шарқ ұрып алаңдаймын,
Бұл дүниеден өткен соң келмейтінді, -
деп өзі айтқанындай ақындық өнерімен халқына қызмет етуді мақсат етті.
Өзінің бойындағы бар өнерін халқына арнаған ақынның шығармаларында
өзіне қояр талабы да байқалады.
Менің атым Құлыншақ,
Ал сөйлем бер тіл мен жақ,
Дауысым байғұс шығып бақ,
Саулы інгендей ыңқылдап.
Домбырам, байғұс сен сөйле,
Екі шегің тыңқылдап,
Он саусағым, қимылда,
Жорға тайдай бұлтылдап.
Ақыр бір күн сынарсың
Буыныңнан сыртылдап.
Сынарсың да тынарсың,
Сөйлемек түгіл далада
Қу кесек болып тұрарсың, -деп жырлайды ақын.
Құлыншақ ақын өлеңдерінің тақырып аясы өте кең, алуан қырлы.
Жеке адамдарға арналған арнау, мадақ, сыни сипаттағы, сондай-ақ мысқыл
өлеңдер, өмірдің мәні, әртүрлі құбылыстары туралы толғаулар, дәуірдің
әлеуметтік мәселелері, ғибрат, өсиет өлеңдер, сөз қағысулары мен айтыстары
ақын шығармашылығының негізін құрайды . Құлыншақ ақынның өмірі туралы
біршама деректерді атақты жыршы, "Алпамыс" эпосының көркем де толық
нұсқасын айтқан, Құлыншақ ақынның шәкірті болған Сұлтанбек Аққожаев өзінің
естелік өлеңдерінде береді. Ол өлеңінде Құлыншақ ақынның Кемелдің кенже ұлы
екендігі, алты ұл, немере, шөбере сүйіп өсіп - өнгені жөнінде айтакеліп:
... Дарыған он бірінде өлең еді.
Әкесі Шөже ақыннан бата әкел деп,
Үш тоғыз түйеменен жібереді.
Шөженің ақ батасын алып қайтты,
Адамзат дауаменен көгереді.
Келген соң киіндіріп, ат мінгізіп,
Баланы еркіменен қоя берді, -
деп оның ақындық өнерге келу жолын да көрсетеді. Одан әрі қарай ақынның осы
жолдағы ізденісі, шығармашылығы туралы:
Күнде той, күнде жиын, күнде өлең ғып,
Күңірентіп жібереді жүрген жерді.
Сылдырлап қоңыраудай тіл, көмейі,
Жаңғыртқан керегенің көгінде енді.
Ән қандай, өлең мұндай күніндегі
"Шырын - Шекер" сөз бопты тіліндегі.
Еш ақын Құлыншақтай болмайды деп,
Адамдар аңыз ғыпты сол күндегі.
Жеткенше жиырмаға тоқтай алмай
Сейіл ғып аралады төменгі елді.
Арғын, Найман, Қыпшақ, Таспа, Табын,
Сарыарқа, сары дала, сары белді.
Көріпті сол уақытта болған елді,
Ұзын өріс, кен жайлау жүрген жерді, -
деп С.Аққожаев ақын Құлыншақтың шығармашылық өнерінің бірталай қырларын да
ашыпбереді. С.Аққожаевтың бұл өлеңдері Р.Бердібаевтың "Жұлдыздар жарығы"
зерттеу еңбегінде берілген [8. 193-194].
Сыр бойы, сондай-ақ Қаратау өңірі ақындарының ақындық жолға түсуі
жөніндегі жиірек кездесіп отыратын аңыз - әңгіме халық арасында кең
тараған. Бұл аңыз әңгіме Құлыншақ ақынның ақындық өнерге түсуіне байланысты
да (мысалы, Майлықожа, Бұдабай т.б. туралы да) айтылады. Ондай аңыздарда
түсінде қыдыр аян беріп "көген аласың ба, өлең аласың ба" деп сұрағанда
өлеңді қалап, содан бастап ақындыққа талаптанған екен делінеді.
Ақындық өнерді ұстануды, үйренуді мұрат тұтқан талапкер жас
ақындардың кезінде ел аралап, елдің белгілі сөз шеберлерінің өлең-жырларын
тыңдап үйрену, батасын алу дәстүрлі болған. Осы дәстүрмен Құлыншақ ақын да
Шөже ақынды арнайы іздеп барып батасын алған делінеді деректерде.
Құлыншақ ақын Арқа елін, Сыр өңірлерін, Жетісу өлкесін аралап сол
кездегі белгілі ақындар Майлықожа, Мәделіқожа, Бұдабай, Молда Мұса, Шәді
Жәңгірұлы, Майкөт ақындармен танысып-білісіп біразынан өлең-жыр үйреніп,
ақындық өнердің қыр-сырымен танысып, енді біразымен айтысқа түсіп өнерін
шыңдап отырған.
Құлыншақтың ақындық өнерге түсудегі жолы туралы белгілі ғалым
Р.Бердібай: "Құлыншақтың тәлім алған мектебі - халық ауыз әдебиеті, аты,
сөзі белгілі ақындар. Сондықтан да ол өзінің ғибрат өлеңдерін сол үлгіде
жасайды: өмірдің күңгені мен теріскейін, жақсылық пен жамандықты, барлық
пен жоқтықты, бақи мен пәниді салыстырып, кең пайымдап сөйлейді...", - деп
көрсетеді [22.316].
Құлыншақ ақын турашылдығымен, өжеттілігімен де ерекшеленеді. Өз
кезіндегі би, болыс, датқалардың жағымсыз озбырлық іс-әрекеттерін, адамдар
бойында кездесіп отыратын сараңдық, екіжүзділік, зорлықшылдық,
қиянатшылдық, арсыздық, т.б. сол сияқты жат-мінез қылықтарды өткір тілмен
сынға алып отырған.
Құлыншақ ақын әртүрлі тақырыптарда өлеңдер шығарумен қатар, мықты
айтыскер ақын да болған. Молда Мұсаның айтуынша Құлыншақ айтыста ешбір
ақыннан жеңілмеген ақын.
Құлыншақтың өз заманындағы белгілі айтыскер ақындардың бірі
болғандығына оның Майлықожа, Бұдабай, Молда Мұса, Шөже, Барақат сияқты т.б.
ақындармен айтысқандығы дәлел болады [22. 315].
Ғалым Ә.Оспанұлы Құлыншақтың ақындық өнері туралы айтқанда үш қыры
туралы: "Олардың ең бастысы - терең ойшылдығының белгісіндей филоеофиялық
пайымдаулар болғанда, екіншісі - өткір әзіл-оспаққа, әжуа- мысқыл, сын-
сықаққа құрылған әлеуметтік мазмұндағы ықшам өлендерге ұсталығы да,
үшіншісі -шебер айтыскерлігі дер едік" деп көрсетеді [24. 23].
Құлыншақ ақындық өнерпаздығымен қатар домбыраға, сырнайға, қобызға
қосылып ежелден келе жатқан батырлық, ғашықтық жыр-дастандарды, шығыстық
сюжетке құрылған қиссаларды да жыр етіп жырлаған эпик ақын.
Құлыншақтың жыр айту достүрін
жалғастырушы сөз шеберлерінің бірі болғандығы жөнінде белгілі фольклор
зерттеуші Н.Төреқұлов "Алатау асқарынан жыр асырған" деген еңбегінде
қызықты деректер келтірген болатын [32. 60-62].
Шығыс әдебиетінің бірталай нұсқаларын жатқа біліп айтып жүргендігі
жөнінде белгілі ғалымдар Ә.Оспанұлы, Р.Бердібайдың зерттеу еңбектерінде
деректер беріледі.
1.2. Құлыншақтың ақындық өнері жөніндегі көрнекті ақындардың ой-
пікірлері.
Құлыншақ ақынның ақындық өнері туралы ой-пікірлердің біразын өзінің
замандас ақындарының, сонымен қатар кейінгі ақындар шығармаларынан да
кездестіруге болады. Құлыншақтың замандасы Майлықожа ақын Құлыншақпен
айтысқанда оны "бағы қалың, аузының қыдыры бар, аты озған ақын, елдегі
құдай берген екі жүйріктің бірі, өлеңнің дүрі" деп жоғары бағалаған. Ал
өзін Құлыншақ ақынның шәкірті санаған белгілі ақын Молда Мұса:
Көтеншіде Құльшшақ өлеңші еді, Шүу дегенде суырылыл кетуші еді, Қарсыласып
бетпе-бет айтысқанда, Еш адамнан жеңілдім демеуші еді, -деп ақынның
айтыскерлік өнерін жоғары бағалайды.
Құлыншақ ақынды өзінің замандас ақындары, кейінгі сөз зергерлері де
мадақтай өздерінің жырларына қосып отырған екен. Олардың Құлыншақты
өздеріне ұстаз тұтып отыруы да оның ақындық өнерпаздығының жоғары болғанын
дәлелдейді.
Жыр алыбы атанған Жамбылдың өзі де өзіне ұстаз тұтқан ақындар туралы
айтқанда:
Қаздай қалқып ерінбей,
Өлең тердім жасымнан. Майлықожа, Құлыншақ,
Пірім еді бас ұрған, -
деп өлеңіне қосқан болатын. Молда Мұса (Мұсабек Байзақов) ақын сияқты өзін
Құлыншақтың шәкірті санаған ақын Сұлтанбек Аққожаев та жоғарыда айтылған
өзінің естелік өлеңінде ақынның өмірі мен шығармашылығынан көптеген
деректер бере келіп:
Ұстазым - Орта жүздің Құлыншағы, Өлеңнен кем болған жоқ берген бағы.
Қосылып құнанында ат бәйгеге, Тынбай шауып кеп жүрді сынбай бағы, -деп оның
ақындығын дәріптей бағалайды.
Құлыншақтың Ысқақ деген баласы әкесіне тартып ақындық жолды ұстанып
айтысқа да түсіп жүргені туралы деректерде айтылады. Сол Ысқақ қазіргі
Тараз (бұрынғы Әулиеата) қаласында Қадиша деген қызбен айтысқанда ақын қыз:
Әзірше жоғары боп сөйлер сөзге,
Әкеңнің сыйланып тұр әруағы.
... Әкеңнің өлең жазған өкпесіне,
Кәсібін құдай берген етпесін бе,
-деген екен [24. 341, 343].
Көрнекті ақын, жазушы Асқар Тоқмағамбетов те бір өлеңінде Құлыншақ
ақыңды Қаратау өңірінен шыққан аты әйгілі адамдармен қатар атап, бірге
көрсете келіп:
Ақсүмбе, Абақ батыр Созақтағы,
Кем еді қай батырдан қазақтағы?
Құлыншақ, Бердібек пен Айтжан ақын,
Талайды сөзбен орап тұзақтады ,-
деп оның ақындық, айтыскерлік өнерін құрметтей өлеңіне қосқан екен. Сыр
өңірінің белгілі жыр дүлдүлдерінің бірі Бұдабай ақын Құлыншақты қарт
Қаратау өлкесіндегі жүйрік ақындардың ішіндегі бірегейі ретінде көрсетіп:
Көтеншіде Құлыншақ,
Өлең сөздің ұстасы.
Майлықожа, Мәделі,
Бұлар оның тұстасы.
Сөздерінің бар еді,
Тістейтіндей қышқашы,
Ең озығы - Құлыншақ,
Өлең десе ұрыншақ.
Шу асауды тоқтатқан,
Бұғалықты бұрып сап, -
деп оның ақындық өнерін онымен тұстас ақындармен салыстыра келіп жоғары
бағалаған екен.
Құлыншақтың ақынды өзі тұстас ақындар мен өздерін оған шәкірт
санаған ақындар ғана құрмет тұтпаған. Оны туып-өскен жерінің халқы мен
ақындары да ұмытпай естеріне алып отырады. Қазіргі кезде ақынның туған
жеріндегі орта мектепке Құлыншақ ақынның аты берілген.
Құлыншақтың ақындығы туралы Қаратаудың теріскей өлкесінің шежіре
жазушысы, әрі ақын Есіркеп Өмірбеков кезінде Құлыншаққа арналған "Еске алу"
деген толғау өлеңінде:
Осы жұрт ұмытқан ба Құлыншақты,
Өлеңге бәйге атындай ұрыншақты,-
деп ақын атының елеп-ескерілмей, кей уақыттарда ескерусіз қалып келе
жатқанын ескерте келіп:
Келгенде сексен ақын айтысуға
Мәреге бәрінен де бұрын шашты...
... Өлең десе, биіктен өрлеуші еді, Егесте ешкімге
дес бермеуші еді, Толтыра кең даланы кернеуші еді, -
деп оның ақындық өнерін, шеберлігін айқындай, еске алып өлеңіне қосқан
болатын [27].
Құлыншақтың ақындық өнерпаздығы өзінің шығармаларынан да кең көрініс
тапқан. Құлыншақ ақын өзінің "Ақын деп сыртымыздан әркім қанық" деген
өлеңінде ақындық өнері, қабілеті жөнінде деректер береді. Ол өлеңінде ақын:
Құлыншақ сөйлер сөзден ұялмайды, Жалғанда жаннан айыл жия
алмайды, -
деп өзінің ақындық өр бейнесінен хабар бере, ақындық қарымын бағамдайды.
Құлыншақ ақынның өз заманының көрнекті, ортасынан оза шыққан жүйрік
ақын болғанын оны халықтың ақынды ерекше құрмет тұтуынан, онымен замандас,
сонымен бірге кейінгі ақындардың Құлыншақтың атын ерекше ардақтайтынын
жоғарыда көрсетілгендей өлең үзінділерінен де байқауымызға болады.
1.3. Құлыншақ ақын шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
Заманында ақындардың өрен жүйрігі атанған Құлыншақ ақынның
шығармалары көбінесе ауызша шығарылғандықтан, оның әдеби туындыларының
көбісі кезінде хатқа түспегендіктен ұмытылып бізге толық жетпеді деп
айтуымызға толық негіз бар.
Белгілі ғалым Р.Бердібай:
"Өкінерлігі сол - Құлыншақтың көп жыры, айтысы жазылып қалмаған" дей
келіп, Құлыншақтың өлеңдерінің кейбіреулерінің басқа кейбір Оңтүстік өңірі
ақындарының атына телініп жүргендігін, олай болуының себебін ақын
шығармаларын халық арасынан жазып алушылардан, зерттеушілерден болғандығын
айтып өтеді. Сонымен бірге ғалым зерттеушілердің ақын мұрасын зерттеуге
әділ қарауы кереқтігін де ескерткен екен [22. 320].
Құлыншақ ақын шығармаларынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғалым
Академиясы М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының қолжазба
қорында аздаған өлеңдері сақталғанғандығы жөнінде деректер айтылады.
"Шәуілдір" ауылында өмір сүрген Омар Байымбетов біраз өлеңін жатқа
білген. Сол кісінің айтуынан кезінде біршама өлеңдері жазылып алынған. Тағы
бірер өлеңдері Оңтүстік Қазақстан өңірінің тұрғындары Жәңгірбай Әлиев,
түркістандық Әлімбай Қасымбеков деген кісілерден жазылып алынған екен.
"Бес ғасыр жырлайды" атты жырлар жинағының (II томдық) 2-томына
оншақты өлеңі еніп жарияланды. Жалпы көлемі 55 жолдай [10. 76 - 78].
Құлыншақтың Майлықожамен айтысы ақынның бізге жеткен бірден-бір көлемді
айтысы болып саналады. Бұл айтыс 1988 жылы шыққан "Айтыс" жинағында алғаш
рет жарық көрді [2].
Ақынның әдеби мұрасын жинап, жариялауға жерлесі оқу-ағарту саласының
қызметкері Рысқұл Рысжановтың еңбегі де үлкен болған екен. Сол кісінің
ізденісі, еңбегі арқасында ақынның бірталай шығармалары табылып баспасөзде
жарияланып, соңынан "Өсиетім..." деген атпен жарық көрген кішігірім жинақта
басылып шықты. Ол кісінің жинап жариялағаны ақынның мына өлеңдері болды:
"Құлыншақтың термесі", "Өсиет өлеңі", "Шөже мен Құлыншақтың қағысуы",
"Көлбай болыстың үйіне қонғаны", "Ондыбай болысқа хаты", "Мазақ қылма
Көлбайым", "Ел арасындағы жанжалды өлеңмен тоқтатуы", "Ар-ұяты бар кісі",
"Алпыс бір жанның атасы", "Өмір туралы толғау", "Біреуге берсем дегін,
алсам демей", "Әркім әуес қылады қолда жоқты", "Арқада бар балқурай",
"Бірінші байлық - денсаулық", "Қызыл тілім сөйлеп қал", "Дүйсенбі, сенде
арман жоқ", "Атадан артық туған Жаманқара", "Тар құрсағын кеңіткен", "Түйе
жисаң, нардан жи", "Түйенің түйе болмағы", "Қыс қыстауға қүұ жақсы",
"Адамды құдай ойлайды", "Атаның әруағына түней келдік", "Жаратқан, медет
бере көр", "Ар-ұятты ойлаған", сондай-ақ Құлыншақ ақынның Шәді төреге,
Молда мұсаға хат өлеңдері, Шәді төренің Құлыншаққа хат өлеңі еді. Осы
еңбекте ақынның өмірбаяны жөнінде ел арасынан жазылып алынған жаңа деректер
де ұсынылды [15].
Белгілі ғалым Әсілхан Оспанұлы ақынның бұрын жарық көрген өлеңдерін
кейіннен табылған шығармаларымен толықтырып 1991 жылы жинақтап "Өсиетім..."
деген атпен Шымкент қаласында кітап етіп бастырып шығарды. Онда автордың
алғы сөзінен кейін ақынның жиырма екі өлеңі мен екі айтысы - "Құлыншақтың
Майлықожамен айтысы" және "Алты ақын мен Ұлбике" айтысы енгізілген [15].
Ақын, жазушы Есіркеп Өмірбековтің Құлыншақ ақынның бұрын белгісіз
болып келген, халық арасынан жазып алып өз еңбегіне енгізген өлеңдері
ақынның әдеби мұрасын толықтыра түсті [27]. Бұл өлеңдерді "Шымкент келбеті"
газетіне ғалым Ә.Оспанұлы "Сүйінші!" деген айдармен жариялап көпшілік
қауымның ақынның әдеби мұрасымен кеңірек танысуына мүмкіншілік жасады. Бұл
арқылы көпшілік Құлыншақ ақынның Бұдабай ақынмен айтысуы (сәлемдесу,
жауаптасу
түріндегі), көңіл айту, бата үлгісіндегі салт өлеңдерімен, арнау, сын
сипаттағы шығармаларымен жүздесті. [25. 19]
Ғалым Ә.Оспанұлының құрастырып, алғы сөзін жазған Оңтүстік Қазақстан
облысының XIX ғасыр мен XX ғасыр басында өмір сүрген он екі ақынының
шығармалары енгізіліп "Жыр мұра" деген атпен "Елорда" баспасы 2001 жылы
шығарған жыр жинағында Құлыншақ ақынның да өлең-жырлары мен сөз қағысулары,
айтыстары жарық көрді. Мұнда ақынның жарық көрген шығармаларымен қатар,
бұрын жарияланбаған "Құлыншақ пен қыздың айтысы", тағы басқа да бұрын
жарияланбаған туындылары берілген. Бұл жинаққа енгізілген шығармаларының
жалпы саны, айтыс, сөз қағысуларын қосқанда - 30 шақты. Бұрын жарияланған
біраз шығармаларының бұл жинаққа енгізілмегендері де бар екендігін байқауға
болады.
Құлыншақ ақын шығармашылығының да зерттелуінің кенжелеп қолға
алынуының өзідік себептері бар.
Құлыншақ ақынның өмірі мен шығармашылығы жөнінде 1960 жылдардан бері
қарайғы еңбектерде, мысалы, Х.Сүйіншіәлиевтің "Қазақ әдебиетінің қалыптасу
кезеңдері" [28], Р.Бердібаевтың "Гүлстан бұлбұлдары" [9] еңбегінде, "Қазақ
совет энциклопедиясында" [18], Ә.Оспанұлының "Қаратау атырабының ақындары"
атты [23] зерттеу еңбегінде біршама деректер беріліп, талдаулар жасалынып
көріне бастады. Соңғы жылдары жоғары оқу орындары студенттеріне арналған
оқу құралдары мен оқулықтардан орын алып, шығармашылығы оқытылып келеді
[28; 30; 23; 22; 17].
Ақын шығармаларының жұртшылыққа жеткізілуі, танылу жайы жөнінде
кезінде ғалым Ә.Оспанұлы: "Оның қолда бар шығармаларының жөн-жосықсыз
қысқартылып немесе бұрмалауға түсіп жарияланып жатуы оқырман қауымның
ақынға деген ыстық ықыласын суытып, зерттеушілер де түймедейді түйедей
етіп, болмашыны дабыралай береді екен-ау деген ыстық ықыласын туғызулары
әбден заңды. Шынын айту керек, дүниеде азын-аулақ еңбектері аздырылып-
тоздырылып жарияланып келе жатқан бір ақын болса, ол Құлыншақ демеске лаж
жоқ", - деген еді кезінде [24. 31].
Құлыншақ ақынның кеңес дәуірінде жарық көрген жинақтарда жарияланған
шығармаларының көптеген қысқартулармен, жекелеген сөздер мен сөз
тіркестерінің өзгерістерге ұшыратылып, бұрмаланып, бұзылып берілгендігін
көруге болады. Әсіресе дінге қатысты айтылатын ойлар мен сөздердің көбірек
өзгертулерге ұшырағанын байқауға болады. Мысалы, ақынның өмір, өмір
иірімдері туралы толғанысын, адам баласының тіршілік сапарын түйіндейтін:
Адамзат - келер, келер, жүзге келер, Пендені үйде
өлсе де, түзде көмер. Құдая, иманымды саламат қыл,
Ағайын қайда бізді іздеп келер? -
деитін өлең шумағы:
Адамзат келер-келер, жүзге келер,
Бәрібір үйде өлсе де, түзде көмер.
Қайыр-қош, аман боп тұр, қайран елім.
Ағайын енді қайда бізге келер,-
деп берілген [10.78]. Осы сияқты өзгертулерді сол кезеңдегі
жарияланымдардан біршама кездестіруге болады.
Туралығын айтқанда Құлыншақ ақын шығармашылығының ғылыми айналымға
түсіп оқу орындарына арналған бағдарламаларға енгізілуі, оқу құралдары мен
оқулықтардан орын алып оқытыла бастауы, сондай-ақ шығармаларының әр
кездердегі жинақтарға, мысалы "Айтыс", "Бес ғасыр жырлайды", "Өсиетім...",
"Жыр мұра" сияқты жыр жинақтарына енгізілуінде осы Ә.Оспанұлының сіңірген
еңбегін айрықша атап көрсету орынды. Ғалымның Оңтүстік өңірінің белгілі сөз
шеберлерінің шығармашылығын зерттеуге бағытталған диссертациялық еңбегінде
Құлыншақ ақын шығармашылығының қарастырылуы ақын мұрасын тиянақты
зерттеудегі алғашқы бастама болды. Осы кезден басталған ақын
шығармашылығының зерттелуі кейінгі кезеңдерде ақырындап болса да қолға
алынып, зерттеу еңбектерде, оқулықтар мен оқу құралдарында сөз бола
бастады.
1990 жылы шыққан Ә.Оспанұлының "Қаратау шайырлары" атты зерттеу
еңбегінің "Ел сүйген екі жүйріктің бірі" деген тарауы осы Құлыншақ ақынның
шығармашылығын зерттеуге арналған [24].
Құлыншақ ақыннан кейінгі ақын-жыршылар да ақындық үлгі, өнер үйреніп
тәлім алып отырған. Құлыншақтың Жетісу өңірі ақындарының да шығармашылығына
әсері аз болмаған сияқты. Жамбыл ақынның шығармашылығына әсері болған сөз
шеберлері туралы айтқанда белгілі ғалым профессор М.Жолдасбеков көрнекті
ақындардың қатарында Құлыншақты да атап көрсетеді.
Ғалым "Жүз жыл жырлаған жүрек" деген еңбегінде: "Жамбылдың өнеге
мектебі - бір ғана Сүйінбай емес, Қабан, Шөже, Майлықожа, Құлыншақ, Майкөт,
Жанақ, Түбек, Бақтыбай, Қуандықтай ақындар", - деп Құлыншақ ақынның атын
сол кездегі көрнекті ақындармен бірге атайды [12].
Құлыншақ ақынның айтулы эпос жыршысы болғандығы туралы белгілі
фольклор зерттеуші Нысанбек Төреқұлов өзінің "Алатау асқарынан жыр асырған"
деген кітабында деректер береді. Осы еңбегінде Жамбылдың Қаратау өлкесіне
келіп, бұл елдің белгілі сөз шеберлері Майлықожа, Құлыншақ ақындармен
кездесіп бата алғандығын, Жамбылдың Құлыншақ ақыннан "Ер Шора", "Қыз Жібек"
жырларын тыңдағанын жазады. Онда: "Кешкілік ас-судан кейін сөзді Құлыншақ
алды. Ол бұл кеште "Қыз Жібек" хикаясын шертті. Қосабаның басында Бекежан
қолынан мерт болған Төлегеннің аспандағы алты қазбен қоштасқан зарын егілте
әуендеткенде отырған
қария, кейуаналар көзіне жас алды. Бұл хиссаны Жамбыл ынта қоя тыңдаған.
Құлыншақтың "Қыз Жібекті" домбыра, сырнаймен кезек-кезек сүйемелдеп,
әртүрлі әнге салып орындағанына қызықты. Мұндай жыршыны бұрын-соңды
көрмепті" дейді [32. 60-62].
Ғалым Ә.Оспанұлы Құлыншақ ақын қазақтың эпикалық туындыларын біліп,
жатқа айтумен қатар бүкіл Орта Азия халықтарына кең тараған қисса,
дастандарды, хикая жырларды да жатқа айтып, кейбіреулерін шығыс әдебиетінде
ежелден келе жатқан Нәзира дәстүрімен халық ұғымына лайықтап қайта
жырлағандығы, соның ішінде "Шырын - Шекер" деген жырды сүйіп толғағандығы"
жөнінде жазған болатын [25.51].
Кезінде белгілі ғалым Р.Бербібай: "Ақын мұрасын іздеу, жинау, алдағы
кезде де таластамауы тиіс. Құлыншақ той-жиында, айтыста табанда төгіп өлең
шығарумен қатар, жыршы ретінде ірі эпикалық дастандарды да айтқан.
Болашақта ақын творчествосының осы қырын зерттеуге де көңіл бөлген жөн"
деген болатын кезінде [22. 321]. Ақын шығармаларын ел ішінен іздеп тауып
халық игілігіне айналдыру алдағы міндеттердің бірі болмақ.
2- тарау. Құлыншақ ақынның толғау, арнауларының және термелерінің
танымдық,
тәрбиелік мәні
2.1. Толғаулары
Толғау қазақ әдебиетінде ертеден келе жатқан жанр.Ойшыл сөз
шеберлерінің өмірден көрген-түйгендерін ой сарабына салып, өмірдің мәні,
адамгершілік қасиеттер мен елдің тұрмысы мен болашағы, халықтың бірлігі мен
тәуелсіздігін толғау жанрының негізгі арқауы еткендігі хандық дәуірде, одан
ертеректе өмір сүрген жыраулар шығармашылықтарынан белгілі.
"Бізге там-тұмдап жеткен шумақтарына қарағанда, оның өмір ағысын
терең байлап, ойлы өсиет пен тағлымды толғау айтуға шебер екені сезіледі",
- дейді Р.Бердібай [22. 316]. Ғалым айтқандай Құлыншақ ақын
шығармашылығында толғау жанры да едәуір орын алады.
Ақынның философиялық сипаттары толғау жырларына "Дүние -ол бір
көздің қасқалдағы", "Енесі жүдеп нашарлап ("Дүниеде не ғаріп"), "Адамзат
келер, келер жүзге келер", "Дария білмес иттің сарығанын" атты
шығармаларын, сондай-ақ Ресей патшалығының отаршылдық саясатын бейнелейтін
"Амалсыз асы - біз күмірә", "Пенденің көпті күнәсі" толғауларын жатқызуға
болады. "Дүниеде не ғаріп" деген толғауында ақын табиғат құбылыстарды адам
өмірімен ұштастыра термелей ой қозғайды.
Енесі жүдеп нашарлап,
Ертелей туған жол ғаріп.
Әуеден жауын кеш болып,
От шықпай қалса, жер ғаріп.
Басшысы нашар жолығып.
Ынтымақ кетсе, ел ғаріп,
Көкала жылқы болмаса,
Бетегелі бел ғаріп.
Қаз, үйрегі болмаса,
Айдынды шалқар көл ғаріп.
Қатарынан кем тартып,
Қуаты қашса ер ғаріп... -
деп бұрынғы өткен жырауларша сөз саптай жырлайды. Қоғамның жарасымдылығы
елдің бүтіндігі мен рухани тұтастығында, сонымен бірге материалдық
қажеттілігінің жетістіктері мен ішкі жан дүниенің табиғат, ел, жер
бүтіндігінің үйлестігінде деп түсініп жырлау Асанқайғыдан бергі кезеңдерде
деп өмір сүрген жырауларда жалғастық тауып келе жатқан дәстүр. Оған
Асанқайғыдан мысал келтіре кетсек те болады. Асанқайғының "Бұл заманда не
ғаріп?" деген толғауымен
сарыңдастықты шығарманың мазмұнымен қатар құрылысы, жыр жолдары, сөз
тіркестері, жекелеген сөз қолданыстарынан да айқын аңғартуға болады. Мысалы
Асанқайғының:
... Ел жағалай қонбаса,
Бетегелі бел ғаріп.
Қаз, үйрегі болмаса,
Айдын шалқар көл ғаріп.
Ата жұрты бұқара
Өз қолында болмаса,
Қанша жақсы болса да,
Қайратты туған ер ғаріп, -
деген ойларымен Құлыншақ толғауларының тек сырт ұқсастығы ғана емес іштей
мазмұн бірлігі де байқалады.
Ақын "Дүние - ол бір көлдің қасқалдағы" өлең толғауында өзінің
дүниетанымын, өмір құбылыстарына деген көзқарасын бейнелейді. Ақын мұнда
дүние, яғни адам өмірін халқымыздың "қасқалдақтың қанындай" деген мәтел
сөзіне баламалай алып, шалқар көлдің қолға оңай түспейтін қасқалдағына адам
тіршілігін салыстыра терең ой қозғайды. Сөйтіп адам өмірінің кезең-кезеңді
кездеріне -балалық, жігіттік, егделік, сексен, жүз жастағы қарттық шақтарға
сипаттамалар береді. Адам өзінің санаулы өмір жолын бос өткізіп алмай, адал
жүріп, еңбек етіп, мәнді өткізуі қажеттігін еске салады.
Біреуге "берсем дегін", алам деме, Біреудің адал
нанын алып жеме, -
дей отырып, адамның артында қалатыны жақсылық ісі деген қорытынды жасайды.
Басқаға қиянат жасамай, қолдан келгенше жақсылық жасауға үндейді. Ақын адам
өмірін қасқалдаққа ғана емес, сәуле берер жұлдызға, аспанда ұшар аққуға,
сұңқарға, кеменің баспалдағына:
Дүние - ол бір көлдің қасқалдағы, Жұлдыздай сәуле берер аспандағы. ...
Аққудай көлден ұшқан аспандағы. ... Сұңқардай қалықтаған аспандағы. ...
Кеменің секілді ол баспалдағы, -деп теңейді.
... Тағдырға айла бар ма қашсаңдағы. ... Біреуге біреу
мейман дегендейін, Осылай өте бере барлық адам, -
деп ажалдың бір келетінін айта отырып, өмірде адамдардың адамгершілік,
парсаттылықты ұстанып өтуді ұсынады.
Құлыншақ толғауларының ішінде "Тәніңде мейман жаныңа" өлеңінің орыны
ерекше. Бұл өлеңінде ақын адамның өткінші өмірін оның тәні мен жанының
қарым-қатынасын терең толғай айтады. Адамның бұл өмірге қонақ екенін,
сондықтан да өмірде мейірімділікпен,
имандылық, инабаттылықпен жүрудің қажеттілігін жырлайды. Адамды дүниеге
әкелген ананы, оның қадыр-құрметін түсінуді, туған-туыс, бауырларының да
өзіндік орны бар екенін термелей толғайды. Соларды алла неге өлетін етіп
жаратты дей отырып қимастық көңілдерін саналамай жырлайды. Әке мен ана
өлімінің өте ауыр қаза екенін былайша:
Үйде отырсаң мал қорың,
Дала шықсаң - қамқорың...
Алма мойын, аршын төс,
Біреудің қызын сүйдірген,
Әкең өлмес болсайшы?!
Тас емшегін еріткен,
Тар құрсаған кеңіткен...
Аязды күні айналған,
Бұлтты күні бұланған,
Анаңнан қамқор барма еді,
Шешең бір өлмес болмайшы?! -деп жырлайды ақын.
Ананың асыл қасиетін:
Қашан үйден кеткенше Бәйек болып жүретін,-дей келіп, қарындастың
қамқорлығын:
Шешеңнен соңғы қамқорың, Шалғып-шаршап келгенде, Бір күніңе жарайтын,
Анаңнан соңғы қамқордың, -деп, жан-жарыңның қымбаттылығын:
Өзің тыстан келгенде,
Астыңа төсек тастайды,
Үйіңде дәмі бар болса,
Аузыңа сенің ұстайды,
-деп, ал асыл ағаны:
Алдыңда тұрса тірегің,
Әр нәрсеге керегің
Алатаудай айбаттың,
Дұшпанға қылар қайраттың, -деп,
Дұшпаныңды қор қылар,
Құрыштан соққан болатың, -
деп інінің орнын айта келіп, осылар "өлмес болсайшы" деп қимастық
сезімдерін айтады.
Ата-ана үшін өмірінің сәні мен мәні болатын, өмірдегі ең қымбаттысы
- перзентінің қазаға ұшырауы олар үшін ең ауыр қайғы екендігі белгілі.
Ақын:
Адамзаттың миуасы,
Әлдилеп сүйген баласы,
Ойлаңдар, беглер,- ойлаңдар,
Перзентсіз елді не дейді,
-дей келіп:
Ұясыз адам шырақсыз.
Қыз бой жетіп өскенде, ...
Қыз, балаң өлмес болсайшы, -
деп перзент қазасының ата-анаға аса ауыр тиетіндігі жөніндегі ойларын осы
айтқан сөзім әзілсіз деп ойға жетелей аяқтайды.
Ақын адам өмірінің жарасымдылығы, мәні туралы толғанғанда өзінің
алдындағы жырауларша толғай жырлайды. Адам өмірінің мәнділігін қоршаған
орта мен табиғат құбылыстарымен, тұрмыс-тіршілімен үйлестігінен іздейді.
Тау болмайды бұлақсыз,
Көл болмайды құрақсыз. Малсыз адам тұяқсыз,
Ұлсыз адам шырақсыз, -
деп перзентінің ата-ана үшін қаншалықты мәнділігін айтқанда да, өмір
құбылыстарындағы ұқсастықтар арқылы ойын айқындай түседі.
Арғымақ мініп не керек,
Артынан жабы кеткен соң. Ағайын-туған не керек,
Аңдысып күні өткен соң... -
деп ежелгі жырауларша ағайын-туғанның ынтымақ-бірлікпен,
татулықпен өмір сүруін аңсайды.
Ақынның Қуды мініп, құланды құрықтап жүр толғауының әлеуметтік
маңызы ерекше деп айтуға болады. Бұл толғауында ақын ел ішін дендеп
жайлаған қулық-сұмдықтарды, озбырлар мен қулардың датқалармен бірігіп енді
бүлдіріп жатқан іс-әрекеттерін әшкерелейді.
Билік, мансап, бедел таластырудың дауы ел ішін жайлап бара жатқанын, оған
ел билеген әкімдер кінәлі екенін, оның зардаптарын: Жетікент, Шымкент,
Сайрам, Дулат та жау, Сіргелі, Ыстыменен қалмады сау. Жүлектен төмен қарай
мөрін басып, Жау болар бір кісіге осындай-ау, -
деп ақын отаршылдықтың әсер-ықпалынан елдегі орын алған бүліншілікті ашық
айтады,
Ақын "Амалсыз асы біз күмірә" атты толғауында ежелгі ақындарша:
Біссіміллә деп бастайын,
Медет тілеп пірлерден, Амалсыз асы біз күмірә.
Шариат сөзін білмеген,
-- деп бастап, емір құбылыстарына өзіндік баға бере келіп:
Азғана сөзді қозғайын,
Тыңдасаңдар жақсылар.
Әзіргі мынау күндерден, -
дейді де, Ресей отаршылдарының қазақ еліне үстемдік жүргізу саясатының іске
асырылуы мен зардаптарын толғайды.
Жайлауымды жау алып,
Ықтияр кетті-ау күллі елден! -деп күйіне келіп,
елдің бірлігі, жай-күйінің кете бастаған шындығын:
Енді қалып барасың
Бірігіп басың жүргенен,
Жанның бәрі жарлы боп,
Жалғыз жан жоқ күйге енген,
... Ауқатты байлар әлсіреп,
Жақынына күйгеннен,
-деп бейнелейді ақын.
Зорлықшыл заман ықпалының қарапайым жандарға ауыр тигені де ақын
назарынан қалыс қалмайды. Ақын:
Момынның көңілі толы жас
Зәлімнің көңілі семірді,
-дей келіп:
Кісісымақ ысқырып
Есігіме тебінді.
Қадақ болған кісідей
Ала алмай жүрмін кегімді.
Жансар болған жыландай,
Киреңдетті белімді, -
деп күрсіне де күйіне толғанады. Құлыншақ ақын заман адамдарының бойындағы
өзгерістерді:
Шашын қойды жігіттер.
Жаулықсыз көрдік келінді.
Сүйгенімен боп кетер,
Шырайлы қыздар келімді.
Қараңғы түнмен қыз кетіп,
Сұрамас ата, тегіңді, -деп бейнелей келе:
Бүйте берсе бұл заман
Таяқ алып ақтайсың,
Кейінгі қалған ұрпақтар
Атаңның мынау қазалын
Бәрін де оқып жатпайсың,
-деп болжалды ойларын жырына қосады.
Ақын қазақ елінің патшалық Ресейге бағынышты болып өз еркінен,
құнарлы да шырайлы жерлерінен айырылып қалған мүшкіл халін былайша бейнелей
келіп:
Падишамыз орыс-ты,
Күннен күнге қылып тұр
Көңілдегі жоқ істі.
Қадаулы ағаш, тартқан сым.
Қазақтан алды қонысты, -
деп жасалған қысымшылық пен жерден салынған салықтардың да халыққа ауыр тие
бастағанын:
Қазынаға қарыздар
Халық көбейді борышты,
-деп ойын айқындай түседі.
Халықтың мұңын мұңдап, сөзін сөйлеп, жоғын жоқтайтындарды билікке
жақындатпай, айтқанды орындағыш, өздерінің ырқынан, айтқан сөздерінен
шықпайтын адамдарды жандайшап етіп қызметіне жүргізу отаршылдардың бұрыннан
келе жатқан тәсілі. Ресей отаршылдары да осы саясатты тәсілді өз мақсаты
жолында үнемі қолданып отырған. Отаршылдық мақсатты іске асыруда
жүргізілетін әрекеттердің бастыларының бірі халықты рухани күйреуге, тозуға
ұшыратып құлдық психология орнату болса, бұл саясат XIX ғасырда бұратана
елдерге арнаулы бағдармен жүргізілгені белгілі. Осы іс-әрекеттің халық
арасындағы зардап көріністері де Құлыншақ ақынның назарынан тыс қалмайды.
Ақын оны өлеңдерінде:
Маубас өгіз секілді,
Не көрімдер би болды.
Мұсылманның баласы
Табанға түсіп и болды, -
деп ел мүддесін ойламайтын жандардың қолының билікке жетіп, қарапайым
халықтың езгіге түсе бастағанын ашына бейнелейді.
Ресей отаршылдары елдің жерін, билігін алып қана қоймай, елге рухани
жағынан да бүліншілік әкелгені, қазақтың ежелден келе жатқан әдет-ғұрып,
салт-дәстүрлері мен наным-сенімдерінің есепке алынбай, зорлық-зомбылықтың
көбейгені, алауыздық көбейіп, азып-тозуға әкеле бастағаны XIX ғасырдағы
"Зар заман" әдебиетінің көрнекті өкілдері болып саналатын Дулат, Шортанбай,
Мұрат, Әбубәкір шығармаларында кең көрініс тауып бейнеленген болатын.
Еліміздің Оңтүстік өңіріндегі осы құбылыстың іске асыуы Құлыншақ, сонымен
бірге Майлықожа шығармаларында да едәуір кең көрініс тапты. Кеңестік
идеологияның ықпалынан бұл ақындардың осы тақырыптағы шығармалары кеңес
дәуірі кезінде жарияланбады.
Елдің бірлігін, халықтың болашақтағы жайын ұмытқан биліктегілер бұл
жағдайларды, туыстық, халықтық ұғымдарды еске де
алмай зорлық-зомбылық жасайтындығын ақын "Пенденің көп-ті күнәсі" деген
толғауында:
Бір жұмыс түссе басыңа,
Айдаушысын ертіп кеп,
Баса-көктеп үстіңнен
Шығарады үкімді.
Олар білмей барады
Алыс пенен жақынды,
Тентек пенен мақұлды, -
деп әділдікті, жақсы мен жаманды, дұрыс пен бұрысты ажыратып жатпайтындығын
да айтып өтеді. Ақын Шортанбайша заман туралы да ой қозғап:
Ойлап тұрсаң пенделер
Қиямет-қайым жақын-ды, -
деп болжалды ойларын да айтады. Дулат, Шортанбай, Мұрат ақындарша заман
күйін, ел болашағын толғай білуі Құлыншақ ақынның да өз заманының ең
күрделі мәселелерін көре білген кең құлашты, ойлы ақындардың бірі
болғандығын толғаулары айқындай түседі.
2.2. Арнаулары.
Қазақ халқында өз жанынан өлең шығарып айту тек мықты ақындарға ғана
тән құбылыс болмаған. Бұны да халқымыздың бір өзіндік ұлттық ерекшелігі деп
тануымызға болады. Халқымыз ақындық өнерімен кең танылып, өнерімен көпшілік
қауымның құрметіне ие болған, айтысқа түсіп сыналған импровизатор ақындарды
ғана ақын деп таныған.
Құлыншақ ақын да осы қасиеттерге ие болған сөз шебері. Оның суырып
салмашылық өнері әр түрлі оқиғаларға, құбылыстарға байланысты айтқан арнау
өлеңдері мен айтыстарынан ерекше байқалады.
Құлыншақ ақын өз заманындағы сол өлкенің белгілі адамдарына арнап
өлеңдер шығарып, олардың әр түрлі іс-әрекеттерін, мінез-құлқын
шығармаларында бейнелей білген. Ақын өз заманының атақты адамдарының үлгілі
істерін, өнегелі әрекеттерін ежелгі дәстүр бойынша мадақтап та отырған.
Мысалы, заманында батырлығымен, әділдігімен аты шығып, елге танымал болған,
намысқой, Қаратау өлкесінің теріскейіндегі Үштөбе, Жартытөбе деген құнарлы
жерлерін өз жұртына қоныс етіп қалдырған, жаудан беті қайтпаған Жаманқара
батырға арнаған мадақ өлеңінде оның ерлік, батырлық тұлғасын:
Жарқырап шығып еді дабыстарың,
Өзіңе пар келмейді алысқаның.
Тор темір түрмесінде жатсаң-дағы
Терісі тесілмеген арыстаным,-деп бейнелейді.
Құлыншақтың әлеуметтік мәні зор өлеңдерінің бір тобы осы жеке
адамдарға арнаған сыни арнаулары. Ақын арнаулары тек мадақтық сипатта ғана
емес. Жеке адамдарға арнауларында ақынның сыншылдығы да айқын көрініп
отырады. Арнауларының өзіндык бір ерекшелігі оларда сын, мысқыл ерекше
байқалатындығында. Ақын өз тұсындағы зорлықшыл, қиянатшылдарды, дүниеқорлар
мен сараңдарды, бәлеқор жандарды өлеңмен өткір сынға алып, масқаралап
отырған.
Құлыншақтың бұл сипаттағы өлеңдері аз болмаған сияқты. Олардың көбісі
кезінде халық арасына кең тарағанмен уақытында жазылып хатқа түспегендіктен
түгелдей жетті деп айтуға болмайды.
Ұмытылмай жеткен арнаулары "Оңдыбайға", "Дүйсенбіге", "Қисыққа",
"Көлбайға" т.б. сол сияқты өлеңдері.
"Оңдыбайға" арнау өлеңінің туу тарихын зерттеуші ғалым Р. Бердібай
былайша : Оңдыбай - қырды жайлаған болыс екен. Соның аулына бірде
Құлыншақтар жолаушылап барса, болыстың әйелі қонақтарды қораш көріп
дұрыстап күтпейді... Болыс әйелінің өнегесіздігіне намыстанған ақын
кетерінде Оңдыбайға деп үш-төрт ауыз өлең жазып қалдырады деп жазады.
[22.318]
Ақын болысқа әйелінің көргенсіздік, өнегенсіздік мінезін, болысқа оның
тең еместігін айта отырып, атына абырой әкелмейтін жаман мінезін:
... Есектен не туады айғыр шапқан ? Жылтыраған бетіне әуес болмай, Адамның
баласын ал, кісі баққан. Қызарған не қыласың беттің нұрын, Салады көрген
жігіт көздің қырын,-дей келіп, бұл өлеңнің шығу себебін де айтады.
Болысеке, бұл өлең қайдан шықты? Үйіңде бесінде ішкен шайдан шықты. Сабада
сапырулы қымыз тұрып, Күбіден айнып кеткен айран шықты. Қайыр-қош,
болысеке, көргенімше, Бұл қорлық естен кетпес өлгенімше. Қос-қоржын арқалап
құрыған жақсы, Итке артып аттың қосын жүрегінше,-дейді ақын.
Кейін бұл өлеңді оқыған Оңдыбай болыс қатты намыстанып, әйелін
төркініне көшіріп жіберген екен деседі [22.319]
Ақын Оңдыбайдың сараң әйеліне мін тағып, басқа біткен дәулетті дұрыс
бағалай алмай, сараңдыққа салынған пейілі тар мінезін әшкерелейді. Адамның
адамдығы, жақсы қасиеті оның адамгершілігінде, жомарттығында деп бағалайтын
ақын Оңдыбайға
ақыл беру арқылы басқаларға да ой салып, әйелдің өңі мен келбетіне, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz