Туберкулездің микробактериялары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Презентатция

Орындаған:Омирзақ Аяжан
Қабылдаған:Мендибаева Ботакоз Бақытбековна
Тақырыбы: Туберкулездің микробактериялары
Тобы:МБ20"А"

Шымкент 20202021ж
Жоспары
Туберкулезге қысқаша анықтама
Туберкулездің тарихы
Туберкулездің жұқпалылығы
Туберкулез түрлері
Аурудың анықтау түрі
Емі
Туберкулиндік диогностика
Бактериоскопиялық диогностика
Туберкулезді санитарлық алдын алу
Қорытынды

Туберкулез - ежелгі жұқпалы аурулардың бірі. Роберт Кох 1882 жылы туберкулез қоздырғышын ашты және бұл жұқпалы ауру екенін дәлелдеді. XX ғасырға дейін туберкулез іс жүзінде емделмейтін болған. Туберкулез әлемдегі ең көп таралған инфекциялардың бірі. Микроскоп астындағы туберкулез микробы қатты ұлғайған кезде кішкентай таяқша тәріздес болып көрінеді, сондықтан туберкулез таяқшасы деп аталды. Туберкулез - бұл өкпе және лимфа түйіндерде ерекше қабыну өзгерістерінің пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Туберкулез - бұл тек өкпе ауруы ғана емес, сонымен қатар адамның барлық ағзаларының - сүйектердің, бүйректердің, мидың және ми қабықтарының, терінің, көздің және басқа ағзалардың да зақымдануы. Алайда өкпе туберкулезі жиі кездеседі.
Жұқтырудың негізгі көзі - туберкулездің ашық түрімен ауыратын, яғни сыртқы ортаға микобактерияны бөлетін адам.
Туберкулез (лат. tuberculum - төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау - адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы - микробактерияны ("Кох таяқшасын") неміс микробиологы Р.Кох (1843 - 1910) ашты (1882). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 - 10, ені 0,2 - 0,6 мкм.

Тарихы
Туберкулез ауруы көне заманнан белгілі. Ауру белгілері бұдан 7 мың жылдай бұрын неолит кезеңіндегі адам сүйегін зерттегенде табылған, біздің заманымыздан бұрын 3 - 2-мыңжылдықта египет мумияларынан анықталған. Туберкулездің клиникасы туралы алғашқы деректер 2 ғасырда өмір сүрген каппадокиялық дәрігер Аретейдің (Aretaіos) еңбектерінде кездеседі. Одан кейін Гиппократ, Гален, т.б. ғалымдардың еңбектерінде де туберкулез ауруы еске алынады. Бірақ олар туберкулезді жұқпалы ауру қатарына жатқызбаған. Ал Әбу Әли ибн Сина өзінің "Дәрігерлік ғылымның каноны" деген еңбегінде туберкулезді тұқым қуалайтын аурулар қатарына жатқызған. Туберкулездің жұқпалы ауру екенін бірінші рет италиялық ғалым Дж.Фракасторо (1478 - 1553) дәлелдеді.
Жұқпалылығы
Жұқпалы аурудың тарайтын негізгі көзі науқас адамнан түскен микробтары бар қақырық. Сау адамға ол негізінен туберкулезбен ауырған адам түкірген қақырықтың ұсақ сұйық тамшылары арқылы не кепкен түйіршіктерін ауамен бірге жұтқанда; сирек жағдайда туберкулезбен ауырған үй жануарларының сүтін шикілей ішкенде, етін шала пісіріп жегенде жұғады. Организмге туберкулез таяқшасының енуі ауруға себепші болғанымен, оның толық дамуы үшін жеткіліксіз. Адамдар туберкулезбен бұрын науқастанып, организмнің иммунитеті төмендегенде, дұрыс қоректенбегенде (әсіресе мал өнімдерінің белоктары, витаминдер тапшы болғанда), санитарлық-гигиеналық жағдайлар дұрыс сақталмағанда, сондай-ақ аурумен ұзақ уақыт бойы араласқанда ауырады. Туберкулез көбінесе үш жасқа дейінгі балаларда пайда болады, өйткені оларда ауруға қарсы иммунитет әлі де нашар дамыған, сондай-ақ жасөспірімдерде жыныстық жетілу кезеңінде пайда болады. Туберкулез негізінен тұқым қуаламайды. Туберкулезбен ауыратын адамдардың, әдетте, балалары ауру болып тумайды. Бірақ Туберкулезбен ауыратын ата-ана дер кезінде емделмесе, аурудан сақтану ережелерін дұрыс сақтамаса, дертті баласына жұқтырып, баланың Туберкулезбен ауруы мүмкін.

Түрлері
Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады. Ашық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болады, сондықтан туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді. Ал жабық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады. Туберкулез таяқшалары әр түрлі органдарды, көбінесе өкпені зақымдайды. Аурудың біліну сипаты туберкулездің түріне, науқастың жасына, организмнің жалпы жағдайына байланысты. Аурудың ортақ белгілері: дене қызуының көтерілуі, түнге қарай көп терлеушілік, ұйқының қашуы және тәбеттің нашарлауы. Науқас жүдеп, ашуланшақ келеді, жұмысқа қабілеті төмендейді. Туберкулез таяқшалары түскен жердің тінінде кішкентай төмпешіктер пайда болады. Адам организмі сауыға бастаса мұндай төмпешіктер жойылып кетеді. Кейде бұл төмпешіктердің сырты қатты затпен қоршалып, беріштенеді. Мұны некроз ошағы деп атайды. Адам организмі әлсіреп, некроз ошағына қолайлы жағдай туса, сол жерде каберна (қуыс) пайда болады. Осы қуыста туберкулез таяқшалары дамып, кеңірдек арқылы өкпенің басқа бөліктерін зақымдайды. Мұндай науқастардың қақырығында микобактериялар мол болып, қақырыққа қан араласуы, тіпті қан кетуі де мүмкін.

Аурудың анықтау түрлері
Ауруды әр түрлі әдіспен анықтайды. Туберкулезді ертерек анықтау мақсатымен балаларға тері астына дәрі жіберіп, жаппай тексеру жүргізіледі (Манту реакциясы). Халықты жаппай флюорографиялық (рентгенологиялық жолмен) тексерудің маңызы зор.
Емі
Туберкулезге қарсы арнайы егу (БЦЖ) жүргізіледі, ол сәби дүниеге келгеннен 3 - 5 күннен кейін іске асырылады. Ауруды емдеудің терапиялық, хирургиялық, т.б. әдістері табылып, күнделікті дәрігерлік жұмыста қолданылатын болды. Санаторийлерде емделу өте пайдалы. Қазақстанда туберкулезге қарсы жұмысты туберкулез мәселері ұлттық орталығы үйлестіріп отырады. Әрбір облыс орталығынданда арнаулы диспансер, жергілікті жерлерде олардың бөлімшелері жұмыс істейді. Республика туберкулезге қарсы қажетті дәрі-дәрмекпен, емдеу орындары төсек-орынмен жеткілікті қамтамасыз етілген.[1][2]

ТУБЕРКУЛИНДІК ДИАГНОСТИКАТуберкулиндікдиагностика - туберкулез микобактериясының жұққандығын анықтайтын әдіс. Бұд диагностика үшін туберкулин қолданылады. Туберкулин - туберкулез микобактериясы жасушасының элементтерінен тұрады, диагностика мақсатында қолданылады. Туберкулиннің бағалы қасиеттерінің бірі оның спецификалықтығы, себебі оны енгізгенде жауапты жұққан ТМБ немесе БЦЖ егілген ағза береді. ТМБ жұқпаған және БЦЖ егілмеген ағза туберкулинге реакция жасамайды.Туберкулинді 1890 жылы алғаш рет Роберт Кох ашты. Кохтың ескі туберкулині - АТК (Alt - tuberaіlіnum Kochі) - ТМБ-ның 6-9 апталық фильтраты. Ол 1 сағатта ағынды бумен тазаланып, 900С температурада 110 көлеміне дейін қоюлатылған,етті пептонды 5% глицерин сорпасында өсірілген. Қазіргі кезде АТК-ны синтетикалық ортада дайындайды. АТК-ның белсенді әсер жасайтын туберкулиннен басқа, қоректік ортаның көптеген балласты заттарынан тұратын болғандықтан, қазіргі кезде көбінесе тазартылған құрғақ туберкулинді - РРД (Purіcіcі Proteіn Derіvate) қолданады. Кеңес елінде құрғақ тазартылған туберкулинді 1939 жылы М.А.Линникова ашты, сондықтан ол ППД-Л деп аталады.Құрғақ эритроцитарлы туберкулезді антигенді диагностикалауы - туберкулез клиникасында процестің белсенділігін және емдеудің нәтижелілігін анықтауда иммунологиялық тест түрінде қолданылады.Туберкулиндікдиагностик а - БЦЖ-мен егу жүргізгеннен кейін немесе вирулентті туберкулез микобактериясының жұғу нәтижесінен кейін, туберкулинге пайда болған баяу типтегі жоғарғы сезімталдылықты анықтауға негізделген әдіс, енгізгеннен кейін 6 сағаттан кейін басталады. Мұндай феноменді алғаш рет Роберт Кох суреттеген. Бірақ аллергия терминін алғаш рет Австрия ғалымы Пирке 1907 жылы қолданған, аллос - алғашқы жағдайдан ауытқу және ергос - сезімталдық, яғни өзгеретін сезімталдық деген ұғымды білдіреді. Әрбір аллергиялық реакцияның негізінде спецификалық сенсибилизацияланған организмдегі антиген-антидене реакциясының тінді зақымдау әсері жатады.Туберкулиннің антиденені алып жүретін жасушалармен (лимфоциттер, макрофагтар) байланысқа түсуі нәтижесінде - бұл жасушалардың бір бөлігі өледі де, оң туберкулин реакциясына тән қабыну пайда болады. Бұл қабыну туберкулин енген тері бетінде айқын байқалады. Туберкулин реакциясының патоморфологиясы бастапқы кезеңде (24 сағат) ісік және экссудациямен сипатталады, кейінірек (72 сағат) - негізінен гистиоцитарлық монокулеарлы реакциямен сипатталады.Үлкен некрозды гиперергиялық реакциялар кезінде енгізген жерде эпителиоидты және алып жасушадан тұратын арнамалы элементтер байқалады.Жергілікті реакциядан басқа, теріде дене қызуының көтерілуімен, бұлшық еттер мен буындардың ауырсынуымен сипатталатын организмнің жалпы реакциясы және әр түрлі мүшелерде спецификалық зақымданған жерінде ошақты реакция пайда болуы мүмкін. Соңғы реакция туберкулез процесінің белсенділігін білдіреді. ТМБ жұққан немесе ауру адам ағзасының сезімталдығы әр түрлі болады: айқын (гиперергия) - 15 мм және жоғары, нормергия - 5-14 мм, теріс - теріс анергия, туберкулез жұққан ағза туберкулездің ауыр түрлерінде милиарлы туберкулез, туберкулез менингитінде және т.б.Туберкулин сынамаларының мынандай түрлері болады: :: тері бетіне - Пирке сынамасы, :: тері ішіне - Манту сынамасы, :: тері астына - Кох сынамасыБарлық елдерде сол сияқты біздің елімізде көбінесе тері ішілік Манту туберкулин сынамасы қолданылады. Манту сынамасын 1909 жылы француз ғалымы Ch. Mantoux ашқан. Манту сынамасы басқа сынамаларға қарағанда сезімтал, ол туберкулинді дәлірек мөлшерлеуге мүмкіндік береді.2ТБ Манту сынамасымен тексеруге жататын балалар контингенттері.1. Қауіпті топтағы балалар2. Туберкулез ошағындағы балалар мен жасөспірімдер3. Вакцинация алдындағы 2 айдан асқан және ревакцинация алдындағы 6-7 жастағы балалар.Қауіпті топқа келесі балалар контингенттері жатады.1) Әлеуметтiк жағдайы нашар ата-анасы созылмалы маскүнемдiкке, нашақорлыққа салынған, АИВ - жұқтырылған, нақты тұрғылықты жерi мен жұмысы жоқ жанұялардың балалары.2) Ауруханалық және емханалық ем қабылдап ұзақ жөтел (2 аптадан аса уақыт) пайда болып улану белгiлерiнiң қарқынды күш алуы (субфебрилитет, тершеңдiк, асқа тәбетiнiң болмауы, салмақтың төмендеуi, әлсiздiк, т.б).3) Лимфа түйiндерiнiң перифериялық жолмен ұлғайуы (4 шi және басқа топтарда).4) гормонды терапия қабылдаушылар.5) толық жазылмаған БЦЖ вакцинасынан кейiнiнгi тыртық.Манту сынымасының нәтижелерін бағалау. Манту сынамасының нәтижесі 72 сағаттан соң инфильтратты мм мен өлшеу арқылы жүргізіледі. Мөлдір, түссіз сызғышпен инфильтрат көлемін өлшейді. Инфильтратты өлшеген кезде рентген клиникасынан, әртүрлі қағаздардан жасалған сызғышпен немесе термометр шкаласын қолдануға болмайды. Гиперемия тек қана Манту сынамасын шприцті әдісі қолданғанға, инфильтрат болмаған жағдайда ғана тіркеледі.1. Теріс реакция бұл инфильтрат (гиперемия) болмаған жағдайда немесе уколды реакция болуы (0-1 мм). 2. Күмәнді реакция инфильтрат мөлшері (папула) 2-4 мм немесе инфильтратсыз кезкелген көлемдегі гиперемия. 3. Оң реакция инфильтрат анық (папула) диаметрі 5 мм және жоғары. 4. Гиперергиялы деп балаларда инфильтрат көлемі 15 мм және жоғары, жасөспірімдерде 17 мм және жоғары және ересектерде 21 мм және жоғары және везикула-некрозды реакция инфильтрат көлеміне және лимфангойт бар жоғына байланыссыз болған жағдайда айтылады.Манту сынамасын жасау техникасы. Манту сынамасы үшін бір рет қолданылатын туберкулин шприцы қолданылады. Әр адамға жеке-жеке стерилденген шприц қолданады.Ерітінді шприц поршенімен де, иненің канюлясы арқылы да шықпауы керек.Жұмыс алдында міндетті түрде 0,1 мл ерітінді шприцтің қай бөлігіне келетінін анықтап алу керек.Жуғыш заттардан жақсылап тазартылған құрал жабдықтарды құрғақ стерилизация немесе дистилизацияланған суда 40 минут қайнату әдісі қолданылады.Препарат құйылған ампуланы 70% этил спиртімен сүртіледі, сосын ампула мойнын аралап, сындырылады. Ампуладан шприцпен 0,2 мл ерітінді алынып (2 мөлшері) 0,1 мл бөлігіне дейін сұйықтық шығарылады.Ашылған ампуланы асептикалық жағдайда 2 сағаттан артық сақтауға болмайды.Манту сынамасын өткізу техникасы; білектің 23 -ші бөлігі 70% этил спиртімен өңделеді. Жіңішке иненің кесіндісі жоғары қаратып терінің жоғарғы қабатына параллельді енгізіледі. Тері ішіне шприц арқылы 0,1 мл ерітінді яғни 1 мөлшері енгізіледі. Дұрыс жасалған жағдайда теріде лимон қабығы көлемі 7-8 мм диаметрлі папула пайда болады. Ауылды жерде Манту сынамасы жергілікті ауруханада және акушерлі-фельдшерлік пунктерде жасалынады. Манту сынамасын үйде жасауға қатаң тыйым қойылады.Манту сынамасын жүргізудің әдістемелік нұсқауын туберкулезге қарсы диспансердің педиатры жүргізеді. Туберкулезге қарсы диспансер болмаған жағдайда бұл жұмысты учаскелік фтизиатр мен балалар бөлімшесінің меңгерушісі жүргізеді.Туберкулезге қарсы диспансерде туберкулин сынамаларын өткізу үшін уақытында медбикелерді алдын-ала дайындап анықтама береді.Медбикелерді туберкулин сынамасын жасау техникасы мен қорытындыларын анықтау деңгейлерін тексеріп дайындық жүргізу жыл сайын өткізілу қажет.Туберкулезге жаппай тексеру үшін Манту сынамасын тек дені сау жасөспірімдер мен балаларға жүргізу қажет.Манту сынамасы әр түрлі инфекцияға қарсы профилактикалық егу жасағаннан бұрын өткізіледі.Бұл реакцияға баға беруді қиындатады және де жалған қортынды вираж немесе гиперергия қоюға әкеледі және қарсы көрсеткіш тізімінің негізін анықтайды.Туберкулин сынамасын жасауға кері көрсеткіштер: 1) терi аурулары, 2) асқынған және созылмалы жұқпалы ауралар және сомантикалы аурулардың (эпилепсияда) күшейу кезеңiнде; Аталған жағдайларда Манту сынамасын барлық клиникалық белгiлер жоғалғаннан кейiн екi айдан кейiн егедi; 3) аллергиялық жағдай, ревматизiмнiң асқынған және асқынбалы кезеңi, бронхиалды астма, күшейiп, асқынған кезеңде терi арқылы бiлiнуi, Манту сынамасын барлық клиникалық белгiлер жоғалғаннан кейiн екi айдан кейiн егедi.Кез келген профилактикалық егу арасы, биологиялық диагностикалық сынама және Манту сынамасы 1 айдан кем болмау керек. Балалар инфекциялар бойынша карантин бар балалар ұжымдарда Манту сынамасын жүргізуге болмайды.Егер Манту сынамасы әр түрлі себептерге байланысты, профилактикалық егуден кейін жасалса, онда туберкулиндиагностикасы 4 аптадан кейін жасалған егуден кейін немесе 2 аптадан кейін сынамасынан соң, сонымен бірге гаммоглобулин енгізу керек. Туберкулезбен инфекцияланған және туберкулинге сезімталдығы вакцинадан соң оң болған дені сау балаларға және жасөспірімдерге басқа профилактикалық егулердің қорытындыларын бағалаған соң жүргізіледі. Балалар мен жасөспірімдерде Манту сынамасының қорытындысы, балабақшасына (бақша, мектеп) барып жүргендерде тіркеу формасында №063у және баланың медициналық картасында №026у формасында және баланың даму тарихында №112у формасы жазылады. Осы жерде белгіленеді: 1) мекеме, стандартты туберкулин жіберген, серия тексеруші саны және сақталу мерзімі; 2) туберкулин сынамасын жүргізу уақыты; 3) сол немесе оң қолын қолдануы; 4) Манту сынамасының қорытындысында инфильтрат мөлшері мм түрінде белгіленеді.Туберкулин сынамасы оң болатын басқа балаларда поствакцинациялық аллергияны инфекциялық аллергиядан ажыратпалы диагностика жүргізу қажет.Туберкулезбен инфекцияланған балалар мен жасөспірімдерге Манту сынамасын жыл сайын жасаудың мақсаты - айқын реакциялары бар немесе бұрынғы көлемі кіші реакцияны 6 мм және одан көпке көбеюін анықтау болып табылады, себебі мұндай балалар туберкулин сынамасының виражы сияқты туберкулез ауруы бойынша қауіпті топқа жатады.Туберкулинге айқын реакциялары бар, туберкулезбен бірнеше жылдар инфекцияланған балалар, нормоергиялық реакциясы (6-14мм) бар балаларға қарағанда туберкулезбен 8-10 есе жиі ауырады. Нормоергиялы реакцияға интенсивтілігіне қарай әлсіз (5-9мм), орташа (10-14мм) және айқын (15-16мм) деп бөледі.Туберкулинге реакциясының интенсивтілігі - инфекцияның көптігіне және вируленттігіне, ағзаның сезімталдығына және реактивтілігіне байланысты болады. Бұл кезде туберкулиннің мөлшері мен және оны енгізу жиілігінің маңызы зор. Егер туберкулинді көп мөлшерде және қысқа мерзім аралықтарында енгізсе организмнің сезімталдығы азаяды және десенсибилизация пайда болады. Бұл жағдай туберкулинотерапия жасағанда ескеріледі.Тері асты Кох сынамасы Манту сынамасына қарағанда сезімтал - ажыратпа диагностика және туберкулездің белсенділігін анықтау үшін қолданылады. Балаларда ол 10-20 ТБ ППД-Л, ересектерде 20-50 ТБ ППД-Л мен жасалады (Манту сынамасы теріс болған жағдайда ғана) жауырын астына немесе иыққа тері астына жасалынады. Жергілікті, ошақты және жалпы реакция болуы мүмкін. Бұл реакцияларды туберкулин енгізгеннен кейін 48 сағаттан соң анықтайды. 1925 жылы Е.Моро мен В Келлер парааллергия - бір антигеннің екінші антигенге әсер етуі жағдайына пайда болған жағдайы туберкулин реакцияларының интенсивтілігіне әр түрлі бейспецификалық факторлар әсер етіп, олар парааллергия феноменін күшейтуі немесе әлсіретуі мүмкін: тамақтың сипаты климато-литерологиялық жағдайлар; қосарланған аурулар балалардың жұқпалы аурулары әртүрлі егулер және кейбір дәрі-дәрмектер.Туберкулин сезімталдығының жоғарылауы бронх демікпесі, базедов ауруы, ревматизм, бруцеллез, пневмония, скарлатина, созылмалы аурулардың қайта өршуі (тонзиллит, аденоит, гепатохолецистит). Балаларда туберкулин реакциясы БЦЖ вакцинасының асқынуларынан кейін, асқынбаған егуге қарағанда айқындау болады. Туберкулин сезімталдығының төмендеуі немесе тіпті болмауы қызылша, көкжөтел, безгек, вирусты гепатит, рак, лимфогранулематоз, микседема, белоктық аштық кездерінде байқалады.Терілік туберкулин реакциясынан сол сияқты антигистаминдық дәрілерді А, С, Д, витаминдерін қабылдағаннан кейін және полиомиелитпен қызылшаға қарсы егу жүргізу кезінде азаяды. Спецификалық аллергияның төмендеуіне химиотерапия және химиопрофилактика кезінде қолданылатын туберкулезге қарсы дәрілерді қабылдау әсер жасайды. Көктем мезгілінде туберкулинге сезімталдық жоғарылап, күз мезгілінде - азаяды, соңғы жағдай десенсибилизация ықпал жасайтын С витаминінің ағзада көбею салдарынан болады. Туберкулин реакциясының виражын анықтау мақсатында жасалатын жаппай туберкулиндиагностикасын әрбір мезгілдің және де басқа әсерлерді болдырмау үшін тексерулерді жыл сайын бір уақытта жасалған егуден кейін немесе бір аурудан сауыққаннан кейін 4-6 аптадан соң жасаған дұрыс.БАКТЕРИОСКОПИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКАТуберкулез микобактериясын лабораториялық әдіспен анықтау туберкулез ауруының диагнозын толық қоюға және осы аурудың барысын қадағалауға мүмкіндік береді.Кох туберкулез таяқшасын тапқаннан бері туберкулез микобактериясын анықтайтын негізгі әдіс, бактерияны микроскоп арқылы зерттеу болады. Бактериоскопиялық әдіс көптеген мемлекеттерде диагностика үшін ғана емес, сол сияқты туберкулезді анықтау үшін тексергенде қолданады.Туберкулездің жұқпалы түрлерімен ауыратын науқастарды табу маңызды болып табылады, өйткені олар науқастың өзіне және оны қоршаған адамдарға қауіпті. Туберкулезге қарсы шаралардың ішінде туберкулезді бактериоскопиялық әдіспен табудың орны үлкен. Бактериоскопиялық әдістің артықшылығы: белгілі мақсатта қауіпті топ өкілдеріне жүргізіледі, нәтижесі дәл, арзан, ыңғайлы, ағзаға зияны жоқ.Туберкулезді ерте анықтау тактикасындағы приоритетті бағыт емдеу мекемелеріне туберкулездің клиникалық симптомдарына ұқсас шағымдармен келген адамдардың қақырығын бактериоскопиялық зерттеу болып табылады. Туберкулездің диагностикасы кез келген емдеу мекемелерінде, меншік түріне қарамастан жүргізіледі. Туберкулезді анықтау үшін бактериоскопиялық әдіс медицина мекемелеріне қаралған мына адамдарға жасалады.:: Ұзақ уақыт жөтелетіндер (2 аптадан артық), қақырық бөлетіндер, тәбеті нашарлағандар, салмақтары азайғандар, тез шаршайтындар, ұзақ субфебрильді дене қызуы барлар, түнгі тершеңдігі, кеудесінде ауырсыну болатындар, ентігетіндер, қан түкіргендер;:: Бактериоскопиялық зерттеудің оң нәтижесі және оған сәйкес ауру симптомдары бар науқастармен қатынастағылар;:: Өкпесінде туберкулезге ұқсайтын, рентгенологиялық өзгерістері барлар;:: Қақырық бөліп шығармайтын, бірақ туберкулездің басқа күмәнді клиникалық белгілері бар науқастар, сонымен қатар, қарым-қатынастағылар, рентгенологиялық-флюорографиялық тексерістен өтулері керек, ал балалар мен жасөспірімдерге қосымша туберкулин сынамалары жүргізіледі.Қақырық бөлетін, өкпе аурулары бар жүре алмайтын науқастар үйінде тексеріледі.Өкпеден тыс туберкулезге ұқсас клиникалық симптомдары бар кісілерге туберкулез микобактериясын анықтау үшін жасалатын бактериоскопиялық зерттеуге кез келген диагностикалық материал алынады (зәр, қан, пунктаттар, плевра және жұлын сұйықтығы т.б).Қажетті жабдықтар және дайындығы жақсы қызметші болған жағдайда науқас өзі тұратын жердің емдеу мекемесінде тексеріледі. Мұнда жұғындының бактериоскопиясы жасалады немесе қақырықты жинап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туберкулездің қоздырғышы
Туберкулездің жалпы сипаттамасы
Туберкулез ауруының негізгі себептері
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН САНИТАРИЯЛЫҚ АҒАРТУ АЯСЫНДА ҒЫ ТУБЕРКУЛЕЗ ТУРАЛЫ ЛЕКЦИЯ
Сібір жарасы. Туберкулез аурулары
Туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету
Туберкулезбен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматты мәжбүрлеп емдеу туралы істер бойынша істер жүргізу
Туберкулез туралы
Сібір жарасы. Туберкулез жайлы
Туберкулез патоморфозы
Пәндер