Атомның құрамы мен құрылысы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

1 бөлім. Заттардың бөлшектері

Тақырып-1

Атомның құрамы мен құрылысы

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ашылған физика мен химияның ұлы жаңалықтары: катод сәулелерінің, электролиз құбылысының, радиоактивтіктің ашылуы атом құрылы-сының күрделі екенін және оның құрамына электрондар кіретінін көрсетті. Электрон заряды теріс, массасы протон массасының 1/1840 бөлігіне тең бөлшек. Атом электронейтрал бөлшек бол-ғандықтан электрондардың теріс зарядтарын нейтралдап тұратын атом құрамына кіретін оң зарядтар болуға тиіс.

Атом қүрамына оң зарядты бөлшектер кіретінін 1911 жылы ағылшын ғалымы Э. Резерфорд тәжірибе арқылы дәлелдеді Орасан көп атомдар арқылы өткен сәулелердің тек кейбіреулёрі ғана бағытын өзгертеді. Бұдан атомның құрамындағы оң зарядтар шоғырлапған белшектің көлемі өте кіщкентай екенін байқауға болады.

Осы тәжірибе негізінде Э. Резерфорд атомның планетарлық теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша атомның ортасында оң. зарядталған ядро болады, оны электрондар орбиталар бойынша айналып жүреді.

Атом электро нейтрал болғандықтан ядродағы оң зарядтардың саны, оны айналып жүрген электрондар зарядтарының са-нына тең. Электрондар массасы өте аз шама болғандықтан, атомның барлық массасы ядроға шоғырланған. Ядроның көлемі атомға қарағанда өте кішкентайЖгер атом, ядро, электрон шар тәрізді десек, атомның диаметрі 10 10 м, ал ядроның диаметрі 10~ 15 м болады, яғни ядро атомынан 100 000 есе кіші болады.

Бұдан былайғы зерттеулер ядродағы оң зарядтардың саны Д. М. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі элементтің реттік номеріне тең екенін керсетті.

Сонымен элемент атомы ядросындағы оң зарядтардың саны жете оны айналып жүретін электрондардың саны элементтің. реттік нөміріне тең. Мысалы, кальцийдің периодтық жүйедегі реттік нөмірі 20. Бүдан кальций атомының ядросында 20 оқ за-ряд бар екенін және оны 20 электрон электрондық қабаттарда. айналып жүретініы білуге болады.

Атомдардың электрондық құрылысы Н. алуан түрлі болада деп тұжырым жасаған.

Э. Резерфордтың атом қүрылысының планетарлық теориясы атомның оң зарядты бөлшектері мен негізгі массасы көлемі өте кішкентай ядроға жинақталғанын, ал электрондар электрондық қабаттарда ядроны айналып жүретінін көрсетті. Э. Резерфорд теориясының мынадай кемшіліктері болды: біріншіден, электро-динамика заңдарына сәйкес, ядроны айналып жүрген электрон үздіксіз энергия бөлудің нәтижесінде энергия орын тауысып ядроға қүлап түсер еді де, атом жойылар еді, бірақ атом жойыл-майтын түрақты жүйе. Екіншіден, электрон спираль бойынша қозғалғанда атом энергиясы да үздіксіз азайып, атомның спектрі де үздіксіз болу керек еді, бірақ тәжірибе барлық атомдардын, спектрлерінің сызықша тәріздес екеыін дәлелдеп отыр. Бұл ай-тылғандардан классикалық физиканың заңдары атом қүрылы-сының қүбылыстарын түсіндіре алмайтынын көрсетті. ч ; ь ^1913 жылы Дания ғалымы. Нильс Бор сутек атомы құрылы-сының теориясын ұсынды. Бұл теорияны жасауда ол 3. Резер-фордтың планетарлық моделін және М. Плаңктың сәуле шығарудың кванттық теориясын негізге алды. Кванттық теория бойынша заттар энергияны жеке-жеке порцріялар - кванттар түрінде сіңіреді немесе бөліп шығарады: мұнда һ - Планк тұрақтысы, V - тербеліс жиілігі. Бор электронның ядроға құламайтъін себебі электрон ядроны аиналғанда паида болатын орталықтан тебетін күш электронның ядроға тартылу күшімен -теңестіріліп түрады деген пікірге келді:

Ч. Бордың II постулаты. Электрон бір тұрақты орбитадан екін-ый тұрақты орбитаға көшкенде атом квант түрінде энергия сіңі-реді немесе бөліп шығарады:Е = һ-у, мұндағыV - тербеліс жиілігі.

Электрон жақын орбитадан алыс орбитаға көшкенде атсш квант түрінде энергия сіңіреді, ал электрон алыс орбитадан жа-қын орбитаға көшкенде атом энергия бөліп шығарады.

Сутек атомы үшін п=\ болса, оны атомның қалыпты күйі дейді, ал гс = 2, 3, 4 болса, атомның қозған күйі дейді.

Қозған күйде электрон өте аз уақыт болады да квант түрінде знергия бәліп шығарып, қайтадан қалыпты (түрақты) күйге кө-шеді. Бор электрон тек материалдық бөлшек, ол ядроыы белгілі орбпта бойыиша айиалып жүреді деп есептеді. Бүл Бор теория-сының кемшіліктері еді. Кванттық мехаиика т ұ рғ ы с ы н а на т о м д а р -.

Кванттық механика - микробөлшектердің - молекулалар-дық, атомдардың қозғалыстары мен әрекеттесулерін зерттейді.

Кванттық теория бойынша электрон әрі материалдық бөлшек-тің, әрі толқынньщ қасиеттерін көрсетеді.

Оның материалдық бөлшек сияқты белгілі массасы болады, қысым туғызады, сонымен бірге электрондар қозғалғанда тол-қындық қүбылыстар байқалады.

Толқындық қасиеттері бар электрон өте шапшаң қозғалып ядро төңірегіндегі кеңістіктің кез келген бөлігінде бола алады. Сондықтан қазіргі көзқарас бойынша электрон ядро төңірегінде белгілі тығыздығы бар теріс зарядтардың электрон бүлтыы түзеді.

Электрон бұлтының мөлшерін, пішінін және кеңістіктегі ор-паласу бағытын көрсететін электронның күйін атомдық электрондық орбиталь дейді. Сондықтан бүдан былай орбита, электрон бұлты деген терминдердің орнына о р б и т а л ь деген термин қолданылады.

Орбитальдар бір-бірінен өздерінің энергиялары, пішіндері және кеңістіктегі орналасу бағыттары арқылы ажыратылады және бүл жағдайлар электрон қасиеттерінің кваыттық сипатын көрсетеді^ондықтан электронның атомдағы күйін 4 квант сан-дарының мәндері-сипаттайды.

І. Бас квант саны п. Бас квант саны п электрондардық жалпы энергия қорын жәые электрондар орналасқан деқгейлер-дің ядродан қашықтығын керсетеді.

Бас квант санының мәндері бүтін сандармен, ал оларға сәйкес келетін энергетикалық деңғейлерді латынша бас әріптермеи белгілейді:

Бас квант саидары 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7;

Энергетикалық деңгей К, I, М, N. О } Р, 0.

  1. О р б и т а л ь к в а н т саны. Атом спектрлерін зерттеу жеке сызықтардың бірнеше жіңішке сызықшаларға белінетініы көрсетті, ал әр . енергиясының кванттықкүйінкөрсете-тіндіктен әрбірэнергетикалық деңгейдің энерге-тикалықдеңгейшелерден түратыныдәлелденді. Энергетикалық деңгейде-гі деңгейшелердің санын орбитальдық квант санының мәндеріанықтайды. Электрондарорналасқан деңгейшелердіқабатш а л а р дейді.

М а г н и тк в а н т с а н ы пішіндері бірдей орбитальдардың кеңістікте орналасу бағытын көрсетеді (2-сурет) . Магнит •квант саны орбиталь квант санына тәуелді болады және осы орбмталь квант слнының мәніне сәйкес -/, 0, +/ шегінде бола-тын бүтін сандармен көрсетілген мәндері болады. Магнит квант саны деңгеншелердегі орбитальдардың сандарын да анықтайды (2-кесте) . б\ р, й-орбитальдарының кеңістікте орналасу бағыт-тары 2-суретте келтірілген. Сонымен / = 0 болғанда оған сәйкес келетін 5-децгейшеде шар тәрізді бір орбиталь кеңістікте бір ба-ғытта ориаласады, /=1 болғанда оған сәйкес келетін р-деңғей-шеде ор түрлі бағытта орналасқан 3 орбитальдар, 1 = 2 сәйкес келетін й-деңгейшеде әр түрлі бағытта орналасқан 5 орбиталь-дар, ал / = 3-ке сәйкес келетін /-деңгейшесінде 7 орбитальдар бар екенін көреміз

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атом құрылымы
Атом ядросының құрамы
Электронның заряды теріс
Томсонның және Резерфордтың атом моделі
Молекулалық орбитальдар әдісі
Белсенді оқыту әдістеріне сипаттама
Атом-молекулалық ілім. Стехиометриялық заңдар
Заттардың молекулалық құрылысы
Атом құрылысын ұжымдық оқыту
Физикасының Атом ядросының физикасы тарауының алғашқы тақырыбы Атом ядросы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz