Ақпараттық Коммуникациялық Технологияның пайдасы мен зияны


Тақырыбы: Ақпараттық Коммуникациялық Технологияның пайдасы мен зияны
Мақсаты:
1. Бүкіл әлемдік өрмек ғаламторға байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, ұялы телефон, құлаққап пен ғаламтордың пайдасы және зияны туралы мәлімет беру;
2. Оқушыларда ғаламтор туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ой -өрісін дамыту, шығармашылыққа баулу.
3. Оқушыларды өз ойларын еркін әрі тиянақты жеткізе білуге, «өмірдің ақ пен қарасын» ажырата білуге, өздігінен шешім қабылдай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты жасалған дидактикалық материалдар, мультимедиа құралдары.
Ұйымдастыру.
1. Жүргізуші
:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі 6-шы сынып оқушылары арасында өткізгелі тұрған пікір сайыс алаңына қош келдіңіздер!
( Слайд көрсету арқылы пікір сайыс тақырыбын шығару)
Балалар суреттерден не көріп отырмыз?
- Компьютер, ұялы телефон, құлаққап.
- Оларды неден көріп отырмыз?
- Интерактивті тақта
- Ал бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атауға болатынын білесіздер ме?
- Яғни бұлардың барлығын бір сөзбен АКТ(Ақпараттық Коммуникациялық Технология) деп атаймыз.
- Олардың біздің өмірімізде пайдасы бар ма?
- Зияны бар ма?
- Олай болса бүгінгі пікір сайысымызды қалай атауға болады?
«АКТ-ның пайдасы мен зияны»
Бұл пікірталаста 6 «А сынып оқушыларынан құралған «Ақиқат» тобы - жақтаушы , 6 «Б» сынып оқушыларынан құралған «Барыс» тобы - даттаушы болады.
Сарапшыларымыз
10 «А» сынып оқушысы: Қуат Бекжан
10 «А»сынып оқушысы: Кенжетай Балдана
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсеңде, жеңілсеңде қалма жасып.
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді таланттарға.
Ашық пікір сайыстың ойын шарттарымен таныстырайын:
1. Екі топ өз ойларын ортаға салады, онда (регламент сақтау) 3 мин
2. Сұрақ- жауап кезеңі(Екі сыныптың жанкүйерлері бір-біріне сұрақтар береді)
3. Сарапшылардың қорытынды сөзі
Сіздерге 6 сынып оқушылары арасындағы «АКТ-ның пайдасы мен зияны» атты пікір таласты ашық деп жариялаймын.
Сөз кезегі «Ақиқат» тобына беріледі.
1. «Ақиқат» тобының мүшесі: Аманқос Ұлпан 6 «А» сынып
Армысыздар, құрметті көрермен, менің қарсыластарым !
Біз бүгінгі дебатта сіздердің сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Біздің ұстанып отырған позициямыз «Ғаламтор керек, ол біздің өмірімізге қажет»
Алдымен ғаламторға кіру үшін компьютер керек. Сондықтан мен компьютер жөнінде қысқаша айтып өтейін. «Компьютер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда есептеуіш, еcептеуге арналған құрылғы дегенді білдіреді. . Есептеуіш техниканың қазіргі тарихының негізі 1943 жылы «Марк-1» машинасының дүниеге келуінен бастап қаланды.
Ғаламтор ол бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі.
Ғаламтор ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол - бүкілғаламдық желі - Ғаламтор деп айтар едім.
Бүкіл дүние жүзіндегі адамдардың 90%-ға жуығы ғаламторға кіреді. Яғни ғаламтордың маңызы зор. Ғаламторсыз адам өмірін елестету өте қиын.
Ал енді ғаламтордың пайдасына келсек:
Мұғалім үйге реферат, шығарма жазуға немесе ізденуге тапсырма берді делік, ол үшін кітапханаға бармай-ақ үйде отырып, ғаламтордан не керек бәрін табуға болады. Әсіресе оқушылар, студенттер үшін үшін реферат, шығарма жазғанда, ғылыми жұмыспен айналысқанда өте қажет. Қазірдің өзінде ғаламтор арқылы тест тапсырып, интернет арқылы тапсырма алып жатқандар да бар. Сондай-ақ ғаламтор арқылы жұмыс істеп, сол арқылы ақша табуға да болады. Яғни ғаламтордың пайдасы өте көп. Ғаламтор
арқылы кітапқа, киімге, кез-келген нәрсеге тапсырыс беруге болады. Ғаламтор арқылы танысып, өзіңе алыстан, жақыннан дос табуға болады. Шет елдерде оқитын апа, ағаларымызбен, алыстағы туыстарымызбен әлеуметтік желі арқылы лезде хабарласуға болады. Кино көріп, музыка тыңдауға, қызықты ойындар ойнауға болады. Ұшаққа, пойыздарға билеттерді үйде отырып ақ алуға болады. Міне сондықтан да ғаламтор өте қажет.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.
2. « Барыс» тобының мүшесі: Бөкей Абылай 6 «Б» сынып
Армысыздар пікір-сайыс дегенде ішкен асын жерге қоятын көрермен қауым! «Ғаламтор қажет дегенмен де, оның зиянды жақтары көп» позициясын ұстанамын.
Ғаламторға әбден үйреніп кеткен бала, тек ғаламтор арқылы хат алысады, ал айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесе алмайды. Яғни оқушы сөйлеу мәдениетінен айырылады. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, ғаламторға кіріп түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізгеннің нәтижесі.
Қазір адамдар қызмет орнында да, үйде де компьютермен жұмыс істей береді. Оның өмірімізге, кеңінен енгені соншалықты, бала біткен ойыншықпен емес, компьютермен ойнап, өзінің өміртанымын ғаламтордағы желі ішінде қалыптастырады. Қазіргі күнкөріс қамы мен заман ағымының күрделілігі, көптеген ата-аналар тәулік бойы балаларының тыныс-тіршілігіне бақылау жасай алмай, олар шектен тыс бейне монитордың алдында отырғандықтан денсаулығына зор зиянды әсер алады. Ғаламтордың тағы бір зиянды жағы: мұнда әр түрлі құмар ойындары, зиянды бағдарламалар көп. Алаяқтар мен хакерлер жастарды ғаламторға тәуелді етіп, бұлыңғыр қарым-қатынас, жыныстық байланыс жасауға шақырып, виртуальды әлемге қызықтырып, ақыл-ойы әлі қалыптаспаған ұл-қыздарымызды еліктіріп, есінен айырады. Компьютердің алдында ұзақ отырып, ғаламторды шектен тыс пайдаланған кез-келген адамға зиян.
Назарларыңызға рахмет.
3. «Ақиқат»тобының мүшесі: Бекбергенова Адема 6 «А»сынып
«Ғаламтор керек, ол біздің өмірімізге қажет»позициясын ұстанамын.
Ғаламтор - тиімді байланыс құралы. Онда әртүрлі сайттар бар, керек нәрсеңді іздеп табуға болады. Электронды пошта қызметі жылдам хабарласуға мүмкіндік береді. Далада, күннің астында азып тозып асық, футбол, волейбол ойнағанша, ғаламтор арқылы әр түрлі қызықты ойындар ойнауға болады. Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып отырады. Ғаламторды сол жаңалықтың ішіндегі ең озығы деуге де болар. Себебі, бір өзіне соншама ақпаратты сиғызып, жан-жаққа лезде таратып тұру, әлемнің бір шетіндегі кісіні екіншісімен байланыстыру, керек болса, көзбе-көз әңгімелестіріп, бейнесін көрсету қандай жетістік десеңізші!Ғаламтор -бұл ақпарат көзі болып саналады. Компьютер өзіне қаншама ақпарат сақтай алады. Ал біз компьютер сақтаған заттардың барлығын есімізге сақтай алмаймыз.
Әрине, қазіргідей техникалық-ғылыми прогресс дамыған заманда компьютерді, ғаламторды дұрыс пайдалана білген адамға пайдасы зор.
Ғаламтордан көптеген жапа шегеміз деп қол қусырып отыра берсек, оның мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ, әрине алға баспаймыз. Керісінше біртіндеп құлдырай береміз. Оданда кездескен қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн. Алдымен денсаулықты сақтауымыз керек деп жатырсыздар. Әрине, бұл орынды, ол үшін алдымен әр бала компьютерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Көзге жаттығулар жасалады, әр 20-25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы 60-70 см болу керек. Жұмыс кезінде ақ халат кисек, ультра күлгін сәулесін сақталады. Ал көзді сақтау үшін компьютердің алдына кактус гүлін қою керек. Гүл бойына компьютерден бөлінген сәулені тартып алады. Осы айтылған ережелер орындалса денсаулығымызды сақтай аламыз. Ғаламтордың пайдасы мен үшін өте зор.
Назарларыңызға рахмет.
4. «Барыс» тобының мүшесі : Умертаева Назерке 6 «Б»сынып
Оқушы әр күнін 5-6 сағаттап компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі. Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл-қозғалысына, адам психологиясына да әсер етеді. Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады.
Ғаламторға кіру үшін адам компьютер алдында отырады. Компьютер кез-келген адамға зиян. Әсіресе, ондағы алуан түрлі ойындар балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретіні ғылыми негізде дәлелденген.
• Көздің көру қабілетін төмендетеді;
• Омыртқалардың қисаюына әкеледі;
• Жүйкеге салмақ түсіреді;
• Шаршағыштық, әлсіздік басады.
Ақпараттың көптігінен адамның есте сақтау қабілеті төмендейді.
Компьютердегі ойынның қызығына түскен балалар еркінен тыс компьютерге тәуелді болып "байланады". Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл-ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл-күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім "жабық әлем" қалыптасады. Тек компьютермен шектелетіндіктен мұндай бала ерте ме, кеш пе әйтеуір қатарластарымен тілдесе алмайтын халге жетеді. Тіпті, бұған дейін достасып жүрген жолдастарын жоғалтады . . .
Компьютердегі ойындардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейін. Ғаламтордағы онлайн ойындары атыс-шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына жаман әсер береді. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Ойынға қатты берілген балалар сабақ үстінде ойынды ойлап отырады. Баланың сабаққа деген қызығушылығы жоғалады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Ғаламтор ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа? Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар. Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін!
Құлақ қойып тыңдағандарыңызға рахмет.
5. . «Ақиқат»тобының мүшесі: Аманбек Ержан 6 «А»сынып
«Ұялы телефон пайдалы» позициясын ұстанамын
Ұялы телефонның арқасында: " Алло, сәлем, қалың қалай? " - деген сөздерді күнделікті пайдаланатын болдық. Баршамыздың өмірімізді жеңілдеткен ұялы телефондардың тарихын көбіміз біле бермейміз. Сонымен, алғашқы ұялы телефонның пайда болу тарихымен таныс болыңыздар.
Ұялы байланыс құралының көмегімен жүзеге асқан алғашқы телефондық сөйлесу 1973 жылы 3 сәуір күні Motorola компаниясының қызметкері, құрылғыны ойлап тапқан Мартин Купер мен BeLL Laboratories компаниясының зерттеу бөлім бастығы Джоэл Энгел арасында болды.
Қазіргі заманауи ұялы телефондардың пайда болуына автокөліктің ішіне орнатылған радиотелефон түрткі болды. Құрылғылардың өлшемі мен салмағы тым үлкен болған. Осындай бір байланыс құралының салмағы шамамен 15 келі еді. Құрылғының ауырлығына қарамастан, оларға деген сұраныс күннен-күнге өсіп отырған. Motorola компаниясының инженері әрі өнертапқышы Мартин Купер бұл құрылғының салмағы мен өлшемін төмендету идеясын алға тартып, адам баласының телефонды өзімен бірге алып жүру идеясын жүзеге асыра бастады. Қазіргі заманауи телефон прототипінің пайда болуы тек Купердің қажырлы еңбегінің арқасы емес. Motorola компаниясының басқа да инженерлері құрылғыны жетілдірумен айналысып, біраз тер төккен.
Ұялы телефон - сымсыз байланыстың ең озық та, қолжетімді түрі. Қазіргі кезде қалта телефоны зор маңызға ие болып үлгерді. Осыдан 10жыл бұрын қалта телефоны маңызды жұмысы бар азаматтарда ғана болса, қазір екінің бірінде кездеседі. Тіпті мектеп табалдырығын енді аттаған жас жеткіншектердің өзі бұл телефоннның соңғы үлгідегі бағалысын ұстайды. Ұялы телефон біреумен кезігерде оңай тауып алуға, бір нәрсе жайында сұрай салуға, алыстағы ағайынның жағдайын біліп тұруға таптырмайтын құрал. Кішкентайлардың көпшілігіне қалта телефоны тек ойын ойнауға, әуен тыңдауға, бейнеклип көруге, ғаламторға кіруге т. б. керек. Ал көп ата-ана баласының қай жерлерде жүргенін біліп отыру үшін телефон алып береді. Бұл да бір жағынан дұрыс нәрсе. Адамдар телефонмен тек сөйлесіп қана қоймайды, ондағы күнтізбесін, оятқышын (будильник), еске салғышын (заметка), сағатын және т. б. пайдаланады. . Ең кішісі, керек адамыңызды да қаланы шарламай-ақ, осының көмегімен тауып аласыз.
Айта берсең алақандай ғана телефонның мүмкіндіктері көп.
Тыңдағандарыңызға рахмет.
6. «Барыс» тобының мүшесі: Мамырбек Назерке 6 «Б»сынып
«ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН ЗИЯН»позициясын ұстанамын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz