Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың түрлері. Сот-тергеу тәжірибесін қолдану

Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы тұру аясындағы мемлекеттің қыл - мыстық - құқықтық саясаты туралы
Ақпарат қазіргі қоғам өмірінің алғашқы негізі, қоғам қызметінің нәтижесі мен өнімі болып табылады. Ақпаратты құру, жинақтау, сақтау, беру және өңдеу оны өндіру құралдары: электронды есептеу техникасы, телекоммуникация құралдары мен байланыс жүйесі аясындағы үдерісті ынталандырады. Осы аталғандардың барлығы адам қызметінің әртүрлі салаларындағы ақпараттық үдерістерді жүзеге асырудың әдістері мен құралдарының жиынтығы болып табылатын, жаңа ақпараттық технологиялардың анықтамасының ауқымды ұғымына кіреді. Яғни, ақпарат қоғамдық қатынастардың өніміне айнала отырып, тауар қасиетіне ие болып, сатып алу сатудың заты ретінде қарастырылады. Жаңа әлеуметтік қатынастардың пайда болуы мен қалыптасуы, ескі қатынастардың өзгеруі қоғамда орын алып отырған ақпараттық үдерістердің салдары болып табылады. Қазіргі кездің өзінде-ақ ақпаратты әртүрлі нысанда: ғылыми-техникалық құжаттарда, электронды есептеу технологияларын, мәліметтер базасын, мәліметтер базасын басқару жүйесін бағдарламалық қамтамасыз ету, дайындау, беру, жинақтау және пайдаланумен байланысты шартты қатынастардың елеулі мөлшерде артуын байқауға болады.
Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру туралы2007 жылғы 11 қаңтардағы №217 Заңына сәйкес:
* ақпараттандыру - ақпараттық технологияларды пайдалану негiзiнде электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелердi қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс;
* ақпараттық жүйе - аппараттық-бағдарламалық кешендi қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, iздестiруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе;
* ақпараттық-коммуникациялық желi - ақпараттық жүйелер арасындағы немесе олардың құрамдастары арасындағы өзара iс-қимылды, сондай-ақ ақпараттық ресурстарды берудi қамтамасыз ететiн техникалық және аппараттық-техникалық құралдардың жиынтығы;
* ақпараттық процестер - ақпаратты құру, жинау, өңдеу, жинақтау, сақтау, iздеу, тарату және тұтыну процестерi;
* ақпараттық технологиялар - әдiстердiң, өндiрiстiк процестердiң және ақпаратты жинауды, құруды, сақтауды, жинақтауды, өңдеудi, iздестiрудi, шығаруды, көшiрмесiн түсiрудi, беру мен таратуды қамтамасыз ететiн технологиялық кешенге бiрiктiрiлген бағдарламалықтехникалық құралдардың жиынтығы;
* компьютерлiк оқиға - ақпараттық жүйелердiң, ақпараттық ресурстардың, ақпараттықкоммуникациялық желiлердiң тиiсiнше жұмыс iстеуiне қауiп төндiретiн және (немесе) олардың айналасындағы ақпаратты заңсыз алу, көшiрмесiн түсiру, тарату, бұрмалау, түрлендiру, жою немесе бұғаттау үшiн жағдай жасайтын, олардың жұмысында жекелеген немесе сериялы түрде туындайтын олқылықтар. Аталған заңның 3 бабының 1 тармағына сәйкес, электрондық ақпараттық ресурстар, ақпараттық жүйелер, ақпараттық жұмыстар мен электрондық қызметтер көрсету ақпараттандыру объектiлерi болып табылады.Жаңа ақпараттық технологиялар қоғамның ілгерілеуіне серпіліс бере отырып, бұрын беймәлім болып келген жағымсыз үдерістердің туындауына және дамуына қозғаушы күш болды. Осы үдерістердің бірі ретінде қылмыстылықтың жаңа нысанының пайда болуы танылады. Мысалы, электроника жүйесіндегі төңкеріс қылмыскерлерге, олардың қауымдастығына миллиондаған ақша қаражаттарын заңсыз иемдену, қылмыстық жолмен табылған ірі мөлшердегі табысты заңдастыру, салық салудан жалтару және әртүрлі қылмыс түрлерін дайындау, жасау және оны жасыруға бағытталған кешенді шаралар жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа техникалық құралдарға жол ашып берді. Ғылыми-техникалық революция кезеңіндегі қоғам дамуының тарихи жағымсыз факторларынан бөлек, Қазақстандағы қылмыстылықтың жаңа нысандарының дамуына септігін тигізетін тағы басқа да факторлары бар.
Біздің ойымызша, олардың қатарына келесілерді жатқызуға болады:
* қоғамды және мемлекетті басқару қызметін мемлекеттік аппараттың ішінара жоғалтуы;
* заңи базаның тұрақты болмауы және қайшылығы;
* мемлекеттік институттардың халыққа керекті өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыра алмауы;
* ел экономикасының, соның ішінде несиелік-қаржылық, валюта-ақша және тауар-шикізаттық салалардағы тепе-теңдіктің бұзылуы;
* мемлекеттік және қаржы-коммерциялық құрылымдардың лауазымды тұлғаларының та-рапынан материалдық құндылықтарды сақтауға деген қызығушылықтың болмауы.
Кедейлікке тап болған азаматтар санының күнделікті өсуі, бұрынғы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz