Банктік шот



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы

Пән: Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (ерекше бөлім)

Тақырып: Банктік шот

ҚҚҚ-19-ТҚБ
Орындаған:Кайтбекова А.Р
Тексерген: Бегазова Г.Ж

Банктік шот
1) өзіне банктік шот ашу туралы өтініш;
2) заңды тұлғаны құру туралы шешімнің көшірмесі және құрылтайшылардың жарғысы не ерікті түрде құрылатын заңды тұлғанын құрылтайшы құжаттары;
3) есеп айырысу құжаттарына қол қоюға құқығы бар заңды тұлғаның, лауазымды адамдарының қол қою үлгісі бар карточка және тиісті құжаттарға соғылатын мөрдің таңбасы;
4) клиенттің салық органында салық есебіне қойылғанын растайтын құжат;
5) клиенттің сақтандыру жарналарын төлеуші ретінде тіркелгенін растайтын кұжат сияқты және т.б. қажетті деп табылатын құжаттарды табыс етуге тиіс.
Қандай болмасын банк банктік шот шарты бойынша ағымдағы және корреспонденттік шот ашқан кезде клиенттің пайдасына түскен ақшаны қабылдауға, клиентке немесе үшінші адамдарға тиісті ақша сомасын аудару (беру) туралы клиенттің нұсқауын орындауға және банктік шот шартында көзделген басқа да қызмет көрсетуге міндеттенеді.
Банктік шот шартында:
1) шарттың мән-жайы;
2) салық қызметі органы берген құжатта көрсетілген салық төлеуші-клиенттің тіркеу нөмірі;
3) банктік шотта жатқан ақшаны жұмсау тәртібі;
4) банктің қызметтер көрсету шарттылығы және оларға ақы төлеу тәртібі көрініс табуға тиіс.
Банктік шот шартында тараптар келісімдеген өзге де мән-жайлар көзделуі мүмкін. Сонымен қатар банктік шот шартын-заңнамада белгіленген қосымша талаптар да болуға тиіс. Банктік шот ашу барысында клиенттер: I) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары-резидентері және олардың оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері): қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжат; клиенттің салық есебіне қойылу фактісін растайтын, салық комитеті органы берген құжаттың көшірмесі; статистикалық карточкасының көшірмесі; уәкілетті мемлекеттік орган берген, клиенттің мемлекеттік (кайта тіркеуден) өткендігін растайтын, белгіленген құжаттың көшірмесі; филиалдар мен өкілдіктер - филиалдың және өкілдіктің басшысына Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы берген сенімхаттың көшірмесі; жарғының (ереженің) немесе үлгі жарғысының негізінде клиенттің қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі; мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің рұқсаты;
2) Қазақстан Республикасының жеке тұлғалары-резиденттері: қол қою үлгісі бар құжат; клиенттің салық есебіне қойылу фактісін растайтын, салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі; заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратьи жеке тұлғаларға уәкілетті орган берген, олардың мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігін растайтын белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі; жеке басын куәландыратын құжат.
3) Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғалары және олардың оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері): қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар қүжат; клиенттің Қазақстан Республикасында, филиалдар мен резидент емес заңды тұлғалардың өкілдіктері үшін - олардың Қазақстан Республикасында тіркелген жері бойынша салық есебіне қойылу фактісін растайтын салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі; резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне уәкілетті орган берген олардың мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуден) өткендігін растайтын белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі, тиісті филиал немесе өкілдік туралы ереженің мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған, нотариалды куәландырылған көшірмесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғасы филиалдың немесе өкілдіктің басшысына берген сенімхаттың көшірмесі; сауда тізілімінен не осындай сипаттағы, резидент емес заңды тұлғаны тіркеген орган, тіркеу нөмірі, күні және тіркеу орны туралы ақпараты бар, мемлекеттік немесе орыс тіліне аудару арқылы белгіленген тәртіппен расталған және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына немесе қатысушысының біреуі Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес жария етілген құжаттан үзінді-көшірме; қол қою және мөр таңбасының үлгілері бар құжатка сәйкес клиенттің банктік шотын жүргізуге (банктік шоттағы ақшаға билік жасауға) байланысты операциялар жасау кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасының резидент емес жеке тұлғалары: қол қою үлгісі бар құжат; заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғаларға уәкілетті орган берген олардың - мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігін растайтын белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі; жеке басын куәландыратын құжат.
5) шаруа (фермер) қожалықтары: қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжат; клиенттің салық есебіне қойылу фактісін растайтын салық комитеті органы берген құжаттың көшірмесі; уәкілетті орган берген мемлекеттік тіркеуден (кайта тіркеуден) өткендігін растайтын белгіленген нысандағы құжаттын көшірмесі.
6) таратылатын банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) салымдары, олардың филиалдары (қаржылық ұйымдар); қаржылық ұйымды тарату комиссиясының бірінші және екінші қол қою үлгілері не бірінші қол қою үлгісі және таратылатын қаржылық ұйымның мөр таңбасы бар құжат; таратылатын қаржылық ұйымды салық есебіне қою фактісін растайтын салық қызметі органы берген құжаттын көшірмесі; қаржылық ұйымды тарату және тарату комиссиясын тағайындау туралы сот, уәкілетті орган не акционерлердің жалпы жиналысы шешімінің көшірмесі; сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына, банктік және басқа да операцияларды жүргізуге берілген лицензияны қайтарып алу туралы уәкілетті органның шешімінің көшірмесі; Қазақстан Үлттық Банкінің банктер мен олардың филиалдарына таратылатын қаржылық ұйымының екінші денгейдегі банктерде ағымдағы шотын ашуға берген рұқсатынын көшірмесі;
7) шетелдік дипломатиялык және консулдык өкілдіктер қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжат; Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінен, оның тіркелгенін растайтын белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі сияқты құжаттарды банкке тапсырады.
Клиенттің банктік шот ашуға қажетті құжаттарды банкқа ұсынуы негізінде оған бір банкте бір мезгілде бірнеше банктік шот ашуға жол беріледі.
Банктік шот ашу үшін клиент табыс еткен құжаттардың клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттан (кәмелетке толмаған клиенттің тууы туралы куәлігінен) басқасы банкте әрбір клиент бойынша арнайы ашылған істе шартпен біріктіріліп, сақталады.
Банктер заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаға немесе жеке тұлғаға банктік шот ашғаннан кейінгі үш жұмыс күні ішінде осы жайында тиісті салық қызметі органдарын хабардар етеді.
Уәкілетті банкте ашылған резидент емес банктің корреспонденттік шоты арқылы жүзеге асырылатын ақша төлемі мен аударымы тек аудару тәртібімен жасалады.
Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтатып қою немесе банктік шотта жатқан ақшаға арест салу Қазакстан Республикасының заң кесімдеріне сәйкес банктік шоттар, шығыс операцияларын тоқтатып қоюға немесе клиент банктік шотта жатқан ақшасына арест салуға құқығы уәкілетті органдардың тиісті шешімдері (қаулылары) негізі жүргізіледі.
Банкке уәкілетті органдардың тиісті банктік шоттар арқылы жүргізілетін шығыс операцияларын тоқтатып қою туралы шешімдері түскен жағдайда, банк мұндай шоттан шығыс операцияларын жүзеге асыруды тоқтатады.
Занды тұлғалар, олардың филиалдары немесе өкілдік банкке мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік шот және салым шарттары
Банктік шот шарты
Банктік қызмет көрсету
Банк қызметіне байланысты шарттар
Банктік қызмет көрсету шарты туралы
Банктік қызмет көрсету шарты. банктік шот шарты, шарттар жасау тәртібі
Есеп айырысужәне несиелік қатынастар
Банкілік қызмет анықтамасы және оның құқықтық жағдайлары
«АТФ Банк» АҚ
Несие және есеп айырысу қатынастары
Пәндер