Ахметтанудың негізін салушылар


Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Филология және әлем тілдері факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы
СӨЖ
Тақырыбы: Ахметтанудың негізін салушылар
Орындаған:Қалмұрат Мәдина
Қабылдаған:Имаханбет Райхан
Бүгінгі Алаш арыстарының белдісі Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары мен өмірін зерттеушілердің қатарына қазақ әдебиетінің тарихындағы біршама белді мүшелерді байқаймыз. Ахаң салған жол бүгінде қазақтың төл туындысына айналып, қазақ халқының мүддесінде біршама биіктеткен еді. Қазақ әдебиетінің тарихына Алаш ардақтыларының салған жолы ерекше. Барлық саланы жетік біліп, қиын қыстау заманда болса да халқына жанашырлықпен жеткізе білген Маса болып ызыңдап ұйқтап жатқан халықты ел болуға ұлт болуға шақырған Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері бүгінгі ұрпаққа мол мұра болып қалып отырғаны хақ. Ахаңның өмірі мен өлеңдерін бала кезден мектеп қабырғасында жүрген бастап-ақ сусындап өстік. Ендігі кезекте Алаш зиялыларының соның ішінде Ахмет ағамыздың туындыларын қай жылдап бастап зерттеу жұмыстары жүрді? Бүгінгі таңда ол кісі жайлы қандай еңбектер бар? деген сұрақтар жиі есімізге түсері анық. Осы орайда мына бір сөз есіме келгені: «37-нің қасақана жасалған қасіреті» 1957 жылы біршама сейілгенімен, кеңестік кезеңдегі ғалымдардың екі жарылған пікірлерінің салдарынан Алаш Арыстарын түгел ақтаудың мүмкіндігі болмаған . . . Ұлт зиялыларының басты адамдары тарих тасасында қалып қойды. Олардың кейбір туындылары қара құлыптың құрсауына салынса, кейбір шығармалары «халықтікі» делініп, ел аузында жүрді. Халық қалаулыларын жұтқан «қара құрсау» 51 жылдан соң қайта қаралып, 1988 жылы қарашаның 4-і күні Алаштың үш арысы - Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов толық ақталып, олардың шығармашылары ашық түрде қайта жарыққа шықты . Иә, дәл бүгінде Ахаң жайлы тебірене, толғап жазған ақындар мен жазушылар өте көп. Атап айтсам: Е. Омаров Т. Шанонов Ғ, Тоғжанов С. Мұқанов Ш. Елеукенов, Р. Сыздықов, Б. Қойшыбаев, С. Кәкішев, С. Қирабаев, Ғ. Ахмедов, М. Жүсіпұлы, А. Қыдыршаев, Ұ. Еркінбаев сынды тұлғалардың Ахаң жайлы жазған түрлі еңбектерін байқауымызға болады. Сондай-ақ Ахаң жайлы көптеген зерттеушілер кандидаттық диссертациялар қорғап, атап айтсам өзіміздің ұстазымыз: Ө. Әбдиманұлы, Р Имаханбет, Г. Ерназарова сынды ұстаздар Ахаңның өмірі мен шығармашылығына қайта шолу жасап шыққан болатын. Одан бөлек Ахаңның өмірі мен өлеңдерін, құрастырушы ғалымдарда оны баспа бетінен көрсеткендері де аз емес. Міне осы және өзгеде кісілердің еңбектерінің, зерттеу жұмыстарының, жинақтауларының арқасында бүгінгі ұрпақ - білім нәрімен сусындап, сөз қадірін ұғынатын болды. Әрине, сол бір сұм заман қазақ халқын аяған жоқ! Ұлты үшін, халқы үшін жан берген ардақтыларымыздың рухы, бізге қалдырған мұралары мәңгілік жадымызда сақталары хақ. Ендігі осы еңбектерді бүгінгі жас ұрпақ бағалап, түсініп, ата-бабамыздың елімізді жерімізді оңай сақтап қалмағанын санасына сіңірту керек деп ойлаймын. Ахметтанушы ғалымдарымыздың еңбектерінде Ахаң жайлы айтқан бір сөзіне тоқталсам. Ғалым ғұмырнамасы мен шығармаларының негізгі кезеңдерін баяндауда мұрағат деректерінің толық игерілмеуі, пайдаланған материалдарға сілтеменің дұрыс көрсетілмеуі, БАҚ-та жарияланған соны деректердің игерілмеуі ахметтану мəселесінде кері ықпалын тигізді. Кейбір келеңсіздіктерді ескере келіп, «ғылыми анықтамалықтар мен мерейтойлық құттықтау- лебіздерді қайта жаңғыртып, зерделеуді - ахметтану мəселесінің алғышарты» деп зерттеуде. Негізінен, баспа бетінде жарияланым көрген деректер бойынша қарастырсақ, ахметтанудың алғаш ғылыми тұжырымдалуы - 1919 жылдан басталады. Атап айтсақ, 1919 жылы А. Н. Самойлович «Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынұлы»1 деген ғылыми мақала жазса, кейін бұл үрдіс жалғасын табады. Самойловичтің мақаласы кейін 1930 жылы тұлға түрмеде отырған тұста, Мəскеуде жарық көрген «Əдеби энциклопедия» атты жинақтың 1-томына кіреді. Бір ғажабы, Ресей ғалымдары арасында жеке адам баласының басында болып жататын түрлі қайшылықтарға қарамастан, оның ғылымдағы жетістіктері бағаланып отырған. Қазақ елінде А. Байтұрсынұлының ұлты үшін жасаған жұмыстары қасақана «халық жауы» деп қараланып жатқанда, орыс ғалымдары аталған жинақтың 1931 жылы жарық көрген «Əдеби энциклопедияның» 5-томына «Қазақ əліпбиі»2 деп енгізеді. Міне, нағыз ғылымдағы шынайы адалдық, ғылыми жетістіктің бағалануы! 1924 жылы Е. Д. Поливанов «Қазақ-қырғыздың жаңа (Байтұрсыновтық) емлесі», 3 1928 жылы Н. Ф. Яковлев «Əліпби құрылымының математикалық жүйесі»4 туралы ғылыми мақалалар жазды
А. Самойловичтің мақаласында Ахметтей қоғам қайраткерінің 1919 жылға дейін жасаған сан алуан жұмыстарын ғылыми сипаттамаға сыйғызған. Зерттеуші мəліметіндегі:«көрнекті қазақ ақыны», «жорналшы», «педагог» деген танымдық сипаттаулар дəл сол уақытта қазақ ағартушысының атқарған негізгі жұмыстары болатын. Ал қазақ зиялылары тарапынан 1922 жылдан бастап зерттеліп, бағаланып жүрген «Қазақ» газеті туралы А. Самойлович: «…қазақ халқының қоғами-мəдени санасын оятушы басылым» деп, айырықша атап айтты. Бұл күні əдебиеттану ғылымында «төлтума» деп тануды ұсынған «Қырық мысалдағы» қазақы сипат пен өрнекті тілді «…Байтұрсыновтың тілі лирикалық шығармаларында қарапайым, өзінің бай, көркем, поэтикалық мəнерімен ерек- шеленеді» дейді. Міне, өзге ұлт өкілі орыс ғалымы берген нақты əрі құнды ғылыми тұжырымдаманың қазақ зиялыла- рынан 3 жыл бұрын айтылған. А. Самойловичтің ғалым туралы берген сипаттамасы алғашқы танымдық ғылыми бағалау. Бұл - А. Байтұрсынұлының ғылымдағы қайраткерлігіне қазақ ғылымы тұрғысынан айтылған тұңғыш ғылыми анықтамалық сипаттама. Орыс зерттеушісі Ахаң туралы айшығын «қазақтың бірінші көрнекті лингвист-ғалымы» деп түйіндеген.
Əдебиетші академик Р. Нұрғали « . . . Алаштың екі алып азаматы Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы ауылдас, аталас, ең бастысы бұлардың ұлы күрес жолындағы рухани туыстығы - қазақ тарихындағы қымбат та қастерлі беттердің бірі» деп бағалайды. 10 Р. Нұрғали бірінші болып ахметтанудың іргесін қалаған қаламгер деп, мақаланың мазмұнын ашып, «Міржақып - алғашқы ахметтанушы» деген тұжырым жасады. Əлбетте, М. Дулатұлы қазақ ортасынан шыққан ахметтану мəселесінің негізін салушы екені даусыз. Ал Міржақыптың алдына одан бұрын Ахмет туралы 1919 жылы жазған А. Самойловичті шығарсақ, мұнан Міржақыптың ахметтанушылығы төмендемесі де анық. М. Дулатұлының очеркімен қатар, Е. Омаровтың да мақала жазғаны зерттеулері аталғаны болмаса, ғылыми ортада қажетті дəрежеде талданып, таратылмады.
Елдес Омаров «Ахмет Байтұрсынұлының ғалымдық қайраткерлігі» деген мақаласында қайраткерді « . . . күллі қазақ даласы біледі, оның талантын жоғары бағалап құрмет тұтқанымен, бəрібір оны дұрыс түйсініп бағалай білмейді» деп жазады. 11 Е. Омаровтың Ахметтің қазақ грамматикасы- на өзгерістер кіргізіп, баға жетпес жаңалық əкелгенін қазақ жұртының санасы əлі түсініп те, түйсініп те болған жоқ. Мейлі Байтұрсынұлының қаламынан ертеден келе жатқан қазақ тілінің ережелері қамтылған кағидалар мен көп томдықтар жазылмаса да оның «Қазақ əліпбиі» мен «Қазақ тілінің дыбыс жəне сөз жүйесі» оқулықтарының өн бойына сыйғызған өзекті өзгерістерінің өзі, қазақ грамматикасына бөлекше реңк əкелгенін тілші-мамандарға ғылыми жүйеде талдауы арқылы түсіндіреді. Қазақ грамматикасында ертеде қаншама оқулықтар жазылса да, олардағы өзгерістердің аңғарылмайтынын, ислам дінімен кірген араб жазуының қадимшеленген нұсқасының да қазақ дыбыстарының ерекшеліктерін қамти алмағанын айтады. Ал Ахметтің көлемі шағын ғана оқулықтарына аз сөзбен, саз жүйені сыйғызған жаңалығы, реформатор тарапынан түрленген қосар дыбыстардың қазақ тіліне тəн түрлі дыбысты дəл бере алатынын нақты деректермен көрсетеді. Демек, бұл ғылыми зерттеу мақала Е. Омаровты ахметтанушы деп айтуға толық негіз болады.
Телжан Шонанұлы да 1923 жылы тұлғаның ғылыми қайраткерлігі туралы «Ахмет Байтұрсынұлы халық ағарту жəне əдебиет саласында» деген орыс тілінде ғылыми мақала жазған. 12 Мақала жарияланбаған. Т. Шонанұлының қолжазбасын мемлекет мұрағаттың қоры- нан алып, жұртшылыққа ұсынған мұрағат қызметкерi əрi филолог Б. Байғалиев. Оның дайындауымен 1992 жылы жарық көрдi. Деректi мақаланы «Əдеби мұра» ретiнде ұсынған «Жұлдыз» журналы редакциясы: «…Оқырман назарына ұсынылып отырған мақала 1923 жылы Ахмет Байтұрсыновтың 50 жасқа толған мүшелтойына арнап жеке кiтап ретiнде шығару мақсатымен орыс тiлiнде жазылған. Бiрақ жарық көрмеген. Мақала қолжазбадан аударылып берiлiп отыр. Қолжазбаны Қазақ ССР Мемлекеттiк Орталық архивiнiң №544 қорынан алып жариялауға дайындаған - Бейсенбай Байғалиев»деген маңызы зор мəлімет береді (123-б. ) . Осы ақпараттық мəлімдемеде бiрiншiден, 50 жасты «мүшелтой» деп жаңылысады, бұл негізінен мерейтой. Мұсылмандардың жыл қайыруына сүйенсек, алғашқы мүшел - «13 жас», оған 12- ні еселесек, келесі мүшел - «25, 37, 49» болып жалғаса береді. Бұл мақаланың ғылыми ортаға беретiн жаңалықтары аса құнды. Лингвист Т. Шонанұлының мақаласындағы ерекшелiк - А. Байтұрсынұлының өлеңдерiнен алынған үзінділердің орыс тiлiне аударылуы мен олардың шығу тарихына түсiнiк талдау беруi. Сондай-ақ, тұлғаның қазақ халқына жасаған қызметi туралы: «…қиынкезеңде , қазақ мектебiн бiр жағынан, дүмше молдалардан, екiншi жағынан патша миссионерлерi ықпалынан құтқару үшiн қызмет еттi» - деп жазады. Оның тiл саясатында кемеңгер күрескер екенi жəне қазақ үшiн жаңа əлiпбидi тұңғыш рет түрлеп-түзудегi ірі құбылыстың тiзгiнiн ұстағанын ғылыми тұрғыдан дəлелдейдi. Т. Шонанұлы жаңа əлiпбидiң ерекшеліктерін былайша жіктейді: «Бiрiншiден, А. Байтұрсынұлы əлiпбиi тiлiмiздiң таза сақталуына. Екiншiден, əлемдiк мəдениетпен араласу жолын жеңiлдетуi. Үшiншiден, халық мектептерiнiң өркендеуiне алып қадам жасағаны анық» деп жазады. 1915-1916 жылдары Түркi халқының тiлi таласқа түскенде Ахметтің ана тiлiмiздi қорғап, «Шекiспей, бекiспейдi» мақаласы мен «Туған тiлiм» деген өлең жазғанын айтады. Ғылыми талдауында мақала мен өлеңнен үзiндiлер келтiрген.
Т. Шонанұлының мақаласы - ғалымның 125 жылдық мерейтойына орай шығарылған «Ұлттық рухтың ұлы тiнi» атты ғылыми жинақта: «Мақала əуелгi, орыс тiлiндегi нұсқасында тұңғыш жарияланып отыр. Қолжазба - Қазақ КСР Мемлекеттiк Орталық архивiнен алынды: №544 қор, 1-тiзбе, 104-б» деген ерекше-ескертумен жарияланды. 1923 жылы тұлғаның 50 жасқа толу мерейтойына орай, С. Сейфуллин, М. Əуезовтер мен «Ақ жол» газетінің басқармасы тарапынан танымы терең құттықтау мақалалар жазғаны, бұл мақалалардың ахметтану мəселесінде үлкен рөл атқарғанын, бүгiнгi ғалымдар зерттеу еңбектерінде таратып талдап, жазып жүр. Мақалалардың құндылығы соншалық, бiрнеше рет басылым көргенiн атасақ та жеткiлiктi. Кеңес дəуірінде А. Байтұрсынұлының қысқаша өмірбаянын жазып жəне ғалымныңеңбектерін ғылыми ортаға ұсынған, əрі тарихи əділ баға берген сүбелі еңбек - түрколог-ғалым А. Н. Кононовтыкі. Бұл анықтамалық сөздіктің редакциясын басқарып, кіріспе сөзін жазған. Орыс ғалымы аталмыш сөздіктегі шағын мəліметтің өн бойына барлығы - 12 сөйлемге қазақ оқымыстысының болмысын толық сыйғызған. Түркітанушы анықтамалығындағы мəліметтерді Алекторов, М. Дулатұлы, Е. Омаровтардың материалдарынан алғандығына сілтеме жасайды.
Өзге ұлт өкілдері: А. Самойлович, Е. Д. Поливанов, Н. Ф. Як- овлев, А. Н. Кононов, өз отандастары: М. Дулатұлы, Т. Шонан- ұлы, Е. Омаров, С. Сейфуллин, М. Əуезовтің мақалары А. Байтұр- сынұлының өмірнамасын, шығармаларын жан-жақты таныту- да негізгі дерек көзі. Демек, ахметтану, оның əдеби, ғылыми шығармашылық мұрасын таныту - ол өзі өмір сүрген кезеңнен бастау алатыны басы ашық нəрсе
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz