Еңбек және еңбекақы есебі



Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық.әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай.ақ өмірде өзінің ерекшелігімен өқшауланатын ғылым болып табылады.Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандары туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді.
Бухгалтерлік есеп жүйесін реттеп, мұның құрамдас бөліктерін жетілдіріп отыру мемлекеттік және басқа да қоғамдық ұйымдардың құзырына жатады.Бухгалтерлік есеп өрісінде жетілдіріп отыратын мәселелердің барлығы да орындаушы бухгалтерлер мен шаруашылық дүргізуші тұлғалар үшін түсінікті және өте сенімді болуы керек. Бухгалтерлік есеп өрісінде реттелетін прициптердің барлығы да қайшылықтар тудырмайтын, бұрмаланбайтын дұрыс бағытта боғаны жөн.Кезіндегі әкімшілік жолмен жоспарлы бағытпен реттелетін бухгалтерлік есеп жүйесі нарықтық қатынастарға байланыстытүбегейлі өзгерістеге түсіп. Халықаралық деңгейдегі есеп жүргізу тәжірибесі отандық есеп жүйесіне енгізіліп келеді.Бұл күндері мемлекеттік органдар меншігіне жататын ұйымдардан басқа да ұйымдар, есеп жүргізудің ішкі саясатын белгілеп, бюджетке төленетін салықтар мен алымдар арнайы қабылданған заң актілері мен нормативтік құжаттарұа сай іске асырылып келеді.
Бухгалтердің тағы бір міндеті еңбекақы төлеу, бір сөзбне айтқанда жалақы беру.Менің алға қойған мақсатым осы төңірегінде жұмыс жасау.Дегенмен де еңбекақы бухгалтер жұмысының бір бөлігі болғандықтан, келесі мағлұматтар осы төңірегінде болмақ.Бұл жұмыста қарастырылатын мәселелер:
 еңбек және еңбекақы есебі;
 еңбекақының түрлері мен формалары;
 еңбекақы нысандары мен жүйелері;
 қосымша және орташа еңбекақы есебі;
 жалақыдан ұсталынатын және шегерілетін сомалар есебі;
 еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебі;
Және бұдан да басқа мәліметтер жайында жазыған.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе.
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып,
қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе
жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен өқшауланатын ғылым болып
табылады.Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен
міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандары
туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді.
Бухгалтерлік есеп жүйесін реттеп, мұның құрамдас бөліктерін жетілдіріп
отыру мемлекеттік және басқа да қоғамдық ұйымдардың құзырына
жатады.Бухгалтерлік есеп өрісінде жетілдіріп отыратын мәселелердің барлығы
да орындаушы бухгалтерлер мен шаруашылық дүргізуші тұлғалар үшін түсінікті
және өте сенімді болуы керек. Бухгалтерлік есеп өрісінде реттелетін
прициптердің барлығы да қайшылықтар тудырмайтын, бұрмаланбайтын дұрыс
бағытта боғаны жөн.Кезіндегі әкімшілік жолмен жоспарлы бағытпен реттелетін
бухгалтерлік есеп жүйесі нарықтық қатынастарға байланыстытүбегейлі
өзгерістеге түсіп. Халықаралық деңгейдегі есеп жүргізу тәжірибесі отандық
есеп жүйесіне енгізіліп келеді.Бұл күндері мемлекеттік органдар меншігіне
жататын ұйымдардан басқа да ұйымдар, есеп жүргізудің ішкі саясатын
белгілеп, бюджетке төленетін салықтар мен алымдар арнайы қабылданған заң
актілері мен нормативтік құжаттарұа сай іске асырылып келеді.
Бухгалтердің тағы бір міндеті еңбекақы төлеу, бір сөзбне айтқанда жалақы
беру.Менің алға қойған мақсатым осы төңірегінде жұмыс жасау.Дегенмен де
еңбекақы бухгалтер жұмысының бір бөлігі болғандықтан, келесі мағлұматтар
осы төңірегінде болмақ.Бұл жұмыста қарастырылатын мәселелер:
– еңбек және еңбекақы есебі;
– еңбекақының түрлері мен формалары;
– еңбекақы нысандары мен жүйелері;
– қосымша және орташа еңбекақы есебі;
– жалақыдан ұсталынатын және шегерілетін сомалар есебі;
– еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебі;
Және бұдан да басқа мәліметтер жайында жазыған.

Қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытын пайдалануы, еңбек және еңбекақы
есебі.
Еңбек жайлы есеп беруде көп салалы қызмет атқаратын кәсіпорынның
жұмысшылары мен қызметкерлерін негізгі қызмет атқаратындар және негізгі
емес қызмет атқаратындар болып екі топқа бөлінеді. Жаңадан жұмысқа алынған
қызметкерге жұмысқа алушы және қызметкер арасында жеке еңбектік келісім
шарт жасалуы тиіс.
Жеке еңбектік келісім шарт дегеніміз жұмысшымен жұмыс беруші арасында
жазбаша жұмыс орны, келісімшарттың мерізімі, еңбек режімі жағдайы,
еңбекақы, екі жақтық материялдық жауапкершілігі, басқа да жұмыскерді
әлеуметтік тұрмыстық қамтамасыздандыру сұрақтары бойынша келісім.детте,
еңбекақы мөлшерін жұмыс беруші тағайындайды, ал жұмысшы немесе қызметкер
екі келісімге сәйкес белгілі мамандығы бойынша берілген жұмысты атқаруға
міндеттенеді, ал жұмыс беруші басқа да төлемақыларда уақтылы төлеп отыруға
міндеттенеді.
Жеке еңбек шарты мазмұны мен сипаты жұмыс берушінің қаржы жағдайы мен
өндіріс алдындағы міндеттер мен оның салалық ерекшелігіне байланысты
анықталады.Әйтсе де Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңындағы 7,8
және 9 баптар міндетті түрде еңбек шартына енгізілуі тиіс.
Келісім шарт мерізімі заң бойынша белгіленбейді. Оның еңбек шартынасәйкес
қызметкер мен қызмет алушы бірге белгілейді.Егер еңбек шартында оның
мерізімі көрсетілмеген жағдайда, ло мерізімі шектеусіз мерізімге
тағайындалған деп есептелінеді.
Жеке еңбек шарты жасалғаннан соң жұмысқа қабылданғандығы жайлы жұмыс беруші
бұйрық шығаруы тиіс.кадрлар бөлімі жұмысқа қабылданғандығы туралы бұйрық
негізінде жеке карточка толтырып, еңбек кітапшасына жұмысқа қабылданғандығы
туралы белгі жасайды.Еңбек кітапшасын жүргізу тәртібі Қазақстан
Республикасының 15.02.2000 ж.№ 35-П “Еңбек кітапшасын жүргізу тәртібі
жөнінде оны бекіту инструкциясы” туралы Әлеуметтік қорғау және еңбек
Министерлігінің бұйрығы бойынша жүзеге асырылады.Жеке еңбек шартынан басқа
жұмысқа алушы қызметке мен азаматтық-құқықтық келісімшартқа отыруға
құқылы.Ондай келісімшарт жеке арнайы тапсырмаларды орындау үшін жасалады.
Азаматтық-құқықтық келісімшарттың жеке еңбек шартынан айырмашылығы
орындаушы арнайы тапсырманы ұйымның ішкі еңбек тәртібіне тәуелсіз
орындайды.Қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек және әлеуметтік
қатынас ұйымдық шарт бойынша реттеледі.Мұндай шартқа отыру, жасау және оны
жүзеге асыру Қазақстан Республикасының “Ұйымдық шарты жөніндегі”
04.07.1992 ж. № 1514-XII заң бойынша анықталады. Бұл шарт жұмыс берушінің
экономикалық мүмкіндігіне байланысты, заң негізінде белгіленген төменгі
еңбекақыдан жоғары деңгейде еңбекақы белгілей алады. Жұмыс беруші, сыйақы
мөлшерін ұйымдық шартқа сәйкес белгіленген мөлшерден кем тағайындай
алмайды.
Жыл сайынғы және басқа да "Еңбек туралы " Заңға, ережелермен заң актісі,
ұйымдық шарт және демалыс графигіне байланысты қызметкерлерге берілетін
демалыс туралы бұйрық шығарылады, оны кадр бөлімі екі дана етіп толтырып,
біреуін кадр бөліміне қалдырып, екіншісін бухгалтерияға береді.Бұйрыққа не
кәсіпорын басшысы немесе құрылыс бөлімі бастығы қол қояды.Осы бұйрық
негізінде кадр бөлімі қызметкерге демалыс берілгендігі туралы оның жеке
карточкасына белгі қояды, ал бухгалтерияда қызметкердің орташа еңбекақысы
есептеліп, демалыс уақытына тиесілі төлемі анықталады.Қызметкер жұмыстан
шыққан жағдайда жеке, еңбек шартының тоқтатылғандығы жайлы бұйрық
шығарылып, оны кадр бөлімі екі дана етіп толтырып, бір данасын кадр
бөліміне қалдырып, екіншісін бухгалтерияға өткізеді.Барлық қызметкерлер
категориясы жұмыс уақытының пайдалану есебін, жұмысшылар мен
қызметкерлердің жұмыс уақыты режімінің сақталуына бақылау жасау үшін,
істелген жұмыс уақыты туралы ақпарат және еңбекақы есептеу үшін, жұмыс
уақыты табельі жасалады.
Қызметкерлердің өнімділігі мен жұмыс уақытының орындалу есебі үшін жұмыс
уақытының есеп табельі (Т-13, Т-13а) қолданылады.Бұл табельдің банкілері
компьютерлік техника құралының көмегімен бөлек толтырылған деректемлерге
мыналар жатады: кәсіпорын, цех, құрылымдық бөлімшелері, қызметкерлердің аты-
жөні, кәсібі, табель номері және т.б.Бұндай жағдайда табель формасы
қабылданған технологиялықөңделген деректерге сәйкес өзгертіледі.
Табель әр айдың 1-ші күнінен бастап жүргізіледі, оны жүргізуге уәкілетті
тұлғаға бір данадан беріледі.
Табель тиісінше ресімдегеннен кейін оны кәсіпорын қызметкерлерінің
еңбекақысын есептеуі үшін бухгалтерияға тапсырылады.
Табельдік номір кәсіпорында тәртіпке келтірілген сериялық жүйе бойынша
тұтас белгіленеді, әрбір өндірістік бөлімдеріне тиесілі өздерінің барлық
қызметкерлердің аты-жөні енгізіледі.
Табельде жұмысқа келмегендігінің себебі, толық емес жұмыс күн туралы, жұмыс
уақытынан тыс істелген жұмыс уақыты мен басқа да тиісті жағдайдан ауытқулар
тиісті құжаттар негізінде көрсетіледі (еңбекке жарамсыздық қағазы,
мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындағандығы туралы анықтама
және т.б.) .Жұмыс уақыты есебі табельде жұмысқа келмеген күндерін көрсету
немесе тек ауытқуларын көрсету арқылы жүргізіледі.
Мезгілден тыс жұмысқа кеткен уақыт есебі бұл жұмысты орындаған тұлға
тізімінде жүргізіледі.Тізімдерді құрылымдық бөлім бастығы жасайды.Соның
мезгілден тыс нақты істелген жұмыс сағаттарының сапасы туралы басшы белгі
соғады.Тізім негізіндегі мұндай белгілеу табельге негізіледі.
Егер жұмыс уақытында істелінетін жұмыс болмай қалса, осының салдарынан бос
өткен жұмыс уақыты да табельге енгізіледі.
Табельге бұл деректер құрылымдық бөлімше басшысы жұмыс болмай қалу себебін
бос өткізілген жұмыс уақыты туралы жазылған құжаттар негізінде
енгізіледі.Сондай-ақ, табельдік есепті табельдік таңбаны қолданып,
карточкалық әдіспен- бақыланған сағаттарды пайдалану арқылы; рұқсаттамалық
әдіспен- тапсыру және беру жолмен; бақылау- рұқсаттамалық құрылғының
көмегімен және т.б. жүргізуге болады.
Қызметкердің жеке құрамы туралы есепті кадр бөлімі немесе арнайы
тағайындалған тұлға жүргізеді. Жұмысқа қабылданған әрбәр қызметкерге жеке
карточка толтырылып, оған өзінің жеке табельдік номірі жазылады.Бұйрық
негізінде немесе кәсіпорын басшысының өкімімен бухгалтерия әрбір
қызметкерге дербес шот ашады.Онда қызметкердің анықтамалық деректері
көрсетіледі, тапқан табысы мен еңбекақысынан ұсталған сома туралы барлық
мағлұматтар жазылады.
Өнім өндіру есебі өндірілген өнім саны, аяқталмаған өндіріс және жіберілген
ақау; әрбір қызметкердің атқарған жұмысына қарай еңбекақы мөлшерін дұрыс
әрі уақытылы анықтау; өңдеуге жіберілген жартылай өңдеген өнім және
материялдар санымен өндірілген өнімнің сәйкестігін бақылау; өндірістегі
тораптар мен агрегаттардағы детальдар қозғалысын бақылау туралы нақты және
уақтылы деректермен қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.
Еңбекақы төлеу жүйесі, өнім сапасын бақылау, есепті компьютерлендіру
деңгейі және басқа ерекшеліктерді қолдану барысындағы өндірістің
ұйымдастыру мен сипатына қарай есеп бастапқы құжаттардың, бағдарлық құжат,
өнімділік туралы рапорты және т.б. әр түрлі есептік әдістері мен формалары
қолданылады.Есепті оңайлату мақсатында көп күндік бастапқы құжаттар,
аптаға арналған жүктелімдер, декада(он күндік), бір ай, жұмыс кезеңі
қолданылуы мүмкін.
Өндірістің жаппай- тасқынды ( массово-поточное производства) жағдайында
өнімділік дайын өнімдерді қабылдау бойынша ескріледі.Әр бригада мүшелерінің
өндірген өнімі мастер немесе бригадир толтырған өнімділік туралы рапорт
негізінде есептелінеді.Бұл рапорттардың негізінде бртгада мүшелерінің
еңбекақысы есептелінеді.
Өнімділік туралы рапорт (жинақтаушы) (Т-28 және Т-28а формалрады) әр түрлі
кезең сайын қайталанатын жұмысты орындайтын бір немесе бірнеше жұмысшының
еңбекақысы мен өнімділік есебі үшін жаппай өндірісте қолданылады.
Өнімділік есеп тізімдемесі (ведомосы) (Т-29 формасы) бір текті жұмысты бір
ай ішінде орындаған жұмысшылар тобы үшін толтырылады.Өнімдік есеп
тізімдемесі (30 формасы) бір ай ішінде әр түрлі жұмысты орындаған
жұмысшылар тобы үшін толтырылады.
Өндірістік серия сипатында- өнімділік ауыстыру үшін өнімділік рапортымен
ұштастырылған бағдарлық құжаттың көмегімен ескеріледі.Егер бұйымды өңдеу
ұзақтығы бір ауысымнан аспаса, онда бір рапортпен де шектеуге болады.
Бағдарлық құжат (Т-23 формасы) өндірістегі детальдар қозғалысының
оперативтік есебі өнімділік есебі мен еңбекақының біртұтас құжаты ретінде
қолданылады Бағдарлық құжат (Т-23а формасы) ауысым үшін өнімділік
рапортымен (Т-22 формасы) ұштастырылып қолданылады.
Ауысым үшін өнімділік рапорт өнімді нақты жасалуын көрсетуге арналған және
жұмысшыларға еңбекақы есептеу негізі болып табылады.
Жеке немесе ұзақ сериялы өндірістегі- өнімділік есебі мен еңбекақы есебі
кесімді еңбек төлеміне арналған жүктелімде (наряд) (Т-41 формасы – жекелік,
Т-41а - бригадалық) жүргізіледі.Орындалған міндеттің ұзақтығына байланысты
жүктелім ауысымға немесе одан да ұзақ мерізімге (бір айға дейін)
көшіріледі.Көшірілімнің негізі етіп технологиялық карта немесе учаскенің
(цехтың) өндірістік бағдарламасы алынады.
Тексеріліп қабылданғаннан кейін осы құжаттар негізінде еңбекақыны есептеу
бойынша есеп айырысу-төлем тізімдемесі жасалады.Жұмыс уақыты мен өнімділік
есебі бойынша құжат бухгалтерияға түскеннен кейін есептік өңдеуден өткізуге
жіберіледі.

Еңбекақы формалары мен нысандары.
Кәсіпорындағы еңбекақыны ұйымдастыру механизімі жұмысшы күшінің еңбекақыға
айналу процесін бейнелейді.Бұл оның осы заманғы нарықтық шындыққа
қаншалықты дәрежеде жанасатыны өзінің негізгі функцияларында еңбекақының
нақты және нақты емес түрінде есептеу тәсілі еңбекті бағалау мен
нәтижесінің өзара байланысын көрсетеді, жай және күрделі жұмыс істейтін әр
түрлі категориядағы қызметкерлердің төлемдеріндегі қажетті үйлесімділігін
қамтамасыз етеді.Еңбекті ұйымдастыру және оның төлемі жұмыс берушілер мен
қызметкерлердің арасндағы қарым-қатынасқа ықпалын тигізеді.
“Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңының 70- бабы” бойынша жұмыс
беруші заңға, жеке еңбек келісімшартына, ұжымдық келісімшартқа сәйкес
қызметкердің еңбекақысын төлеуге міндетті.
Жұмысшының еңбекақысы орындалған жұмыстың сапасы мен санына, ауырлығына
байланысты анықталады.
Еңбекақының формалары мен жүйелері Еңбек және халықты әлеуметтәк қорғау
министерлігінің 15.05.2000 ж. №111-п “Қызметкерлерге еңбекақы төлеу
мәселелері бойынша әдістемелік ұсыныс” Бұйрығында берілген және
жұмысшыларға еңбекақы есептеудің әр түрлі тәсілін анықтайды.Олар өндіріс
жағдайы мен жұмыс жасайтын жеке құрам категориясына байланысты, яғни
Қазақстан Республикасы Әділет министерлігінде 1997 жылдың 16-шы қаңтарында
тіркелген №244 тіркелімі және Қазақстан Республикасы Ұлттық статистикалық
агенттігінің 1996 жылдың 19-шы желтоқсанындағы №50 қаулысында бекітілген
жалданып жұмыс жасаушылардың сан және еңбекақы статистикасы бойынша
Нұсқаулықтың 5-бөліміне сәйкес жұмысшылар және қызметкерлер болып екі топқа
бөлінеді.
Қызметкерлер тобы мына категорияларға бөлінеді: басшылар, мамандар,және
басқа да қызметкерлер тобына жататындар.Жұмысшылардың еңбегі мерізімдік
еңбекақымен, кесімді еңбекақымен немесе басқа еңбекақы жүйелері бойынша
төленеді.Төлем жеке және ұжымдық еңбектің нәтижелері үшін берілуі мүмкін.
Еңбекақы- қызметкердің орындаған жұмыс көлемі мен белгіленген еңбек шарты
және мансап инструкциясына байланысты төлем.Еңбек тиімділігін арттырудың әр
түрлі ынталандыру жолдары болып, сыйақы, қосымша төлем, кепілді төлемақы
және т.б. болып табылады.Жұмысқа алушы еңбекақы жүйесі мен нысанын Еңбек
туралы ережеге сәйкес, нақтылы еңбек жағдайын ескере отырып, персоналдар
ережесі бекіткен жұмысшылар категориясы және жұмыс уақыты режімі бойынша
өздері белгілейді.Аталған ережелер жұмысқа алушыға тек еңбек шартына отыру
немесе еңбек режімін ұйымдастыру үшін ғана емес, сонымен қатар шығындар мен
төлемдерді негіздеу мақсатында да қажет.
Жалақы жеке жұмыс нәтижесі бойынша немесе коллективтің жұмыс нәтижесіне
байланысты төленеді.Бұл жағдайда қызметкерге белгіленген еңбекақы көлемі
заң бойынша белгіленетін төменгі еңбекақы мөлшерінен төмен болмауы тиіс.
Еңбекақының негізгі екі формасы бар:
• мерізімді (негізгі- жұмыстың бір сағатына қойылатын тарифтік
мөлшерлеме немесе қызметақы және жұмыс істелген уақыт)
• кесімді (негізгі-жұмыс көлемі және оның орындалған бірліктерін
бағалау).
Нарықтық экономика жағдайында алынған табыс немесе пайда проценттеріндегі
түпкілікті нәтиже бойынша еңбекақының дәстүрлі емес формасы кең тарап
отыр.
Мерізімді еңбекақы- тарифтік мөлшерлеме бойынша немесе жұмыс істелген
уақыт үшін төленеді.Мерізімдік еңбекақы өндірген өнімі мен істеген
жұмысын мөлшердеуге болмайтын, яғни атқарған жұмысының көлемі мен санын
анықтау мүмкін емес болып есептелетін инженерлік-техникалық жұмыстағы
жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуге негізделген.Мерізімдік ақы
мынадай жағдайларда төленеді:
• жұмысшы өнім шығарылымын арттыруға тікелей ықпал ете алмағанда;
• кесімді бағалауды анықтауға қажетті өнімділіктің толық көрсеткіші
болмағанда;
• жұмыс уақытын пайдалануға қатаң бақылау ұйымдастырылып, жасалған
жұмыс уақытына нақты қатаң бақылау жүргізгенде;
• жұмысшыларды дұрыс тарифтендіргенде, яғни разряды бар жұмысшының
орындаған жұмысы біліктілігіне сәйкес келгенде;
• қызметкерлердің еңбекақысы үшін.Мысалы: атоматтандырылған өндірісте
машина жөндейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге ұйымның басшыларына
қаржы және есеп бөлімінің қызметкерлеріне, тағы
басқаларға.Мерізімді еңбекақының төмендегідей түрлері бар:
1. Жай мерізімді;
2. Мерізімдісыйлықты;
Жай мерізімді жүйесі бойынша-жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы жұмыс
істеген уақытына тарифте немесе штатта көрсетілген мөлшерлері бойынша
төленеді.Жай мерізімдік еңбекақы тек жұмыспен өтелген уақытпен тиісті
қызметақы тағайындалғанда төменгі еңбекақы мөлшері мен бірыңғай тарифтік
сетка қолданылады.
Бірыңғай тарифтік сетка еңбекақы төлеудің 21 разрядына негізделіп, әр
разряд бойынша өзіндік тарифтік коэффиценті белгіленген.
Бірыңғай тарифтік сетка

Бірыңғай тарифтік (1 разрядқа) Бірыңғай тарифтік (1 разрядқа)
сетка разряды тарифтік сетка разряды тарифтік
коэффициент коэффициент
1 1,0 12 2,20
2 1,07 13 2,37
3 1,15 14 2,55
4 1,24 15 2,74
5 1,33 16 2,95
6 1,43 17 3,17
7 1,54 18 3,41
8 1,66 19 3,67
9 1,78 20 3,94
10 1,91 21 4,24
11 2,05

Бірыңғай тарифтік сетка бойынша жұмысшылар мен мамандар 1 мен 8 разряд, ал
қызметкерлер 2 мен 21 разряд бойынша тарификацияланады.
Мерізімді сыйлықты- жұмысшылар мен қызметерлерге олардың тарифте немесе
штатта көрсетілген тұрақты еңбекақысына қосымша олардың өндірген
өнімднрінің көлеміне, санына, сапасына және т.б. көрсеткіштердің өсуіне
қарай сыйлық беру болып табылады.
Мерізімді еңбекақыға жұмысшылар мен қызметкерлердің түнгі істеген жұмысына
есептелетін қосымша төлем, демалыс немесе қосымша мейрам күніне төленетін
төлемдер, жұмыстың ауырлығы мен зияндығына төленетін қосымша төлем, өнім
өндірудегі ақауға байланысты төлемдер, тағы басқа төлемдер және өзіне
белгіленген жұмыс уақытында істегеніне есептелінетін төлемдер
жатады.Мысалы:сәуір айында 22 жұмыс күні бар, айына 11000 теңге тұрақты
еңбекақы алатын жұмысшы, сол айдағы 15 күн жұмыс істеп, 4 күн ауырып қалған
және 3 күн қоғамдық жұмыс атқарған делік.Жұмысшылар мен қызметкерлердің
ауырып қалған күніне, жәрдемақы бюджеттен төленеді.Ал қалған 18 күні үшін
(15 күн жұмыс істегені + 3 күн қоғамдық жұмыспен атқарғаны) еңбекақы
ұйымының есебінен төленеді.Бұл соманы анықтау үшін бір айға белгіленген
тұрақты еңбекақы мөлшерін, яғни 11000 теңгені осы айдағы жұмыс күнінің
санына яғни 22 күнге бөлеміз (1100022).Содан кейін алынған нәтижені (500
теңге) жұмыс істеген және қоғамдық жұмыс атқарған күндері сандарының
қосындысына көбейтеміз.Бұл жағдайда жоғарыдағы көрсетілген жұмысшының сәуір
айында тиісті мерізімді еңбекақы сомасы 9000 теңге
болады.(500х)15+3)=9000теңге.
Кесімді еңбекақы- жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруге,
өнімді өндіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру мақстына
қолданылады.Еңбекақы есептеудің және төлеудің кесімді түрін қолданғанда
жұмысшылар мен қызметкерлерге тиісті еңбекақы, олардың өндірген өнімінің
көлемін немесе санын тариф бойынша белгіленген кесімді бағаға көбейту
арқылы табылады.Кесімді баға белгіленген жұмыс уақытында өндірілуге тиісті
өнім көлемі мен сапасына негізделіп белгіленеді.Уақыт мөлшері бір жұмысты
орындауға керекті, яғни қажет болатын, адам \ сағат, адам \ күн өлшемінде
көрсетілген уақыт болып саналады.Өнім өндіру мөлшері жұмысшылар мен
қызметкерлердіңбелгілі бір санымен немесе көлемімен анықталады.
Кесімді еңбекақының мынадай жүйелері бар:
– тікелей кесімді;
– кесімді сыйлықты;
– үдемелі кесімді;
– аккордтық;
– жанама кесімді;
– ілгерішіл келісімді;

Тікелей кесімді ақыда –жалақы көлемі тек шығарылған бұйымдардың санына
және бұйым бірлігінің белгіленген бағалауына байланысты анықталады.Бұл жүйе
бойынша еңбекақы мөлшері- бұл құжатта көрсетілген, өндірілген өнімнің бір
данасына қарастырылған яғни белгіленген еңбек бағасына көбейту арқылы
табады. Мысалы:Негізгі өндіріс цехының 80 қызметкеріне, белгіленген
келісімді және жалақы бойынша, шығарылған 100 дана өнім үшін төлемі 560
теңге көлемінде белгіленген.Шығарылған өнім есебін, әрбәр қызметкер бойынша
және шығарған өніміне сәйкес оның еңбекақысы есептелінеді.Ағымдағы айда
қызметкерлер 200000 дана өнім өндіріп, олардың жалпы еңбекақысы мынаған тең
болады:
200 000 80 х 560 =1 400 000 теңге.
Кесімді- сыйақылық- төлемде кесімді жалақы сомасынан басқа, белгілі бір
сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін сыйақы есептейді.
Үдемелі кесімді- белгіленген нормадан тыс өндірген өнімі үшін кесімділікті-
жұмысшыларды көтермелеуде қарастырылады.Нормалан тыс жасалған өнім үшін
жұмысшыға тікелей кесімді бағалау бойынша еңбекақысын есептейді, ал
нормадан тыс- үдемелі өсетін баға бойынша, бірақ 2 мәрте кесімді бағалаудан
аспауы керек.
Аккордтық- жүйеде орындалатын жұмыстың көлемі алдын ала белгіленіп, бағалау
белгіленеді.Жұмыстың орындалу мерізімін көрсету арқылы бағаланады.Жұмыстың
орындауға наряд жазылады да, онда табыстың жалпы сомасы, жұмысты аяқтау
мерізімі, көрсеткіштер мен сыйақының мөлшері көрсетіледі.Сондай-ақ, бұл
жүйе бойынша еңбекақы төлеу үшін алдын ала атқарылатын жқмыстың көлемі мен
сапасы анықталуы тиіс.Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі бойынша
жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеу көбіне құрылыс салушы
ұйымдарда, жөндеу жұмысымен айналысатын өнеркәсіпорындарында
қолданылады.Мысалы: Қосалқы өндіріс қызметкерлеріне еңбекақы аккордтық жүйе
бойынша есептеледі.Негізгі өндірістің цех жұмысшыларына істеген жөндеу
жұмыстыры үшін есептелген еңбекақы 400 000 теңге, жұмысты орындауға
жұмсалған барлық уақыт мөлшері 160 адам \ сағат, оның 50 адам\ сағат -3
ағаш шеберінің жұмсаған уақыты, 40 адам\ сағат 6 қыздырушының жұмсаған
уақыты, 20 адам\ 4 электрик жұмсаған уақыты, 40 адам\ сағат -15 сылақшының
жұмсаған уақыты, 10 адам\ сағат 2 жөндеу жұмыстарымен айналысатын
жұмысшылардың жұмсыған уақыты.Демек, орындаған жұмыстары үшін жұмысшылардың
еңбекақысы былайша есептеледі:
Ағаш шеберлерінікі: 400 000 160 х 50 =125 000 теңге, ал бір жұмысшынікін
анықтау үшін осы соманы жұмысшылар санына бөлеміз, яғни 125 000 3 =41 666
теңге, қыздырушылардікі барлық еңбекақысы, 400 000 160 х 40 =100 000
теңге, ал бір қыздырушыға шаққанда: 100 000 6 =16 666 теңге.
Электрик еңбекақысы : 400 000 160 x 20 = 50 000 теңге, ал бір
электриктікі : 50 000 4 = 12 500 теңге.
Слақшылар еңбекақысы:400 000 160 х 40 =100 000 теңге, бір сылақшының
еңбекақысы :100 000 15 = 7 000 теңге.
Жөндеушілер еңбекақысы: 400 000 160 x 10 = 25 000 теңге, ал бір
жұмысшының еңбекақысы : 25 000 2 = 12 500 теңге.
Жанама кесімді жүйе – кәсіпорынның негізгі өндірісіне қызмет көрсететін
жұмыскерлер еңбекақысы, негізгі өндіріс қызметкерлері еңбекақысының (12%)
(1 400 000), яғни жанама кесімді жалақы төленеді.Сонда негізгі бұл
жұмыскерлер еңбекақысы: 1 400 000 х 12% = 168 000.
Сыйақы мөлшері орындалған жұмыстың маңыздылығы мен күрделілігіне қарай
кәсіпкер мен жұмысшылардың топтарына сараланып белгіленеді.
Мысалы.Сыйақы беру туралы ережеде жабдықтың тұрып қалуын қысқарту үшін
кезекші слесарьларға тарифтік ставкасының 20 %- ті мөлшерінде сыйақы беоу
көзделеді.
Техникалық себептерге байланысты жабдықтардың тұрып қалуын қысқарту нормасы
5% құрайда.Кезекші слесарь есепті айда 180 сағат жұмыс жасаған.
Тарифтік ставка 100% , жабдықтың ай ішінде тұрып қалуы-3%.
1. Мерізімдік жалақы: 180 x 100 = 18 000 теңгеге тең.
2. Жабдықтың тұрып қалуын төмендетудің әрбір %–ті үшін сыйақы мөлшері 20%
5% = 4%;
3. Жабдықтың тұрып қалуын қысқарту 5 % - 3 % = 2 %.
4. Сыйақының % - тік мөлшері 4 % х 2 %= 8%.
5. Сыйақы сомасы :18 000 x 8 %=1 440 теңге.
6. Ай ішінде жалақы 18 000+ 1 440 = 19 440 теңге.
Материалдарды үнемдеген жұмысшыларға сыйақы беруге әрбір жұмыс орны,
бригада учаскесі бойынша нақты үнемделген материалдар сомасынан белгілі бір
% жұмсалуы мүмкін.
Ілгерішіл кесімді жүйе өткізу бөлімінің 8 қызметкеріне еңбекақы ілгерішіл-
кесімді жүйе бойынша төленетін болып белгіленеді.Әрбір өткізілген 100 тауар
үшін 1000 теңге, егер қызметкер 100 дана тауардан артық сатқан жағдайда
әрбір келесі сатылған тауар үшін және 200 теңге.
Өткізу бөлімінің 3 қызметкері ағымдағы айда әрқайсысы 230 дана тауардан
сатқан, 2 қызметкер – 190 данадан, ал тағы да 3-еуі 160 данадан сатқан.
Ағымдағы айда сатумен айналысатын қызметкердің еңбекақысын есептейміз.
230 данадан тауар сатқан қызметкердің еңбекақысы:
(1000+ (230-100) x 230 ) x 3 = 81 000 теңге.
190 даналан тауар сатқан қызметкерлердің еңбекақысы :
(1000 + ( 190 – 100 ) x 200 )x 2 = 38 000 теңге.
160 данадан тауар сатқан қызметкердің еңбекақысы :
(1000 + ( 160 – 100)x 200) x 3 =39 000 теңге.
Тауар сатумен айналысқан барлық қызметкерлердің еңбекақысы :
81 000 + 38 000 + 39 000 = 158 000 теңге.
Жалақы- бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға
көмектесетін маңызды экономикалық құрал.Шаруашылық субъектісінің түріне
қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті
нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен
реттеледі.Жалақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды., сондықтан да
сұраныстың мөлшеріне, тауардың тұтынысына және олардың бағасына елеулі әсер
етеді.
Жалақының екі түрі бар: номиналды және шынайы.
Номиналды жалақы-жалдамалы еңбекақының қызметкері өзінің күндік, апталық,
айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы.Номиналды жалақының мөлшеріне қарап
табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгеі мен адамның
әл-ауқаты жайлы айту мүмкін емес.
Шынайы жалақы- алған ақша сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен
қызметтердің жиыны.Ол номиналды жалақыға тікелей қатынаста және тұтыну
заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады.
Жалақы өнімнің өзіндік құнының негізгі элементтерінің бірі болып табылады,
сондықтан да жалақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы еңбек өнімділігінің
артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккердердің өмір
деңгейінің жақсаруына себепші болады.
Қызметкерлермен есеп айырысу есебінің негізгі міндеттері:
← еңбектің саны мен сапасына, шығарылым нормасының орындалуына, жұмыс
уақыты мен жалақы қорының пайдаланылуына бақылау жасау;
← объектінің әрбір қызметкеріне жалақыны дер кезінде және уақытылы
есептеу;
← жалақыдан дер кезінде және дұрыс ұстап қалу;
← белгіленген мерізімдерде қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп
айырысуды жүргізу;
← есептелген жалақыны өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дер
кезінде және дұрыс негізу;
← өндірістік процеске басшылық жасау операцияларына қажетті еңбек пен
жалақы туралы деректерді алу;
← еңбек пен жалақы бойынша статистикалық есептемені жасау.
Қосымша және орташа жалақыны құжатпен ресімдеу
және есептеу.
ҚР еңбек заңдарына сәйкес жұмысшылар мен қызметкерлердің мынадай
өтелмеген уақыттары төленеді:
✓ мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындау уақыты.
✓ жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарын төлеу.
✓ Кезекті және оқу демалыстарының уақытын төлеу.
✓ пайдаланылмаған демалыс үшін төлем ақы.
✓ жұмыстан босаған кездегі шығу жәрдемақысы.
Жұмыспен өтелмеген уақыт орташа жалақы бойынша төленеді.ҚР Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министерлігінің 5.09.97 ж.№3және ҚР Қаржы
министерлігінің 16.09.97 ж. №178340 бұйрықтарымен юекітілген
Ұйымдастыоудың қызметкерлеріне орташа жалақыны есептеудің тәртібі туралы
Нұсқаулыққа сәйкес ұйымдардың қызметкерлеріне орташа жалақы есептеу үшін
төлемдердің алдындағы 12 күнтізбелік ай есептік кезең болып табылады
(бір жылдан кем уақыт жұмыс жасаған қызметкерлер үшін орташа жалақы
нақты жұмыспен өтелген уақыт үшін белгіленеді).Орташа жалақыны анықтау
үшін:
1. Күндік орташа жалақыны.
2. Орташа сағаттық жалақы пайдалану.
Күндік орташа жалақы, еңбекақы төлеу мен демалыс үшін өтемақы төлеуден
басқа барлық жағдайда есепті кезеңде есептелген жалақы сомасын жұмыс
күндерінің сомасына бөлу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек түсінігі және еңбекақы есебі
Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытынпайдалану есебі
Еңбекақының теориялық негіздемесі және аудиті
ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қызметкерлердің еңбекақы есебі
Фермерлік шаруашылық Дархан шаруашылықтың қаржылық- экономикалық көрсеткіштерінің талдауы
Еңбек есебі
Еңбекақы төлеу. Еңбекақы есебі
Қызметкерді денсаулығына байланысты басқа жұмысқа уақытша ауыстыру
Орташа еңбекақыны есептеу тәртібі
Пәндер