Аффикстердің түрлері, жүйесі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СӨЖ

ТАҚЫРЫБЫ: Аффикстердің түрлері, жүйесі

ОРЫНДАҒАН: Маратова Сара
ТЕКСЕРГЕН: Коблан Аида

Алматы 2020

Аффикстердің түрлері, жүйесі
Жоспар:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1. Аффикстер
2. Аффикстердің түрлері және жүйесі
ІІІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

І.Кіріспе
Грамматикалық форма -- грамматикалық мағынаның қалыпты (стандартты) көрінісін білдіретін тілдік белгі. Әр түрлі тілдерде грамматикалық мағынаны білдіретін Грамматикалық форма -- аффикстер (оның ішінде нөлдік), дыбыстық алмасулар ("ішкі флекция"), екпін, қайталау, көмекші сөздер, сөздердін орын тәртібі, интонация арқылы көрінеді. Сөздері түрленетін тілдердегі морфологиялық тұлғалар дегеніміз белгілі сөз таптарындағы сөздердін үнемі өзгеріп отыруы болып табылады. Олар морфологиялық бірнеше мағыналарды да, бір мағынаны да білдіре алады,
Сөздін өзгеріске түскен барлық тұлғалары оның парадигмасын жасайды. Морфологиялық тұлғалар синтетикалық (қарапайым) және аналитикалық (күрделі) түрлерге бөлінеді. Белгілі бір морфологиялық тұлғада келген нақты сөз сөз тұлға (словоформа) деп аталады. Грамматикалық форманың көрінісі мен мағынасы бірқатар жағдайда бір-біріне сәйкеспейді. Мысалы, флективті емес түбір тілдерде грамматикалық мағына негізінен сөздердін синтаксистік тіркесімділігі арқылы беріледі.
Сөзжасам сөз және оның формаларын тексереді. Сөз формасына сөздің негізгі және туынды түбірі, біріккен, қосарланған, қысқарған сөздер, әртүрлі қосымшалар: сөз тудыратын, сөзге қосымша мағына беретін, сөз бен сөзді байланыстыратын түрлері енеді.
Морфология сөзді топтарға бөліп, олардың әрқайсысына тән грамматикалық формаларын анықтайды. Әр сөз табына тән категориялардың ерекшелігін қарастырады.

2.1 Аффикс, аффикстер жүйесі

Аффикс ( лат. affixus - жалғанған ) -- қосымша, түбірге жалғанып, грамматикалық немесе сөзжасамдық мағына тудыратын сөз бөлшегі, сөздің ең кіші құрылымдық элементі, көмекші морфема. Аффикс сөз құрамын морфологиялық жағынан жіктегенде ажыратылады (Ф. Фортунатов). Түбір морфемалардай емес, жеке тілдін аффикстері морфелардың жабық тобына жатады, оларды тізімдеп есепке алуға болады. Аффикс морфологияның міндетті бөлігі ретінде тілдің парадигмаларын жасайды.
Аффикстің тілдің дербес бірлікгері ретіндегі формалдык, мазмұндық сипаттары мыналар:
1)Аффикстін фонологиялық бейнесі әдетте дауысты, дауыссыз фонемалардан жасалған шағын фонемалык жүйе түрінде көрінетіні;
2) деривациялық процесте aффикс құрамынын өзгеруөзгермеу сипаты (осыдан агглютинатив және фузиялықтілдердін қарама-қарсылығы туады);
3) Аффикстін түбірге қатысты орналасу тәртібі және оны өзгертуге болмайтыны (агглютинатив тілдерде орын тәртібі қатан сақталатыны);
4) Аффикс бір мағыналықкөп мағыналық, синкреттік сипаты болатыны;
5) Аффикстін өздері қатысты сөздерге тіркесуінін шексіздігі (бұл -- аффикстің өңімділігін тудырады).
Аффикс косылу процесі (аффиксация) көптеген тілдердін морфологиясы мен сөзжасамында маңызды орын алады. Осыған байланысты тілдердің типологиясы жасалады.
Аффикс түбірге қатысына карай бірнеше түрге бөлінеді: приставка, префикс -- түбір алдынан қосылатын аффикс (приходишь, заходить, беймәлім); инфикс -- түбірдің ортасында косылатын аффикс ( ағылш. stand'"стоить" -- stood"стоял" ); интерфикс -- екі түбірді жалғастыратын аффикс (фонология); конфикс-префикс пен постфикстін комбинациясынан жасалған аффикс (бейқамдық);постфикс:
а) сөз соңынан қосылатын сөзжасам қосымшасы -- суффикс (жылқы-іиы) және
ә) сөз сонынан қосылатын жалғау -- флексия (балаға, баланың).
Деривациялық-реляциялық аффикс - морфологияда деривациялықпен (лексикалық, сөзжасамдық және реляциялықпен (грамматикалық, сөз өзгеруші) қатар бөлінетін аффикстер класы, көмекші морфема, түбірге қарсы қойылатын және грамматикалық пен сөзжасамдық мәнді үйлестіретін сөз бөлігі. Мысалы: неб-ес-а сөзінде негіз жасаушы аффикс.
Деривациялық аффикс - морфологияда деривациялық-реляциялық және реляциялықтармен (грамматикалық, сөз өзгертуші) қатар бөлінетін лексикалық, сөзжасамдық аффикстер класы, көмекші морфема, түбірге қарсы қойлатын және сөзжасамдық мәнді білдіретін сөз бөлігі, оның жалғануы жаңа мәнді лексеманың жасалуына, негіздің жаңа класқа көшуіне соктырады. Мысалы: профессор -- профессура; профессор - профессорствовать
Аффикстер білдіретін грамматикалық мағыналар екі түрге бөлінеді:
* Заттық мағыналарды жинақтап, жалпы категорияларды жасайтын категориалдық мағына Категориалдық мағына "субъект -- предикат", "субъект -- объект", "жанды -- жансыз", "белгілі -- белгісіз", "іс-әрекет -- жағдай" т.б. білдіретін синтаксиспен байланысты. Категориалдық мағынаның реляциялық мағынадан ерекшелігі өзара жұптық қарама-қарсы жүйеден тұратындығында.
* Сөйлем құрамындағы сөздерді өзара байланыстыратын ішкі тілдік реляциялық мағына. Реляциялық мағына ұлттык тарихи ерекшелігі бар нақты тілдің морфологиясымен тығыз байланысты. Оған қиысу, менгеру, септік жүйесі т. б. жатады.

2. Аффикстердің түрлері және жүйесі

Сөз түбір мен қосымша сияқты түрлі бөлшектерден тұрады. Сөздің бастапқы мағына беретін ең түпкі бөлшегі түбір деп аталады. Мысалы, жақсы, ғылым, адам, дәптер, тау, өзен, тіле, көр, тап, парасат, т.б. Түбірге жалғанған бөлшек қосымша деп аталады. Мысалы, жақсы+лық, ғылым+ды, адам+дық, дәптер+ге, тау+лар, өзен+де, тілек+тес, табыс+ты, парасат+ты+лық, адам+гершілік, ана+сы+мен, т.б.
Қосымша жалғанған сөз қосымшалы сөз деп аталады.
Қосымшаның екі түрі бар:
1) жұрнақ;
2) жалғау.
Жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертіп, жаңа сөз тудырады және өзі жалғанған сөздің рең мәнін түрлендіреді.
Жұрнақ екіге бөлінеді: 1) сөз тудырушы жұрнақтар; 2) сөз түрлендіруші жұрнақтар.
Сөз тудырушы жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертіп, жаңа сөз тудырады. Мысалы, ақыл + ды + лық, көр + еген + ді + лік, әдіс + кер + лік, талғам + паз + дық, сүз + еген, шаш + ыра + ңқы, би + ші, қобыз + шы, құм + айт, шөл + ейт, т.б.
Сөз түрлендіруші жұрнақ өзі жалғанған сөздің рең мәнін ғана түрлендіреді, негізгі мағынасын өзгертпейді, яғни негізгі мәннен ауытқымайды. Мысалы, жапырақ + ша, көл + шік, қора + шық, апа + тай, ата + й, сар + ғыш, қыз + ғылтым, ағ(а) + еке, т.б.
Сөз тұлғасына қарай екіге бөлінеді: 1) негізгі сөз; 2) туынды сөз.
Негізгі сөз - ары қарай бөлшектеуге келмейтін түбір тұлғадағы сөз.
Мысалы, жұлдыз, жең, оқы, сегіз, шапшаң, орын, ыдыс, т.б.
Туынды сөз - жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз. Мысалы, жұлдыз+шы, жеңіл+дік, оқы+мысты, бой+шаң, бүгжең+де, құрау+ла, еңбек+тен, сабыр+лы, дін+дар, арба+кеш, кітап+хана+шы, т.б.
Туынды сөз әртүрлі сөз табына сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалады.
Зат есімнен жасалған туынды сөз
Сын есімнен жасалған туынды сөз
Сан есімнен жасалған туынды сөз
Етістіктен жасалған туынды сөз
Үстеуден жасалған туынды сөз
Еліктеу сөзден жасалған туынды сөз
Одағайдан жасалған туынды сөз
Сапалы
Мейірім-ді
Тазалық
Жақсы-
лық
Үштік
Ондық
Тапқыр
Сезгіш

Сонша-ма
Осынша-
ма
Тарсыл
Гүрсіл
Ербеңде
Ойбайла
Шөреле
Тілімізде бір түбірден әртүрлі жұрнақ жалғану арқылы тараған сөздер де бар. Мысалы, өн, өндір, өнгіш, өнім, өнгіз, өндіріс, т.б. Мұндай сөздер түбірлес сөздер деп аталады.
Жалғау - өзі жалғанған сөзін екінші сөзбен қарым-қатынасқа түсіріп, сөз бен сөзді байланыстырып, жалғастырып тұратын грамматикалық тұлға. Қазақ тілінде жалғаудың төрт түрі бар: 1) көптік жалғау; 2) тәуелдік жалғауы; 3) септік жалғауы; 4) жіктік жалғауы.
Көптік жалғаулары: -ларлер, -дардер, -тартер өзі жалғанған сөздерге көптік мағына береді. Көптік жалғаулары буын үндестігі бойынша жалғанады.
Көптік жалғауының буын үндестігі бойынша жалғануын төмендегі кесте арқылы көрсетуге болады.

С Ө З Д Е Р
Ж А Л Ғ А У Л А Р
Дауысты дыбыстарға;
үнді р, й, у дыбыстарына аяқталса
-лар, -лер
Ұяң дыбыстарға;
үнді м, л, н, ң дыбыстарына аяқталса
-дар, дер

Қатаң дыбыстарға;
Орыс тілінен енген б, в, г, д дыбыстарына аяқталса
-тар, -тер

Көптік жалғауы мынандай жағдайда жалғанбайды:
1. Жеке даралап санауға келмейтін заттардың аттарына: қант, су, шаш, тұз, май, бидай, күріш, мақта, т.б.
2. Халық, ру, ел аттарына: найман, қазақ, арғын, өзбек, татар, т.б.
3. Адамның ішкі сезімін білдіретін дерексіз зат есімдерге: қуаныш, тілек, ақыл, парасат, жақсылық, мейірім, ізеттілік, көмек, жолдастық, т.б.
4. Алдынан сан есім келген зат есімдерге: жеті нан, жиырма оқушы, алпыс балуан, тоқсан жылқы, мың қой, сексен түйе, т.б.
5. Алдынан көп, аз, бірталай, қыруар сияқты сөздер тіркесіп келген зат есімдерге көптік жалғауы жалғанбайды: көп адам, қыруар қаржы, бірталай уақыт, аз жұмыс, әлденеше оқушы, бірнеше кітап, т.б.
Тәуелдік жалғау - үш жақтың біріне меншіктілікті білдіретін грамматикалық категория. Сөздердің тәуелдік жалғауын қабылдауы тәуелдену деп аталады.
Тәуелдіктің екі түрі бар: 1) Оңаша тәуелдеу бір не бірнеше заттың бір адамға ғана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сын есім
Грамматика әдістері
Аффикстің түрлері, олардың атқаратын қызметі
ОМОНИМДЕР ЖАЙЛЫ
Қазақ тіліндегі синонимдердің және синонимдік қатарлар
Ырықсыз етістіктің аудармасы
Қытай тіліндегі сөз жасам жүйесі
Көpкем шығаpма тiліндегі қoс фyнкциялы жұpнақтардың қолдaнылуы
Зат есім мен сын есімнің жасалу тәсілдері
Ш.Құдайбердиев лирикасы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктерін, кейбір аффикстердің қызметін, бейнелегіш амал-тәсілдерін анықтау және талдау жасау
Пәндер