Фагоцитоз туралы түсінік. Фагоциттерге жататын жасушалар, олардың қызметтері, фагоцитоздың негізгі сатылары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі

Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы

Микробиология кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Фагоцитоз туралы түсінік. Фагоциттерге жататын жасушалар, олардың қызметтері, фагоцитоздың негізгі сатылары.

Дайындаған: Шоханқызы А.

Тобы: В-ЖМҚА-10-19

Қабылдаған: Садыбек Ұ. Ә.

Шымкент 2020ж.

ЖОСПАРЫ

I. Кіріспе

Фагоцитоз туралы мәлімет

II. Негізгі бөлім

2. 1 Фагоциттердің негізгі функциялары

2. 2 Фагоцитоздың өту сатылары

2. 3 Фагоцит физиологиясының ерекшеліктері

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Фагоцитоз (грек. phagos - обимын, жұтамын. cytos - жасуша), организмді бөгде заттардан қорғауды қамтамасыз ететін негізгі ең бір қуатты фактор. Бұл фактор алғашында ішекқуыстыларда құрылған ертеде пайда болған иммундық қорғаныстың бір түрі. Құбылысты И. И. Мечников ашып зерттеген.

Фагоцитоз процесін арнайы маманданған фагоцит деп аталатын жасушалар атқарады. Фагоцитоз - фагоциттердің бөгде затты обып, қорытып және залалдансыздыруына негізделген. И. И. Мечников фагоцитозды атқаратын жасушаларға макрофагтар мен микрофагтарды жатқызған.

Қазіргі уақытта фагоцитозды атқаратын барлық фагоциттер түрі мононуклеарлық жүйе деп аталатын топқа жинақталған. Ол топқа тін макрофагтары, эпителиодты жасушалар, нейтрофилдер мен қанның эозинофилдері және баска жасушалар кіреді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Фагоциттердің негізгі функциясы. Фагоциттердің функциясы өте аумақты: 1) өлген жасушалар мен олардың құрылыс құрамын ағзадан шығарады (эритроциттер, қатерлі ісіктің жасушалары) ;

2) ағзаға әр жолмен еніп қорытылмаған органикалық емес заттарды тысқа шығарады (мысалы, тыныс жолдарымен енген көмірдің бөлшектері, минералдық және басқада шаң) ;

3) микробтарды (бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар) олардың қалдықтарын жояды және заласыздандырады;

4) организмнің төзімділігін қамтамасыз ететін биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады (комплементтің кейбір компоненті, лизоцим, интерферон, интерлейкиндер т. б. ) ;

5) иммундық жүйенің реттелуіне қатынасады;

6) Т-хелперлерді антигенмен «таныстырады», яғни иммунды компетентті жасушалардың кооперациясына қатынасады.

Сонымен, фагоциттер бір жағынан ағзаны табиғатына қарамастан тегі бөгде заттардан тазартып «сыпырындыны жинаушы» болса (бейспецификалық функциясы), екінші жағынан спецификалық иммунитетке антигендерді иммунды-компетентті жасушалар (Т-хелперлерге) танысу және олардың белсенділігін реттеу арқылы қатынасады.

Фагоцитоздың өту сатылары. Фагоцитоз процесі, яғни бөгде затты жұтуы, өңдеуі, бірнеше сатыдан тұрады:

1) фагоциттің жұтылатын затқа жақындауы (хемотаксис) ;

2) жұтылатын заттың фагоциттың қабырғасына жабысып қонуы (адсорбция, адгезия) ;

3) жасуша мембранасының жасуша ішіне жұтылатын затпен бірге кіру арқылы фагосомада протопласта құрылуы (вакуольдер мен үлбіректер) ;

4) фагосоманың лизосомамен қосылып фаголизсомаға айналуы;

5) лизосоманың белсендірілген ферменттернің көмегімен фаголизосоманың ішінде заттың қорытылуы (2-сызбанұсқа)

Фагоцит физиологиясының ерекшеліктері. Фагоциттердің құрамына тотықтар мен иондарды қорытуға қатынасатын ферменттер жинағы кіреді. Фагоциттердің цитоплазмалық мембранасында комплементтермен, иммунды глобулиндердің құрамымен, гистамин және тағы да басқа заттармен байланысатын рецепторлар бар.

Фагоциттер өте жылжымалы. Олар биологиялық ерекше белсенді заттар - хемоаттрактантардың концентрациясына сәйкес фагоцитозға түсетін объектінің бағытына қарай белсенді жылжу қабілеті бар. Фагоциттердің жылжу түрі хемотаксис деп аталды (грек. chemeia - металл балқыту өнері және taxis - орналастыру, құру, салу) . Хемотаксис қайырылатын ақуыздар актин, миозин қатынасуымен өтетін АТФ-тәуелді процесс. Хемоаттрактанттардың қатарына комплемент компонентінің кейбір бөлшектері, лимфокиндер, және де жасушалар мен бактериялардың ыдыраған заттары жатады.

Заттардың фагоциттің қабығына қонуы әлсіз химиялық байланыстар есебінен бейспецификалық жолмен немесе арнайы рецепторлармен байланысу арқылы атқарылады. Фагоцитоз процесін түрлі тотықтар қолдап нысанды жасушаларда қайтарылмас зиянды өзгерістер тудырады.

Фагоциттерге жабысқан заттардың «жұтылуы, обуы» эндоцитоз көрінісімен өтеді. Бұл энергия тәуелді процесс, және де актин, миозиннің қатынасуымен өтіп фагосома құрылуымен аяқталады. Фагосома лизосомамен қосылған кезде лизосоманың ферменттері белсендіріліп жұтылған заттарды өзінің қажетіне жарайтын бөліктерге дейін ыдыратады. Егерде ферменттер фагоциттің сыртына шығатын болса ол кезде заттардың қорытылуы фагоциттен тыс жерде де жалғаса береді.

Әдетте фагоцитоз жұтылған заттардың толық қорытылуымен аяқталады. Оны аяқталған фагоцитоз деп атайды. Кейбір уақытта фагоцитоз толық қорытылумен аяқталмайды, өйткені жеке микробтар түрі (оба қоздырушысы, гонококк, АИВ-вирусы) фагоциттің ферментерінің белсендірілуін тежейді де умен аяқталмайды. Сондықтан ыдырап жойылмай, өсіп-өрбуіде мүмкін. Бұл көрініс аяқталмаған фагоцитоз деп аталады.

Адъюванттар, комплемент, иммуноцитокиндер тағы басқа факторлар фагоцитозға дем береді. Оның механизмінің негізінде фагоциттердің бетіндегі рецепторлардың қабілетін көтермелеп фагоцитоздың өтуін жеңілдетуге болады.

Фагоциттердің белсенділігі опсонды-фагоцитарлық индекспен есептеледі. Фагоцитарлық көрсеткіш дегеніміз бір фагоцит жасушасының белгілі мезгілде «жұтқан», не «қорытқан» микробтар санымен есептелсе, ал опсонды-фагоцитарлық индекс- иммунды, не иммунды емес сарысулармен өткен фагоцитоздың көрсеткіштерін салыстыру арқылы анықталады. Клиникалық тәжірибеде опсонды- фагоцитарлық индекс дербестің (әрбір адамның) иммундық статусын анықтауға қолданылады.

ҚОРЫТЫНДЫ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Организмнің бейарнамалы қорғаныш факторлары, сыртқы және ішкі тосқауылдар
Ағзаның бейспецификалық тұрақтылығының факторлары
Иммунитет туралы түсінік
Бактерицидтік фактор
Қазір оба микробынан жасалған, вакциналар барлық елдерде осы ауру пайда болар алдынан кеңінен қолданылып жур
Малдардың өнімінің сапасын арттыру
Иммунитет
Қан тамырлар патологиясы
Иммунитет теорияларының дамуы
Патофизиология курсынан дәрістер жинағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz