Формативтік және жиынтық бағалау: теория, әдіс-тәсілдер және сабақтық тәжірибе


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ

Тақырыбы: Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау

Тобы: 129-28

Орындаған: Әйтбек Д.

Қабылдаған: Валиева Г.

Шымкент 2020 ж.

«Адамдардың білім алуы жайлы болуы үшін жауапты реакция мен мадақтау қажет, сондықтан бағалау ізгі болуы керек» деп Лев Выготский айтса, осы курстың мақсаты - бала әрекетінің нәтижесін бақылау мен бағалаудағы оң өзгерістер, өзара әрекеттесу барысында үнемі кіналамай, ыңғайлы жағдай жасауға талпыну, олардың өздеріне деген сенімін қалыптастыру болып табылады.

«Бағалау» дегеніміз не?

«Бағалау» термині латын тілінен аударғанда «жақын отыру» деген ұғымды білдіреді.

Осы модуль тақырыбы бойынша сабақта мен бағалаудың мынадай мақсаттарымен таныстым. Олар:

-оқытудың қиындықтарын анықтау;

-кері байланыс;

-уәж;

-болжау және сұрыптау;

-стандарттарды бақылау және орындау;

-оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін бақылау.

Бағалаудың барлық түрлері мыналарды қамтиды, яғни, бағалаудың мәні:

-бақылау;

-алынған мәліметтердің интерпретациясы;

-бұдан арғы іс-әрекетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау.

Жаңаша бағалау жан-жақты, түсінікті, ыңғайлы болу керек. Оның мынадай екі түрін қарастырған: формативтік және жиынтық бағалау.

Оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау болып табылады.

Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды.

Формативті бағалаудың мақсаты - оқушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Бұл бағалаудың түрі күнделікті сабақтағы тәжірибе кезінде қолданылады. Ол мұғалімге сыныптың үлгірімін жаңартуда көмектеседі.

Жиынтық бағалау немесе қорытынды бағалау оқушылардың белгілі бір уақыт аралығындағы нәтижесін көрсетеді. Бұл бағалаудың түрін және тәсілін мұғалім өзі анықтайды.

Алғашқы «Бетпе-бет» кезеңінде осы материалмен танысқаннан кейін мен бағалауға қатысты әрекеттерімді өзгерте алуды жоспарлай бастадым. Оқушылар үшін бағаның маңызды екенін біліп, әр оқушының әрқашан сабағымнан міндетті түрде баға алып кетуіне тырыстым. Ал енді алғашқы бетпе-бетте көптеген әдебиеттерді пайдалану арқылы жеткілікті меңгергеннен кейін, бағалау одан да көбірек түсінікті болды.

Енді осы бағалауды өзімнің тәжірибемде қалай жүзеге асырғанымды айта кетсем, сабаққа дайындалу барысында мен «Оқыту үшін бағалау» үдерісін пайдалану үшін, бағалаудың әдіс-тәсілдерін үнемі ізденумен болдым. Бағалаудағы бірін-бірі бағалау, критерий бойынша бағалау, өзін-өзі бағалау және топ жетекшісінің бағалауы іс-әрекеттерін жүзеге асырдым. Мұнда мен әр сабағымда оқушылардың өздерінің жұмыстарына өздері баға беріп, білім нәтижелерін өз көздерімен көріп, бағаласын дедім.

1-ші сабағымда «Шешендік сөздер» тақырыбы бойынша мен әр оқушының өзін-өзі бағалау іс-әрекетін жөн көрдім. Сондықтан, бағалаудың формативті түрін пайдаландым. Яғни, смайликтер арқылы өзін-өзі мадақтау. Оқушылар топ болып, сабақ бойы істеген жұмыстарын қорытындылай келе сабақтың соңында әр топтың оқушылары сабақтағы көңіл-күйлерін смайликтер арқылы көрсетіп, тақтаға ілді.

2-ші сабағымда «Даудың шешімі» тақырыбы бойынша мен мұнда да бағалаудың формативті түрін, яғни критерийлер бойынша бағалау іс-әрекетін қолдандым да, ал, сабақ соңында жиынтық бағалауды қолдандым. Мұнда фишкаларды санау арқылы әр топ бірін-бірі бағалады. Ол үшін бағалау критерийлерінде көрсетілгендей фишка санына қарай, «5» деген баға 5 фишка болған жағдайда қойылады, «4» деген баға 4 фишка болғанда және «3» деген баға 3 фишка болған жағдайда қойылады. Нәтижесінде, 5 фишка жинаған ешкім болмады, 1-топ 4 фишка, 2-топ 3 фишка және 3-топ 4 фишка жинады. Кейбір оқушылардың білімі фишка санына сәйкес келмеді де, сабақ соңында мен оларға өзімнің бағамды бердім. Өйткені, бағалау кезінде топ мүшелерінің арасында осындай келіспеушілік болды.

Блэк және Уильям формативті бағалауды зерттей келе Хеттимен келісе отырып, 1998 жылы оқуды жақсарту үшін формативті бағалауда рөлі барлығын айтады.

Сондықтан, 3-ші сабағымда «Киелі жеті саны» тақырыбы бойынша мен мұнда да формативті бағалаудың рөлін қолдандым. Яғни, топ жетекшісінің бағалау іс-әрекетін негізге ала отырып, әр топтың жұмысын жалпы бағалау критерийлері бойынша бағалаттым. Сонымен қатар, сабақ соңында бүгінгі сабақ, өздерінің жұмысы туралы пікірлерін білдіріп, рефлексия жазып отыру әдетке айналды. Сол себептен, «Бүгінгі сабақ ұнады ма?» деген сұраққа оқушылар өз пікірлерін стикерге жазып білдірді. Мысалы, балалардың кейбір жазбаларын оқып кетсем . . .

Формативті бағалаудың мақсаты - аралық нәтижелер негізінде оқыту үдерісінде оқушы мен мұғалімнің әрекетін түзету деп қарастырдым.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру: теория, әдіс-тәсілдер және тәжірибе
Аударма негіздері: теория, әдіс-тәсілдер және практика
Бағалаудың дидактикалық негіздері: тарихы мен формативтік бағалау
Психодиагностика: теория, әдіс-тәсілдер және кәсіби-этикалық талаптар
Оқу нәтижелерін бағалаудың жаңа әдіс-тәсілдері: критериалды, қалыптастырушы және жиынтық бағалау
Әңгіме жанрын оқыту әдістемесі: теория, әдіс-тәсілдер және мектеп тәжірибесі
Тұрлаулы мүшелерді оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері: теория және тәжірибе
Стилистиканы оқыту әдістемесі: теория, принциптер, әдіс-тәсілдер және практикалық жаттығулар
Кәсіпорын мен мүлікті бағалау: теория, әдістеме және қолданбалы тәсілдер
Бастауыш сынып оқушыларына еңбек тәрбиесін беру: теория, әдіс-тәсілдер және эксперимент
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz