Бұлттардың халықаралық топтастырылуы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ

Тақырыбы: Бұлттардың халықаралық топтастырылуы

Тобы: 129-28

Орындаған: Әйтбек Д.

Қабылдаған: Валиева Г.

Шымкент 2020 ж.

Бұлт деп атмосферада белгілі бір биіктікте орналасқан, көзге көрінетін, конденсация немесе сублимация өнімдерінің жиынтығын айтамыз. Бұлттар өте жеңіл болғандықтан ауырлық күші әсер етпей, тек ауада қалқып, желдің әсерінен ғана орын ауысып ады. Ауа ылғалдылығы төмендеген жағдайда бұлттар буланып кеуіп те кетеді, ал керісінше, ылғалдылық өссе бұлт бөлшектері де іріленіп, бір -бірімен қосылып ауырлап, жауын - шашын ретінде төмен түседі. Бұлттар жер бетіне келетін күн сәулелерін өзгертіп қана қоймай, ауа және топырақ, су адарының да жылу режиміне әсер етеді.

Атмосферада вертикальді қозғалыстардың мөлшеріне, қарқындылығын және басқа да факторларға байланысты әртүрлі бұлттар пайда болады. Пайда болу жағдайына қарай бұлттар үш топқа белінеді:

- будақ сипатты бұлттар;

- толқын сипатты бұлттар;

- қатпарлы (қабатты) бұлттар

Бұлттардың орналасу биіктігі олардың көлемі мен құрамына, ауа ылғалдылығы мен температураның биіктік бойынша таралуына конденсация деңгейінің орналасуына тікелей байланысты. әдетте конденсация деңгейі бұлттардың төменгі шекарасымен сәйкес келеді. Конденсация деңгейі мен нольдік изотерма арасында бұлттар тамшылардан тұрады, одан жоғары қарай қату деңгейіне дейін өте суынған тамшылардан тұрады. Ал одан жоғары қарай мұзды кристалдардан тұрады. Құрамына байланысты бұлттар 3 топқа бөлінеді:

- сулы бұлттар;

- мұзды бұлттар;

- аралас бұлттар.

Бұлттар халықаралық классификациясы бойынша, морфологиялық сыртқы белгілеріне байланысты негізгі 10 пішінге бөлінеді. Орналасу биіктігі бойынша барлық бұлттар үш қабатқа және вертикальді бұлттарға топтастырылған. Бұлттардың түрлерін нақты анықтау үшін арнайы «Бұлттар атласы» нұсқаулары қолданылады және халықаралық келісім бойынша олардың латынша атаулары көрсетілген.

Жоғары қабат бұлттары қоңыржай белдеуде 6-13 км биіктік аралығында орналасады:

- шарбы - Сіrris (Сі) ;

- шарбы - будақ - Сіrrосиmulus (Сс) ;

- шарбы - қатпарлы - Сіrrostratus (Сз) .

Ортаңғы қабат бұлттары қоңыржай белдеуде 2-6км биіктік аралығында орналасады:

- биік будақ - Altocumulus (Ac) ;

- биік қатпарлы - Altostratus (As) .

Төменгі қабат бұлттары барлық белдеуде жер беті мен 2 км биіктік аральнында орналасады:

- қатпарлы будақ - Stratocumulus (Sc) ;

- қатпарлы - Stratus (St) ;

- қатпарлы - жаңбырлы - Nimbostratus (Ns) . .

Вертикальді (тігінен ) дамыған бұлттар:

- будақ бұлттар - Cumulus (Си) ;

- будақ - жаңбырлы бұлттар - Cumulonimbus (Cb) .

Пайда болып қалыптасу жағдайына байланысты барлық бұлттар екі генетикалық топқа бөлінеді: массаіші бұлттары және шептік бұлттар.

Массаіші бұлттары біртекті бір ауа массасының ішінде дамып, қалыптасады. Ал шептік (фронттық) бұлттар шеп беткейі бойында дамып, қалыптасады.

Масса іші бұлттарының пайда болуына себеп болатын процестер олар мыналар:

- жылулық және динамикалық конвекция;

-турбулентті араласу;

-толқынды қозғалыстар.

Шептік бұлттардың пайда болуының негізгі себебі - жылы ауаның салқын ауа үстімен көлбеулеп жоғары көтерілуі салдарынан біртіндеп салқындауы болып табылады.

Егер бұлттың ішінде немесе оның астында ауа температурасы теріс таңбалы болса қатты жауын (қар), оң таңбалы болса мұз кристалдары еріп, сұйық жауын (жаңбыр) жауады. Біртекті бұлттарды, яғни тек тамшылардан емесе тек мұз кристалдарынан тұратын бұлт массасын коллоидті - тұрақты -дейді. Әсіресе ондағы бұлт элементтерінің размерлері біркелкі болып келсе ол -коллоидті өте тұрақты болады, яғни ондай бұлтгардан жауын жаумайды немесе жауын тамшылары түзілу үшін ұзақ уақыт қажет. Мысалы, шарбы - будақ (Сс), биік - будақ (Ас), қатпарла - будақ (Sс) және будақ (Сu) бұлттар коллоидті -тұрақты болып келеді.

Фазалық құрамы және элементтерінің размерлері әртүрлі болып келетін бұлттарды коллоидті тұрақсыз бұлттар дейді. Ондай бұлттарда бұлт және элементтері жылдам іріленіп жауын жауады. Мысалы, қатпарлы - жаңбыр (Ns) -не будақ - жаңбыр Сb бұлттары коллоидті өте тұрақсыз болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауа райы және климат
Стратосфералық бұлттар түрлері
Аспан әлеміндегі ең көп таралған объектілер - жұлдыздардың эволюциясы
Бұлт.Бұлттылықтың жылдық,тәуліктік жүрісі
Атмосфераға антропогенді әсердің ықпалы
Метеорологиялық станцияның Техникалық жұмысын құрастыру
Қазақстандағы бұлттылық сипаттамасы
Ауа райы жəне климат
Бұлттардың түрлері
Бұлт түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz