Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, қылмыстың пайда болуына әсер ететін факторлар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Тақырыбы: Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, қылмыстың пайда болуына әсер ететін факторлар

Орындаған: Нақыпұлы Нұркелді
Тексерген: Мамытбаева В.Г.

Жоспары
1.Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, қылмыстың пайда болуына әсер ететін факторлар
2.Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтын алдын -- алу

Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, қылмыстың пайда болуына әсер ететін факторлар
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ -- қоғамға, мемлекетке, тұлғаға кауіпті зиян келтіретін, қоғамға жат іс-әрекет. Құқық бұзушылық түрлері: азаматтық құқық бұзушылык (жеке адамға, азаматтың не ұйымның мүлкіне зиян келтіру), әкімшілік Құқық бұзушылык (мысалы, жол қозғалысының ережелерін бұзу), тәртіптік теріс қылық (жұмысқа келмеу), т.б.Құқық бұзушылықтың ең кауіпті түрі -- кылмыс. Құқық бұзушылық заң бойынша тиісінше азаматтық, әкімш., тәртіптік, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Жасөспірімдердің арасында қылмыстың көптеп таралуы зерттеушілердің көңілін алаңдатып отыр. Бұл қылмыстың таралуының себептерін анықтау мақсатында арнайы зерттеу жұмысын жүргізуге итермеледі. Негізгі себептерін үлкен үш топқа бөлуге болады:
Социологиялық фактор: Қоғам және мәдениет кұрылымдарына байланысты;
Психологиялык фактор бойынша: Белгілі адамның мінезінің ерекшелігімен қарым-қатынас ерекшелігіне байланысты;
-Биологиялық фактор: Физикалық және органикалық элементтерінің әсерінен;
-Социологиялык фактор: Қылмысқа әсер ететін, социологиялык факторлардың ішінде, зерттеу нәтижесінде, келесі себептер көп кездескен:
Төменгі экономикалық -- қоғамдық статус;
Мәдениеттегі зорлық және бұқаралық ақпарат кұралдары;
Алкоголь және наркотикалық заттар;
Құрдастарының әсері;
Отбасындағы психологиялық және атмосфералық жағдай.
Төменгі экономикалық-қоғамдық деңгей және кедейшілік әсер етеді. Көбінде қылмысқа, жұмыс және білім алатын жағдайлары жоқ, өз өміріндегі жағдайларға көңілі толмайтындар барады. Сонымен қатар қылмысты жоғарғы өкілдердің (бизнесмен, бай адамдардың) балалары жасайды. Себебі, олар материалды жағдайдан қиыншылык көрмейді. Тек орташа тұратындардың жасөспірім балалары қылмысқа сирек барады. Бай өкілдердің балаларын көбінде айып төлеп босатса, кедей балалардың ата-аналары айып төлеп, шығара алмағандықтан, олады тұткынға алып жазалайды.
Байлық, мәдени құндылықтар, өмір стилі:
Қазіргі жасөспірімдердің көбінде автокөлігі, калталы ақшасы болады. Яғни, осы ақшаға жасөспірім шылым,алкоголь,наркотикалық заттар сатып алуына мүмкіндігі бар. Олардың өмірі біршама белсенді өтеді -- кездесулер; ойын- сауық, би кештері; рок-концерттер; достарымен көкке, табиғатқа барады. Бірақ, бұлардың көбі кешке, түнде болып тұрады. Бұл кезде көшеде көп адам кездеспегендіктен, оларды бақылаушылар аз болғандықтан, жеткіншектер бұзақылық жасап, кейде ойын-сауық үшін кылмыс жасауға шейін барады.
Жасөспірімнің жан дүниесі нэзік,сезімтал болып келеді. Үлкендердің айтқан сөздерін, іс-эрекеттерін, бұкаралык акпарат кұралдарынан (теледидар, газет, журналдардан т.б.) көргенінің барлығын тез кабылдап, шындық көреді. Міне, сондыктан да лас ақпарат көздері мен телехабарларда үнемі беріліп отыратын кылмыс хроникасындағы жағымсыз мәлеметтер жастардың нәзік көңіліне, жан дүниесіне қатыгездікпен жүгенсіздік ұрығын себуде. Акпарат кұралдары катігез кылмыскердің іс-эрекетінің егжей -- тегжейін жазып, жасөспірімдерге сабак болар десе, кейбір жасөспірімдер, осы кылмысты жасаған кылмыскер қандай сезімде болды екен деп, сол қылмысты кайталайтыны кездесіп жатады.
Жасөспірімдер қазіргі кезеңде тез өзгермелі мәдениетте, хаос және тұрақсыз, кұбылмалы ортада өмір сүреді. Мұның өзі қылмыстың жоғарылауына әсер етеді. Бұрынғы баға жетпес құндылықтар күмәндану, сенімсіздік сезімдерін тудыра бастады. Мысалы, отбасы ертеректе, сенімді, кауіпсіз ошақ болса, казіргі кезде, жанұядағы келіспеушілік, түсініспеушілік әсерінен үлкен мәселелерге (өз-өзіне қол жұмсау, қылмысқа бару, т.б.), итермелуші себептерінің біріне айналып отыр. Көптеген экономикалық -- саяси мәселелердің пайда болуы, сенімсіздіктің тууына, көптеген наразылықтарға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Жасөспірімнің тұлға ретінде дамуына, қоғамда жүруіне -- жанұядағы психологиялық жағдай жэне атмосфераның әсері үлкен. Ажыраскан отбасылардағы жанұя мүшелерінің бір-бірімен аддекватты емес карым- катынаста болуы жасөспірімді кылмыс жолына итермелейді.
Қылмыстың психологиялык факторы:
Қылмыс жасауға итермелейтін себептердің бірі -- ажырасқан отбасылардың көптеп кездесуі. Яғни, осындай жанұядан шықкан жасөспірімдердің қылмысы. Бірақ айырылыспай әрқашан ұрсыс-керісте болатын жанұя жасөспірімдеріде қылмыс жасауға жақын болып келеді. Сондықтан, басты болып, жанұядағы атмосфера болып табылады. Жасөспірімдер ата-анасының қамқорлығы мен қадағалауынан тыс қалады. Көп жағдайда екі түрлі жынысты жасөспірімдер анасына жакын болып келеді. Бірак, экесі жағынан жақындықтын аз болуынан қылмыстық іс-әрекетке барады, әсіресе ұл балалар. Бұл мәселеге байланысты жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, сексуалды кылмыс жасаған жасөспірімдердің отбасы тату емес, аралары ыстық болмағанын көрсеткен. Сонымен қатар ата-анасының тәрбиелеу моделі де өз ықпалын тигізеді. Мысалы, әке-шешесі бір-бірімен ұрсысып, қарсыласып жүрген отбасынан екі жасөспірім қыз балалар өздерінің агрессивтілігмен және салмақсыздығымен өз құрдастарынан ерекшеленген.
Қылмыстың биологиялык факторы:
Қылмыстардың көбі сырткы себеп бойынша жасалады. Бірак, кей жағдайлар да органикалық және биологиялық факторлары тікелей жэне жанама эсер етуі кездеседі. Мысалы, кылмыс жасаған жасөспірімдер арасында бас миының маңдай жазыгының дамымай артта қалуы жиі кездесетінін көрсеткен. Бұның өзі нейрофизиологиялық бұзылыстарына, өз іс-әрекетіне жауап бермеуіне әкеледі. Бірак, бұл танымдық процестің бұзылуы дегенді білдірмейді, тек бұндай жасөспірім өзіндегі білімді пайдаланып қана іс-әрекет жасай алмайтынлығын білдіреді.
Кәмелетке толмагандар арасындагы күкык бұзушылықтың алдын -- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық бұзушылықтың алдын алу
Кәмелетке толмағандармен жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың криминологиялық аспектілері
Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың әлеуметтік мәселесі
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстық
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жағдайы мен кезеңдері
Әлеуметтік мінез-құлықтар және оның түрлері
Кәмелетке толмағандарды жазалаудың тиімділігі
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтық қылмыстық себептері
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ
Криминалдық психологияның пәні мен міндеттері
Пәндер