Калькуляция түсінігі, оның мәні мен объектілері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ

Пән: Қаржылық есеп
Топ:У1Б
Күні:22.04.2020 жыл
Уақыты:14.00-14.30
Пән оқытушысы:Кизатова М.А.
Сабақтың тақырыбы: Калькуляция түсінігі, оның мәні мен объектілері
Жоспары:
1.Калькуляция түсінігі, оның мәні мен объектілері
2.Калькуляциялау принциптері мен тәсілдері
Калькуляция (латынша сalсukatіo кіші шот‚ есептеу) өнімнің бір өлшемін өндіруге‚ жұмыстардың бір өлшемін орындауға‚ қызметтердің бір өлшемін көрсетуге жұмсалған шығынның‚ шығыстың есебі, яғни өнімнің (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) өзіндік құнын айқындау тәсілі. Мұнда жұмсалған шығын калькуляция нысандары, баптары бойынша топтастырылады. Ол құжат (калькуляциялық парақ) түрінде ресімделеді‚ онда шығыс бағыттар (объектілер) және белгіленген баптар бойынша көрсетіледі. Калькуляция өнімнің сапасы мен бәсекеге қабылеттілігін бақылауды жүзеге асыру үшін мағызды рөл атқарады. Калькуляцияны кәсіпорында белгіленген шығындар бабы номенклатурасы (шығындар есебі өнім түрлері бойынша ғана емес, есептік басқа объектілері бойынша жүргізілуі мүмкін болса да) бойынша, өндірілген өнімнің, жұмыстың және көрсетілген қызметтің түрлері бойынша құрастырады.
Басқару есебінің маңызды міндеттерінің бірі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау болып табылады.
Өзіндік құнның калькуляциясы өндірістік шығындар есебі мәліметтері бойынша шығарылған өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнын есептеу. Ол есепті ай соңында барлық нақты жасалған міндеттерді есепке алғаннан кейін есептеледі.
Басқару есебінде ай сайын жалпы тауар шығарудың өзіндік құны мен өзіндік құнның егжей-тегжейлендірген көрсеткіштері мысалы өнімнің жеке түрлерін тауарлық шығару өзіндік құны, бұйым бірлігінің өзідік құны калькуляцияланады.
Өнімнің (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнын калькуляциялауда меншік түрінің барлық ұйымдары 7 Тауарлық-материалдық қорлар есебі бухгалтер есеп стандарттарын және оған әдістемелік ұсыныстарды, сонымен қатар Қорлар ХҚЕС-ын басшылыққа алады. Өндірістік құнды калькуляциялауда қолданылатын өндіріске босатылған материалдық-өндірістік қорларды бағалау тәсілдері, қосымша шығыстарды бөлу әдістері және ұйымның есеп ішінде өзгеріссіз қолданылуы керек.
Кәсіпорын басшылығы нарыққа көшу қазіргі заманғы, құбылмалы жағдайында негізгі басқару шешімдерін қабылдау үшін кәсіпорынның қызметіне үнемі талдау жүргізіп бұруға тиіс, ол үшін көрсеткіштер қатарынан алынатын бастапқы ақпарат қажет, олардың бірі - өзіндік құн.
Өнімнің өзіндік құны - оның шығару мен өткізуге арналған, ақшалай түрде бейнеленген шығындар кәсіпорын өнімнің өзіндік құны өндіріс процесінде табиғи ресурстарын, материалдарды, отынды, энергияны, негізгі құрал-жабдықтарды, еңбек ресурстарын, қолданумен байланысты шығындардан сондай-ақ оны өндіру мен өткізуге шыққан шығындардан жиналады.
Өнімнің өзіндік құнына мыналар кіреді:
* кәсіпорында өнім өндіруге шығатын еңбек, қаржы және еңбек керек-жарақтары шығындары (өндірісті дайындау мен игеру шығындары, өндірісті технологиясы және ұйымдастырумен, тапқырлық жне үнемділікпен байланысты шығындар; техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шығындар; кадр жинақтау, дайындау және қайта даярлаумен байланысты шығыстар; салықтар, өндірісті басқару шығындары және т.б.);
* өнімді өткізуге: буып-түю, орау, сақтау, тиеу мен тасымалдауға; делдалдық қызметке төлеу, комиссиялық алымдар мен сыйақылармен; жарнамаға шығатын шығындармен байланысты шығыстар;
* өнімді осы кәсіпорында өндіру мен өткізуге байланысты емес, бірақ олардың өінмнің өзіндік құнына кіргізу жолымен орнын толтыру жай ұдайы өндірісті қамтамасыз ету үшін қажетті.
Сонымен қатар, өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнына ақаудан, жұмыстың өндірістік себептерге байланысты тоқтап қалуынан болған шығындар, материалдық құндылықтардың кем шығуы, өндірістік зақым (сот шешімі негізінде) алуға байланысты еңбекке қабылеттілігін жоғалту салдарынан жәрдемақы төлеу де кіреді.
Басқару есебі жүйесінде өзіндік құнды жасау, қалыптастыру тәртібі тым реттелмеген. Бұл өзіндік құн салық салу мақсаты үшін емес, басқарушының шығындар жайлы толық түсінігі болуы үшін есептеледі. Сондықтан бұл есеп жүйесінде өзіндік құн шоттарының әр түрлі тәсілдері қолданылуы мүмкін.
Кәсіпорын үшін өз шығындарын басқару мүмкіндігі болуы, өзіндік құнға ықпал ете алуы өте маңызды, яғни өзіндік құнның құрылымы туралы анық сенімді ақпарат қажет. Дәл осындай ақпарат бухгалтерлік басқару есебі жүйесінде пайда болады.
Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығын түрлеріне байланысты отандық экономикалық әдебиетте оның мынадай түрлері дәстүрлі бөлінуде:
* цехтық - тікелей шығындар мен жылпы өндірістік шығыстарды біріктіреді; өнімді дайындауға шыққан цехтың шығындарын сипаттайды;
* өндірістік - цехтық өзіндік құн мен жалпы шаруашылық шығыстар кіретін және өнім өндіруге байланысты кәсіпорынның шығындары;
* толық өзіндік құн - коммерциялық және өткізу шығыстарына ұлғайған өндірістік өзіндік құн. Өндіріспен де, өнім өткізумен де байланысты кәсіпорынның жалпы шығындарын біріктіреді.
Сатуға өндірілген және дайындалған өнімнің толық өзіндік құнын мынадай формуланы пайдаланып есептеуге болады:
Жұмыс күшіне тікелей шығындар + материалдар + қосымша шығыстар = өндірістік өзіндік құн + өткізу шығындары + әкімшілік шығыстары = рентабельділік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығындар түсінігі, есебі және талдауы.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
Шығындар обьектісін дұрыс белгілеу
Басқару есебіндегі қолданылатын шығындарды реттеу
Жалпы өндірістік шығындар
Шығын есебі, мен оның калькуляциялау тәсілдерінің түрлері
Материалдық шығындар есебі
Шығын есебімен калькуляциялау тәсілдерінің түрлері
Зеренді-Астық ЖШС-нің жалпы сипаттама, экономикалық және қаржылық жағдайын талдау
Көмекші өндіріс есебі
Пәндер