Агрометеорология



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Агрометеорология -- бұл метеорологиялық, климаттық және гидрологиялық жағдайларды, ауыл шаруашылығы өндірісіндегі объектілер мен үрдістердің өзара қатынастарын зерттейтін ілім. Оның негізгі метеорологиялық шамаларына әуенің қысымы, ауаның температурасы, ауаның ылғалдылығы, бұлттану, әуенің жауын-шашындары, жел жатады. Бұдан басқа метеорологиялық көрсеткіштерге күн радиациясы, оның спектрлік құрамы, күннің ұзақтығы біріктіріледі. Тап осы жер мен сол мезгілде болған әуенің метеорологиялық нақты шамаларының жағдайы ауа райы деп аталады. Жағрапиялық орнына байланысты белгілі бір аймақтың көп жылдық ауа райының ережесін климат деп атайды.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының жоғары және сапалы өнімін алу үшін агроклиматтық қорларды дұрыс анықтап тиімді пайдаланудың зор маңызы бар. Жергілікті аймақтың метеорологиялық жағдайларына қарай бейімделген топырақты өңдеу, тұқымды себу, өсімдіктерді өсіру кезеңінде күтіп-баптау, өнімді жинау және тағы басқа агротехникалық шараларды сәйкестендіріп, ең тиімді түрлері қолданылады. Әуе. Күн радиациясы. Жер планетасының сыртындағы газ қабатын әуе немесе атмосфера деп атайды. Әуедегі газ қоспаларын ауа дейміз. Оның құрамындағы негізгі газдар: азот (78%), оттегі (21%), аргон (0,9%), көмір-қышқыл газы (0,033%). Одан басқа ауада адамның іс-әрекетінен және табиғи тегіне байланысты қатты және сұйық бөлшектер болады. Оларды аэрозоль деп атайды.
Әуені бес негізгі қабатқа бөледі: тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера, экзосфера. Әр қабаттардың арасында тропопауза, стратопауза, мезопауза және т.б. қабаттары ажыратылады. Жер бетіндегі және әуедегі өтетін физикалық үрдістердің негізгі қуат көзі -- күн радиациясы. Әуеде радиацияның 3 түрі байқалады: тікелей, шашыранды, шағылған. Сәуле қуаты толқындарының ұзындығы бойынша бөлінуін спектр деп атайды. Күн спектірі үш бөлікке бөлінеді: ультракүлгін толқындар, көзге көрінетін толқындар, инфрақызыл толқындар. Фотосинтез үрдісіне спектрдің барлығы емес, тек оның толқындарының ұзындығы 0,38-0,71 мкм болғандары ғана тікелей қатысады. Оны фотосинтетикалық белсенді радиация (ФБР) деп атайды. Тәуліктің жарық кезеңінің ұзақтығы жылдың уақытына және жағрапиялық белдеулеріне байланысты өзгереді. Өсімдіктерді күннің ұзақтығына қоятын талаптарына қарай үш топқа бөледі: қысқа күннің, ұзақ күннің өсімдіктері және бейтарап өсімдіктер.
Топырақ пен ауаның температуралық ережесі. Жер бетіне сіңген күн радиациясы жылуға ауысады. Сол жылудың бір бөлігі жер бетіне жақын әуенің жылуына, судың булануына жұмсалады, ал басқа бөлігі топырақтың төменгі қабатына сіңеді. Тәулік бойы күн радиациясының жерге түсу мөлшері әр түрлі болатындықтан, топырақтың температурасы өте кең аралықта өзгеріп отырады. Топырақта жылудың ауысуы көбінесе молекулярлық жылу өткізгіштігі арқылы жүреді. Топырақтың төменгі қабатына қарағанда оның беткі жылуы жоғары болған кезде (күндіз, жазда), жылу ағымы жер бетінен топырақтың төменгі қабаттарына қарай бағытталады. Топырақтағы температураның осындай жайласуы инсоляция типі деп аталады. Топырақтың үстіңгі қабатының температурасы астыңғы қабаттан төмен болған кезде (түнде, қыста), жылудың ағымы үстіңгі қабатқа қарай бағытталады. Топырақтағы температураның осындай жайласуын сәулелену типі деп атайды. Топырақтың физикалық жылу көрсеткіштеріне топырақтың жылу сыйымдылығы, жылу өткізгіштігі жатады. Топырақтың физикалық жылу көрсеткіштері көбінесе топырақтың ылғалдылығына, түсіне, тығыздығына және құрылымына байланысты өзгереді. Өсімдіктердің тіршілігі белгілі бір ауа температуралары аралығында өтеді. Ауыл шаруашылығы өндірісінде температуралық ереженің қолданбалы көрсеткіштері мыналар: орташа, тәуліктік, айлық, жылдық температуралар; ең төменгі (минималды), ең жоғарғы (максималды) температуралар; температураның өзгеру амплитудасы; белсенді температура жиынтығы. Топырақ пен ауаның жылу ережесін сипаттайтын көрсеткіштері сынап, спирт, биметал, электрлік термометрлердің көмегімен анықталады. Әуе мен топырақтағы ылғал (су). Өсімдіктердің тіршілігінде ылғал (су) маңызды факторлардың бірі болып табылады. Топырақтағы ылғал мөлшері бірнеше көрсеткіштермен сипатталады: өсімдіктердің солу ылғалдылығы, ең төменгі су сыйымдылығы, өнімді ылғал. Әуедегі су буының пайыз мөлшерін ауаның ылғалдылығы деп атайды. Ол бірнеше көрсеткіштермен сипатталады: су буының үлес қысымы, қанықтырылған буының қысымы, абсолютті және салыстырмалы ылғалдылық, су буының тапшылығы, шық нүктесі. Ауа мен топырақтағы ылғал мөлшері әуедегі жауыншашындарға байланысты. Оларды қатты, сұйық және аралас деп үш түрге бөледі. Сұйық жауын-шашындарға ақ жаңбыр, нөсер жаңбыр және сіркіреп жауатын жаңбыр, қаттысына қар, қар мен мұз жармалары, қар түйірі және басқа, ал аралас жауын-шашынға суланған қар жатады.
Солтүстік Қазақстан аумағында жауын-шашынның мөлшері солтүстікте 350 мм-ден (Солтүстік Қазақстан облысы), орталықта (Қарағанды облысы) 200мм дейін азаяды. Жылы кезеңде 117-227 мм ылғал түседі. Қыста жер бедеріне байланысты қалыңдығы 20-60 см қар түседі, ал оның тығыздығы 0,01-0,60 гсмЗ аралығында өзгереді. Солтүстік Қазақстан облыстарында топырақты сыдыра жыртып өңдеу игерілген. Бұл тәсіл топырақ бетінде аңыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауа температурасы
Су ресурстары жағдайының және жер қойынауының мониторингі
Ауаның ылғалдылығы
Метеорологияның даму тарихы
Фитоклимат
Желдің ауыл шаруашылығына тигізетін әсері және күрес шаралары
Метеорологияның даму тарихы туралы
Қазгидромет
Агроклиматтық ресурстар
Ақтөбе облысының бидай өнімділігінің құрылуының агрометеорологиялық және синоптикалық жағдайы
Пәндер