Еліміздегі жоғары оқу орындарының жаңа типтері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

№3 Тапсырмалар:

1. Еліміздегі жоғары оқу орындарының жаңа типтеріне (инновациялық,

зерттеу және т. б. ) сипаттама жасаңыз.

Еліміз жаңа әрі бейтаныс нарықтық қатынастарға көше бастаған қиын-қыстау кезеңде жоғары оқу орындары білім беру жүйесін басқарудың түрлі тетіктерін іздеумен болды. Әсіресе, ғылыми және педагогикалық әлеуетті сақтап қалу мәселесіне баса мән берілді. Жоғары оқу орындарының барлық құрылымдарының тұрақты қызметін қамтамасыз ету, келісімшарт негізінде маман даярлауға көшу, жекелеген құрылымдар қызметін шаруашылық есеп беру негізіне ауыстыру сияқты күрделі қадамдар жасалды.

Қазақстан Республикасының жоғары білім туралы құжат беретін және білім беру, кәсіптік ғылыми бағдарламаларды жүзеге асыратын, заңды құқы бар мекеме жоғары оқу орны болып табылады. Жоғары оқу орындары өзінің іс-әрекетін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы», «Жоғары білім туралы», «Қазақстан Республикасының ғылым мен мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаты туралы» заңдарына, жоғары білім беру саласын реттейтін заң актілеріне, сондай-ақ өз құжырына қатысты Жоғары оқу орындарын (ЖОО) басқарудың басқа да нормативті актілеріне сай жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасына мемлекеттік ЖОО мен қатар мемлекеттік емес те (жекеменшік) ЖОО жұмыс істей алады.

Мемлекеттік ЖООүшін мамандар құрамын және материалдық-техникалық базасын, олардың мәнін және тағы басқа жағдайларын есепке ала отырып: Жоғарғы, бірінші және екінші - үш дәреже белгіленді.

ЖОО дәрежесі туралы Ережені Республика Үкіметі бекітеді.

Құрылтайшы мемлекеттердің бірлесіп қаржыландыру келісім-шарттары негізінде мемлекетаралық органдар мен бірлесіп басқарылатын халықаралық ЖОО ұйымдастырылуы мүмкін.

Мемлекеттiк ЖОО Жоғары бiлiм беру туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бiлiм беру министрлiгiнiң және тиiстi орталық атқарушы органдарының ұсынуымен Республика Үкiметi құрады, қайта құрады және таратады.

Әрбiр жоғары оқу орны (ЖОО) осы Ереже негiзiнде ЖОО қызметiн реттейтiн өз Жарғысы мен Iшкi тәртiп ережелерiн дайындайды және бекiтедi.

Жоғары оқу орынының Жарғысы белгiлi тәртiп бойынша ЖОО бағынышты басқару органдарында тiркеледi.

Жаңадан құрылған мемлекеттiк жоғары оқу орындарында Жарғыны 1 жылға дейiнгi мерзiмге ғылыми кеңес қалыптасқанша құрылтайшы бекiтедi.

Халықаралық ЖОО Жарғысы құрылтайшы мемлекеттердiң үкiметтерiмен бекiтiледi.

Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленетiн бiлiм беру қызметi мен жеңiлдiктерiнiң құқысы ЖОО лицензия берiлген күннен бастап есептеледi.

ЖОО бiлiм беру қызметiн жүргiзу лицензиясы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тәртiбiне сәйкес берiледi және керi шақырылады.

ЖОО бiлiм беру, ғылым және мәдениеттiң орталығы ретiнде басты мiндеттерi мыналар:

- жеке адамның мәдени және рухани дамуы, жоғары бiлiм мен таңдаған кәсiби қызметiне сай мамандығын алу қажеттiлiгiн қанағаттандыру;

- қоғамның жоғары бiлiмдi мамандарының әлеуметтiк-экономикалық қажеттiлiгiн қамтамасыз ету;

- кәсiби және жоғары бiлiмдi ғылыми-педагогикалық мамандар дайындау;

- iргелi, iзденгiш, қолданбалы ғылыми және тәжiрибе құрастырушылық жұмыстарды, сондай-ақ әдiстемелiк зерттеулердi ұйымдастыру;

- басқарушы қызметкерлермен әртүрлi бағытты мамандардың бiлiмiн жетiлдiру мен көтеру;

- қоғамның iзгiлiк, мәдени және ғылыми құндылықтарын жинау, сақтау және көбейту;

- жұртшылық арасында бiлiм тарату, оның бiлiмдiк және мәдени деңгейiн арттыру;

Өзiнiң Жарғысына сай мемлекеттiк Жоғары оқуының құрамына ЖОО немесе заңды тұлға құрылымдарының бiрлiк статусы бар оқу, ғылыми, өндiрiстiк және басқа да бюджеттiк, шаруа есептiк бөлiмшелер кiруi мүмкiн. ЖОО оқу тәрбие кешендерiн, оқу-ғылыми өндiрiстiк бiрлестiктер, ассоциацияларды республикадағы, сондай-ақ шетелдердегi басқа да бiрлестiктердi құруға немесе соларға енуге құқылы.

Жоғары оқу орны барлық құрылымдармен бiрге бiлiм мекемесi - бiртұтас оқу-ғылыми-өндiрiстiк кешен ретiнде жұмыс iстейдi.

Мемлекеттiк ЖОО (филиалдар, оқу және ғылыми институттардан басқалары) құрылымдық бөлiмшелерiн құру Бiлiм министрлiгiн хабардар ете отырып және қалыпты тәртiп бойынша ЖОО Жарғысына түзетулер енгiзе отырып, сол оқу орынының өзi шешедi.

Мемлекеттiк кәсiпорындар, мекемелер және ұжымдарды (бюджеттiлердi қоса отырып), соның iшiнде заңды тұлға статусы бар мемлекеттiк ЖОО жанында немесе құрамында құруды құрылтайшы қалыпты тәртiп бойынша жүзеге асырады.

ЖОО заңды және қаржылық дербестiгi бар аймақтық жекеленген оқу-ғылыми құрылымдарының бөлiмшелерiн құру жергiлiктi атқарушы үкiмет органдарымен келiсу арқылы, Қазақстан Республикасы Бiлiм Министрлiгiмен немесе оның келiсiмiмен өзi бағынатын ведомстволық басқару органымен келiсу арқылы iске асырылады.

Мемлекеттiк ЖОО өзiндегi мемлекеттiк емес ЖОО, сондай-ақ барлық ұйымдық құқылық формалары бар басқа кәсiпорындарға, мекемелер мен ұжымдарға негiзгi де құрылтайшы бола алады.

Жоғары бiлiм алу мақсатымен оқу төмендегi жоғары оқу орындарында жүзеге асырылады: университет (классикалық, салалық университет), академия, институт (және соларға теңдестiрiлген ЖОО-лар) .

Университет (классикалық) - қызметi iргелi ғылыми зерттеулер жүргiзу және жоғары, жоғары оқу орынынан кейiнгi және қосымша бiлiмнiң барлық деңгейiнде ғылымның, техника және мәдениеттiң табиғи-ғылыми, гуманитарлық және басқа бағыттарын кең көлемде оқыту арқылы бiлiмнiң, ғылымның және мәдениеттiң дамуына бағытталған жоғары оқу орыны. Университет, халық арасында мәдени-ағартушылық қызмет атқаратын және ғылыми бiлiмдi таратуға мүмкiндiк туғызатын, бiлiм, ғылым және мәдениеттi дамытудың жетекшi орталығы болып табылады.

Академия (салалық университет) - қызметi ғылыми зерттеулер жүргiзу және жоғары, жоғары мектептен кейiнгi және қосымша бiлiмнiң барлық деңгейiнде ғылым, техника, мәдениет салаларының бiрiн басым оқыту арқылы бiлiмдi, ғылымды және мәдениеттi дамытуға бағытталған университеттiк типтегi жоғарғы оқу орыны. Академия өзiнiң қызмет өрiсiнде жетекшi ғылыми және әдiстемелiк орталық болып табылады.

Институт - ғылымның, мәдениеттiң, техниканың бiрнеше бағыттарында бiлiми-кәсiптiк бағдарламаларды жүзеге асыратын және ғылыми-зерттеулер жүргiзетiн дербес жоғары оқу орыны немесе университеттiң бөлiгi (құрылымдық бөлiмшесi) .

2. Қазақстанның Болон процесінің өлшемдерін (негізгі, факультативтік,

ұсынбалы) жүзеге асыру дәрежесін сараптаңыз: барысы, жетістіктері,

проблемалары мен болашақ жоспарлары.

Қaзaқстaн Республикaсындaғы жоғaры білім және білім беру жүйесі. ҚР жоғaры білім берудегі реформaлaр. 2005-2010 жылдарға aрнaлғaн Қaзaқстaн Республикaсының мемлекеттік білім беруді дaмыту бaғдaрлaмaсы. 2020 жылға дейінгі Қaзaқстaн Республикaсының мемлекеттік білім беруді дaмыту бaғдaрлaмaсы. Университеттік білім беру. Қaзaқстaндaғы жоғaры білім беру тaрихы. Оқытудың кредиттік жүйесі. Болон үдерісі.

Қaзaқстaн Республикaсының білім беру жүйесі өзaрa бaйлaнысты болaтын: 1) жеке меншіктік формaсынa, түріне және типтеріне тәуелсіз білім беру ұйымдaрының; 2) білім берудің әртүрлі деңгейіне aрнaлғaн бaғдaрлaмaлaр мен білім берудің жaлпығa міндетті мемлекеттік стaндaрттaрдың сaбaқтaс тәртібінің; 3) білім беру бaғдaрлaмaсының орындaлуын және білім беру жүйесінің дaмуын қaмтaмaсыз ететін, білім беруді бaсқaрaтын ұйымдaр және оғaн қaрaсты мекемелердің («Білім турaлы» ҚР Зaңы) жинaғынaн тұрaды.

Қaзіргі тaңдa әлемде білім берудің келесідей моделдері қaлыптaсты.

Қaзaқстaндық модель - жaлпығa білім беретін ортa мектеп, гимнaзия, лицей, кәсіби мектеп, лицей, колледж, aрнaулы білім беретін мектеп, университет, институт, aкaдемия, мaгистрaтурa, докторaнтурa.

Қaзaқстaндa білім беру жүйесінің реформaсы қaрқынды жүргізіліп жaтыр. 2007 жылғы ҚР-дaғы білім беру жүйесінің құрылымы 6-суретте көрсетілген. 2007 жылдaн бaстaп бұрынғы aспирaнтурa мен докторaнтурa жүйесі жойылып, оның орнынa PhD докторaнтурa енгізілді. Осы жылдaн бaстaп мaгистрaтурa жоғaрғы оқу орнынaн кейінгі білім беру деңгейіне aуыстырылды. Қaзірде бұл жүйе Қaзaқстaн Республикaсының 2007 жылғы білім турaлы зaңынa және ҚР-дaғы білім беруді дaмыту бaғдaрлaмaсынa сәйкес өзгертілді.

Қaзaқстaн кредиттің aмерикaлық жүйесін енгізді. Кредиттерді aудaрудың Қaзaқстaндық жүйесі (КCTS) жaсaлғaн. Қaзіргі күні Қaзaқстaнның кейбір университеттерінде ЕСТS жүйесі де енгізіле бaстaды.

ОКЖ мaңызды әдіснaмaлық құрaмдaс бөлігі студенттің өз бетінше білім aлуынa бaғыттaлғaндығы болып тaбылaды. Оқытудың кредиттік технологиясын енгізу жоғaры білім берудің мaзмұнын кредит-сaғaтпен өлшеуге негіз болaды, бұл оқу білім беру бaғдaрлaмaлaрын сaлыстыруғa мүмкіндік береді, яғни студенттер мен мaмaндaрдың тұтaстығынa себеп болaды.

Болон процесіне қосылған соң Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер болды.

1. Қазақстандық жоғары оқу орындарының қазіргі таңда әлемнің 650 университеті қол қойған Университеттердің Ұлы Хартиясына қосылуы орын алды. Бұл отандық білім беруді еуропа стандарттарына жақындатуға мүмкіндік береді. Ұлы Хартияға 60-тан аса қазақстандық университеттер қол қойды.

2. Болон декларациясының принциптеріне негізделген, мамандарды дайындаудың үштік моделі жүзеге асырылды: бакалавр - магистр - PhD доктор.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуы туралы Ұлттық баяндаманың мәліметтері бойынша магистранттарды дайындау еліміздің 118 университетінде жүргізіледі, онда 32 527 адам білім алады, оның ішінде 16 220-ы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқиды. Бітіру кезінде магистранттардың 92%- ы қорғап шығады.

Жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестікте 16 жоғары оқу орнында PhD докторларын дайындау жүргізіледі. 2014 жылғы докторанттар саны 2063 адамды құрады.

3. Жоғары оқу орындарының оқу процесіне озық технологиялар мен оқыту жүйелері енгізілді: барлық жоғары оқу орындарына оқытудың кредиттік технологиясы енгізілді, 38-інде қос дипломды білім беру, 42-інде қашықтықтан оқыту жүзеге асырылады. Дублин дексрипторларына сәйкес модульдік білім беру бағдарламаларын, силлабустарды әзірлеу жүзеге асырылуда, Ұлттық біліктілік шеңбері құрылды.

4. Студенттердің академиялық ұтқырлығы аясында сынақтық бірліктерді қайта есептеу негізіне ECTS (European Credit Transfer System) қабылданды, ECTS бойынша жаңа нұсқаулық (2015 жылғы 14-15 мамырда Ереван конференциясында білім министрлерімен бекітілген) енгізілуде.

5. ҚР БҒМ профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің академиялық мобильділігіне қаражат бөледі, сондай-ақ жоғары оқу орындары тарапынан да академиялық мобильділікке қаражат бөлінеді.

Болон процесі және академиялық ұтқырлығы орталығының 2014 жылғы ресми мәліметтеріне сәйкес 52 жоғары оқу орны 1726 шетел ғалымдарын шақырған (2013 жылы - 1 533 адам, 2012 жылы - 1 349 адам, 2011 жылы - 1 717 адам, 2010 жылы - 418 адам, 2009 жылы - 389 адам) .

Еуропа мемлекеттерінен - 785 ғалым, Шығыс Азиядан - 85 ғалым, Оңтүстік Шығыс Азиядан - 32 ғалым, АҚШ-тан - 140 ғалым, Ресей Федерациясынан - 498 ғалым, Беларусь Республикасынан - 28 ғалым, басқа мемлекеттерден - 158 ғалым шақырылған. Шетелдік оқытушылар мен кеңес берушілерді шақыру мемлекеттік тапсырыс аясында және жоғары оқу орнының бюджеттік емес қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

2009 жылдан 2014 жылдар аралығында барлығы 6927 шетелдік ғалымдар мен кеңес берушілер шақырылған.

Академиялық ұтқырлықты дамыту мақсатында 2014 жылы жоғары оқу орындары шетелге 1 семестрден кем емес мерзімге 805 студентті жіберді. Оның ішінде 740 адам Еуропаға, АҚШ-қа - 52, Шығыс Азияға - 12, Ресей Федерациясына - 1 адам барды. Мемлекеттік бюджет есебінен 2014 жылы шетелде 616 бакалавр және 189 магистрант білім алды.

Тұтастай алғанда, әр түрлі мамандықтар бойынша 2011 жылдан бастап академиялық ұтқырлық бағдарламасы жүзеге асырылған кезеңде бакалавриаттың 1520 студенті және 1042 магистрант шетелде білім алған.

6. Салғастырмалы критерийлер мен әдіснаманы әзірлеу мақсатында сапаны қамтамасыз етудегі еуропалық ынтымақтастыққа көмектесу үшін ҚР БҒМ Аккредиттеу агенттіктерінің ұлттық тізімін құрды, оның ішіне Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз агенттігінен (IQAA) басқа тағы бір ұлттық және 8 шетелдік агенттік енді. 2009-2015 жылдар аралығында БСҚА 50 жоғары оқу орнын институционалдық аккредиттеуден және 1100 бағдарламаны аккредиттеуден өткізді, әлемнің 25 мемлекетінен 153 шетелдік сарапшы, 1100-ға жуық отандық сарапшы, оның ішінде 190 студент пен 200-ден аса жұмыс берушілер шақырылды. Агенттікте Жоғары білім берудің еуропалық кеңістігінде жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етуге арналған стандарттар мен нұсқаулықтарды аккредиттеу стандарттарымен үйлестіру жұмыстары жүргізілуде.

2014 жылғы Ұлттық баяндама мәліметтері бойынша, жалпы 115 жоғары оқу орнының 66-сы (57%) ұлттық институционалдық аккредиттеуден өтті.

Халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің 139 мамандығы бойынша 22 қазақстандық оқу орны (19%) өтті.

Институционалдық және бағдарламалық аккредиттеу стандарттарына сәйкес сапаны қамтамасыз етудің ЖОО-ішілік жүйесін ендіру және ЖОО-ның қызметін сыртқы бағалауға студенттер мен жұмыс берушілерді тарту жүзеге асырылып, жұмыс берушілер мен студенттер қатарынан сарапшылардың кеңейтілген базасы құрылуда.

Еліміз Болон үдеріcіне 2010 жылдың 11 наурызда Венгрия астанасы Будапеште өткен Еуропа елдері білім министрлерінің ІІ форумында қосылды, сөйтіп 47-ші мемлекет болып оның тең құқылы мүшесі атанды.

Жалпы, бұл міндет - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың отандық білім беру жүйесін дамыту туралы тапсырмаларын, сондай-ақ «Еуропаға жол» бағдарламасының баптарын жүзеге асыру аясында іске асырылды. Қазақстандық білім беру жүйесі үшін тарихи саналатын осы оқиға еліміздің Еуропалық жоғарғы білім аумағына кіруінің бастамасы болды. Будапештегі форумда сөз сөйлеген сол кездегі ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев: «Қазақстанды Болон үдерісіне қосу туралы оң шешімнің қабылдануы біздің елімізде жоғары білім саласында жүргізіліп жатқан реформаларға еуропалық академиялық топтар тарапынан берілген жоғары баға болып табылады», - деп атап көрсеткен еді.

Айтылып та, жазылып та жүргенімен жұртшылық арасында «Болон үдерісі дегеніміз не?» деген мазмұндағы сауалдың туындап жататынын естиміз. Сондықтан да бұл ұғымға аз-кем түсініктеме бере кетуді жөн санап отырмыз. Болон үдерісі дегеніміз - жоғары білімнің ортақ еуропалық кеңістігін құру мақсатында Еуропа елдерінің білім жүйелерін жақындастыру және үйлестіру үдерісі болып табылады. Бір сөзбен айтқанда бұл - еуропалық білім кеңістігін құруға бағытталған кешенді шара. 1088 жылы Италияның Болонья қаласында іргесі қаланған Болон университеті әлемдегі тұңғыш жоғары мектеп болып саналады. Болон үдерісіне қосылу қазақстандық жоғары оқу орындарына отандық білім беру бағдарламаларын еуропалық стандарттарға сәйкестендіруге, студенттер мен оқытушылардың академиялық икемділігін қамтамасыз етуге, қазақстандық дипломдардың Еуропада танылуына және түлектердің шетелдерде жұмысқа орналасуына мүмкіндіктер береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беруді қамтамасыз етудің қаржылық тетігі және оны дамыту
Дене тәрбиесі сабақтарының топтастырылуы
1917-1980 жж. Кеңестік мектеп және педагогика
Шағын жинақталған мектеп жұмысы
Қазақстан Республикасындағы еңбекпен қамту және жұмыссыздықты бағалау модельдері
Оқытуда жаңа инновациялық әдістер мен технологияны қолдана отырып оқушының құзыреттілігін қалыптастыру
Қазақстан Республикасында орман шаруашылығын басқару жүйесі туралы ақпарат
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары
Қазақстан Республикасындағы білім саласын мемлекет тарапынан реттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz