К. Линнейдің Табиғат жүйесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
К.Линнейдің "Табиғат жүйесі"

Карл Линней (1707-1778) - тірі табиғатты жүйелеуде аса зор еңбек сіңірген швед ғалымы. Ол түрдің табиғи жан-жақтылығын және ақиқат барлығын айта келіп, түр-құрылысы жағынан ұқсас, көбеюі кезінде өздеріне ұқсас ұрпақ беретін көптеген туыстас ағзалар жиынтығы деді. Линней түрді латын тілінде қос атпен атауды (биноминальдық номенклатура) тәжірибе енгізіп, оны жүйелеуге негіз етіп пайдаланды. Жақын түрлер туысқа, туыстар отрядқа, отрядтар класқа біріктірілді. Линней барлық өсімдіктерді гүліндегі аталықтары мен аналығының саны, пішіні, көлемі және құрылысына қарай 24 класқа, ал жануарларды тыныс алу және қанайналым мүшелерінің құрылысына қарай 6 класқа топтастырды. Жануарлар кластарына: сүтқоректілер, құстар, сұмпайылар, балықтар, бунақденелілер және құрттарды жатқызды.

Ең соңғы құрттар класына Линней қарапайымдарды, тікентерілілерді, тіпті дөңгелекауыздыларды да енгізді. Линнейдің құрастырған жүйесі жасанды деп аталады, өйткені бұл жүйе түрлер арасындағы туыстықты емес, ұқсастықты ғана көрсететін жүйе болды. Линней табиғат туралы метафизикалық, көзқараста бола отырып (түр өзгермейді деп есептегенімен) адамның жануарлар дүниесіндегі орнын дәл тауып, оны адам тәрізді маймылдармен қатар бір отрядқа орналастырылды. Тірі табиғатты жүйелеуде жіберген бірқатар кемшіліктеріне қарамастан Линней еңбектері орасан зор бағаланады. Ол өзіне дейінгі ғалымдардың барлығынан да өзгеше, жануарлармен өсімдіктердің ерекше жүйесін ұсынып, түрлердің шығу тегін анықтауға, жүйелеудің одан әрі дұрыс дамуына жол ашты.
Түрлерді қосарынан латынша атауды енгізді; 8000-ға жуық өсімдіктер мен 4500-ге жуық жануарларды сипаттап, 1000-ға жуық биологиялық терминдер ұсынды. Өмірінің соңғы кезінде Линней түрлердің тұрақты еместігін мойындады.
1749 жылы Ж.Бюффон Табиғи тарих атты көп томдық еңбегінде бейорганикалық заттардан тірі ағзалар (алдымен өсімдіктер, одан кейін жануарлар мен адам) пайда болды дей отырып, түрдің өзгергіштігі жайлы ілімді қолдады. Органикалық дүниенің эволюциясы жөніндегі дұрыс ой-пікірлер Д.Дудроның, Ч.Дарвиннің атасы Эразм Дарвиннің, И.Канттың еңбектерінде де жазылған.
Карл Линнейдің эволюциялық көзқарасы
Қайта өркендеу дәуірінде жинақталған көптеген ғылыми мәліметтерді белгілі бір жүйеге келтіру қажеттігі туындады. Өсімдіктер менжануарлар адам үшін пайдалы және зиянды топтарға бөлінді. Өсімдіктер адамның пайдалану ерекшелігіне сәйкес бақша және дәрілік өсімдіктер деп топтастырылды. Тірі организмдерді мұндай жүйелеу ғалымдарды қанағаттандырмады. Ғалымдар өсімдіктер мен жануарларды құрылысына, тіршілік әрекетіне байланысты белгілі топтарға бөлуге әрекет жасады. Бұл кезде өсімдіктерді және жануарларды жеке сипаттап жазылған еңбектер көп жарық көрді. Енді осындай өсімдіктер мен жануарларды ғылыми тұрғыда жүйелеу кажет болды. Алғашқы кезде ғалымдар өсімдіктер мен жануарлардың бір немесе бірнеше белгілеріне қарап топтастыра бастады.
Тірі организмдерді жүйелеуде көрнекті швед ғалымы Карл Линнейдің (1707 -- 1778 жж.) еңбегі аса зор болды. Ол биологияғылымындағы алғашқы жүйеленім (систематика) ғылымының негізін салушы. 1735 жылы "Табиғат жүйесі" деген еңбегі жарық көрді. К.Линней 8000-нан астам өсімдікке және 4000-нан астам жануарға сипаттама жазды. Ол тірі организмдерді ұқсас белгілеріне қарап:
түрлерді -- туысқа,
туыстарды -- отрядқа,
отрядтарды -- класқа
топтастырды. Ол, осылайша белгілі ретпен жүйелік топтарды сатылы деңгейде белгілеп, әрбір түрді латынның қос сөзімен атауды ұсынды. Мұндағы бірінші сөз -- туыстың, екінші сөз -- түрдің атын білдіреді. Мұны ғылымда түрді қос сөзбен атау (бинарлық номенклатура) деп атайды. К.Линней ұсынған түрді қос сөзбен атау казіргі кезде де колданылады. Оның жүйелеуіндегі ең жоғары жүйелік топ -- класс, ең кішісі -- түр тармағы деп аталды. Кейінгі кездегі ғылымның дамуына сәйкес жануарларды жүйелеуде -- отряд, тип; өсімдіктерде -- қатар, бөлім деген жүйелік топтар косылды. К.Линней өз дәуірінде органикалық дүниені жүйелеудің жетілдірілген жүйесін жасады. Ол сол кездегі ғылымға белгілі өсімдіктер мен жануарларды толық жүйелік топтарға жіктеп шықты. К. Линней, сондықтан да өз заманының көрнекті ғалымы болды.
жоғары жүйелік топтарға жатады. К. Линней өз жүйелеуінде осындай кемшіліктеріне қарамастан, биологиядағы ғылыми жүйелеуге көп үлес қосты. Ол адамды сүтқоректілер класына, оның приматтар(маймылдар) отрядына жатқызып, түрін -- саналы адам (Homo sapiens) деп ғылыми дұрыс жүйеледі. К.Линней өсімдіктерді жүйелегенде көбіне гүлдеріндегі аталықтары мен аналықтарының санына, ал жануарларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Органикалық дүниенің даму тарихы мен өсімдіктердің систематикасы
Алғашқы эволюциялық теория
Ботаниканың қайта өркендеу дәуірі
Тіршіліктің тарихи дамуы туралы көзқарастар
XVIII ғасыр ортасындағы тірі табиғат туралы метафизикалық ұғымдар
Эволюция және прогресс түсініктер қатынасы прогресс критерийлері
Эволюция және Прогресс пен Регресс
Эволюциялық идеялардың даму кезеңдері
Биологиялық адаптация
Эволюциялық ілім
Пәндер