Қылмыстық заң субьектісі



Қылмыстың субьектісі болып қоғамға қауіпті іс.әрекет жасаған және заңға сәйкес сол үшін қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабілетті адам танылады. Қылмыстық кодекстің 4, 6, 7. баптарының талаптарына сай Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің күші Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағындағы азаматтығы жоқ адамдарға, сондай. ақ шетелдікт ерге қолданылады. Бұдан туатын қорытынды, қоғамға қауіпті іс. әрекет үшін қылмыстық жауаптылыққа тек қана тірі адам ­ азамат тартылады. Заттар, жануарлар дүниесі, табиғат күштері келтірген зиян үшін олар қылмыстық жауапқа тартылмайды, яғни бұл аталғандар қылмыс субьектісі болып танылмайды. Егер адам жануарларды немесе табиғи күштерді пайдалану арқылы қасақана немесе абайсыздықпен басқаға зиян келтірсе онда қылмыстық жауаптылыққа сол адамның өзі тартылады. Мысалы, қабаған итке адамды қасақана әдейілеп қаптырса, онда сол адам жөнінде қасақана дене жарақатын келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық мәселесі қарастырылады, ал мұндай жағдайда ит қылмыс субьектісі емес, қылмысты істеудің құралы болып табылады.
Сондай .ақ заңғы тұлғалар . мекеме, ұйым , кәсіпорын және баска да заңды ұйымдар қылмыстық субьектісі болып танылмайды. Қайсы бір кәсіпорын, мекеме, ұйымда еңбек қорғау ережелерінің елеулі , бұзылуы, үшін қылмыстық жауаптылыққа мекеме, ұйым, кәсіпорын емес, сол еңбек қорғау ережелерін кінәлі түрде бұзған лауазымды адам , егер соның салдарынан адамдар қайғылы жағдайға ұшыраса жауатылыққа тартылады. Жаңа қылмыстық кодекстің 14. бабында (1.бөлігі) «есі дұрыс, осы Кодексте белгіленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс » деп тура айтылған. Осыған орай, яғни қылмыс субъектісі болып тек қана жеке тұлға.адам саналады. Бұл субъектінің бірінші белгісі болып табылады.
Қылмыстық заң қылмыстық жауаптылыққа өзінің істеген іс. әрекетіне есеп бере алатын және өзін . өзі басқаруға қабілеті бар адамды, яғни есі дұрыс адамды ғана тарта алады. Адам қоғамға қауіпті іс. әрекет істеген кезде өзінің іс. әрекетіне есеп бере алмаса, яғни қылмысты есі дұрыс емес күйде істесе, онда
ол адамның іс. әрекетінде кінәнің екі нысаны : қасақаналық

Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЬЕКТІСІ
Қылмыстың субьектісі болып қоғамға қауіпті іс-әрекет
жасаған және заңға сәйкес сол үшін қылмыстық жауаптылықты
көтеруге қабілетті адам танылады. Қылмыстық кодекстің 4, 6,
7- баптарының талаптарына сай Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексінің күші Қазақстан Республикасының
азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағындағы азаматтығы
жоқ адамдарға, сондай- ақ шетелдікт ерге қолданылады. Бұдан
туатын қорытынды, қоғамға қауіпті іс- әрекет үшін
қылмыстық жауаптылыққа тек қана тірі адам ­ азамат
тартылады. Заттар, жануарлар дүниесі, табиғат күштері
келтірген зиян үшін олар қылмыстық жауапқа тартылмайды,
яғни бұл аталғандар қылмыс субьектісі болып танылмайды.
Егер адам жануарларды немесе табиғи күштерді пайдалану
арқылы қасақана немесе абайсыздықпен басқаға зиян келтірсе
онда қылмыстық жауаптылыққа сол адамның өзі тартылады.
Мысалы, қабаған итке адамды қасақана әдейілеп қаптырса,
онда сол адам жөнінде қасақана дене жарақатын келтіргені
үшін қылмыстық жауаптылық мәселесі қарастырылады, ал мұндай
жағдайда ит қылмыс субьектісі емес, қылмысты істеудің
құралы болып табылады.
Сондай –ақ заңғы тұлғалар – мекеме, ұйым , кәсіпорын және
баска да заңды ұйымдар қылмыстық субьектісі болып
танылмайды. Қайсы бір кәсіпорын, мекеме, ұйымда еңбек қорғау
ережелерінің елеулі , бұзылуы, үшін қылмыстық жауаптылыққа
мекеме, ұйым, кәсіпорын емес, сол еңбек қорғау ережелерін
кінәлі түрде бұзған лауазымды адам , егер соның салдарынан
адамдар қайғылы жағдайға ұшыраса жауатылыққа тартылады.
Жаңа қылмыстық кодекстің 14- бабында (1-бөлігі) есі дұрыс,
осы Кодексте белгіленген жасқа толған жеке адам ғана
қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс деп тура айтылған. Осыған
орай, яғни қылмыс субъектісі болып тек қана жеке тұлға-
адам саналады. Бұл субъектінің бірінші белгісі болып
табылады.
Қылмыстық заң қылмыстық жауаптылыққа өзінің істеген іс-
әрекетіне есеп бере алатын және өзін - өзі басқаруға
қабілеті бар адамды, яғни есі дұрыс адамды ғана тарта
алады. Адам қоғамға қауіпті іс- әрекет істеген кезде өзінің іс-
әрекетіне есеп бере алмаса, яғни қылмысты есі дұрыс емес
күйде істесе, онда
ол адамның іс- әрекетінде кінәнің екі нысаны :
қасақаналық

пен абайсыздық жоқ деп есептеледі . Қоғамға қауіпті іс-
әрекетін ұғынып, оның мағынасына жетіп, ақылмен, естілікпен
істеген есі дұрыс адам ғана қылмыс үшін кінәлі деп
танылады.
Керісінше, қоғамға қауіпті іс- әрекет істеген кезде
есі дұрыс емес күйде, өзінің іс- әрекеті жөнінде өзіне
есеп бере алмайтын, өз әрекетін басқара алмайтын адам
қылмыс субъектісі бола алмайды. Яғни, қылмыстың субъектісі
болып кез келген адам ғана емес, тек есі дұрыс адам
танылады. Бұл қылмыс субъектісінің екінші белгісі болып
табылады.
Өзінің іс- әрекетін сезу, және оны басқара алу дені
сау адамға туған кезден бастап қалыптасады, пайда болады.
Адам белгілі бңр жасқа толған кезде қалыптасқан өмірлік т
әжірибесі арқылы өзін қоршаған ортадағы құбылысқа дұрыс баға
беру, сол ортаға өзінің іс- әрекетінің пайда не зиян
келтіретінін ұғыну, нақты жағдайларға байланысты іс- қимыл
жасап құқық, мораль нормалары арқылы тыйым салынғандарды
істеу- істемеу немесе ондай қимылдан бас тарту мәселелерін
шешуге толық қабілетті болады. Психолог, психиатр, педагог
және заңгер мамандарың тұжырымына сәйкес мұнда жас мөлшері
16 жасқа толған уақыт деп белгіленген. Осы жасқа толған
жасөспірімдер өздерінің қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
Қылмыстық Кодекстің 15- бабында көрсетілген кейбір қылмыстарды
істегені үшін мұндай жауаптылық одан ертерек жаста -14
жасқа толған уақыттан басталады. Яғни қылмыстық заңда
көрсетілген белгілі бір жасқа толу қылмыс субъектісінің
қажетті белгісінің бірі болып табылады. Сонымен қылмыстың
субъектісі болып қылмыстық заңда көрсетілген жасқа толған,
есі дұрыс жеке адам саналады. Қылмыстың субъектісі жалпы
және арнаулы болып екі түрге бөлінеді. Есі дұрыстық,
заңда белгіленген жасқа толу және жеке адам болу сияқты
белгілер барлық қылмыстарға тән, ортақ белгілер. Бұл
белгілер жалпы субъектінің түсінігін береді.
Жалпы субъектінің осы белгілермен қатар жекеленген
қылмыстық құрамының ерекшелігіне қарай қосымша, арнаулы
белгілерді қадет ететін адам қылмыстың арнаулы субъектісі
болып табылады. Мысалы, мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы
қылмыстың барлығы дерлік арнаулы мемлекеттік қызметшілер
арқылы істеледі. Бұл жерде мемлекеттік қызметші арнаулы
субъект болып табылады, әскери қылмыстарды тек әскери
қызметшілер істеиді, сондықтан әскери қызметшілер де
қылмыстың арнаулы субъектісі болып табылады.

ЕСІ ДҰРЫСТЫҚ ЖӘНЕ ЕСІ ДҰРЫС ЕМЕСТІК.

Жоғарыда аталып кеткендей, қоғамға қауіпті іс- әрекет
істегені үшін есі дұрыс адам заң бойынша жауап беруге
және жазалануға жасы толған адамдар ғана қылмыстың
субъектісі болып табылады. Есі дұрыс емес адамдар қылмыстың
субъектісі болып табылмайды, сол себепті олар қылмыстық
жауапқа тартылмайды. Мұндай адамдарғы істеген іс - әрекеттері
үшін қылмыстық жаза болып табылмайтын медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу щаралары қолданылуы мүмкін (ҚК 89 - 95- баптар).
Адам қоғамға қауіпті іс- әрекетті істеген уақытында өзінің
мінез- құлқының қоғамға қауіптілігін сезетін, ұғынатын және
өзі істеген іс- әрекетін басқара алатын болса, ол есі
дұрыс адам деп саналады. Бұл- есі дұрыстықтың бірінші
белгісі, ал екінші белгісіне адамның қоғамға қауіпті іс-
әрекетін істеген уақытта өзінің іс- әрекетінін мәнін сезіп,
ұғынуы және оны басқаруға қабілетінін болуы қылмыстық
құқықтағы кінә туралы түсінікпен тығыз байлынысты. Яғни,
қоғамға қауіпті іс- әрекетті істеген кезде оны істеушіге
әйтеуір кінәнің бір түрі қасақаналық немесе абайсыздық болуы
тиіс. Өйткені, кінә қылмыстық жауаптылықтың басты, негізгі
алғышарты болып табылады. Өз әрекетінің мәнін түсінбейтін
және өзін- өзі басқаруға қабілеті жоқ адамдарда кінә да
болмайды, сол себепті олар қылмыстық жауапқа тартылмайды.
Қылмыстық кодекстің 16 - бабында есі дұрыс еместіктің
түсінігі берілген. Онда:
1. Осы Кодексте көзделген қоғамдық қауіпті әрекетті
жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни
созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы
кемақылдылығы немесе психикасының өзге де дертке ұшырауы
салдарынан қзінің іс- әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен
қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола
алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс.
2. Есі дұрыс емес деп анылған адамға сот осы Кодексте
көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын
қолданылуы мүмкін,- делінген.
Есі дұрыс еместіктің ұғымын fisgr- hctnrtylt
қылмыстық құқық ғылымы екі белгіні: медициналық
(биологиялық) және заңдылық (психиологиялық) белгіні
қолданылады. Заңдылық белгі
бойынша сот қоғамға қауіпті іс- әрекетті істеген адамның
өзінің

іс- әрекетіне есеп бере алатынын және оны істегенде өзін
басқара алатынын анықтайды.
Медициналық (биологиялық) белгі бойынша қоғамға қауіпті
әрекетті істеген адамның аурулық жағдайына байланысты
болған қабілетсіздігінің себебі анықталады. Адамның кез- келген
аурулық жағдайы осы есі дұрыс емес деп тануға негіз
болмайды сол аурулардың ішіндегі адамға өзінің іс- әрекетін
нақты дұрыс бағалауға бөгет жасайтын аурулар ғана оны
есі дұрыс емес деп тануға негіз болады. Сондықтан
медициналық белгі міндетті түрде заңдылық белгімен қабаттасуы
қажет. Тек осы екі белгі бірдей болған жағдайда ғана
адам есі дұрыс емес деп танылуы мүмкін. Медициналық
белгінің түсініг і сот - психиатрия ғылымы белгіленген жалпы
ережелерге негізделген. Қылмыстық құқық есі дұрыс еместіктің
түсінігін осы ережелерді басшылыққа ала отырып, өз
ерекшеліктеріне сәйкес түсіндіреде. Медициналық белгілерге
қылмыстық заңда төрт түрлі аура жатқызылған:
1. Созылмалы психикалық ауру. Бұл ауруға жазылмайтын немесе
жазылуы өте қиын аурулық жағдайы өрістей беретін аурулар
жатады. Бұған: шизофрения, желікпе, депрессиялық есалаңдық, ми
мерезінін салдарынан үдемелі сал ауруларына ұщырауы,
кәрілікке байланысты дамыған есалаңдық және басқалары.
2. Психикасының уақытша , бұзылуы бұған жататындар: алкогольдіе
есалаңдық, паталогиялық маскүнемдік, белая горячка т. б.
ауралары. Бұл аурулар тез пайда болады, емделген жағдайда
артынан жазылып кетуі де мүмкін.
3. Кемақылдық. Бұл- адамның ақып- ой қабілетінің төмендеуінен
туындайтын аурулар. Мұндай аурулар тұрақты туа біткен ауыр
нерв ауруларың (делбе, энцефалит, мидың зақымдануы) әсеріне
пайда болады. Кемақылдылықтың үш түрі бар. Дебилдік (жеңіл
түрі), имбецильдік ( орташа түрі), идиотия ( ауыр түрі).
4. Психикасының өзге дертке ұшырауы. Бұл сырқаттағы күйге
жататындар психикалық аурулардың қатарына жатпайтын, бірақ
адам психикасының бұзылуна әсер tntny әр түрлі аурулар
жатыды. Бұған әр түрлі жұқпалы аурудың әсерінен адамның
сандырақ күйге түсуі, ауыр жарақаттан пайда болған ми
ісігі немесе нашақорлық finтығынан болған жарақаттар жатады.
Заңдылық ( психиологиялық) адамның өзінін істеген
әрекетіне есеп бере алмауынан (интелектуалдық кезеңнен)
немесе өзінің әрекетін басқара алмауынан (еріктілік кезеңнен)
тұрады.

Интелектуалдық кезеңнін мазмұнына адамның өзінің істеген іс-

әрекетінің шын мәніндегі жағдайын түсінбейтінің, оның қоғамға
қауіпті мәнін, яғни, қоғам, басқалар үшін өз мінез -
құлқының зияндылығын сезбейтінін көрсетеді. Ақыл -ойдың,
бұзылуы еріктің бұзылуына себепкер болып , адамның өзінің
іс - әрекетін басқара алмайды. Кейде адам өзінің әрекетінің
мәнін түсінгенімен, аурулық жағдайына байланысты өзін басқара
алмайтын кезеңдер де болады. Мысалы, наркотикалық аштық
жағдайындағы адам, өзіне жедел - жәрдем көрсетуші медицина
қызметкеріне шабуыл жасап, одан наркотикалық зәрі бар нәрсені
тартып алуда өз мінез- құлқының қылмыс екенін сезеді. Бірақ
та наркотикалық тәуелділікке байланысты еріктілік жағдайының
терең , бұзылуы салдарынан өзін- өзі ұстауға, басқаруға қабілеті
болмайды. Адамды есі дұрыс емес деп тану үшін сот –
психиатриялық сарапшының қорытындысы қажет. Есі дұрыс емес
деп танылғанда медициналық белгінің нышандарының кем дегенде
біреуін және заңдылық белгінің нышандарының интелектуалдық
еріктілік белгілерінің екеуінде немесе аурулық жағдайдың
кейбіреулері үшін тек қана еріктілік белгісін анықтау қажет.
Осы екі белгі қабат болғанда ғана есі дұрыс еместіктің
мәселесі шешіледі. Белгіленген тәрпіппен есі дұрыс емес деп
танылған адамдар қылмыс субьектісі болып табылмайды, демек ,
бұл оның іс-әрекетінде қылмыс құрамының жоқ екендігін
білдіреді. Қылмыстық кодекстің 17 – бабының 2- бөлігінде есі
дұрыс күйінде қылмыс істеген, бірақ сот үкім шығарғанға
дейін өзінің әрекет і жөнінде өзіне есеп беру немесе
өзінің әрекетін басқару мүмкіндігінен айрылып қалған , есі
ауысу дертімен ауырып қалған адамды жазаға тартпау туралы
айтылған . Есі
ауысқан адам сот процесінің мәнін , жазаның мақсаттары мен
мазмұнын дұрыс түсінбейді , мұндайда сот- психиатриялық
сараптың қорытындысына сәйкес, есі ауысуы уақытша деп
танылса, іс өндірістен тоқтатылады да, ондай адамға соттың
тағайындауы бойынша медициналық сипаттағы еріксіз емдеу
шаралары қолданылуы мүмкін. Ал уақытша есі ауысу дертінен
айыққаннан кейін жазалануы мүмкін. Қылмыстық кодекстің 18-
бабында мас күйінде істеген қылмыс үшін ж ауаптылық
қарастырылған. Осы бапқа сәйкес қылмысты мас күйінде
істеген адам (спирттік ішімдікті, есірткі немесе басқа да
есеңгірететін заттарды пайдаланудің нәтижесінде) қылмыстық
жауаптылықтан

босатылмайды. Демек, мұндай адам қоғамға қауіпті іс - әрекеті
үшін қылмыстық жауапқа тартылады. Мастықтың екі түрі
бар. Физиологиялық және патологиялық мастық.
Физиологиялық мастыққа күнделікті кездесетін мастық
жатады. Мұндай жағдайда қылмыс істеген адамды есі дұрыс
емес адамның қатарына жатқызуға әсте болмайды.
Патологиялық мастыққа алкоголь ішімдігін, есірткі немесе
басқа есеңгірететін заттарды үнемі пайдаланудың салдарынан
дертке ұшырап, соның әсерінен өзінің іс- әрекеті туралы есеп
беруден қалған, өзін - өзі басқару қабілетін жоғалтқанда
жатады. Сот- психиатриялық сарапшының қортындысына сәйкес,
мұндай адамдар есі ауысқан деп танылуы мүмкін. Сондай
адамдарға медициналық түрдегі еріксіз емдеу шаралары қ
олданылады. Ал айыққаннан соң өзінің істеген қылмысы үшін
жалпы тәртіппен жазалануы мүмкін. Жаза тағайындалғанда мас
болудың себебі, мастықтың дәрежесі және оның қылмыс істеуге
ықпалы есепке алынады. Қайсыбір жағдайларда сот адамның мас
күйде қылмыс жасауын жауаптылыққа ауырлататын мән - жай деп
тануы да, танымауы да мүмкін (ҚК 54- бабы, 1- бөлігі, м
тармағы және 3- бөлігі).

ҚЫЛМЫС СУБЬЕКТІСІНІҢ ЖАСҚА ТОЛУ БЕЛГІСІ.

Жоғарыда атап өткеніміздей, қылмыстың суюъектісі болып
заңда көрсетілген жасқа толған, есі дұрыс адам саналады.
Адамлы қылмыстық жауапқа тартудың ең негізгі шарттарының бірі
оның белгілі жасқа толуы болып табылады. Өте жас балалар
қылмыстың субъектісі бола алмайды. Өйткені, олар өздерінің
тым жастығына сәйкес жеткілікті жағдайда өздерінің қоғамға
істеген зиянды іс - әрекетіне жауап бере алмайды және
өздерінің қылықтарына жауап бере алмайды. Сондықтан қылмыстық
заң өзі арнайы көрсеткен жасқа толмаған жасөспірімдерді
қылмыстық жауапқа және жезеға тартуға тиым салады. Кәмілетке
толмағандардың жас мөлшері және олады қылмыс субъектісі деп
тану мәселесі Қылмыстық кодекстің 15- бабында арнайы
көрсетілген. Осы бап бойынша қылмыстық жауапқа қылмыс істеген
уақытқа дейін он алты жасқа толған адамдар тартылады.
Қылмыс жасаған кезде он төрт жасқа толған адамдар
кісі өлтіргені ( 96 - бап ), денсаулыққа қасақана ауыр зиян
келтірген ( 103- бап), ауырлататын мән- жайлар кезінде
денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтігені үшін (
104- бап, II бөлігі ), зорлағаны ( 121- бап ), адамды ұрлағаны
( 125 – бап ), ұрлық жасағаны ( 175 - бап ), кісі тонағаны ( 178
- бап ), қарақшылық істегені ( 179- бап ), қорқытып алғаны (
181- бап ), а уырлататын мән - жайлар кезінде афтомобилді немесе
өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатын көздемей заңсыз
иеленгені ( 185-баптың II - III - IV бөліктері ), ауырлататын
мән - жайлар кезінде мүлікті қасақана жойғаны немесе
бүлдіргені ( 187 - баптың II - III бөліктері ), терроризм ( 233 -
бап ), адамды кепілге алу ( 242 - бап ), қару жарақты , оқ -
дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құралдарды ұрлағаны не
тқорқытып алғаны ( 255 - бап ), ауырлататын мән – жайдағы
бұзақылығы ( 257 – баптың II – III бөлігі ) вандализм ( 258 - бап
) ауырлататын мән - жайлар кезінде қайтыс болған адамдардын
мүрдесін және олардың жерленген жерін қорлағаны ( 275 - бап, II
бөлік ), көлік құралдары немесе қатынас құралдарын қасақана
жарамсыз еткені ( 299- бап ) үшін қылмыстық жауапқа тартылуы
тиіс.
Бұл тізбекте келтірілген қылмыстар тізбегі тұжырымды,
оны кең мағынада талқылауға болмайды. Осы көрсетілген
қылмыстардың қоғамға қауіптілігін 14 жасқа толған әрбір адам

сезеді , өз әрекетінеесеп береді, сол себепті де заң
шығарушы көрсетілген қылмыстар үшін жауаптылықты 14 жасқа
толған уақыттан бастап белгілеп отыр.

Қылмыстық заң қылмыстық жауапқа 16 жастан, ал
кейбір заңда арнаулы көрсетілген қылмыстардың түрі үшін 14
жастан тартылатынын белгілегенімен, кейбір әрекеттің мәнінің
ерекшелігін және субъектінің ерекше белгілеріне қарай,
қайсыбір қылмыстардың субъектісі болып, жасы кәмелетке толған
адамдар ғана тартылады . Мысалы, кәмілетке толмаған адамды
қылмыстық іске тарту - 131 - бап әскери қылмыстарда ( 16 -
тарау ) қылмыстың субъектісі болып тек жасы 18-ге толған
адамдар ғана танылады. Қылмыс істеген, кәмілетке толғандардың
жасы, туған жылы, айы - күні дәлме – дәл анықталуы қажет.
Адамның белгілі бір жасқа ( 14, 16, 18, 25 ) толуы дәл
туған күнімен емес, одан кейінгі тәуліктен бастап
есептелінеді. Кәмәлетке толмеғандардың жасы сот - медициналық
сарапшаның қорытындысы бойынша анықталғанда, оның туған күні
болып сол аталған жылдың сонғы айының соңғы күні ( 31
–желтоқсан ) танылады.
Кәмілетке толмағандар жөніндегі істерді қарағанда
соттар айыпкердің кім екендігін, оның тәрбие және өмір сүру
шарттарын, қылмыстық ниетін, істеген қылмысының себебі мен
жағдайын толық есепке ала отырып, оларға тәрбиелік
сипаттағы шараларды қолдануды немесе жаза тағайындау мәселесін
шешуі қажнт.
Қазақстан Республикасы Жоғары Соты пленумінің 1999
жылдың 30 сәуіріндегі Қылмыстың жаза тағайындаған кезде
соттардың заңдылықты сақтауытуралы №1 қаулысында осындай
мәселелерге ерекшк назар аударылған. Онда Егер қоғамға онша
зиянды емес қылмыс жасаған он сегіз жасқа толмаған
адамға қылмыстық жаза болып қолданбай – ақ түзелуі мүмкін
деп тапса, сот ондай адамға қылмыстық жаза болып
табылмайтын басқа шаруаларды қарастырады. Жасөспірімдер жөніндегі
істі қарағанда сот айыпкердің жеке басына байланысты
мәліметтерді олардың өмір сүру және тәрбиелік жағдайларын,
қылмысты істеуінің себептері мен оған әсер еткен мән -
жайларды, ересектердің оларды қылмысқа итермелеудегі, тартудағы
әсерін анықтаумен бірге оларға жаза тағайындауда тәрбиелік
әсері бар мәжбүрлеу шараларын да қарастыруы керек делінген.
Егер кәмілетке толмаған адам осы баптың бірінші
немесе

екінші бөлігінде көзделген жасқа толса , бірақ психикасының
бұзылуына байланысты емес психикалық даму жағынан артта қалуы
салдарынан кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысты
жасау кезіндегі өзінің іс - әрекетәнәі ( әрекет сіздігінің ) іс
жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемінде
түсіне алмаса не оған ие бола алмаса , қылмыстық жауапқа
тартылуға тиіс емес ( 15 - бап, 3- бөлңгң) .
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мен оларға
жаза тағайындаудың ерекшеліктері Қылмыстық кодекстің IV
бөлімінде ( 78 - 87 баптарда ) арнайы қарастырылған.

ҚЫЛМЫСТЫҢ АРНАУЛЫ СУБЪЕКТІЛЕРІ.

Кейбір қылмыстық құрамдар үшін қылмыстың субъектісі
болуға есі дұрыстық, заңда белгіленген жасқа толу
жеткіліксіз, ондай құрамдарға субъект болу үшін осы
көрсетілген белгілердің үстіне басқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстың арнайы субъектісі
Қылмыстық субъект
Қылмыс құрамы және қылмыс субъектісі
Арнайы субъектінің белгілері
ҚЫЛМЫС СУБЪЕКТІСІНІҢ ЕРЕКШЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қылмыстың субъектісі
Қылмыстық құқық туралы
Қылмыс субъектісінің түсінігі және белгілері
Қазіргі уақыттағы қылмыстық құқықтағы заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығы мәселелері
Арнаулы субъектілердің қылмысқа қатысуы
Пәндер