Қазақ хандығының тарихнамасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
Алғысөз
Кейстің мақсаты: Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюын тарихи
үрдістер негізінде студенттерге тарихи сана қалыптастыру болып табылады.
Кейстің міндеттері:
- Қазақ хандығы мен халқы жайлы орыс және европалық жазба деректерге
талдау жасау;
- Қазақ хандығының тарихнамасының деңгейін анықтау;
- Қазақ хандығының құрылуы және нығаюын дереккөздері арқылы айқындау;
- Қазақ хандарының міндеттері мен құқықтарын анықтау;
- Қазақ хандарының тұлғалық роліне баға беру;
- Қазақ билерінің қоғамның топтасуындағы роліне талдау жасау;
- Жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ халқының күресінің тарихи маңызын
анықтау,
-Проблемалық сұрақтар негізінде студенттердің қазақ хандығы туралы
білімі мен біліктілігін бекіту;
-Қазақ хандығының жылнамасын жасау.
Аталған мақсат пен міндеттерге жетуде кейстік технологияны басшылыққа
аламыз.Соңғы кезде заманауи білім берудің технологиялары мен әдістерінің
арасында кәсіптік білім берудің кейс-әдісі ерекше орын алады. Ол
студенттердің өзіндік жеке немесе топтық жұмысына бағытталған. Онда
студенттер коммуникативтік шеберлікті меңгереді. Оқу аудиториясыңда оқытушы
орнатқан дискуссия процессінде, студентпен бірге қарастырылып отырған
жағдай қатар дамып отырады. Дискуссияны жүргізе білу, оны әдепті түрде
бағыттап отыру, сабырлы түрде жетекші сұрақтар қою, қабылдайтын шешімнің
аяқталу фазасына студенттерді жетектеу - оқытушы қызметінің маңызды бөлігі.
Бұл әдістің маңызы, оқу материалын студенттерге проблема ретінде (кейс)
жеткізілетіндігінде, ал білімге болса белсенді және шығармашылық жұмыстың
нәтижесінде ие болады: қажетті ақпаратты өз бетінше жинақтау, оны әр түрлі
көзқарастан қарастыру, гипотезаны, қорытындыны ұсыну, білім алу процессінің
өзін-өзі бақылауы мен нәтижелері.
Cаsе сөзі ағылшын тілінен аударғанда оқиға, жағдай, іс, неме
портфель, чемодан, сөмке, папка (яғни студенттердің жұмысына арналған
құжаттар пакеті) деген мағынаны білдіреді.
- Кейс - бұл оқу аудиториясында талқылауды тудыру үшін, студентгер
талқылауға әкелу, жағдайды сараптауға және шешім қабылдау үшін, авторлар
баяндаған, белгілі бір әрекет өрісінде болған шынайы оқиға,сонымен қатар,
оқиғаны түсінуге мүмкіндік беретін біріңғай ақпараттық жинақ.
Кейстер әр түрлі формада ұсынылуы мүмкін: бір беттегі бірнеше
сөйлемдерден көптеген беттерге дейін.
Кейсті ұсыну түрлері: баспа, мультимедиа, бейнелік.
Кейстер дайындау әдісі бойынша типтік болуы мүмкін: кітапханалық,
қөпшіліктік, классикалық және іс-бөлмелік.
Проблеманы шешуге және шешім қабылдауға үйрететін кейстер кеңінен
тараған.
Кейстерді құрудың келесі негізгі этаптары болады: мақсаттарды
анықтау, кейс деректерін іздеу, ситуацияны таңдау, қажетті ақпараттар
деректерді іріктеп алу, кейске қажетті мәліметгер жинау, кейстегі алғашқы
материалдарды дайындау, сараптау, оны пайдаланудағы әдістемелік
материалдарды дайындау.
Сонымен, кейс-әдістің қолданылуы студенттердің түрлі тәжірибелік
дағдыларының даму мүмкіндігін туғызады:
- аналитикалық дағдылар - ақпараттан мәліметтерді ажырата білу,
ақпаратты сұрыптау, талдау жасау, оны ұсыну және табу;
- тәжірибелік дағдылар - кейсте ұсынылған проблема қиыңдығының
деңгейі, тәжірибеде теория, әдіс және принцип дағдысының қалыптасуына
мүмкін етеді;
- шығармашьшық дағдылар;
- коммуникативтік дағдылар - дискуссияны жүргізе білу,
айналасындағыларды сендіре білу, көрнекі материалды және де басқа
медиақұралдарды пайдалану, топтарға бірлесу, өзінің көзқарасын қорғау,
оппоненттерді сеңдіре білу, қысқа, сенерлік есеп құру;
- әлеуметтік дағдылар - адамдардың мінез-құлықын бағалау, тындай
білу, дискуссияда қарама қайшы пікірлерді қолдау немесе дәлелдеу, өзін
бақылау;
- өзіндік талдау - дискуссиядағы келіспеушіліктер, өзгелердің және
өзінің пікірлерін түсіну және талдау мүмкіндігін туғызады.

Қазақ хандығы мен халқы жайлы орыс және европалық жазба деректер
Адамзаттың тарихын ғылыми түрде зерттеуде көне заманның жәдігерлері
түпдерек көзі болып табылады. Тарихи аңыздар мен шежірелер,
жылнамашылар мен тарихшылардың жазбалары, әдеби шығармалар,
археологиялық, антропологиялық, этнографиялық түпдеректерді пайдаланумен
қатар, тарихшылар өз зерттеулерінде топонимикалық-этимологиялық,
нумизматикалық, геральдикалық т.б.деректерге де сүйенеді. Тарихи деректер
- жазбаша деректермен қатар ауызша деректерді де қамтиды.
Қазақ өлкесі мен тарихын зерттеу барысында тарихи мәліметтердің
жинақталуы мен сипаты 1861 жылғы реформадан кейінгі Ресейдің әлеуметтік-
экономикалық дамуы тез қарқынмен алға басты және сондықтан күн тәртібіне
отарлық шет аймақтардың байлықтарын игеру, олардың ресурстарын зерделеу
мен зерттеу мәселелері қойылды.
Ресей мен Қазақстан арасында дипломатиялық, экономикалық
байланыстардың орнауына байланысты патша үкіметі қазақ жері туралы
деректерді арнайы жіберілген елшіліктер арқылы да, саудагерлер мен
саяхатшылар арқылы да жинады. Осылардың нәтижесінде Қазақстан табиғаты,
халқы, мемлекеттік шекаралары жайында деректер толыға түсті. Сол
мәліметтерге сүйеніп, Борис Годунов патшаның өтініші бойынша Қадыргали
Қосынцлы Жалайри (XVI ғ. аяғы – XVII ғ. басы) (Жами ат-тауарих)
Жылнамалар жинағы атты қазақ халқы мен оның жері туралы өте қызықты кітап
дүниеге келді. Онда қазақ хандығы құрылуы жайлы тарихымен қоса, Қазақстан
қалалары, өзендері мен таулары, шекаралары жөнінде кең мәлімет беріледі.
XVII ғасырда Қазақстан аумағы С. Ремезов жасаған Сібірдің сызба кітабы
атты картаға кіреді.
XVIII ғасырда орыс патшасы I Петр Қазақстанмен қарым-қатынасты
күшейтуге ерекше көңіл бөлді. Қазақстан жерін Шығыс елдеріне шығатын қақпа
әрі кілт санады. Оны Ресейге бағындырудың жоспарларын жасады. Осыған орай
ол Қазақстанға әскери экспедициялар жасақтап, Каспий теңізі мен Сібірмен
шекаралас өлкелерді зерттеуге тапсырма берді. 1734 жылы Орынбор
экспедициясы ұйымдастырылды. 1768 жылы екінші академиялық экспедиция
жасакталды. Бұлардың жұмысына П.С.Паллас, И. П. Фальк, И. П. Рычков сияқты
ғалымдар қатысты. И. Муравин мен А. И. Бутаков Арал теңізі мен Сырдария
бойында, Г. С. Карелин Каспий жағалауларында зерттеулер жүргізді. Қазақ
жерін жалпы географиялық тұрғыда зерттеген бұл ғалымдардың еңбектерінде,
жаңа деректермен қоса табиғаттың қалыптасу заңдылықтарын түсіндіруге де
алғашқы талаптар жасалды. Осы және басқа материалдарды жинақтау негізінде
А. И. Левшин 1832 жылы Қырғыз-Қазақ немесе Қырғыз-Қайсақ ордалары мен
далаларының сипаттамасы атты еңбегін жазды.
Бұрынғы Жошы ұлысы, одан кейінгі Алтын Орда жерінде XVI ғасырдың
басындағы ең қуатты мемлекет - Қазақ хандығы болды. Оның ханы – Қасым хан
еді. Дәл осы кезде Москва княздығы Қазақ хандығымен байланыс орнатуға
ұмтылады. Бұл байланыс арқылы Москва қазақтар туралы, Қазақ хандығы және
Қасым хан туралы көп мәлімет алуға тырысты. Өйткені енді-енді Алтын Орда
езгісінен құтылған Москва княздарының есінде кешегі күн елестері көп еді.
Олар Алтын Орда аумағында жаңа қуатты мемлекеттің пайда болуынан қатты
сескенді. Мұрагерлікке таласқан үш хандықтың өзара күресі Москваға өте
тиімді болатын. Бірақ та 1519 жылдан бастап Қазақ хандығының бұл іске
араласуы Москваға өте қауіп туғыза бастайды. Сондықтан да Москва
қазақтармен байланыс орнату арқылы олар туралы көп білмек болды. XVI
ғасырдын 70-ші жылдарында құрастырылған патша архивінің тізімінде: 38-
жәшік. Онда Қасым хан тұсындағы қазақтар туралы қағаздар бар деп жазылған.
Өкінішке орай, бұл қағаздар бізге дейін жетпей, өртеніп кетті. Москваның
Қасым ханға жеке көңіл аударуы, біріншіден, Қазақ хандығының қуаттылығына
байланысты болса, екіншіден, оның мемлекет қайраткері ретіндегі рөліне
байланысты туындаған деп санаймыз.
1519 жылы Қазақ хандығының шекарасы Еділге дейін жетіп, Астраханмен
шектеседі дедік. 1520-21 жылдың қыс айларында Астраханда Занко Зудов деген
рязаньдық 3-4 ай тұтқында болады. Қазақ хандығында болып жатқан оқиғалардың
бірталайын ол тұтқында жүріп естиді. 1521 жылдың сәуірінде оның Москваның
ұлы князі ІІІ Василийге жіберген хабарламасында Осы жылы қыста қазақ
патшасы қайтыс болды деп жазады. Бұдан басқа көздер арқылы да Москваға
Қасым ханның қайтыс болғандығы туралы хабарлар жетсе керек. 1521 жылы
маусым айында Түркияға бара жатқан бояр ұлы Василий Михайлович Третьяк-
Губинге ІІІ Василий Қазақ Ордасы туралы анықтау, қазіргі кездегі
қазақтардың патшасы кім және олар қай жерде көшіп-қонып жүргенін анықта
деп тапсырма береді.
Тәуке ханның кезінде қазақтардың үш жүзінің ең таңдаулы да беделді
деген өкілдері жыл сайын бас қосып, аса маңызды мәселелерді талқылап, шешім
қабылдап отырды. Ондай жиын Оңтүстік Қазақстанның аумағындағы Күлтөбе деген
жерде өтіп тұрды. Атақты ханның ордасы орналасқан қала қасиетті Түркістан
болды. Қазақтар Сырдария өзенінің өңіріндеп 32 қалаға иелік етіп, басқарып
отырды. Тарихшы ғалымдар Тәуке хан билік құрған уақытты Қазақ хандығының
алтын ғасыр кезеңі деп бекер атамаған. Атақты орыс тарихшысы А.И. Левшин
осы билеуші туралы былай деп жазады: Ол оларды, тайпаларды, өліспей
беріспейтін алауыздықтан арылтты, олардың арасындағы бірнеше жылга созылған
қанды қырғын сойқанды тоқтатты, ол өзгелердің бәрін де асқан ақыл-
парасатымен, қара қылды қақ жарған әділеттілігімен өзіне бағындыра білді.
Тәуке хан өзінің даналығы арқасында ел арасында әз-Тәуке деген атқа
ие болған. Қазақ жеріне орыс елшілігін бастап келген М.Тевкелев 1748 жылы
жазған құжатта: Тәуке хан өте ақылгөй кісі болған, оны қырғыздар
(қазақтар) үлкен құрметпен еске алады, - деп көрсетеді. Халық зердесінде
Тәуке заманы Қазақ хандығының ең бір өркендеген, қой үстіне бозторғай
жұмыртқалаған заман, алтын ғасыр деп еске алынады. Орыстың белгілі
тарихшысы А.И.Левшин Тәукені көне Спартаның ақылгөй заңгері Ликургпен
теңеген.

А.И.Левшин
Тәуке ханның аты тарихта Жеті жарғы заңдарымен де тығыз байланысты.
Ол қазақтың атақты билерімен ақылдаса отырып, қазақтың әдет-ғұрып заңдарын,
билер сотының тәжірибелерін, аса дарындылықпен айтылған түйінді биліктерді
жинақтап, өзінен бұрынғы Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы
сияқты қазақ заңдарын жаңа жағдайға сай өзгертіп, толықтырып, дамыту
негізінде Жеті жарғы атты заңдар жинағын құрастырды. Жеті жарғы орыс
деректерінде Тәуке хан заңдары деген атпен белгілі. Жеті жарғыға
әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық нормалары, сондай-ақ салықтар,
діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы
өмірінің барлық жағы түгел қамтылған.
Жеті жарғыны қазақ халқы ХІХ ғасырдың ортасына дейін қолданып
келді. Ал кейбір заңдар Қазан төңкерісіне дейін қолданылды. Сонымен бірге
Жеті жарғының өз кезінде қағазға түсірілмегені де белгілі. Кеңестер
дәуірінде Жеті жарғыға феодалдық қатынастардың сарқыншығы деген сипат
тағылып, мүлдем зерттелінбеді. Бізге Жеті жарғы орыс ғалымдарының
жазбалары негізінде белгілі. Алғаш рет орыс ғалымы Г.Спасский жаппас
руының старшыны Күбек Шүкіралиевтің мәліметтері негізінде Жеті жарғының
11 үзіндісін 1820-шы жылы Сибирский вестник баспасөзінің бетінде
жариялады. Жеті жарғының екінші нұсқасы ( 34 үзінді) А.Левшиннің
зерттеулерінде беріледі. Бұл нұсқалар Жеті жарғы дүниеге келгеннен кейін
100 жылдан соң халық ауыз әдебиеті негізінде жариялады. Сондықтан, бұл
заңдар жинағының толық нұсқасының бізге жетпегені белгілі.
XVIII-ХІХ ғғ. өлкетану, түркі халықтарының тарихы, этнографиясы мен
лингвистикасына байланысты деректерді жинақтау ісі қарқынды болды. Бұл
дәуірде этнографиялық мағлұматтарды қолға түсіру мақсатымен даярланған
көптеген ғылыми экспедиция мүшелеріне айналған ғалымдар өз ынталылығын
танытты, жан-жақты ізденіп, ғылыми мәнді деген мәліметтерді тіркеп жазды.
Аты әйгілі А. Левшин, В. Вельяминов-Зернов, Н. Аристов, А. Харузин, В.
Радлов, Н. Остроумов, А. Нестеров және т.б. белгілі ғалымдар өз
еңбектерінде шежіре мәліметтерін қазақтың этноқұрамын қарастыруға ғана
қолданған. Тарихи шежірелерге патша үкіметі саяси мән беріп, жергілікті
орындардан жинатып отырған, – деп жазды Ә. Марғұлан. Қай заманда да солай
болған. Ш. Уәлиханов, Г. Потанин, Ә. Диваев, Н. Гродеков, И. Шангин сияқты
шежіре жинаған ғалымдардың топтамалары архивте сақталған.
Гуманитарлық ғылымда таптық көзқарастың үстемдік жағдайынан
плюралистік көзқарасқа көшу бір тілде жазылған еңбектерді оқып-тоқу
негізінде қалыптаспайды. Кеңес заманында біздің оқырмандарымыздан оқшау
сақталынған шет ел ғалымдарының шығармаларын, не олардың көшірмелерін
елімізге алдыру, оларды студенттердің де, ғалымдардың да игілігіне
айналдыру халқымыздың рухани сұранысынан туындайды. Ұлыбританияда
В.Конноли, Х.Сетон-Уонсон, А.Шихи, ДЖ.Уилер, Францияда А.Беннигсен,
Каррер д Анкос, З.Лемерсье-Келькеже, Америка Құрама Штаттарында Э.
Бэкон, Л.Крадер, М.Рывкин, Р.Олуорд, Германияда Э.Саркисянц, Б.Шпулер,
т.б. бастаған профессорлардың Қазақстан туралы еңбектерінсіз біздің
тарихи танымымыздың толық болуы мүмкін емес.
Жалпы алғанда, орыс және европалық зерттеушілер қазақ хандығы
мен халқы туралы өз тұжырымдарын беруге әрекеттенген. ХІХ ғасырдың
ортасында орыс ғалымдары қазақ халқын этнографиялық зерттеу саласында
үлкен жұмыстар жасайды. Татищевтің, Рычковтың, Адреевтің, Левшиннің
еңбектерінің арқасында орыс және әлемдік ғылым қазақ халқы туралы ауқымды
және шынайы мәліметтерге ие болады. ХҮІІІ ғасырдың 30-жылдарынан
бастап, яғни Кіші және Орта жүздерді Ресей құрамына қосып алғаннан
кейін, қазақ халқы орыс ғылымының ерекше және өсе түскен нысанасына
айналады. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында ізденістер кеңейіп,
тереңдейді және қазақтар туралы этнографиялық мәліметтер жинақтала
береді, бұл мәліметтерді Ресей халықтарының өмірін бейнелеуге тырысқан орыс
жазушылары да пайдалана бастайды. Алайда одағы мәселелердің барлығы да
шындыққа жанаса бермейді. Сода да болса, орыс зерттеушілеріне қарағанда
шетелдік ғалымдардың қорытындылары біршама көңілге қонымды, әрі дәйекті.

Қазақ хандығының
тарихнамасы
Қазақстанның ортағасырлық проблемалары бойынша ізденістер академиялық
шығыстану мектебінің жетістіктерімен, оның белгілі өкілдері Х.Д. Френ, В.В.
Вельяминов-Зернов, И.Н. Березин, Н.И. Веселовский, В.В. Радлов, Б.В.
Бартольд есімдерімен тығыз байланысты. Қазақ және түркі тектес халықтардың
тарихына қатысты шығыс деректерін, сол арқылы қазақ этногенезі және Қазақ
хандығының құрылу тарихын зерттеуде А.Ю. Якубовский, А.Н. Бернштам, С.П.
Толстов, Б.Я. Владимирцев секілді ғалымдар да көп еңбек сіңірді. Олардың
түркологияға қосқан ғылыми үлесі кезінде өз замандастары тарапынан да,
кейінгі ұақыттағы Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тарихы мен
этногенезі мәселелерімен шұғылданған оқымыстылар тарапынан жоғары бағаға ие
болды.
Проблеманың нақтылы зерттелуі мен оның тарихнамасы өзара байланысты
екендігі белгілі. Сондықтан да қазақ халқының қалыптасуы мен оның
мемлекеттілігінің құрылуы туралы еңбектерге кейбір шолулар, талдаулар мен
сын пікірлер өткен ғасырдың 20-жылдары баспа бетінде А.П. Чулошниковтың
Қазақ-қырғыз халықтарының тарихының очерктеріне байланысты жарық көрді.
Бұл еңбегінде автор қазақ тарихын басқа түрік халықтарының тарихымен
байланыстыра қарау жөніндегі оң методиткалық тұжырым жасады. Вопросы о
происхождении киргизской народности в исторической науке и народные
киргизские придания как источник дальнейшего изучени деген мақаласында
тарихи аңыздар мен қазақ шежірелерін дерек көзі ретінде пайдаланды.
Ғалымның бұл ізденістері Қазқстан тарихнамасында өз ізін қалдырғанымен,
оның еңбектерінде біршама қателіктерге де жол берілгенін айту керек.
Олардың қатарына географиялық факторға басым мән берушілік, қазақ
қоғамындағы әлеуметтік жіктелушілікті жоққа шығару жатады.
ХХ ғасырдың 30-жылдары С. Асфендияров қазақ халқының шығу тегі, рулық
құрамы туралы мәселе қойды. Осыдан кейін қазақ халқының қалыптасуы мен оның
мемлекеттілігінің құрылуы туралы мәселе ұлтшылдыққа қарсы қуғын-сүргін
науқаны кезінде мүлдем ұмытыла бастады. 1946 жылдың 28-29 қазанында КСРО
Ғылым Академиясының тарих және философия бөлімінің сессиясында баяндама
жасаған П.П. Иванов та Қазақ хандығының құрылуы кезеңінен аттап өтіп, Орта
Азия мен Қазақстан халықтарының ХҮІ-ХІХ ғасырлардағы тарихын зерттеу
міндеттеріне ғана тоқталады. Әсіресе, 1951ж.. Правда газетінде
жарияланған За марксистско-лениинское освещение вопросов истории
Казахстана деген атышулы мақала мен осы негізде 1951 ж. 10 сәуірде
қабылданған Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің қаулысынан кейін
аталмыш тақырыптарды зерттеуге қысым күшейе түсті.
Қазақ этногенезі мен Қазақ хандығы тарихын таптық көзқарас тұрғысынан
зерттеуге ұмтылушылық қазақ қоғамындағы қатынастар сипаты мәселесіне әкеп
тіреп, мұның өзі көптеген жылдарға ұласқан ғылыми айтыстар мен жорамалдарға
жол ашты. Солардың бірі ретінде отандық тарихнамада 40-50 жылдары М.П.
Вяткин, С.В. Юшков, С.Л. Фукстың араларында орын алған пікір таластарды
айтуға балады. Олар қазақ мемлекеттілігінің экономикалық және әлеуметтік
негізгі саяси формасы туралы ой өрбітті. Осы кезеңде республика Ғылым
Академиясының тарих, археология және этнография институтында Қазақстан
тарихын зерттеудің негізгі бағыттары анықталып, олардың қатарында қазақ
этногенезі мен мемлекеттілігі тақырыбы аталды. Академиының ғылыми
сессиясында Қазақ халқының құрылуы туралы Х.М.Әділгереевтің баяндамасы
тыңдалды. Кейін баяндама толықтырылып, Ғылым Академисының Жаршысында
жарияланды. Мақалада қыпшақ және қазақ тілдерінің жақындығы, монғол
шапқыншылығының қазақ халқының қалыптасуы мен қазақ мемлекеттілігінің
құрылуына ықпалы қарастырылды.
Бұл мәселелер төңірегіндегі автор көзқарастары сол кезеңдегі тарих
ғылымының даму деңгейін айқын көрсетеді.
Тарих ғылымының дамуына серпіліс берерлік тарихнамалық, теориялық
методологиялық ізденістер болмады, негізінен бұл бағыттағы әрекеттер
рецензиялар, пікірлер және шолулармен шектелді. Мұның себебі тарихнамалық
зерттеудің деректік негіздерінің дамымауында, 1917 жылға дейінгі қазақ
қоғамының патриархалдық-феодалдық қатынастардың үстем болуы сияқты
қайшылықты пікірдің орын алуында еді.
1957 ж. М. Ақынжановтың Об этногенезе казахского народа еңбегі жарық
көрді. Оны К. Ақышев, С. Ибрагимов және Е.Агеева сәтсіз монография деп
бағалады. Рецензияда жұмыстың басты кемшіліктері ретінде қазақ этногенезін
зерттеуде тектік шежіренің рөлін асыра бағалаушылық, жазба деректердің аз
пайдаланылуы, қыпшақтар мен наймандардың тілдік атрибуциясын дұрыс
анықтамау, қазақ этногенезі процесінде оғыз бірлестігінің үлесін жоққа
шығарушылық атап көрсетілді. Еңбектің қазақ халқының қалыптасу жолдары мен
кезеңдері жөнінде жасалынған тұжырымдары да мойындалмады.
Мұнан кейін бұл тақырыпқа ешкім тереңдеп бармады, М.Ақынжановтың
еңбегі осы уақытқа дейін бірден-бір монографиялық зерттеу болып отыр.
Қазақ мемлекеттілігінің құрылуы жөнінде де арнайы ізденістер қолға
алынбады. Осыған байланысты бұл екі проблема бойынша тарихи білімнің
қорлануын қарастырған зерттеулердің болмауы өзінен-өзі түсінікті. Жарық
көрген еңбектердің көпшілігінде тарихнамалық талдау берілмеді,
тарихшылардың қайшылықты мәселелерге, өзінен бұрынғы авторлардың зерттеу
әдістеріне баға беруге батылы бармады. Тек өткен ғасырдың 50-жылдардың аяқ
кезінен ғана кейбір тарихнамалық ізденістер көріне бастады.
Қазақ хандығы тарихнамасының құрамды бөліктерінің бірі осы
тақырыпқа, тікелей, не жанама қатысы бар жеке ғалымдардың өмірі мен
шығармашылығына арналған шолулар мен талдау мақалалар болып табылады. Орыс
шығыстану ғылымының көрнекті өкілдері қатарына жататын, сонымен қатар
қазақ термині, Орта Азия мен Қазақстанның ортағасырлық тарихының басқа да
проблемалары, мұсылман хроникалары туралы еңбектердің авторы А.Н.
Самойлович туралы Б.В. Луниннің, Ортағасырлық Қазақстан тарихы мен
хронологиясын зерттеуге ұланғайыр еңбек сіңірген көрнекті шығыстанушы В.В.
Бартольдтың ғылыми мұрасы жөнінде К.М. Байпақов пен Б.Е. Көмековтің
мақалалары жарияланды. Соңғы еңбекте ғалымның көшпелі социумда
мемлекеттіліктің пайда болуының алғы шарттары жөніндегі пікірлеріне баға
беріліп, оның бұл мәселе бойынша тарихи концепциясының В.Я. Владимирцов,
А.Н. Бернштам және А.Ю. Якубовскийдің еңбектерінде жалғасын тапқандығы
туралы тұжырым жасалған.
Қазақ хандығы тарихнамасының кейбір мәселелері Г.Ф.Дахшлейгер, Б.Ә.
Төлепбаев, Т.И. Сұлтанов, М.Қ. Қозыбаев пен кеңес дәуірі кезінде
жарияланған еңбектерінде қарастырылды. Оларда қазақ хандығының құрылуы,
мерзімі, сипаты мен алғы шарттары мәселелері сол кезеңдегі идеологиялық,
методологиялық ұстанымдар шеңберінде көрініс тапты. Өткен ғасырдың 90-
жылдарынан бастап Қазақстанның саяси дербестікке қол жеткізуі өзінің өткен
тарихын жан-жақты да терең зерделеуге, мәдени құндылықтары мен
мемлекеттілік тарихын танып-білуге мол мүмкіндіктер туғызды. Бұл өз
кезегінде қазақ халқын дүниежүзілік тарихи процестің субъектісі ретінде
қарастырып, оның тарихындағы мемлекеттілік дәстүр мен сабақтастық
мәселелерін қоюға жол ашты. М.Қ. Қозыбаев, Т.И. Сұлтанов, К.А. Пищулина,
М.Қ. Әбусейітова, Б.Е. Көмеков, Ж.О. Артықбаевтың зерттеулерінде қазақ
хандығының құрылуы және дамуы жөнінде тарихи ой-пікірдің қалыптасуының
негізгі кезеңдері, аталмыш проблемаға қазақ зиялыларының көзқарасы
Ш.Т.Омарбековтың кандидаттық диссертациясында сөз болды. М.Қ. Қозыбаев
Қазақ хандығы тарихнамасында әлі де болса ақтаңдақ проблемалар баршылығына
назар аударып, бұл мемлекеттің құрылуының шешуші алғы шарттары ретінде мына
факторларды ескеруді ұсынды: Қазақстан жеріндегі түркі тілді тайпалардың
саяси және ішкі әлеуметтік-экономикалық дамуы; Қазақ хандығының құрылуының
Еуразия сахарасында дәл осындай орталықтандырылған мемлекеттік
құрылымдардың пайда болған кезіне сәйкес келуі; ХІY-ХY ғасырлардың
аралығында қыпшақ этносының бөлшектелінуі, одан бірнеше халықтардың бөлініп
шығып, ұлттық мемлекеттерінің іргетасын қалады.
Қоғам дамуына көзқарастардың түбірлі өзгерістерге ұшырауы, таптық
принциптерге иек артқан методологиядан жаңа танымдық теорияларға ауысу
барысында Қазақ мемлекеттілігі жөнінде тарихнамада қайшылықты пікірлердің
де болуы өтпелі кезеңдегі сана дағдарысының көрінісі деп білеміз. Оған
кейбір авторлардың әлі де болса аталмыш проблеманы көшпелі феодализм,
көшпелі мемлекеттілік теориялары тұрғысынан түсіндіруге тырысушылығы,
Қазақстан аумағындағы этногенетикалық процестер мен мемлекеттілік дәстүрдің
тарихи сабақтастық сипатын жоққа шығаруға әрекеттенуі, Қазақ халқының
түркілік болмысын, дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесін бұрмалап көрсетуге
бейімділік танытуы дәлел бола алады.
Мұндай көзқарастар Ж.О. Артықбаевтың Қазақ мемлекеті: сипаты,
құрылымы және қызметі деген ХYІІІ ғасыр материалдары бойынша жазылған
тарихнамалық мақаласында орынды сынға алынды. Ол С. Плетнева, Г. Марков, Н.
Масанов, И. Ерофеева секілді тарихшылардың түсінігі бойынша көшпелілер тек
шаруашылық қауым болып қана өмір сүреді, саяси конъюктураның сәті түскенде
ғана әскери-көшпелі қауым құрайды (яғни империя)деген тұжырымның ғылыми
негізсіздігіне уәж айтады. Одан басқа кейбір авторлардың (Б.Е. Көмеков, С.
Жолдасбайұлы, Б. Кәрібаев, Н.Атығаев, т.б.) еңбектерінде де Қазақ
хандығының құрылу тарихын зерттеуде орын алып келе жатқан жаңсақ пікірлер
мен фактологиялық қателіктерге назар аударылған және тарихи шындықты
қалпына келтіруге бағытталған нақтылы тұжырымдары баяндалған.
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы
Қазақ хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба деректердің бірі
Мұхаммед Хайдар Дулатидың Тарих-и-Рашиди атты еңбегі. Жалпы бұл еңбек
Моғолстан хандығы тарихына арналған. Алайда сол кездегі саяси жағдайға
байланысты Қазақ хандығы туралы да көп мәлімет келтірілген. Абулғазы,
Қадырғали Жалайыри өз еңбектерінде Қазақ хандығы, оның билеушілері туралы
мәліметтер қалдырды. Сонымен қатар Қазақ хандығы кезеңіне байланысты шығыс
деректерінің маңызы зор.

Қазақ хандығы - шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі,
феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері Орта
Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай
этникалық топ - қазақ халқының негізінде бірігуі арқылы XY-ғасырдың орта
шенінде құрылды. Қазақ хандығының құрылуына 1456-жылдан кейін Керей мен
Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ
тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас
өңіріне қоныс аударуы мұрындық болды.
Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434-1462-жылдары
билік еткен) қоныс аударған қазақтарды Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін
қарсы алып, қоныс берді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати
Тарих-и-Рашиди атты еңбегінде былай дейді: Ол кезде Дешті Қыпшақты
Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді.
Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан
оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас
аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр хан дүние салды да,
өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен
бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына
жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер - қазақтар деп
атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465-1466) билей бастады.... Айта
кететін жағдай М.Дулати біріншіден, бұл кезде өмір сүрмегендіктен көшті өз
көзімен көрмеген, екіншіден өз еңбегін жазу барысында мен өз көзіммен
көрмеген, өз құлағыммен естімеген және өз көзіммен көрген, құлағыммен
естіген оқиғаларды жаздым. Сондықтан кемшіліктер болу әбден мүмкін деп
жазады. Ал қазіргі кезде бірнеше дереккөзеріне сүйене отырып қазақ
тарихшылары қазақ хандығының яғни мемлекетінің құрылған жылы деп 1456 жылға
тоқтам жасап отыр.
Алғашында Қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері, Шу өзені
мен Талас өзенінің алабы еді. Ежелден осы алапты мекендеген тайпалар
Дешті- Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті.
Әбілхайыр хандығындағы аласапыран соғыс салдарынан күйзелген қазақ
тайпалары бұл араға келіп ес жинап, етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле
бастады. Мұны көрген Дешті-Қыпшақ қөшпенділері Әбілхайыр хан қол
астынан шығып, бөгеуін бұзған судай ағылып, Қазақ хандығына қеліп жатты.
Алайда жаңадан құрылған Қазақ хандығының экономикалық негізі әлсіз еді
және бірсыпыра қазақ тайпалары Әбілхайыр хандығының, Моғолстанның, Ноғай
Ордасының және Батыс Сібір хандығының қол астында төрт хандыққа бөлшектеніп
отырған болатын. Ал Әбілхайыр хан болса өзіне қарсы шығып, Жетісуға
қоныс аударған қазақтардың өз алдына хандық құрып отырғандығына және оған
көптеген тайпалардың ағылып барып жатқанына азуын басып, қылышын
қайрап отырды.
Жаңа кұрылған Қазақ хандығы құрамына, яғни батыс Жетісу өңіріне он
шақты жыл айналасында екі жүз мыңдай саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы
кең өріс-қонысты керек етті. Сонымен қатар көшпелі елдің отырықшы-
егіншілігі көркейген аудандармен, әсіресе қолөнері мен саудасы дамыған
экономикалық орталық - Сырдария жағалауыңдағы қалалармен сауда-саттык
қарым-қатынасқа қолайлы жағдай жасау маңызды мәселеге айналды. Бұл
қарым-қатынастьң оңалуына тек көшпелі ел ғана емес отырықшы
аймақтардағы халықтар да мүдделі болды. Осы жоғарыдағы жағдайлардың
талабына сай, Қазақ хандығының алдында үлкен тарихи міндеттер тұрды.

1. Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан
қалыптасқан дәстүрлі тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілхайыр
хандығындағы аласапыран кезінде бұзылған еді).
2. Шығыс пен батыс сауда керуен жолы үстіне орнаған Сырдария
жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Яса (Түркістан) т. б. қалаларды
Қазақ хандығына қарату. Себебі Сырдария бойындағы бай қалалар бұдан бұрынғы
мемлекеттік бірлестіктердің — Ақ Орданың, Әбілхайыр хандығының саяси-
әкімшілік және сауда-экономикалық орталықтары еді. Сырдария бойындағы
қалаларды өзінің экономикалық және әскери тірегіне айналдыру Дешті-Қыпшақ
даласын билеудің басты шарты болып келген. Сондықтан бұл қалалардың саяси-
экономикалық және соғыс-стратегиялық маңызы зор еді.
3. Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территориясын
біріктіру.

Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті-Қыпшақ даласы үшін күресте Қазақ
хандығының басты бәсекелесі және ата жауы Әбілхайыр хан болды. Қазақ
хандығы Әбілхайырға қарсы күресу үшін ең алдымен Моғолстан мемлекетімен
тату көршілік, одақтық байланыс орнатты. Бұл одақ жоңғар тайшысы
Амасанжының Моғолстанға және Әбілхайыр ханның Қазақ хандығына қарсы
шабуылдарынан біріге отырып қорғануға мүмкіндік берді.
1468-жылы қыста Әбілхайыр хан Қазақ хандығын киратпақ болып, Жетісуға
жорыққа аттанды, бірақ сапары сәтсіз болып, осы жорық кезінде қаза тапты.
Әбілхайыр хан өлгеннен соң өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды, ішкі
шиеленістер күшейді. Әбілхайырдың қаза болуы Қазақ хандығының нығаюына
және оның көлемінің кеңеюіне үлкен жағдай тудырды. Өзбек ұлысының үлкен
бөлігі Керей мен Жәнібек ханға көшіп кетті. Қазақ хандары Әбілхайыр ханның
мұрагерлеріне қарсы күресте олардың ішкі-сыртқы қайшылықтарын толық
пайдаланды. Әбілхайыр ханмен билікке таласып келген Жошы ұрпақтары - Ахмет
хан мен Махмұд хан, батыс Сібірдің билеушісі Ибақ хан және Ноғай
мырзалармен одақтаса отырып күрес жүргізді.
Әбілхайыр ханның мұрагері Шайх Хайдар осы күресте қаза тапты.
Әбілхайыр ханның мұрагерлерімен күресте Қазақ хандары Әбілхайыр хан 40 жыл
билеген Шығыс Дешті - Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тайпаларды бірте-
бірте өзіне қосып алды. XY-ғасырдың 70-жылдарында қазақтар Сырдария бойымен
оған жалғас Қаратау өңірінің бірсыпыра территориясын басып алды. Сөйтіп
қазақ хандығының территориясы әлдеқайда кеңейді, оған тұс-тұсынан қазақ
тайпалары келіп қосылып жатты.
Алайда Сырдария жағасындағы қалалар үшін Әбілхайырдың немересі
Мұхаммед Шайбани ханмен күрес отыз жылдан астам уақытқа созылды. Сонымен
қатар бұл қалаларды Түркістан аймағын билеген Әмір Темір әулетінен шыққан
Әмір Мұхаммед Мәзит Тархан мен Моғолстан ханы Жүніс хан да қолдарына
түсіруге дәмелі болды.
Сыр бойы калалары үшін Қазақ хандары өте қажырлы қайрат жұмсады.
Әбілхайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбани Түркістан аймағына келіп,
Мұхаммед Мәзит Тарханды паналады. Мұхаммед Мәзит Тархан Мұхаммед
Шайбаниды қолдап, Қазақ хандығына қарсы аттандырмақ болды. Бірақ Мұхаммед
Шайбани оның бұл үмітін ақтамады, керісінше оның қолынан Түркістан аймағын
тартып алды. 1470 жылы қыста Қазақ ханы Керей қол бастап Түркістанға шабуыл
жасады. Қазақ ханы Әз Жәнібектің үлкен баласы Махмұд сұлтан Созақ қаласын
бағындырды, екінші баласы Еренжі Сауранды иемденді. Сауран түбінде
қазақтардан соққы жеген Мұхаммед Шайбани Бұхараға қашты. Сөйтіп, Сырдария
жағасындағы - Созақ және Сауран қалалары Қазақ хандығының құрамына
кірді.
Қазақ хандарының міндеттері мен құқықтары
Қазақ хандығы ұлан байтақ жерді қамтыған феодалдық мемлекет болды.
Басқару жүйесінде, әкімшілік белістерін айыруда күшпелі қазақ қоғамында
бұрыннан қалыптасқан ру-тайпалық тәртіп сақталып отырды. Туыстығы жақын он
шақты түтін - бір ауыл, жеті атадан тараған туыстығы жақын бірнеше ауыл бір
ата (аймақ) болып есептелді. 13-15 атадан қосылатын аймақтар бір ру болды.
Осы рулардан тайпа құрылды. Жалпы қазақ қауымы үш жүзге Үш жүздің қазағы
Қазақ хандығына бағынды. Үш жүзді билеген Қазақ ханы Ұлы хан болды. Ол
қазақ хандығының азаматтық, әскери, әкімшілік және сот құқын қолына ұстаған
жеке дара билеуші атанды. Жүздерді кіші хандар, ұлыстарды сұлтандар2,
(сұлтан - XV-XVI ғасырларда Қазақстанда, Орта Азияда және Шығыс Түркістанда
хан тегінен шыққан Шыңғыс ұрпағы ханзадаларын білдіретін атау), тайпаларды
билер, руларды ру басылары, аталарды (аймақтарды) ақсақалдар, ауылдарды
ауыл ағалары басқарды. Бұл жеті сатылы басқару жүйесі көшпелі қазақ
қоғамында тым ертеден келе жатқан тәртіп болатын.
XVI ғасырда өмір сүрген тарихшы Рузбехан Исфаһанидың деректеріне
қарағанда, Қазақ хандығында он ұлыс болған, әр ұлыстың жан саны - жүз мың
адам. Бұл Мұхаммед Хайдар Дулатидың: Қазақ хандығының жан саны 1 млн адам
деген дерегіне сай келеді. ұлысты хан тұқымынан шыққан сұлтандар басқарды.
Хандар мұрагерлік жолымен қойылды: хан өлсе, орнына үлкен баласы, ер
жеткен баласы болмаса, аға-інілері отырды. Бірақ хан мұрагерлерінің таққа
отыруы сұлтандар мен ру-тайпа шонжарлары љкілдерінің жиналысындағы "хан
көтеру" деп аталатын сайлаудан өтуге тиісті болды. Олар оны хан болуға
лайық деп ұйғарып, дәстүр бойынша ақ киізге отырғызып хан көтеру салты
сақталды. Хан етіп тағайындайтын сұлтанды оның руының ең беделді адамдары
болашақ хан отырған ақ киіздің жан-жағынан ұстай көтеріп, "Хан! Хан! Хан!"
- деп үш рет айғайлаған.
Орта ғасыр деректерінде қоғамдағы хандық билік жалпы былай
сипатталады: хан өзінің қол астындағыларына "анасының балаларына"
қарағандай қарауы тиіс, ал қол астындағылар ханды "өз әкесі" ретінде көруі
керек және оған шын ниетімен берілуі тиіс. Ханда бұл саладағы құқықтар мен
қызметтердің кем дегенде бесеуі болды:
1.Хан үстем рудың басшысы және бар қазақ тайпаларының жоғары
қол басшысы ретінде хандықтың бар жер аумағында билік жүргізе алды: елді
сыртқы жаулардан қорғау - оның негізгі қызметі мен басты міндетінің
нәтижесінде туындайтын ұлысқа кіретін барлық жерге билік жүргізуге құқықты
болды.
2. Оның жоғары қолбасшылық қызметінің нәтижесінде ханға соғыс ашу мен
бейбітшілікті жариялау құқысы берілді.
3.Мемлекеттің сыртқы саяси істерін анықтау қызметінің нәтижесі болып
табылатын ханның шетел мемлекеттерімен келіссөз жүргізу құқығы болды.
4.Оның жоғарғы сот қызметінің нәтижесі болып табылатын
бағыныштысын өлтіруге не тірі қалдыруға құқығы болды.
5.Оған өмір сүріп отырған қоғамының құрылысы мен тәртібін сақтау
қызметінің нәтижесі болып табылатын қоғамның барлық мүшесіне міндетті
бұйрықтар мен заңдар шығару құқығы берілді.
Хан қызметі мен құқығы құқық ескерткіші ретіндегі "Жеті Жарғыда" анық
бекітілген.
Деректемелердің куәлік етуінше хандардың көмекшілері, кеңесшілері,
әскер басшылары, сонымен бірге жасағы (оның отбасының, мал-мүлкінің
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әскер) және қызметіндегі адамдары (ханға
күнделікті тұрмыста қызмет ететіндер), лауазымды қызметшілері болған. Хан
жыл сайын ұлыстарды тұрақты аралап тұруы, оның жоғарғы сот, заң
негізіндегі халықтың қорғаушысы ретіндегі жұмыстарының орындалуын және
Қазақ хандығының қол астындағылардың яғни халықтың өмір жағдайын біліп
тұруы дағдылы ісі болды.
Хандық шаруашылығының сипаты көшпелі малшылық болғандықтан,
тұрғындардың көшпелі бөлігіне салынатын алым-салық та заттай жиналды.
Ханның пайдасына деп жыл сайын жиналатын дүние зат түрінде (мал т. б.)
болғандықтан, көшпелілердің басшысына яғни ұлыстарға ең болмағанда сол
жергілікті жерде өз мал басын, басқа да мүліктерін көбейту үшін және жиған-
тергенін орталыққа жеткізу мүмкіндігінің жоқтығынан сол жиналған қорды
пайдалану үшін болса да барып тұру керек болды. Көшпелілер басшысының
өмірінен келтірілген бұл жайт Ибн Рузхбеханның "Михманнаме-и-Бухара" атты
кітабында Дешті Қыпшақ көшпелі өзбектерінің алдындағы ұрпақ Шайбани ханның
бейнелі сөздерімен былай беріледі: "Біздің астанамыз - біздің ертоқымымыз".
Бірақ жағдай біртіндеп өзгерді. XVI-XVII ғасырлар қарсаңында қазақ
билеушілерінің қол астына Ташкент пен Түркістан өзіне қарасты қалалармен
бірге кірді. Бұл қалалар бір жарым ғасыр бойы (XVII-XVIII ғасырдын 1
жартысы) Қазақ хандығының билігінде, қазақ хандарының мекені және хандықтың
саяси орталықтары болып келді.
Қазақ ханданының өзіндік басқару ерекшеліктері болды. Мәселен, олар
ордага немесе далаға көшкенде астананыолардың нағашылары басқарып тұрды.
Бір сөзбен айтқанда, хан атағындағы сұлтан үстем таптың және бар
бағыныштылардың жоғары басшысы болды. Бірақ дала ханының билігі еуропалық
басшылыққа сәйкес келмеді. Тек Қасым хан билік еткен көзде, Бабырдың
айтуынша, ол өз хандығындағы халықты қатал тәртіппен ұстаған.
Тарихты халық жасайды, бұл – ешкім, күмән келтірмейтін ақиқат.
Алайда, адамзат тарихының бетбұрысы көзеңдеріне зер салатын болсақ, оның
дамуына жеке адамдар, атап айтқанда, мемлекет басқарған қайраткерлер орасан
зор ықпал жасаған. Тұтас бір мәдени тұрпаты бар қоғамның құрып кетуіне де
немесе оның өз заманынан озып, өзгеше арнада дамуына да себепкер болған
тарихи тұлғалар, қайраткерлер аз емес. Олардың ішінде халық тарихының
дамуына өзінің жеке басының әсерімен орасан зор ықпал жасайтын тұлғалар
болатынын ерекше атап өткен жөн. Қазақ тарихында осындай ерекше рөл
атқарғандар қатарына қазақ хандарын жатқызуға болады.
Қазақ хандары

Керей хан
Керей хан (туған, өлген жылы белгісіз - 15 ғасырдың 70-жылдарының
бас кезі) - Қазақ хандығының негізін қалаушы ұлы екі тарихи тұлғаның бірі,
алғашқы қазақ ханы. Ақ Орда ханы Орыстың (Өріс) ұрпағы. Орыс ханнан
Тоқтақия, одан Болат, одан Керей хан тараған.
Тауарих-и гузида-йи нусратнаме дерегі бойынша, Керей хан – Болаттың
жалғыз баласы. 15 ғасырдың ортасына дейінгі тарихи оқиғаларда Керей хан
туралы мәліметтер кездеспейді. Мұхаммед Хайдар Дулатидың Тарих-и Рашиди
атты еңбегінде Керей хан туысы Жәнібек ханмен бірге 15 ғасырдың 50-
жылдарының аяғында Қазақ хандығының құрылуына қатысты оқиғаларда алғаш рет
атала бастайды. Онда Керей хан мен Жәнібек ханның Әбілхайыр хандығынан
бөлініп, Моғолстанның батысындағы Шу бойы мен Қозыбасы өңірі аралығына
келіп қоныстанғаны туралы баяндалады. Бұл аймақ – сол жылдардағы Моғолстан
билеушісі Есенбұға хан мен оның туған ағасы Жүніс хан иеліктерінің арасы
болды.
1 Мұхаммед Хайдар Дулати Тарих-и Рашиди атты еңбегінде былай дейді:
Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан
сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға
көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс
шетіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң
Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі
шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп
кетті. Сөйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Қазақ
сұлтандары 870 жылдары (1465-1466) билей бастады...
Соңғы жылдары ғылыми айналымға енгізілген аңыз мәліметтері бойынша,
Керей хан мен Жәнібек хан қол астындағы ру-тайпалармен 1457 жылдың күзінде
Шу өңіріне көшіп келген. Ал 1458 жылдың көктемінде Керейді хан етіп
көтерді. Керей хан мен Жәнібек ханның бөлінуімен Көшпелі өзбектер
мемлекетінде ыдырау процесі басталады. Әбілхайыр ханға наразы сұлтандар,
әмірлер, ру-тайпа басылары Керей хан мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыт
ішінде Қазақ хандығындағы халықтың саны 200 мыңнан асып кетеді. Керей хан
мен Жәнібек ханның арқасында Есенбұға хан ағасы Жүніске қарсы күресте
сенімді, әрі мықты одақтас табады. Жүніс 1461-62 жылы Есенбұға хан қайтыс
болғанға дейін Моғолстан тағына қарсы ешқандай әрекет жасай алмайды.
146162 –1469 жылдары Моғолстан ханы Досмұхаммедтің мәнсіз, мағынасыз
жүргізген саясаты салдарынан Керей хан Жүніске қолдау көрсете бастайды.
Ақыры, 1469 жылы Досмұхаммед хан қайтыс болғаннан кейін, Моғолстандағы
билік басына еш қиындықсыз Жүніс хан келеді. Керей хан тұсында негізі
қаланған Қазақ-Моғолстан қатынасы 16 ғаысрдың 30-жылдарына дейін достық,
бейбіт сипатта болады. Әбілхайыр хан Керей хан мен Жәнібек хан ықпалының
күшейе бастағанынан қауіптеніп, оларды дер кезінде талқандау мақсатымен
146869 жылы жорық ұйымдастырады. Жорық кезінде Әбілхайыр хан ауырып,
қайтыс болады да, әскері кейін оралады. Көп ұзамай Көшпелі өзбектер
мемлекетінде билік үшін талас-тартыс басталып кетеді. Кешегі Әбілхайыр
ханның қарсыластары – Ахмет пен Махмұт хандар, ноғай мырзалары Мұса мен
Жаңбырлы, Сібір ханы Ибақ, шайбанилық Берке сұлтан және қазақ хандары
Әбілхайыр ханның мұрагері Шайх Хайдар ханға қарсы шығады. “Тауарих-и гузида-
йи нусратнаме” дерегінде қазақ хандары ретінде Керей хан мен Жәнібектің
есімдері аталса, “Фатхнама”, “Шайбанинаме” деректерінде тек қана Жәнібек
ханның есімі кездеседі. Дегенмен Керей хан есімі тарихи деректерде соңғы
рет 1472 – 73 жылдары, Жүніс хан ордасына Бұрыш оғлан деген сұлтанның
шабуыл жасауына байланысты аталады. Соған қарағанда Керей хан 1470 жылдың
бас кезінде қайтыс болған. Аңыз бойынша, Керей хан Қазақ хандығын 10 жылдай
билеген және Хан тауы етегінде жерленген.
Керей ханның қандай жағдайда, қай жылы қайтыс болғандығы жөнінде нақты
мәліметтер жоқ. Керей ханның үш баласы болды. Олар: Бұрындық хан, Қожа-
Мұхаммед және Сұлтан Әлі. Олардың ішінде 30 жылдан астам Қазақ хандығын
билеген Бұрындық ханнан соң тақ билігі түпкілікті түрде Жәнібек ханның
ұрпақтарының қолына өтеді. Керей ханның қалған екі ұлы жөнінде деректер
кездеспейді.
Керей хан есімі тарихи деректерде соңғы рет 1472—73 Сырдария
жағасындағы қалалар үшін Моғолстан ханы Жүністің ордасына Бұрыш сұлтанның
шабуыл жасаған кездерінде айтылады.
Тарихи материалдарда Керей ханның хандық билікті ұлы Бұрындыққа
бергені туралы, Керей ханның Өзбек ұлысын басқарған кезеңі, оның тағдыры
қай уақытта, қандай жағдайларда қаза болғаны туралы нақты мәліметтер
көрсетілмеген. Керей хан 1472-73 жылдары оқиғалардан кейін қайтыс болған
деп есептеледі.
Әбілқайыр хан өлгеннен кейін хан тағы үшін болған өзара қырқысулар
Дешті-Қыпшақта өрши түсті, оған туған жерге оралуды көздеп жүрген Жәнібек
хан мен Керей хан да араласып кетті. Олар Әбілқайыр мұрагері Шейх-Хайдар
ханмен кескілескен шайқасқа түсті. Өз әміршілері тарапынан ешқандай көмек
ала алмаған Шейх-Хайдар билік үшін күресте жеңіліске ұшырады. Бқдан кейін
Дешті-Қыпшақтағы билік Орыс ханның тққымдары - Жәнібек хан мен Керей ханның
қолдарына өтті, олар тағы да отыз жыл бойы шайбанилықтармен табан тіресе
шайқасты.
XV ғасырдың орта шенінде ежелден Жетісу өңірін мекендеген түркі
тайпалары бір этникалық топқа біріге келе, қазақ халқын құрады. Жәнібек хан
мен Керей хан Жетісу өңірі, Шу мен Талас өзендерінің бойын мекендеген
қазақтардың басын қосуда көп еңбек сіңірді. Бұл мақсатпен олар өзара
қырқысуларды басып, ірі феодалдарды маңайына топтастырды.Жәнібек ханның
Дешті-Қыпшаққа оралғаннан кейін билігін күшейткені туралы, өмірінің соңғы
жылдары мен өлімі туралы деректер жоқ. Оның есімі тарихи деректерде соңғы
рет 1473 жылы кездеседі. Бұдан кейінгі жылдары Керей хан туралы ғана
айтылған. Жәнібек хан жиі болатын шайқастардың бірінде қаза тапқан деп
болжауға болады. Сақталып қалған халық аңыздары мен өлеңдерінде Жәнібек
ханды Әз Жәнібек деп атаған.

Әз-Жәнібек хан Барақұлы 1473 -1480
Әз-Жәнібек хан (Жәнібек Әбусағит 1473 -1480) - Қазақ хандығы мен
қазақ хандары әулетінің негізін қалаушы, Барақ ханның ұлы, Орыс ханның
шөбересі. 15 ғ. өмір сүрген. 1450 жж. дейінгі өмірі мен қызметі туралы
нақты деректер жоқ.
1456 ж. Дешті-Қыпшақта шайбанид Әбілхайыр билікті қолына алған соң,
көшпенді халықтың Жәнібек пен Керей бастаған бір бөлігі Моғолстанға қоныс
аударып, Шу мен Қозыбасы өзендерінің аңғарында орын тепті. Моғолстан ханы
өз қарсыластарымен болатын күресте көмектесер деген есеппен қазақ
басшыларымен одақтас болды. Өзара қырқысулар мен соғыстардан жапа шеккен
200 мыңға жуық көшпенділер Жәнібек хан мен Керей ханның маңына топтасты,
олардың билігінің күшеюі 1468 ж. Моғолстанға әскери жорық жасамақ болып,
бірақ жол үстінде кенеттен қайтыс болған Әбілқайырға олар тарапынан қауіп
төнуі мүмкін деген ой салды.
Әбілқайыр хан өлімінен кейін хан тағы үшін болған өзара қырқысулар
Дешті-Қыпшақта өрши түсті, оған туған жерге оралуды көздеп жүрген Жәнібек
хан мен Керей хан да араласып кетті. Олар Әбілқайыр мұрагері Шейх-Хайдар
ханмен кескілескен шайқасқа түсті. Өз әміршілері тарапынан ешқандай көмек
ала алмаған Шейх-Хайдар билік үшін күресте жеңіліске ұшырады. Бұдан кейін
Дешті-Қыпшақтағы билік Орыс ханның тұқымдары - Жәніібек хан мен Керей
ханның қолдарына өтті. Олар тағы да отыз жыл бойы шайбанилықтармен табан
тіресе шайқасты.
Биліктің Орыс хан тұқымдарының қолына өтуі де Көшпелі өзбектер
мемлекетіндегі саяси жағдайды өзгерткен жоқ. Дегенмен, бұл оқиға Көшпелі
өзбектер мемлекеті атының Дешті-Қыпшақ болып өзгеруіне ықпал етті. Бір
кездері Моғолстанға қоныс аударған адамдар Өзбек ұлысында қазақтар деп
атала бастады және бұл атау бүкіл хандыққа тарай бастады. Билік үшін күрес
Жәнібек хан мен оның үзеңгілестері қазақтардың бірігуі мен Қазақ хандығының
құрылуына үлес қосты.
15 ғ. орта шанінде ежелден Жетісу өңірін мекендеген түркі тайпалары
бір этникалық топқа біріге келе, қазақ халқын құрады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлік
М.Х.Дулатидің Тарих и Рашиди еңбегін Қазақстан тарихы курсында қолдану әдісі
XVI-XVIII ғғ. Қазақ-Орыс қарым-қатынастарының зерттелуі мен елшіліктер тарихы
Қазақ хандығының сыртқы саяси байланыстар
Қазақ хандығының құрылуы жөніндегі алғашқы деректер
Қазақ этногенезінің сақ кезеңі
Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулауы: әскери-отарлық әкімшілік пен жергілікті халық арасындағы қатынас
Жоңғар хандығының құрылуы
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша дәрістер
Қазақстандағы қыстаулар мен елді мекендер тарихнамасы
Пәндер