Психикалық дамуы тежелген төменгі сынып оқушыларының оқу үрдісін ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университет

СӨЖ
Инклюзивті білім беру

Дайындаған : Жақсылық Панаби 211 топ

Жоспары :
1. Кеңес беру және қабылдау.
2. Психикалық дамуы тежелген төменгі сынып оқушыларының оқу үрдісін ұйымдастыру

Елбасымыз Н . Ә . Назарбаевтың дәстүрлі жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиесіне ерекше мән беріліп , мұғалімдер мен тәрбиешілердің іс - тәжірибелерін саралай келіп , коррекциялық тәрбие жүйесін құрдық . Бұл тәрбиенің негізгі мақсаты - еңбекке үйрету, өмірде өз орнын табуға баулу , өмірге икемді жеке тұлға қалыптастыру.
Кіші мектеп балалық кезеңі -- бұл 7-11 жас арасындағы жеке тұлғаның әріқарай дара-психологиялық дамуы және әлеуметтік-адамгершілік сапаларының қалыптасуы процесі. Бұл кезеңге тән:
-- баланың материалдық, коммуникативтік, эмоционалдық мұқтаждарын қанағаттандыруда отбасы жетекші (доминация) роль атқарады;
-- әлеуметтік-танымдық қызығушылығын дамыту және қалыптастыруда мектеп жетекші рольді мектеп атқарады;
-- отбасы мен мектептің басты қорғаушы қызметі сақтала отырып, балада ортаның жағымсыз ықпалына қарсы тұра алу қабілеті арта түседі. Әлеуметтік статустың өзгеруі: оқушыға айналуы. Жас және педагогикалық психологияда бастауыш мектеп жасының өзіндік орны бар. Бұл жаста оқу іс-әрекетін меңгереді, психикалық функцияның еріктілігі құрылады, рефлексия туындайды, өзін-өзі бақылауы ерекшеленеді, ал әрекет ішкі жоспарға ара-қатынаста болуды бастайды. Бастауыш мектептің оқу жұмысының әр саласына бейімделу балада бірден қалыптаспайды, оған біраз мерзім үйренуі керек. Егер мектеп жасына дейінгі балалардың негізін әрекеті ойын болып келсе, оқуға кіргеннен кейін оқу іс-әрекеті шешуші рольді атқарады. Осыған орай баланың психикалық дамуы үлкен өзгерістерге ұшырайды. Себебі: ойынға қарағанда оқу талабы бала үшін қиын. Сонымен қатар, жаңа ортаға үйреніп, мұғаліммен, құрбыларымен қарым-қатынас жасауына психологиялық көмек қажет. Бастауыш мектептің оқу жұмысының әр саласына бейімделу балада бірден қалыптаспайды. Осыған біраз мерзім үйрену керек. Сонымен қатар балалардың оқуға белсенділігі сабақтарда әр түрлі.
Бастауыш сынып оқушылары көпке дейін тапсырманы қалай орындаудың тәсілін жақсы білмейді. Олар берілген тапсырманы жаттап алғысы келіп тұрады. Осылай болуы олардың жаттауға икемділігінің молдығынан емес, оқуға әлі төселмегендігінен, қалай жұмыс істеуге ешкім оны үйретпегендігінен кездеседі.М.М.Мұқанов өзінің Жас және педагогикалық психология еңбегінде бастауыш мектепте тапсырманың балаларға екі түрлі жолмен берілітінін көрсетті: біріншіден, берілген тапсырманы орындау үшін жауапты бала өздігінен іздестіреді. Екіншіден, тапсырма жауап іздестіру ретінде берілмейді. Оны орындау үшін соның үлгісі беріледі, мысалы, тақпақты жаттау үшін соның тексі беріледі. Осы текске өзгеріс енгізуге рұқсат етілмейді. Сол текске сүйене отырып бала оны жаттап алады.Баланың оқу әрекеті арқылы әрекеті әрекеттеніп, яғни мәселені шешуі, олардың танымдық іс-әрекетінің дамуына көмегін тигізеді.Қандай іс-әрекет болмасын қиық құрылымнан тұрады. Іс-әрекет жеке әрекеттерден тұрады да, алдыға қойған мақсатқа жетуге бағыттайды. Мақсат және мотив іс-әрекеті бірдей орындалмайды. Оны мысалы И.Кулагина Жас ерекшелігі психологиясында былай деп келтірілген: Оқушының үй тапсырмасында математикадан есеп шығарып орындау. Оның мақсаты-осы есепті шығару. Оған негізгі мотив әр түрлі болады, біреулері шешесін ренжітпеуге тырысады, екіншілері бестік баға алу үшін немесе тезірек тапсырманы орындар достарымен ойнауға кету үшін. Осы үш жағдайда да баланың математикалық тапсырманы шешуі үшін мағына әр түрлі қалыптасады. Міне, сондықтан, іс-әрекет құралымын мынадай жүйемен көрсетуге болады: мотив-іс-әрекет, мақсат-әрекет, меңгерілетін іс-әрекет-операция.
Сонымен, іс-әрекеттің құрылымына байланысты және бастауыш мектеп оқушысының дамуына әсер ету арқылы сыртқы жоспар ішкі жоспардың негізінде орындалады. Бастауыш мектепте оқыту іс-әрекеті жетекші болады. Сондай-ақ зейін процесінің жүйелі қалыптасатын кезеңі.
Мұғалімнің көңіл бөлуіне бала сенгіш орындаушы ретінде қарайды. Осыған байланысты бастауыш мектеп оқушыларының дұрыс шешім қабылдауына жағдай жасалып, оның зейіні белсенді әрекеттенеді. Бірақ мұғалім де, ата-анлар да баланың мүмкіндігін ұмытпаулары керек. Мектепке түсу танымдық іс-әрекеттердің ішінде зейіндың дамуына күшті әсер етеді. Бала үлкендерден сен мүлдем тырыспайсың? деген сөз естиді. Бірақ ол тырысу деген сөздің мағынасын түсінбейді. Сол үшінде өзінің күшін қай бағытқа бұру керек екендігін білмейді. Бастауыш мектеп жасы адамзат қауымының әлі толығымен қалыптаспаған мүшесі. Бала бастауыш мектепке келгеннен кейін барлық мектеп ұжымының алдына қоятын өзекті мәселесі оқытудың тиімділігін қалай арттыру және оқушы берілген білімді ғана меңгеріп қоймай өз бетінше ойлай алуға қалай үйретуге болады тағы басқа көптеген сұрақтар туындайды. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде кейінгі жылдары оқытудың тиімділігіне әсер етуге арналған әдіс-тәсілдер, принциптер көп ұсынылуда.
Бұл жерде біз Л:С:Выготскийдің мәдени дамудың социогенетикалық заңын еске түсіреміз: --Алдыңғы өткен ұрпақтың қолданған мінез-құлық формалары баланың даму процесінде өзіне тиістілері қайталанып отырады. Басқа сөзбен айтқанда не қабылданды ол --ішкі деп аталады, адамдар арасындағы қатынас арқылы әлеуметтік сыртқы даму болады. Осы логиканың нәтижесінен біз мұғалім мен оқушының расындағы оқытуды меңгерудің қайнар көзін іздейміз және үлкендер мен баланың арасын үйлестіріп тұратын оқушының индивидуалдық өз бетінше әрекеттері болады.

Г.А. Цукерманның айтуынша: --Егер мұғалім баланы, оқуға үйреткісі келсе, ол оларға тек ғана білім беріп қоймай, шеберлік пен дағды да қалыптастыру керек. [83,248].
Қазіргі балалар психологиясының негізгі мәселелерінің бірі - бастауыш оқушыларының психикасын дамыту мәселесі. Бала психикасының дамуын зерттейтін констатациялық серияның міндеттері:
1. Проблемалы жағдайларды шешуді талап ететін тапсырмаларды жасау.
2. Оқытуға дейінгі сақталу принципінің деңгейін анықтау.
3. Көрнекті көріністің алдында заттарды бағалау мен сөздік ой-пікірлердің байланысын зерттеу.

Әл-Фараби еңбектерінде осы пікірді былай деп қолдайды: --қандайда бір ғылым болмасын көңілге дербес ерекше мәндерді ұғыну арқылы ұялайды. Бізге осы ерекше мәндердің, кейбіреулерін ұғыну ған жеткілікті, ал қалған көпшілігін сезінудің өзі тиімді. Осы жағдайларды біздің сезіміміз қабылдап, ұғынуымыз жинақталғаннан кейін ғана барып, біздің санамыз өзіне тән ролді атқара бастайды. Бастауыш мектептегі оқыту процесінде мұғалім баланың танымдық іс-әрекетін дамытуға әсер ете отырып, біріккен іс-әрекет барысында олардың ойлау күрделеніп, есте сақтауы мен зейіні тұрақталып, шоғырланады. Оқыту процесі баланың зейінінің дамуына көмектеседі. Адамның психикалық дамуы оқыту процесі әсерінен тыс болмайды. Интеллектуалды даму деңгейі оқытудың сапасымен мазмұнымен және оны меңгеру процесімен анықталады.
К.Д.Ушинский: ...ең кіші сыныптан бастап оқушылардың жасына қолайлы өзінің жинақталған көзкарасы болуы керек... Әрбір жыл сайын бүл көзқарастың тереңдетілуі, кеңеюі, толықтырылуы тиіс , -- деп жазған. Яғни, оқушының танымдық әрекеті оның дамуындағы басты шарт болатынын анықтады. Ол даму оқушының танымдық әрекеті арқылы жүреді, яғни, оқушы өзінің мүмкіндіктерін жүзеге асырады. Педагогикалық -- психологиялық әдебиеттерде білімнің рөлі, білімнің сенімге айналуы, оқу-танымдық міндеттерді шешуге қажетті оқушылар көзқарасының мәні, жас ерекшелік және орта әсері оқушылардың танымдық әрекетін қалыптастыруға қажетті және жеткілікті шарттар ретінде беріледі. Бұл мәселе педагог-психологтар Н.Ф.Талызина, В.В. Давыдов, П.Я.Галперин, Ю.К.Бабанский, А.В.Усова, Д.Б.Эльконин, Л.Е.Шубина, Б.П.Есипов, М.А.Данилов, И.Я.Лернер, Л.В.Занков, М.И.Махмудов А.А.Люблинская, А.Н.Леонтьев еңбектерінде қарастырылған.
И.П.Подласый, 6 жастан бастап 12 жас аралығы танымдық әрекетті қалыптастыруға және дамытуға өте қолайлы кез деп есептейді.
Әр жастағы, оның ішінде бірінші сынып жасындағы баланың психологиялық ерекшеліктері бірден қалыптаспайды, керісінше, бұл ерекшеліктер баланың бұдан 18 бұрынғы дамуында жинақталып, оны өз кезегімен дамудың келесі сатысына көшуге даярлап отырады, Сондықтан бастауыш мектеп мұғалімі бастауыш сынып оқушысының ерекшеліктерін зерттей отырып, сол ерекшеліктерді мектепте дейінгі шағында қалыптасқан ерекшеліктерден бөлек алып қарамайды және бұдан былайғы даму перспиктиваларын көрмей тұра алмайды. Дамудың өзі денелердің кеңестікпен уақытта жай өзгеруі ғана емес, ол өзінің үдемелілігімен, төменнен жоғарғыға, азырақ ұйымдасқаннан неғұрлым үйымдасқанға, қарапайымнан күрделіге ауысымен көзге түсетін жаңадан кері айналмайтын үрдіс. Даму үздіксіз жүреді, ойлау, қорытынды шығару үрдістері қалыптастырады. Мектепте оқыту баланың жан-жақты дамуын қамтамсыз етеді және ол бала дамуының негізі болып табылады. Сондықтан оқыту мен дамудың арасында тығыз байланыс болады. Бұл ретте көрнекті психолог Л.С.Выготский дамудың өзекті және іргелі деп екіге бөлді. Өзекті дамуда оқушы мүғалімнің түсіндіргенін ары қарай өзі жалғастырып меңгерсе,іргелі дамуда оқушы өз бетімен білімді меңгере алмайды.
Бастауыш саты -- оқушыда, оның интелектісі дамуының іргетасы танымдық әрекеті қалыптасуының куатты жүретін кезеңі. Танымдык түрлерін меңгеру оқушы ойын тәртіптеп, оның белгілі бір бағыты жүйелі арнамен жүруін қамтамасыз етеді; жеке тұлғаның негізгі психикалық үрдістері қалыптасып, ырықты, зейін, рефлексия, өзін-өзі бақылау, әрекет амалдың ішкі жоспары сияқты нысандар пайда болады. Оқушы әр түрлі оқу тапсырмаларын өздігінен шешіп орындаудың ортақ тәсілдерін, өз әректін бақылап бағалаудың, нәтижесін эталонмен салыстыруды меңгереді. Бастауыш мектеп жасындағы баланың биологиялық, әлеуметтік мәдени, педагогикалық ерекшеліктері мен белгілері танымдық әрекеттің қалыптасуында басты назарда ұсталады.
Бала дүниеге келгеннен бастап, оның танымдық әрекетінің қалыптасуы үздіксіз жүріп отырады. Мектепке дейінгі шақтың соңында баланың психикасы мектепте оқи бастауға қажетті және жеткілікті даму дәрежесіне жетеді. Мәселен, жеті жастағы балаға:
1. Сөйлеудің даму дәрежесі, сөз қоры, белсенді және пассивті сөздігі қажет;
2. Қоршаған дүние жайлы үғымдар қажет;
3. Қажетті іс-әрекет жайлы икемділігі мен дағдылырының (қарындашты ұстай білу, желімдеу, кесу, сурет салу) дамуы;
4. Іскерлікке өзін жеге білу үстінде көрінетін бала еркінің дамуы, күрделігіне қарамастан берілген тапсырмаларды ынталана орындауы, мұғалім қоятын талаптарға бағынуы тән.

Мектепке келген кезінен-ақ, балада ақыл-ой әрекеті сияқты аса маңызды қабілет қалыптасады. Бұл қабілет оқи білуге үйрену ынтасынан көрінеді. Окытудың алғашқы қадамдарынан бастап мектеп осы қабілетті жан-жақты дамытып, әрі жаттықтырып отыруға тиіс. [557 б.]
Бастауыш мектепте баланың бүкіл психикалық әрекетін: зейін, қабылдау, есте сақтау мен есте қалдыру, ойлау, бақылау әрекеттерін реттеп отыру арқылы анымдық әрекеті қалыптасады.
Психологтардың, педагогтардың (Н.Лейтес, А. Люблинская, Я.Пономарев, Ж.Пиаже, А.Зак. т.б.) зерттеулерінше оқушының мектептегі кезеңдерінің ішінде, әсіресе, бірінші сынып кезеңінде оқушылардың танымдық әрекеттерінің психологиялық негізі және елестету, армандау, шығармашылық ойлау және ойлау операциялары: талдау, жинақтау, жалпылау, салыстыру және т.б. қалыптасады. Сонымен қатар әрекетті бағалау, қорытынды шығару және өз пікірін айту сияқты керекті негізгі қабілеттер де көріне бастайды. Бастауыш сынып оқушыларының маңызды тағы бір ерекшелігі -- оларды эмоционалдық көңіл-күйінің көтеріңкілігі. Жарқын айтылған бір ауыз сөз, көрілген фильм, оқылған кітап не әңгіме балаларды баурап алады, олардың жан сарайында жаңғырық тудырады. Бұл жастағы балалар айтқанға оп-оңай көнгіштігімен ерекшеленеді, олар ересек адамдардың, әсіресе, мұғалімнің тәрбиелеу ықпалына тез беріледі.
Бастауыш сынып оқушылары әдетте әр түрлі тапсырмаларды ұқыпты орындайды, іс үстінде зор табандылық көрсетеді. Тапсырмалар беру жүйесін қүру, оның орындалу сапасын бақылау, қол жеткен табыстары үшін балаларды мадақтап отыру жолымен танымдық әрекетті қалыптастырудың маңызы зор.
Баланың өз мінез-құлқына, өз ақыл-ой әрекетіне ие болуы осы әрекет тәсілдерін меңгеру үрдісінде өтеді. Сондықтан мүғалімнің міндеті бастауыш сынып оқушысына оқу жұмысының неғүрлым жетілген әдістерімен мұғалімді тыңдай білу, бақылау, оқулықты оқи білу, мән-мағына есте сақтау, оқылған нәрсені есте қалдыру, жатқа білу, есептерді талдап, шешу, дәптердегі оқу материалына ынта қою, тағы осылар сияқты әдістерімен қаруландыру керек.
Танымдық әрекетті қалыптастыруда баланың биологиялық, физиологиялық ерекшеліктері маңызды рөл атқарады. С.Г.Хорошавина мидың үлкен жарты шарларының функцияналдық асеметриясын ескере отырып, адамда жарты шардың біреуі жұмыс жасайды, сондықтан біреулер дәл ғылымға, келесілері бейнелік ойлауға икемді келеді деген пікірді айтады. З.И.Калмыкова адамдарды мидың сол жақ жарты шары дамыған, оң жақ жарты шары дамыған, екі жарты бірдей дамыған деп бөліп қарайды.
Медицина, биология, психологияда және басқа ғылымдарда адам миының сол жарты жары доминантты балалар ақпаратты бір мәнді логиканың заңдарына сәйкес үздіксіз, вербальды түрде, жалқыдан жалпыға көшу ұстанымына сәйкес қабылдайды, ал оң жақ жарты жары доминантты балаларды ақпаратты көп мәнді логиканың заңдарына сәйкес жалпыдан жалқыға көшу ұстанымы бойынша дискретті қабылдайды.Бұдан, мидың оң жақ жарты жары доминантты балалар ақпаратты қабылдау кезеңінде оқу үрдісімен тұйықталады, ал екінші топтағы балаларға оқу үрдісіне негізделіп құрылады. Сондықтан бірінші топтағы балалар мектепте оқу жылдарында оқулықтағы материалдың берілу стилі мен мұғалімнің түсіндіру логикасына сүйенуіне тура келеді. Бұдан дидактогендік тұрғыдағы проблема туады: балалардың мектептегі дискомфортты олардың физикалық және психикалық денсаулықтарының төмендеуіне әкеліп соғады. Сонымен, білім мазмұны мен оқыту жағдайының бала генотипі ерекшеліктеріне сәйкес келуіне қамтамасыз ету оқу ақпаратын қабылдау сипаттамасын анықтайды, оқыту тиімділігін күшейтудің қажетті жағдайы, жалпыға арналған мектептердегі валеологиялық параметрлердің жақсаруы болып табылады. Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен, оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін аса маңызды, құнды, қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделеді.
Бастауыш мектептің алдында үнемі оқу, жазу, есептеудің тиянақты дағдыларын, қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, қоғам және табиғат туралы бастауыш білім беру, шығармашылықпен өзін-өзі көрсетуге бағдарланған, басқаша айтқанда, баланың жеке тұлғасын қалыптастыру, оның жеке қабілетін қалыптастыру міндеті тұрады.
Бастауыш білім алу үрдісінде оқушылар дұрыс, еркін, тез әрі түсінікті оқуға, өз ойларын ауызша, жазбаша дұрыс қорытуға, мазмұндауға, арифметикалық есептер шығаруға бауланады, оларға табиғат жөнінде кейбір түсініктер беріледі. Оқу барысында балалардың көркем өнерге деген ынтасы, өнерге деген ықылысы, сүйіспеншілігі артады, шығармашылық қабілеті, музыкалық сезімі, эстетиканы (көркемдікті) сезіне білу қабілеті дамиды. Баланың ғылыми мәліметтерді ұғып алуға ынталануы, ойлану операцияларын игеруі оның ойлау қабілетінің басты ерекшеліктеріне айналады да, ол қажетті білімдерді меңгере бастайды. Бастауыш білім алу үрдісінде жасөспірімнің одан әрі білімін жетілдіре беруіне негіз салынады.
Жоғарыдағы педагог-психолог ғалымдардың еңбектерінен бастауыш мектеп жасында бала ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психикалық дамуы тежелген төменгі сынып оқушыларының үрдісін ұйымдастыру
Психикалық дамуы тежелген баланың ерекше білім беру қажеттіліктері
Дамуында бұзылысы төмен сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамыту төмен сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамыту туралы
Дислексия және кеңістік түсініктердің бұзылысы
Эмоционалды ерік сферасы зақымдалған және даму ерекшеліктері бар балалар
Психикалық дамуы тежелген баланың ерекшеліктері
Көмекші мектеп бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысының ерекшеліктері
Дамуы зақымдалған төменгі сынып оқушыларына орыс тілін оқыту
Дарынды балалармен жүргізілетін түзету – дамыту жұмыстары
Психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының мeктeптeгі жүйeлі oқуғa дaярлығы мен зейінін қaлыптacтыру әдіcтeрін тoптacтыру
Пәндер