Ұлттық экономика туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Ұлттық экономика

Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты нарықтық қатынастар күрделенiп, олардың қызметтерiнiң сан-салалы бағыттары пайда бола бастады. Нарық экономикасының қызмет етуiндегi бiрiншi және өте маңызды элемент - өндiрушiлер мен тұтынушылар болып табылады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының экономикасын жетілдіруде ұлттық экономиканың қызмет ету деңгейі алғашқы орынды алатыны сөзсіз. Жалпы, ұлттық экономика кез-келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпы экономикалық қатынастардың құрамдас бөлігі. Ұлттық эконoмиканың қызмет ету деңгейі - яғни, ұлттық экономика жүйесін экономикалық ғылымда баланстық, қызмет ету деңгейінің, бағыттарының бірі болып табылады.
Ұлттық экономика құрылымын қарастыруда қоғамдық өндіріс құрылымы түсінігін анықтаудаған бастаған жөн. Ұлттық экономика құрылымы дегеніміз, сол мерзімде экономикада әр қилы факторлар ықпалымен, қоғамдық еңбек бөлінісі мен қоғамдық ұдайы өндіріс пропорцияларын сипаттайтын салалардың арақатынасы. Қоғамдық ұдайы өндірістің пропорциялары өндірістің әр қилы элементтері мен бөліктерінің қалыптасқан арақатынасы.
Экономикалық процестердің арасындағы байланыс белгісі бір сандық пропорциялар арқылы көрсетуге қарай былайша бөлінеді:
1. Жалпы экономикалық қоғамдық ұдайы өндірістің элементтерінің арасындағы сандық арақатынас (мысалы, тұтыну мен қор жинау, жалпы ұлттық өнім меғн ұлттық табыс, өндіріс құрал-жабдықтары өндіріс пен тұтыну заттары, өндірісі т.б. арасындағы);
2. Салааралыққа -- қоғамдық өндірістің әр қилы салаларының сандық арақатынасы (мысалы, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы материалдық пен материалдық емес, өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп т.б. арасындағы);
3. Ішкі салааралыққа - сала мен өндіріс ішіндегі сандық арақатынас (мысалы, шойын мен болат, мақта-мата өндірісі т.б.);
4. Мемлекетаралыққа - ұлттық шаруашылықтар мен әр қилы елдердің жекемен өндіріс салаларының сандық арақатынасы.
Ұлттық экономиканың құрылымы жалпы өнімнің ұлттық салалық құрылымы арқылы көрініс алады.
Ұлттық экономиканың салалық құрылымындағы сияқты, жұмыспен қамту саласында да осы заңдылықтар байқалады, ауыл шаруашылығында қызмет ететіндер үлесі күрт қысқарады да, өнеркәсіп өндірісіндегі еңбек ететіндер үлесі артады. Қазіргі кезеңде ұлттық экономиканың құрылымына ғылыми-техникалық революция шешуші ықпал етеді. Ғылыми-техникалық рефолюция қоғамның өндіргіш күштерін дамытуда жаңа тарихи дәуірдің бетін ашып отыр. Ғылым қоғамның өндіргіш күштерінің маңызды элементтерінің біріне айналып отыр.
Ұлттық экономика және оның қызмет ету деңгейі барысында қоғамның басты өндіргіш күші - адамның өндіріс процесіндегі ролі мен орны түбегейлі өзгереді. Техника дамуының әр қилы тарихи кезеңдерінің критерийі атқарушы қызметтің адамнан техникаға көшуі, осыған сәйкес адамның машинамен байланысының технологиялық әдісі түбірлі өзгеріске ұшырады. Осы критерийге сай қоғамдық өндіріс дамуының былайша айтқанда, технологиялық өндіріс әдісінің дамуының негізгі кезеңдерін бөлуге болады:
1. Қол еңбегіне негіздеоген өндіріс. Бұл кезеңнің ерекше сипаты технологиялық процесте адамның техникамен байланысының күшеюінде, адам еңбек процесінің материалдық негізіне, ал еңбек құралдары оның жұмыс орындарына қуат беріп отырады.
2. Еңбек процесін механикаландыруға негізделген машина өндірісі. Еңбек процесінің материалдық негізін машина қалайды, адам оны толықтырады.
3. Автоматтандырылған өндіріс. Өндіріс процесінің материалдық негізін машина автоматтар құрайды. Адам өндіріс қатарында творчестволық, жасампаздық қызмет атқарады. Мұндай жағдайда өндіріс технологиясы адамның физикалық және психологиялық мүмкіндіктерімен де шектелмейді.
-- енді дамыған елдердің қоғамдық өндірісіндегі құрылымдық өзгерістердің қазіргі тенденциясын қарастыруға көшелік, ол барынша жоғары дәрежеде ғылыми техникалық революциялық дамуымен сипатталады. Бұл мыналармен байланысты,
біріншіден, ғылыми-техникалық прогресс жетістігі, принципиалды жаңа технологиялар, осымен байланысты ұлттық экономиканы қайта құруды талап етеді.
Екіншіден, салалық құрылымдағы интенсивті қозғалыс пен өзгерістер ғылыми-технологиялық жетістіктердің қолдану дәрежесін, қоғамның өндіргіш күштерінің дамуының объективті қажеттілігі дәрежесінің көрсеткіші. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың дамуының негізгі бағыты экономиканы қайта индустрияландыру ол болса бүкіл қоғамдық өзгерісті одан әрі интенсивтендіруді мына негізде қамтамасыз етеді: өндірісті принципиалды жаңа ресурстар мен энергияны үнемдейтін, әрі экологиялық тұрғыдан таза технология негізінде қайта құру, өндірілетінөнімдер мен өндірістің техникалық-экономикалық параметрінің сапасын жақсарту, өнеркәсіптің сапасын жақсарту, өнеркәсіптің ғылымды көп қажет ететін салаларын одан әрі дамыту және олардың жалпы ұлттық өнімдегі үлесін көтеру, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін енгізу жасымен өндірістік емес салалы индустрияландыру.
Алға қойылған міндеттерді практикалық тұрғыдан шешу жолы мемлекеттің экономикалық саясатын, ең алдымен инвестициялық саясатының икемділігіне тәуелді. Ұлттық өнімнің өсу қарқынын тезделуге бағытталған мемлекеттің экономикалық процестерді реттеуге белсенді араласуын қолдайды.
Мұндай жағдайда мемлекеттің инвестициялық саясаты күрделі қаржы көлемін сандық тұрғыдан өсіру арқылы өндіріс көлемін ұлғайтуға бағытталады. Қоғамдық өндірісті интенсивтендіру негізінде экономикалы құрылымдық қайта құрудың міндеттері жаңа инвестициялық саясатты ұсынады.
Ұлттық экономикадағы белгілі дәрежедегі түпкі өнім бойынша фирмалардың ғылшыми зерттеу бюджетіндегі қаражаттың құрылымы да маңызды. Өнеркәсіп фирмаларының мақсаты пайданы көп келтіру, түптеп келгенде, бүкіл-ғылыми зерттеулер мен жұмыстар шығындарын азайтуға және өндіретін тауарлардың бәсеке қабілетін көтеруге бағытталған. Бұл принцип ұлттық өнім экономикасы түлерін өндіру немесе технологиялық процестер мен өндірісті жетілдіру жолымен мүмкін болады.
Мұнда корпорацияның экономикалық және ғылыми-техникалық стратегиясы алғашқы екі бағыт жағына қарай ауысады.
Дамыған алдердің көпшілігінің ұлттық экономикасының басынан кешіп жатқан қазіргі құрылымдық қайта құру тағдырын ғылыми-техникалық революция анықтайды. Қазіргі құрылымдық өзгерістер жай сандық өзгерістермен емес, сапалық белгілермен сипатталады, ол болса болашақта құрылымдық қозғалыстарды зерттеу мекемесіне жаңаша қарауды талап етеді.
Ұлттық экономикалық қызмет етуінің ең маңызды жиынтық көрсеткішіне ұлттық табыс жатады. Ол барлық өндіріс факторлары иегері табығының қосындысын (рента, жалақы, капиталға пайыз %), меншіктен табыс, корпорация пайдалы) құрайды. шетел практикасында ұлттық табыс таза ұлттық өнім (ТҰЖ) мен бизнеске деген жанама салық айырмасы ретінде анықталады:
ҰТ=ТҰД - жанама салықтар
Дәстүрлі тәсіл бойынша, ұлттық табысты жиынтық қоғамдық өнімнің бір бөлігі ретінде өндіріс процесінде тұтынылған материалдық ресурстарды қайтаруды иегеру арқылы анықтаймыз.
ҰТ=ЖҚД-МШ
мұндағы: ҰТ=ұлттық табыс,
ЖКӨ=жиынтық қоғамдық өнім
ИШ=материалдық шығындар.
Өзінің қозғалсында ұлттық табыс төрт станциядан өтеді, өндіріс, балу, айырбас және қолдану.
Өндіріс стандиясына ұлттық табыс барлық салада құралатын таза өнім түрінде болады, болу стадиясында әртүрлі бірінші және екінші табыс түрінде болады; айырбас стадиясында - тауардың өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыныс заттары түрінің жиынтығын құрайды, қолдану стадиясында - қорлану мен резерв түрінде болып келеді.
Ұлттық экономика және оның қызмет етуінің деңгейі - ұлттық табыс мөлшері тұрғындардың тұтыну деңгейімен өсуі, сондай-ақ өндіріс аумағы мен оның өсу қарқынына байланысты. Ұлттық табыс жиынтық қоғамдық өнімнің шамамен 50 % құрайды. Ұлтық табыс қоғамның түпкілікті өнімінен амортизация сомасына келе, шамамен 8-10% болады.
Егер ұлттық табыс көлемін елдегі тұрғындар санына бөлсек, онда өте маңызды экономикалық көрсеткішті табалыз: тұрғындар өмір денгейнің айнасы - жан басына шаққандағы ұлттық табыс.
Әлемдік қауымдастыққа ететін елдер бойынша өмір деңгейін анықтау үшін жөн басына шаңқандағы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемін қолдануға болады.
Ұлттық экономикалық қызмет деңгейін, яғни ұлтық өндіріс көлемін өлшеу үшін жалпы ішкі өнім көрсеткіш қолданылады. Ол барлық жылдық өнім құнылық сомасын құрайды, сондай-ақ Қазақстандағы шет ел және өзінің өндіріс факторларын қолдану арқылы құралады. Оны жалпы ұлттық өніленген ажырата білген жөн. Жалпы ұлттық өнім жалпы ішкі өнімнен осы елдесі қолданылған ресурстар табысы сомасының шет елдегі өнімнен (пайыз, дивиденд, жолақы және т.б.) артық болады.
Ұлттық экономикалық қызмет ету деңгейін методология бойынша статистикалық органдары есептейді және халықаралық салыстырулар үшін қолданылады. Негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық экономика туралы
Халықаралық экономикалық қатынастар: мәні және түрлері
Нарықтық экономика теориясы
Экономикалық тепе - теңдіктің қалыптасуы
Қазақстан Республикасындағы экономикалық ілімнің даму эволюциясы
Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу.
Мануэль Кастельс: ақпараттық экономика және жаһандану процесі
Қазақстан Республмкасындағы көлеңкелі экономика
Аралас экономикалық жүйенің қалыптасу ерекшеліктері
Экономика дамуын мемлекеттік реттеудің әдістері мен ұйымдастыру негіздері
Пәндер