Аталық жыныс ағзалары
Аталық жыныс ағзалары.
Ер адамның жыныс мүшелері (мужские половые органы organa genitalis masculina)
Ер адамның жыныс мүшелері сыртқы және ішкі болып екі топқа бөлінеді.Оның ішкі жыныс мүшелеріне аталық жыныс безі,оның қосымшасы, шәует көпіршіктері, қуық асты безі, бульбоуретал бездер, шәует шығарушыжолдары кіреді. Сртқы жыныс мүшелеріне ұма мен аталық жыныс мүшесі жатады.
Аталық жыныс безі (яичко, testis) - ұмадағы жұп, аралас без. Онда аталық жыныс жасушалары жетіледі, аталық жыныс гормондары пайда болады. Бездің сыртқы секрециялық қызметі жыныс жасушаларын, сперматозойдтарды шығарады, ал зндокриндік қызметі аталық жыныс гормондарын қан, лимфа тамырларына бөледі. Аталық жыныс безінің пішіні сопақ, екі бүйірі қысыңқы, салмағы 25г жуық. Оның екі беті, алдыңғы, артқы шеті, жоғарғы, төменгі ұшы бар, артқы шетінде қосымшасы орналасқан. Аталық жыныс безі сыртынан ақ тығыз дәнекер ұлпамен қапталған, ол бездің артында қалыңдап, аралық пайда болады. Ақ қабықтан бездің ішіне қарап тармақтар кетеді, олар безді 250-300 бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелер ирек түтікшелерден тұрады. Араларын дәнекер ұлпа байланыстырады. Ирек түтікшелер көп қабатты ерекше сперматоген кілегей жасушалары және сортолли жасушаларынан тұрады. Сперматоген жасушаларында аталық жыныс жасушалары дамып жетіледі, ал сортолли жасушалары олардың дамуы үшін қоректендіру қызметін атқарады.
Ирек түтікшелер тік түтікшелерге айналып, ерекше тор пайда болады. Торлы түтікшелерден аталық безді, оның қосалқысымен байланыстыратын 15-16 байланыс түтікшелері шығады.
Байланыс түтікшелері бездің қосалқысының төменгі жағында бірігіп, шәует шығару өзегі пайда болады.
Аталық жыныс безінің қосалқысы (прдаток яичка, epididymis) сопақша келген, оның басы, денесі, ұшы бар. Аталық жыныс безінің торынан 15-16 түтікшелер иректеліп төмен қарай бағытталады, кейін ұшында бірігіп, шәует шығару өзегі болып жалғасады.
Шәует шығарушы өзек (семявыводящий проток, ductus deferens) ұзындығы 40-50см жұп түтік. Ол аталық жыныс безі, оның қосалқысымен умада орналасқан. Пайда болған сперма сұйықтығын сыртқа шығарады. Шәует шығарушы өзек аталық жыныс безінің қосалқысының ұшынан басталып, шәует бауының құрамында жоғары көтеріледі.
Шәует бауы жоғары көтеріліп, шат өзегінен іш қуысана кіреді. Осы жерде өзек тамырлар мен жүйкеден бөлініп, төмен қарай бағытталып, кіші жамбас қуысына өтеді. Жамбас қуысының бүйірдегі қабырғасы арқылы қуық алды безіне, қуыққа бағытталады. Осы жерде шәует көпіршектерінің өзегімен бірігеді. Қуыққа жақындағанда кеңейіп, жыныс жасушаларының қоймасы пайда болады.
Шәует шығарушы түтіктің қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі - шырышты, ортадағы - бұлшық ет, сыртқы - дәнекер ұлпалы қабат.
Шәует бауы (семенной канатик, funiculus spermaticus) - жұп болып умадан жіпшеленіп басталады. Оның құрамында жыныс безіне келетін артерия, вена қан тамырлары, жүйке талшықтары, лимфа тамыры және шәует шығарушы өзек болады. Ол умадан жоғары көтеріліп, шат өзегі арқылы іш қуысына кіреді. Осы жерде шәует шығарушы өзек, тамырлар мен жүйке талшықтарынан бөлінеді. Қан тамырлары, жүйке талшықтары жоғары көтеріліп іш перденің артына өтеді, ал шәует шығарушы өзек кіші астауға бағытталады.
Шәует көпіршіктері (семенной пузырек, vesicula seminalis) жұп, сопақша, ұзындығы 5см жуық, қуық пен тік ішектің кеңейген бөлігінің аралығында орналасқан. Шәует көпіршіктерінің жоғарғы кеңейген жерін денесі, төменгі жіңішкерген бөлігін шәует шашар өзегі деп атайды. Шәует көпіршіктері сперма сұйықтығына толы. Сперма сұйықтығы түссіз, оның құрамында сперматозоидтар болады.
Шәует көпіршіктерінің қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі шырышты, ортадағы бұлшық ет, сыртқы дәнекер ұлпалы қабаты. Шәует көпіршіктерінің қуысы шәует шығарушы түтікке өтеді.
Шәует шығарушы және шәует көпіршіктерінің шығарушы түтгі бірігіп шәует шашушы түтік пайда болады. Оң және сол жақтағы шәует шашушы түтіктер қуық алды безінің артынан кіріп, несеп шығару жолына ашылады.
Қуық алды безі (предстательная железа, prostata) кіші астауда, қуықтың түп жағында, несеп шығарушы өзекті қоршап орналасқан күрделі без. Ол сперма сұйықтығының құрамына кіретін сөл бөледі, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz