МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚЫЗМЕТ

Қазақ технология және бизнес университеті
СӨЖ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ Орындаған:Бахитжанова Мадина Мамандық:Мемлекеттік және жергілікті басқарма Группа:ГМУ-201 Курс:1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚЫЗМЕТТәуелсіздік жылдары өзіндік ерекшелігі бар, мамандандырылған ұлттық моделі құрылды. Қол жеткізілген жетістіктерге қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесі ғылыми зерттеулерді жүргізуді талап етеді. Біздің пайымдауымызша мемлекеттік қызметтің мәнін ашудың маңыздылығы зор.
Қазақстандық ғалым В. Уваровтың пікірінше «мемлекеттік қызмет дегеніміз басқару персоналының мақсатқа сай әлеуметтік пайдалы, объективті қажетті және ұйымдастырушылығы жағынан рәсімделген қызметі» .
Ал Ш. Есімованың пікірінше мемлекеттік қызмет дегеніміз - мемлекеттің функцияларын іске асыру бойынша билік өкілеттіктері берілген мемлекеттік органдардың жеке құрамының қызметі
Мемлекеттік қызмет ұғымының заңнамалық анықтамасына келсек «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «мемлекеттік қызмет бұл мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызметі» деп көрсетілген [3] .
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, мемлекеттік қызмет ұғымы мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдағы міндеттер мен функцияларды іске асыратын ұйымдастырушылық қызмет.
Сонымен бірге мемлекеттік қызмет үш қырынан бағаланады. Біріншіден құқықтық институт, екіншіден әлеуметтік институт, үшіншіден кәсіби қызмет ретінде. Қазақстанда «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның күшіне енуімен мемлекеттік қызмет құқықтық институт ретінде қалыптасты деуге негізі бар. Заңда мемлекеттік басқару салаларының барлығы тұтас қамтылмаған. Арнайы мемлекеттік органдардың, бюджеттік мекемелердің қызметі басқа заңдық актілермен реттеледі. Әлеуметтік институт ретінде мемлекеттік қызмет құқықтық және экономикалық мәселелер кешенін шешуді қажет етеді. Яғни мемлекеттік қызмет мемлекеттің, мемлекеттік басқарудың құрамдас бөлігі ғана емес, өз алдына дербес жүйе, ондағы қатынастарды, оның элементтерін бөлежара қарамай, тұтас жүйенің құраушы бөлшектері ретінде қарауымыз керек. Сонда ғана мемлекеттік қызметті жан-жақты зерттеу мүмкіндігі туады деп көрсеткендей мемлекеттік қызметті шетелдік тәжірибені саралай отырып зерттеу қажет етеді.
Мемлекеттік қызмет қоғамдық құрылымнын элементіне айналып өзіне тиесілі әлеуметтік институтта ерекше орын алады. Біріншіден, ол өзіне тән кәсіби қызмет саласын көрсетеді. Бұл қызмет мазмұны, нысаны және әдістерімен мемлекеттік органдардың өкілеттігінің орындалуын қамтамасыз етеді. Екіншіден, мемлекет пен мемлекеттік азаматтық қызмет арасындағы байланыс буыны ретінде азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Конституцияда «адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсетілгендей, қызметтік мәртебесіне қарамай мемлекеттік қызметшінің негізгі қызметі болып табылады. Үшіншіден, мемлекеттік қызметі мемлекеттік қызметші мен басқару органдарынан өзін ерекше әлеуметтік құбылыс ретінде көреді. Төртіншіден, мемлекеттік қызмет қоғамдық байланыс пен қарым-қатынасты жай сипаттамайды. Ол демократиялық мемлекеттің ақиқатын, конституцияға құқықтық тұрғысынан бағытын әлеуметті хабардар етеді. Бесіншіден, мемлекеттік қызмет тек құқықтық ғана емес, әдепті жүйесі жағынан да қарайды.
Азаматтардың өз-өзін тануды, мемлекеттік қызметшілер мен наным ережесін ұстаушы азаматтар және азамат қоғам ережесіннен қалыптастыру қажет [4, 201 б. ] .
Әлеуметтік ұйымдастыру функциясы. Мемлекеттік қызмет ұйымдастырудың үлгісі ретінде және басқа қоғамдық институттарды реттеуге әсерін тигізеді. Мемлекеттік қызмет барлық жақсыға сүйеніп ұйымдастырудың үлгісіне айналуы қажет. Ал ұйымдастыру біздің ойымызша барлық күшті жинап мемлекетте саясатты тиімді жүргізеді.
Мемлекеттік қызмет әлеуметтік байланыс функциясын жүзеге асырады. Басқаша айтқанда мемлекеттік қызмет мекемесі - бұл мемлекет пен азаматтар қарым-қатынасын тәртіпке салатын орны. Қоғамдық ойды, азаматтардың әртүрлі мемлекеттік актілерге қарым-қатынасын мемлекеттік қызмет арнасы арқылы жүзеге асырады. Осы арна арқылы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру барысында жергілікті және аймақтық ерекшеліктерге көңіл бөлінеді.
Мемлекеттік қызмет әлеуметтік ақпараттық функциясын жүзеге асырады. Кім ақпаратты көп білсе, сол билікті иеленеді деп айтады. Біз білетініміздей, ақпарат тасушы аппараттар. Осының салдарынан ақпарат пен оны қолдануды иелену үшін мемлекеттік қызмет жүйесінде байланыс пен қарым-қатынас туындайды. Ақпаратты жасыру немесе дұрыс қолданбау шенеуніктердің халықты алдауына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан қызметтік ақпаратты әділ, мемлекеттік мақсат бойынша жүзеге асыру және әртүрлі категориядағы халықтың мұқтаждығын қанағаттандыру өте маңызды.
Әлеуметтік жоспарда бақылау функциясы өте маңызды. Сыртқы және ішкі бақылауды айыра білу керек. Мемлекеттік қызмет шеңберінде басқармалық бақылау жүзеге асырылуы қажет. Бұл тұрып қалған жағдайларды реттеуге, қабылданған шешімдерді енгізуге және басқармалық қызметтің өзіне нық сенуге көмектеседі. Мемлекеттік аппарат органдарының қызметіне азаматтық қоғам институты мен азаматтар тұрғысынан әлеуметтік бақылау орнату қажет. Мемлекеттік қызметті қызметтендіру жағынан реттеу функциясы тәжірибесі жағынан үлкен орын алады. Бұл мемлекет пен қауым арасындағы байланыс буыны ретінде мемлекеттік қызмет ережесінен туындайды. Мемлекеттік қызметті ұйымдастыруда мемлекеттік институттар мен азаматтық қоғамда реттеу рөлін көрдік. Еңбек саласында жекеменшік, тұрғын үй және басқада көптеген мәселелер бойынша мемлекет атынан реттейді.
Мемлекеттік қызмет мемлекетке маңызды тәрбиелік қызметін атқарады. Ол мемлекет азаматтарына бейбітшілік және келісім, жақсылық пен әділдік, Отанға деген сүйіспеншілік, қоғамдағы адамгершілік құндылықтың санасының нысаны мен әдістері қолжетімділігін қадағалайды. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, олардың қоғамда әл-ауқатының, құқықтық талаптарға қанағаттануын, және де азаматтық қадір-қасиетінің сақталуы мемлекеттік қызметтің реттеуші рөліне кіреді.
Демек жалпы мемлекеттік қызметтің қызметі осы болып табылады. Мемлекеттік қызметтің қызметі әлеуметтік сипаттау дәрежесі саяси, кәсіби және мемлекеттік қызметшілердің қызметінің сапасы арқылы анықталады. Мемлекеттік қызметшілердің саяси сапасына әдетте патриотизм, мемлекеттің конституциясын қорғау қабілеті, мемлекет азаматы болу жатады. Зиялылық, біліктілік, ұйымдастырушылық қабілеті және де тиімді жаңашылдық іс-әрекет ете білу де іскери қызмет жүйесіне жатады. Ал адамгершілік, физиологиялық және де ашықтық жеке тобына кіреді. адамгершілікке әділдік, адалдық, әділеттілік, парасаттылық және т. б. жатады. Физиологиялық сапаға денсаулық жағдайы, жұмысқа қабілеттілігі және ерекше жағдайда жұмысқа жарамдылығы жатады. Ашықтық сапасына көпшілдік, жақсылық тілеуші, адамдарды тыңдау, іскери келісім-шарттарды ретке келтіру, жеке қатынасты реттей алу және де бөтен біреудің ойын түсініп, сендіре білу кіреді. Адамдарды өзіне тарта білу және ұжымды ұйымдастыра білу басшыға өте маңызды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz