Мәңгілік Ел патриоттық актісі - ел болашағына тікелей ықпал ететін маңызды құндылықтар жиынтығы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

« Мәңгілік Ел» патриоттық актісі - ел болашағына тікелей ықпал ететін маңызды құндылықтар жиынтығы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен бүгін «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы өтті. Шараға Ассамблея ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер төрағалары, ҚР Парламентінің депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, шет елдердің дипломатиялық миссиялары, ғылыми, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, жалпылама алғанда 1200-ге тарта адам қатысты. Дәстүр бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының әрбір сессиясында қандай да бір құжаттар, қарарлар, Үндеулер қабылданып жататыны белгілі. Биылғы сессияның басты ерекшелігі - «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің қабылдануында болып отыр. Мұны жиынды қорытындылаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та ерекше атап өткен еді. Айта кетерлігі, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылғы «Қазақстандық жол - 2050: ортақ мақсат, ортақ мүдде, ортақ болашақ» атты Жолдауында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін әзірлеуді тапсырған болатын. Онда Елбасы «Мәңгілік Ел» - жалпықазақстандық ортақ шаңрақ туралы ұлттық идея, ата-бабалар арманы екенін еске салып, егеменді дамудың 22 жылы ішінде барлық қазақстандықтардың басын біріктіретін ортақ құндылықтар жасалып, олар ел келешегінің іргетасына айналғанын тілге тиек еткені есте. «Мәңгілік Ел» - қияли теорияның жемісі емес. Бұл құндылықтар - уақыт сынағынан өткен «Қазақстандық жолдың» тәжірибесі», - дей келе Қазақстан халқы Ассамблеясына «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін қабылдауды ұйымдастыруды тапсырған болатын. Содан бергі екі жыл бойы патриоттық акті жобасы жасалып, ол еліміздің барлық өңірлерінде талқылаудан өтті, шығармашылық одақтар, ірі қоғамдық бірлестіктер, ғылыми қауымдастықтар өз пікірлері мен ұсыныстарын қосты. Былтырғы жылдың 5 қазанында өткен Қазақстан Патриоттарының форумында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің жобасы тұтастай мақұлданған болатын. Содан кейін, құжат мемлекеттік органдармен келісіліп, арнайы сараптамадан да өткізілді. Осылайша, республика көлемінде жан-жақты талқылаудан өткен акті жобасы Қазақстан халқы Ассамблеясының бүгінгі сессиясына шығарылды. Айта кетерлігі, осы сессия барысында сөз алған спикерлер де құжаттың маңыздылығын жоғары бағалады. Мәселен, солардың бірі күні кеше ғана бейбіт заманның қаһарманына айналған «БЭК ЭЙР» компаниясына тиесілі «Fokker-100» әуе кемесінің командирі Дмитрий Родин. Ол 116 адамы бар ұшақты Астана әуежайына апатты жағдайда аман-есен қондырып, елдің ықыласы мен алғысын арқалаған батыр азамат. «Нұрсұлтан Әбішұлы, осы залда полковник Қайрат Үмбетов те отыр. Ол жарылған гранатадан өз денесімен сарбазды жауып, оның өмірін аман алып қалды. Мен оның ерлігіне тәнті болғанда ол: «Мен Қазақстаныма ант бергенмін! Әр сарбаз үшін жауапкершілік мойнымда ғой» деп жауап берді. Ол - нағыз патриот. Біз де, «Мәңгілік Ел» идеясына топтасқан барша Қазақстан халқы - патриоттармыз! Менің ұшағымда 116 жолаушы болған еді. Ал Сіз, Нұрсұлтан Әбішұлы, 18 миллион адамы бар «Қазақстан» атты алып лайнердің штурвалын қолыңызға алып, көптеген оқыс оқиғалардан аман шығып елімізді жеңімпаз етіп келесіз! Сондықтан да, мен де, Қайрат Үмбетов те «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін қос қолдап қуаттаймыз», - деді Дмитрий Родин. Ал Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында патриоттық актінің қабылдануын тарихи маңызды қадам ретінде бағалады. Өйткені, Президенттің пайымынша, осы күннен бастап еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің жаңа кезеңі ашылады. Сонымен қатар, Елбасы патриоттық акті арқылы барша қазақстандықтардың достық, бейбітшілік пен келісімнің бірыңғай құжаты қабылдағанын атап өтті. «Патриоттық актіде ұлы құндылықтар қамтылып отыр. Ондай құндылықтар - біздің халқымыздың ерік-жігерінің, дана шешімінің көрінісі. Акт кабинеттерде ойластырылған құжат емес, ол - Тәуелсіздігіміздің зор жемісі», - деді Н. Назарбаев. Президенттің айтуынша, сарапшылармен сараланып, көп болып талқыланған маңызды құжаттың дәл биылғы мейірлі жылда қабылдануында айрықша маңыз бар. «Надан халық бір жылын, ақылды халық 1 ғасырын, дана халық мәңгілік болашағын ойлайды» деген сөз бар. Біз бұл жолда мәңгілік болашағын ойлайтын дана халық болайық. Патриоттық акт - халқымыздың бүгінгі өміріне де, болашағына да тікелей ықпал ететін маңызды құндылықтардың жиынтығы. Құжаттың әрбір тармағы халқымыздың жүрегіне берік орын аларына сенемін», - деді Н. Назарбаев. Түйіндей айтқанда, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінде көрсетілген барлық мәселелер - қазақ халқының көкейінде жүрген, ата-бабамыздың арманына айналған мәселелерді қамтыған. Сондықтан да, Мемлекет басшысы актіні Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған буынның кейінгі ұрпаққа аманаты ретінде атап өтті. «Патриотық акті - әр адамның, еліміздің әр азаматының жүрегінен орын алатынына сенемін. Ондағы құндылықтарды мәңгі қастерлеп, дамыта білсек - «Мәңгілік Ел» болу дегеннің өзі осы. Әрбір қазақстандықтың санасына осыны сіңдіру - біздің парызымыз. «Мәңгілік Елдің» мызғымас құндылықтарын бірлікті бәрінен биік қоя алатын біртұтас ел ғана жүзеге асыра алады. Біз осындай болашағы біртұтас елді жасайық деп отырмыз», - деп атап өтті Елбасы. Ал «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінде былай делінеді: «Біз, байырғы Қазақ жерінде бір тағдыр және тарихи жады арқылы байланысқан Ұлы дала елінің даңқты тарихы мен дәстүрлерін жалғастырған Қазақстан азаматтары, көптеген ұрпақтың тәуелсіздік туралы арманын іске асырып, болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті парызымызды бейбітшілік пен келісімнің, бірлік пен тұтастылықтың, маңызын сезініп, қоғам мен мемлекеттің жоғарғы мүдделерін негізге ала отырып, Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі жылында осы «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін қабылдаймыз. Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығымен жаңа Қазақстанның тарихын жазудағы жауапкершілігі мен биік мәртебесі біздің ұрпақтың үлесіне тиді. Елбасының маңында топтасу арқылы біз ұлы жетістіктерге толы жолдардан өттік және бүгінде Тәуелсіз Қазақстанның, қуатты әрі табысты мемлекеттің азаматымыз деп мақтанышпен айтамыз. Біз - Қазақстан азаматтары, Н. Назарбаевтың тарихи «Тәуелсіздік толғауын» негізге ала отырып, болашағы біртұтас ел - Мәңгілік Елді құру жолында бірігеміз. Мәңгілік Елдің өзегінде қарапайым, түсінікті және біздің әрқайсымыз үшін ең қымбат ақиқаттар, отбасымыздың амандығы, еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік, ертеңгі күнге сенім ұғымдары орныққан. Біз Мәңгілік Елдің мызғымас тұтастығын нығайтуға, сақтауға және ұрпақтан ұрпаққа аманат етуге шақырамыз. Мәңгілік Ел - бұл Тәуелсіздік және Астана. Біз Тәуелсіздікті нығайтудың ұлы миссиясында адал боламыз. Астананы халқымыздың гүлденуінің жарқын белгісі ретінде әрқашан мақтан тұтатын боламыз. Мәңгілік Ел - бұл жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Біздің отанымыз бір! Ол - Тәуелсіз Қазақстан! Біздің еліміз бір, тағдырымыз ортақ. Бейбітшілік пен келісімнің ұлы ісіне адал халықтың ісі мыңжылдықтарға жалғасады. Мәңгілік Ел - бұл зайырлы мемлекет және жоғары руханият. Азаматтық және рухани құндылықтардың бірлігі бізге өз жолымызды табуға және өзімізді бүкіл әлемге мәшһүр етуге мүмкіндік береді. Біздің еліміздің

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу
Патриоттық тәрбиені іске асыруда Ресейдің революцияға дейінг неғұрлым тығыз
1991 жылғы Тамыз төңкерісі. КОКП қызметін тоқтатуы
ОҚУШЫЛАРДЫ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Елбасы еңбектері тарихи дерек ретіндегі шынайлығы мен обьективтілігін көрсету мақсаты
Елбасы еңбектерінің қазақ тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері
Жас ұрпақты әскери патриотизмге тәрбиелеу
Балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік негіздері
Жаңа Қазақстандық Патриотизмді қалыптастыру
«Қазақстан-2050» стратегиясы» жаңа Қазақстандық патриотизмнің мәні туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz