Антикалық философияның қалыптасуы мен өзіндік сипаты


Антикалық философия алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік дәуірде өмірге келді.
Ертедегі Грецияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған. Мұндай философиялық пікірді философияда «натурфилософия» деп атайды.
«Антикалық философия» термині б. д. дейінгі VI ғ. басталып б. д. VI ғ. дейін (529 жылы соңғы грекиялық философиялық мектеп - платондық академияның император Юстинианның әмірімен жабылуына дейін) өмір сүрген ежелгі гректер мен ежелгі римдіктердің философиясын біріктіреді. Ал, біздің д. VI ғ. Рим империясы құлағаннан кейін орта ғасырлық философияға жол берді.
Дүние қалай пайда болды, қалай жаратылды, ең бірінші не пайда болды деген сұраққа ерте грек ойшылдары жауап бере отырып, өз пікірлерін алға тартты.
ЕЖЕЛГІ ГРЕК ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
МЕН ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТКЕН АЛҒЫШАРТТАР:
Діни-мистикалық таным
Протоғылым алғышарттары
Лирикалық поэзия
«Жеті данышпан» еңбегі
Мифология
ЕЖЕЛГІ ГРЕК ФИЛОСОФИЯСЫ
ФИЛОСОФИЯСЫ
Ертегрек (антикалық) философиясы өзінің даму тарихында үш кезеңнен өтті:
- Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б. д. д. VII-VI ғ. ғ. ) . Бұл кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар, Софистер мектебінің қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың негізі қаланады.
- Классикалық кезең (б. д. д. V-IVғ. ) . Платон мен Аристотель философиялық еңбектерімен ерекшеленеді.
- Римдік-эллиндік кезең (б. д. д IIIғ. соңы мен б. д. IIIғ. басы) . Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық танытқан кезең.
Аталған дәуірлерде Эллада полистерінде (қала-мемлекет) қолөнер, сауда, ақшалай-заттық қатынастар жоғары қарқында дамып, осы себептердің негізінде өзіндік талап-мүдделері ерекшеленген әлеуметтік топтар пайда болды. Бұл ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінуіне, осы негізде таза зиялылар қауымының пайда болуына, әртүрлі әлеуметтік топтардың талап-мүдделеріне сай саяси-әлеуметтік, философиялық көзқарастардың қоғамдық сана ретінде қалыптасуына әкеліп соқтырды.
Сонымен қатар, антика философиясының қалыптасуына Крит-Микен, Гомерлік Греция кезеңдеріндегі әдеби-діни-мифологиялық көзқарастар және күнделікті өмір тұрғысынан тұжырымдалған данышпандық ой-пікірлер негізінде дамыған грек мәдениетінің сол кездегі Көне Шығыс мәдениетінің озық үлгілерін өз бойына сіңіруі арқасында қалыптасқан әлемнің субстанционалдық негізін іздеген, рационалданған көзқарастар зор әсер етті. Демек, антикалық дүниетанымдық көзқарас өз кезеңіндегі ғылыми жетістіктерге сүйене, өзінің логикалық, категориялық аппараттарын жетілдіре отырып, философияның көзқарастық және рационалдық-жүйелілік жақтарын тығыз байланыстыра қарастырып, алғашқы философиялық ой-пікірдің қалыптасып, кейінірек келе оның классикалық деңгейге дейін көтерілуіне мүмкіндік туғызды. Б. д. д. VІІ-V ғғ. антикалық рухани даму мифологиялық, діни көзқарастан ғылыми, философиялық көзқарасқа қарай бағытталды. Бұл кезеңді антикалық философия тарихында Сократқа дейінгі, ал б. д. д. V-ІІІ ғасыр ойшылдардың мәнділіктің генетикалық бастамасын, түпнегізін жалпы дүниетанымдық көзқарастың негізі етіп алып, оны өзінің категориялық аппараты тұрғысынан түсіндіріп, философиялық ойлауды биік деңгейге көтеруіне байланысты кезеңді - Сократтан кейінгі немесе классикалық кезең деп екіге бөледі. Сократқа дейінгі кезеңде дүниеге келген алғашқы философиялық мектеп Кіші Азияда шыққан Милет мектебі болды. Оның негізін қалаушы Милет қаласында өмір сүрген, жеті данышпан қатарына жататын солардың ішінде ең сыйлысы Фалес болды (шамамен б. д. д. 625-547 ж. ж. ) . Ол «Бастама туралы», «Күн туралы», «Күн мен түннің теңесуі туралы», «Теңіз астрологиясы» деген еңбектер жазған, бірақ олар біздің заманымызға жетпеген. Фалестің ілімінше, барлық денелердің генетикалық бастамасы - су. Фалестің ілімін әрі қарай оның шәкірті және жолын қуушы Анаксимандр (шамамен б. д. д. 611-545 ж. ж. ) жалғастырды. Негізгі еңбектері: «Табиғат туралы», «Жер картасы», «Глобус». Анаксимандр барлық денелердің бастамасын сол денелердің түпнегізі (субстанция) сатысына дейін көтереді. Бастаманы ол заттардың түпнегізі - айперонмен теңестіреді. Олай болса, айперон бастама да, түпнегіз де. Анаксимандр ілімін әрі қарай оның шәкірті Анаксимен (б. д. д. VІ ғ. ортасы) жалғастырды. Негізгі еңбегі - «Табиғат туралы». Анаксимен барлық денелердің негізі деп ауаны айтады. Ауа - шексіз (аепейрос) . Сөйтіп, Анаксимандрдың аепейроны түпнегізден ауаның қасиетіне айналды. Милет мектебінде қалыптасқан философиялық дәстүрді ілгері қарай дамытқан Эфес қаласынан шыққан саяси қайраткер, ғұлама ойшыл Гераклит (шамамен б. д. д. 544-483 ж. ж. ) болды. Оны іліміндегі терең ойлары үшін «тұңғиық» деп атаған. Негізгі еңбегі: «Табиғат туралы». Гераклит заттардың бастамасын от деп есептеген. От мәңгі және құдай тектес. Пифагор (б. д. д. 580-500 жж. ) Б. д. д. VI ғасырдың аяғында философиялық ілімдер Кіші Азиядан «Ұлы Элладаға» ауыса бастады. Осы кезеңде оңтүстік Италия мен Сицилияда «пифагоршылар мектебі» деп аталған одақ құрылып, онда қоғамдық өмірді діни-әдептілік тұрғыдан реформалау қажеттігі туралы ілім кең өріс алады. Пифагоршылар қоғамда анархияның етек алуына қарсы болып, құдайдың айтуымен жасалған мемлекеттік заңдарды сақтау керектігін уағыздады. Пифагордың пікірінше, сандар - барлық заттардың, ғарышты, ғарыштың негізі. Оның ғарыштың бастамасы, негізі деп отырған сандары жай күнделікті өмірде қолданып жүрген сандар емес, олар - ғарыштың реттілігін, үйлесімділігін көрсететін сандар.
Б. д. д. VІІ-V ғғ. антикалық рухани даму мифологиялық, діни көзқарастан ғылыми, философиялық көзқарасқа қарай бағытталды. Бұл кезеңді антикалық философия тарихында Сократқа дейінгі, ал б. д. д. V-ІІІ ғасыр ойшылдардың мәнділіктің генетикалық бастамасын, түпнегізін жалпы дүниетанымдық көзқарастың негізі етіп алып, оны өзінің категориялық аппараты тұрғысынан түсіндіріп, философиялық ойлауды биік деңгейге көтеруіне байланысты кезеңді - Сократтан кейінгі немесе классикалық кезең деп екіге бөледі.
АНТИКА ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:
Көне грек философиясының маңызды ерекшелігі - оның онтологиялық сипаты. Грек ойшылдары табиғаттың, бүкіл әлемнің мәнін білуге тырысты. Алғашқы бастаулар, түпнегіздер сияқты қарапайым ізденістерден бастап, жалпы болмыс мәселесіне көтеріледі.
Антикалық философияның негiзгi сипаты - ғарыштық логоцентризм. Логос - ежелгi философияның орталық ұғымы.
Антикалық философияға әлемді біртұтастық тұрғысынан пайымдау тән. Антикалық философ - ол дана, оның таным процесіндегі жалғыз қаруы өзінің ақылы, ал құралы - байқау. Осыдан келіп оның пайымдау және жалпылау сияқты сипаттары туындайды.
Грек философиясы мифологиямен тығыз байланыста дамыды, бірақ ғылыммен байланысы басымырақ болды. Дүниені рационалды тану, құбылыстардың табиғи себептерін іздеу идеясы эллиндерде мықты байқалынды, тек б. д. д. ІІІ ғасырда ғана кейбір ғылымдар философиядан бөлініп шықты.
Көне грек философиясының негiзгi тақырыбы - ғарыш, физика . Алғашқы грек философтарын - физиктер, ал философияны - натурфилософия деп атады. Осы кезеңде әлемнiң бастамасы жөніндегі мәселе қалыптасты.
Жалпы алғанда антикалық философияға мына ерекшеліктер тән:
Антикалық философияның алғашқы мектептерінің ерекшелігі олардың “ғарышты”, “табиғатты” түсінуге бағытталған космоцентризмі болды. Тіпті санасымен және жанымен философиялық ілімдерде маңызды орыны бар адамның өзі ең алдымен табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде саналды.
Антикалық философияның пәні - негізінен ғарышты, табиғаттың құрылымдығын және оның ажырамас бөлігі ретінде адамды да тану. Бұл жерде табиғат, грек философиясында о баста - ақылдың үстінен өктемдік құратын күш емес, ойдың пәні.
- екіншіден, антикалық философияның пайда болуы алғашқы қауымдық сана түрі ретіндегі мифологияны жеңуімен байланысты.
- үшіншіден, бүткіл (антикалық) көне философия объектившілдік принципте құрылды.
Антикалық мәдениетің символдарының атасы, бөлек заттық дене болып есептелінді. Ол туралы Шпенглер былай дейді: «Көне әлем, ғарыш, реттілікпен көз жетерлік көптеген заттар, бәрінен таяу орналасқан және көк күмбезбен тұйықталған. Олардан басқасы бар болмайды. Біздің осы қоршалған қабықша шектерінің ар жағындағы жаңа «кеңістікті» ойлау қажеттілігіміз -антикалық әлемдісезуде болған емес». Олар үшін жан (қозғалыс және өзіндік қозғалыс принципі) және ақыл (бейне бір біртұтас көркемділік ретінде) ең алдымен объективті - ғарыштық күштер ретінде сипатталады, ал адами жан мен ақыл олардың объективті баламасының әлсіз көрнісі. Субъект ешуақытта объектіден жоғары қойылмайды. Керек десе: адам микроғарыш, барлық ғарыштық күштер, күтпеген апаттар сол арқылы жүреді және сол арқылы іске асады. Бұдан көне (антикалық) философияда Әлемдік ғарыштан адамға қарай жасалатын бағыт басыңқы екендігін көреміз. Философиялық танудың ең басты әдісі - зерде арқылы бүтін, бүтін түрінде пайымдалды.
- төртіншіден, антикалық философия пантеистік тұрғыда болды. Ғарыш ол үшін абсолютті, құдіретті, ал бөлек құдайлар - тек сол ғарыштың әр түрлі жақтарының қарекеттерінің принциптері немесе табиғаттың. Оның үстіне антикалық космогониялық теориялардың жетілген түрлерінің өзінде, құдайлар әлемді жоқтан жаратпайды, оларға табиғаттың қатысуымен қажеттілігіне қарай тек түрін береді.
Антикалық философтар «бірегей, жеке тұлғалы адам» ұғымын қарастырған жоқ. Ал оның орнына идеалданылған үлгі ретіндегі «ойлыақылды адамды» қарастырды. Тағдыр көне философияда ғарыштық қажеттілік (тіптен құдайлардың өздерін бағындыратын) ретінде түсініледі және ол адамдарға да байланысты қолданылады. Ал антикалық адам өзінің шыққан тегін, не өзінің қалай пайда болғанын, не өзінің ақырғы мақсаттары білмегендіктен тағдырдың жазғанына қарамастан батыр сияқты қарекет жасайды. Антикалық грекия философиясының дамуын мына кезеңдерге бөлуге болады:
Бірінші кезең - натурфилософиялық немесе космологиялық (біздің дәуірімізге дейінгі VI ғ. -дан - біздің дәуірімізге дейінгі V ғ. ортасына дейін) негізінен «физис» және ғарыштық мәселелерге, барлық заттардың субстанциясын іздеуге баса назар аударуымен сипатталады. Екінші кезең - антропологиялық (біздің дәуірімізге дейінгі V ғ. 2- ші жартысынан біздің дәуірімізге дейінгі V ғ. соңына дейін) адамда өздерінің зерттеулерінің негізгі пәні ретінде қарастырады, оның мәнін анықтауға тырысады. Үшінші - жүйелілік кезең (біздің дәуірімізге дейінгі V - IV ғғ. ) Платона мен Аристотелдің сезімдіктен жоғарылықты және категориялар диалектикасын ашумен сипатталады және бұл, негізгі философиялық проблемаларды қалыптастыруға мүмкіндік жасады. Төртінші - этикалық кезең (біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғ. . -дан біздің дәуіріміздің І ғ. дейін. ) ең алдымен философияны, адамдық өмір ережелерін жасайтын өнегелік туралы ілімдер деп түсінумен байланысты. Бесінші кезең - діни кезең (І ғ. -дан VI ғ. -ға дейін) философия негізгі объектісі ретінде Құдай жасағанын тануды мақсат етеді.
Көне заман дәуірінде Грецияның ең дамыған облысы Иония болды, осында антиканың бірінші философиялық жүйесі - натурфилософия пайда болды. Оның өкілдері табиғатты, оның заңдылықтарын түсініп, барлығының алғашқы негізін айқындауға тырысты. Сонымен Фалес барлық заттардың алғашқы негізі деп - суды, Анаксимен - ауаны, Анаксимандр - апейронды (шексіз) атады, олар дүниені біртұтас материалдық бүтін деп қабылдады. Көрнекті математик Пифагор (б. з. дейінгі 6 ғ. ) дүниенің алғашқы негізі сандар мен сандық қатынастар деп санады. Гераклит шындықтың негізі - от деп болжаған, ол болмыс үнемі өзгерісте, қозғалыста, мәңгі күресте болады деп санаған.
Грек-парсы соғысы Ежелгі Греция тарихындағы аралық кезең болды (б. з. дейінгі 500-490 ж. ж. ) . Олар антика полисі - көне заманды қалыптастыру кезеңін аяқтайды және гүлдену кезеңі - классикалық басталады. Гректердің парсыларды жеңуі, классикалық құл иеленудің қалыптасуы, полисті демократияның дамуы б. з. дейінгі V ғасырда Грецияның экономикалық және саяси өмірінің өркендеуіне және мәдениетінің дамуына себеп болды. Мәдениет орталығы Афина болды, әсіресе Периклдің тұсында (б. з. дейінгі 444-429 ж. ж. ) . Классикалық кезеңде философия дамиды, Демокриттің атомистік теориясы пайда болады (б. з. дейінгі 470 немесе 460 ж. ж. ), софистік бағыт (Протагор) пайда болады, ол танымның объективті сипатын мойындайтын Демокриттен айырмашылығы қанша адам болса, сонша шындық болады деген. Софистерден Сократ шыққан (б. з. дейінгі 469-399 ж. ж. ), ол абсолютті шындық бар, бірақ оны тек құдай ғана біледі деп санаған.
Б. з. дейінгі V ғ. әдебиетте комедия мен трагедия негізгі жанр болып саналды. Грек трагедиясы гомер эпосы тәрізді эстетикалық қана емес, тәрбиелік функция да атқарды. Трагедия авторлары көрерменді қызықтырып қана қоймай, оларды қорқытып, кейіпкерлерді мысалға ала отырып, құдай заңдарының әрекетін көрсетуге тырысты. Трагедияда катарсис (тазару), адамдардың адамгершілік қасиетін арттыру, қайғысына ортақтасу және аяушылық білдіру арқылы жанды «сұрқиялықтан» босату ұғымы орын алды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz