Тақырыбы: XVIII ғ. – ХIХ ғ. соңы аралығындағы қазақ мәдениеті


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

№ 10 cеминар. Тақырыбы: XVIII ғ. - ХIХ ғ. соңы аралығындағы қазақ мәдениеті

  1. Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдениеті.

Көшпелі және отырықшы жұрттардың арасындағы қатынас әр заманда, әр түрлі аймақта әрқалай болды. Олардың карым-қатынасында қақтығыс, соғыстармен қатар бейбіт сабақтастық, шаруашылық, сауда, мәдени өзара әсерлер аз болған жоқ. Мал өнімдеріне мамандандырылған көшпелі экономика егіншілік өнімдерін, қолөнер бұйымдарын отырықшылардан алса, отырықшылар мал өнімдерін, кейбір қолөнер заттарын, қолөнерге қажетті шикізаттарды көшпелілерден алып отырды. Мұндай сауда, айырбас қатынастары, әсіресе отырықшы халықтар мен көшпелі елдер көршілес орналасқан шекаралық, аймақтарда пәрменді түрде іске асып отырды. Отырықшы елдерге жылқы малы, оны мініске, жегуге үйрету көшпелі малшы тайпалардан келді. Атты әскер дәстүрі, садақтың түрлері, қылыш, ат әбзелдері де көшпелілерден келген. Мысалы, VI ғасырда түркі тайпалары пайдаланған темір үзеңгілі ертоқым келесі ғасырларда бүкіл Еуропаға таралды. Отырықшы елдер көшпелілердің қару-жарағына, киіміне еліктеді. Мысалы, VII-VIII ғасырлардағы түркілердің кісе белдіктері Қытайдан Иракқа дейінгі аралықта пайдаланылған. Таң әулеті кезіндегі Қытайда көшпелілердің киімі кең таралды, Еуропада орыс, поляк, венгр ақсүйектері киім киісінде, шаш қоюында көшпелілер үлгісіне еліктеді. Көшпелілерде б. з. д. 1-мыңжылдықта пайда болған өнердегі «аң стилі» Қытайдан Дунайға дейінгі аралықтағы отырықшы елдерге де кең таралды. Көшпелілердің өзіндік саяси мәдениеті болды. Олар ел басқарушыларын ерекше қасиетті адам, Тәңірдің жердегі өкілі деп түсінді, ерекше басқару жүйесі, империялық қызмет шендері, рәміздері, ел басқарудағы ерекше мұрагерлік дәстүрі болды. Осы мемлекеттік басқару тәртібін көшпелілер кейбір жаулап алған отырықшы елдердің саяси жүйесіне орнықтырып та отырды. Көшпелілер отырықшы халықтардың бір-бірімен мәдениет алмасуына, олардың бірінен екіншісіне мәдени үдерістердің ауысуына себепші болды. Көшпелілер миграциясы, олардың бір отырықшы елдерден кейін келесі бір отырықшы халықтарды жаулап алуы арқылы мәдени диффузия іске асып отырды. Ерте орта ғасырлар заманында көшпелілер отырықшылармен тек қана соғысып қойған жоқ, сонымен қатар өзара тығыз бейбіт байланыста болды. Көшпелілер отырықшы елдер шеберлеріне өздеріне қажетті құрал-сайман, жабдықтарға тапсырыс жасаумен қатар оларды кажетті шикізатпен қамтамасыз етіп отырды. Сонымен бірге көшпелілер отырықшылардан түрлі қолөнер түрін үйренді. Қала-дала байланыстары.

IX-XII ғасырларда қалыптасқан қала мәдениеті жағдайында қолөнер мен сауда дамыған кезде отырықшы өркениет көшпелілердің экономикалық қарым-қатынастарының қажетті құрамды бөлігіне айналды. Бұл кездегі көшпелілер мен отырықшылардың қарым-қатынасы қалаларды жаулап алудан бастап, қарапайым айырбасқа дейін түрлі сипатта болды. Бұл кездегі қала мәдениетінің өсуі, мүлік теңсіздігінің күшеюі көшпелілерді қызықтыра түсті. Қалалар көшпелілердің сауда-саттық жасайтын орталықтарына айналды. Қарлұқтардың, тоғыз-оғыздардың жартылай отырықшылыққа айналуы жөнінде ортағасырлық авторлар жазған.

VII ғасырларда салынған Жетісу қалаларының көбі түрік қағандарының ордасы ретінде пайда болып қалыптасты. Жетісуда отырықшы мәдениет VI-XIII ғасырлар бойында көбейіп, қанат жая бастады. Түркеш, Қарлұқ, Қарахандар қағанаттарының халқы көшпелілер мен отырықшылардан тұрды. Қарлұқ, әсіресе Қарахандар дәуірінде көпшілік көшпелілер отырықшылыққа өтті. Осы кезеңде көп пайда болған қоныстар мен қалалардың ерекше түрі - төрткүлдер. Осы I кезеңдегі қала жұртының материалдық мәдениетінде қалалық жөне көшпелілік сипат араласты. Мысалы, ауланың ішінде киіз үй тігіп отыру салты, ауладағы кең мал қоралар, т. б.

  1. Еуропа, Ресей халықтарымен мәдени өзара әрекет формаларын салыстыру және айқындау: паттерндері мен жетістіктері.

КСРО ыдырағаннан кейін, Ресей өзін Кеңес Одағының құқықтық мирасқоры деп жариялады, яғни сəйкесінше оның барлық шетел мемлекеттеріне, халықаралық ұйымдарға жəне жеке несие берушілерге қарыздарын өз мойнына алды. Сонымен қатар ол КСРО жəне ЕЭҚ пен Еуроатом арасындағы 1989 жылдың 18 желтоқсанында қол қойылған сауда, коммерциялық жəне экономикалық ынтымақтастық туралы Келісімнің міндеттеріне жауапты болып қалды. 1991 жылы желтоқсан айының соңында Еуропалық Одақ Ресейді ресми түрде мойындайтыны туралы хабарлады. ЕО өз жағынан Бірлескен мəлімдеме қабылдады, онда мүше-елдердің бұрынғы КСРО территориясында пайда болған барлық жаңа мемлекеттерді мойындауға жəне олармен келесідей қағидалар: БҰҰ-ның Жарғысынжəне Хельсинкиқорытынды актісі мен Париж Хартиясының міндеттерін құрметтеу; Тек бейбіт жолмен өзгертілуі мүмкін барлық шекаралардың қол сұғылмаушылығын құрметтеу; ЕҚЫК міндеттеріне сəйкес этникалық жəне ұлттық азшылық құқықтарының сақталуының кепілі; Қарусыздандыру, ядролық қаруды таратпау, аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылық міндеттерін мойындау негізінде дипломатиялық қарым-қатынастар орнатуға дайындығы айтылды

. Ресей мен ЕО арасындағы қатынастың маңызды салаларының бірі ол саяси сала болып табылатыны айдан анық. Осыған орай, Ресей мен ЕО арасындағы ортақ саяси кеңістік құру Еуропада тұрақтылықтың маңызды факторы жəне екі əріптестің де стратегиялық мүдделеріне жауап береді. Ресей үшін нарықтық реформалардың жүзеге асуы - демократияның дамуы мен жеделдеуіне қажетті алғы шарттар болатын жағымды сыртқы ортаның құрылуы. ЕО үшін шығыс шекарадағы тұрақтылық интеграциялық процестердің одан арғы дамуының кепілі. Ресей мен ЕО арасында ортақ саяси кеңістік құрылмайынша еуропалық жəне халықаралық маңызды қауіпсіздік проблемаларын, сондай-ақ экономикалық проблемаларды өз тұрғысында шешу мүмкін емес. Ортақ саяси кеңістік концепциясына Санкт-Петербургтік инициативасы Ресей мен ЕО-ның экономика, сыртқы жəне ішкі қауіпсіздік, ғылым, мəдениет пен білім беру саласындағы төрт ортақ кеңістік құру туралы толықтай сай келеді.

Жоғарыда айтылған жетістіктерге қарамастан Ресей мен ЕО арасында кикілжің жағдайлар біршама баршылық. Ресей мен ЕО арасында жалғасушы белсенді қатынастарға жəне олардың халықаралық қауіпсіздіктен энергетика салаларында тəуелсіздігіне қарамастан бүгінде ең көп талқыланатын мəселе екі əріптестер арасындағы қатынастың дағдарысы. КСРО-ның құлағанынан кейін ЕО мен Ресей қатынасындағы пайда болған проблемалар саны, сондай-ақ сапалық сипатқа да ие болды. ЕО Ресейде қысқа мерзім ішінде шынайы демократия орнайды деп күтті, ал Ресей ЕО-мен өзара іс-əрекетте экономикалық ғажайыптарға жəне Еуропадағы салмақты орынға ие болуды күтті. Сонымен қатар Ресейде де, ЕО-да да терең ішкі өзгерістер үдерісінде болып, ішкі күн тəртібіне көбірек назар салды. Оған бүгінгі күні ЕО елдерінде Ресей мен ЕО-ның құндылықтар принципі бірбіріне сай келмейтіндігі жəне осы Еуропадағы интеграциялық процестерге Ресейдің қосыла алмай жатқандығы себеп болуда. Сондай-ақ 1997 жылы жасалған Серіктестік жəне ынтымақтастық келісімінің мерзімі 2007 жылы бітті. Онда қойылған негізгі мақсаттарға қол жеткізілді.

3. Түркілердің әлемдік мәдениеттің дамуына қосқан үлесі мен Шығыс-Батыс сұхбатына әсерін шынайы тұрғыдан бағалау

Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан мəдениеттің жалпы атауы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті жайлы
XVIII ғ. – ХIХ ғ. соңы аралығындағы қазақ мәдениеті
Қазақ халқы тарихының түпнұсқа деректерін ғыл
Ұлыстың билеушісі - сұлтан
Қазақстанның экономикалық тарихы пәнінен дәрістер
Пушкин. Жәңгір хан және...Махамбет
Қазақстан жерінің зерттелу тарихы
Ежелгі Русь мәдениеті
ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде Батыс өнерінде дүниеге келген түрлі бағыт - ағымдар
Алаш әдебиеттануын совет кезінде дамытқан ғалым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz