Әр түрлі қашықтықта конькимен жүгіру тактикасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Әр түрлі қашықтықта конькимен жүгіру тактикасы

Жылдамдыққа конькимен жүгіру техникасы белгіленген қашықтықты аз уақытта әртүрлі бағытталған қозғалыспен жүгіруге мақсатталады. Жүгіру техникасы төмендегідей негізгі элементтерді ажыратуы тиіс:

а) орналасу (қону)

ә) бір аяқты конькимен еркін сырғанау қозғалысы және итерілуге дайындалу

б) итерілу және секіру қозғалыстары.

Қону - бұл жүйрік жүгірушінің жүгіру уақытында дене теңдігін дұрыс ұстай алуы. Қону кезінде коньки тебушінің дене тұрқы алдыға қарай еңкіш болады, ал аяқтары жамбас, тізе және балтыр-табан буындарына қарай бүгілген болып келеді. Қонуды төмен және жоғарғы қону деп ажыратып айтуға болады: аяқтарының төмен қарай отыруына қарай қону төменгі қону деп саналады. Жоғарғы қонуға қарағанда төмен қонуда серпілу эффектісі өте тиімді жүзеге асырылады. Ең төмен қонуларды, отыруларды өте жақсы жаттыққан спортшылар ғана орындай алады. Конькимен жүгірушінің қолы қону немесе отыру кездерінде дене тұлғасына жабысады, ал бір қолы екінші қолының білегінен ұстатылуы тиіс. Серпілу немесе өзін - өзі лақтырудан кейін жедел жүгіруші бір аяқпен сырғанау кезінде денесін динамикалық тепе - теңдікте ұстауы қажет. Тіреуіш аяғын жинаулы ал екінші аяғын бос еркін күйде ұстауы қажет. Бос аяғы екінші тіреуіш аяғына көмекші ретінде пайдаланылады (доғаланған сызықпен жылдам қозғалыс аяқталамын дегенше) . Конькиі мұға тиіемін дегенше коньки спортшысы серпілу немесе өзін - өзі лақтыруға дайындық жасайды: тіреуіш конькиден алдыға қарай бағытталған қозғалысты жүйріктің ауырлық ортасы жеңілдетеді, және де коньки тебуші бір қабырғамен сырғанауын бастайды, және аздап сыртқа бұрылады. Конькимен жүгіруші топтастыру жағдайында болып табылады да өзін-өзі лақтыруға немесе серпілуге дайын болады. Конькимен жүгіру техникасы коньки спортшысының қозғалыс іс- қимылдарының күрделілігіне және әрбір бағытталған телімдегі қажет етілетін максималды жылдамдықтың қамтылуына қарай орындалады.

Жүгіру техникасы қону немесе отыру, аяқтың, қолдың және аяқтың жоғарғы бөлігі санның қозғалысынан тұрады.

Қону немесе отыру -тіке және бұрылыстарда жүгіру кезіндегі конькимен жүгірушінің негізгі жұмыс қалпы.

Дұрыс отыру немесе қону кезінде сан алдыға қарай шығып, иық бөлігі жамбас деңгейінде немесе одан білінер - білінбес жоғары, бел омыртқа барынша иілген, сирақ қаттырақ алдыға иілген, аяқтары тізе буындарына тік бұрыш жасай жиырылған, бас аздап көтерілген болуы керек.

Техника бега на коньках: 1 - стартовое положение и схема первых следов бега со старта

Конькимен жүгіру техникасы. 1 - старттық күйі және старттық күйден ең бірінші жүгіру іздері.

Техника бега на коньках: 2 - бег со старта

Конькимен жүгіру техникасы. 2 - старттан жүгіру.

Техника бега на коньках: 2 - бег со старта (продолжение)

Конькимен жүгіру техникасы. 3 - аз арақашықтыққа тіке бағытта жүгіру.

Техника бега на коньках: 4 - бег по прямой на длинной дистанции

Конькимен жүгіру техникасы. 4 - тіке бағытта ұзақ арақашықтыққа жүгіру.

Коньки спортшысы ұзақ тіке арақашықтыққа жүгіру кезінде қолданылатын техника келесідей:

1) екі аяқты кезек - кезек сырғыта отырып жылдам қозғалыстарды бағындыру;

2) басын тіке ұстау (көтеріңкі) ;

3) дененің иық бөлігін белге шамаластырып еңкею;

4) қолды артқа қарай айқастыру;

5) тізе тұсын сәл бүгу.

Техника бега на коньках: 5 - бег по повороту на короткой дистанции

Конькимен жүгіру техникасы. 5 - бұрылыстармен аз арақашықтыққа жүгіру

Техника бега на коньках: 6 - бег по повороту на длинной дистанции

Конькимен жүгіру техникасы. 6 - бұрылыстармен ұзақ арақашықтыққа жүгіру.

Қозғалыс сипаттамасын уақыт пен жылдамдық мерзімдері ашады. Коькимен жүгірушінің уаұытқа қарай қозғалысын уақыт сипаттамасы (ұзақтық, қарқын мен ырғақ) көрсетеді. Қадамның ұзақтығы жүгіру жылдамдығы мен арақашықтық көлемінің әртүрлі болуына қарай ерекшеленеді. Арақашықтықтың аз болуына қарай қадамның орташа уақыты - 0, 53 с (0, 43 - 0, 64) болса, орташасында - 0, 62 (0, 50 - 0, 70) , ал ең ұзақ арақашықтықта - 0, 72 (0, 60 - 0, 83) с дейін жетеді. Келтірілген мәліметтерден ең ұзақ арақашықтықтағы қадам уақыты ең қысқа арақашықтықтағы қадам уақытынан 1, 5 есеге дейін артық екенін көруге болады. Қадамның вариативтік ұзақтығы және оның ұзындығы орташа (0, 20 с) және ұзақ арақашықтықта (0, 23 с), аз қашықтыққа (0, 11с) қарағанда маңыздырақ болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коньки спортын үйретудегі қауіпсіздік
Конькимен сырғанау - мұз айдынында конькимен сырғанау және мұз айдындарында мәнерлеп сырғанау
Конькимен жүгіру техникасы
Коньки Спорты - конькимен мұз үстінде шапшаң жүгіру және мұз айдынында мәнерлеп сырғанау
Коньки спортының техникасы мен тактикасы
Спорт жаттығуының топшалары
Салауатты өмір салтын спорт жаттығуларымен шұғылдануға көп мөлшерде уақыт бөле отырып, спортшы ізбасарлардың спортқа бейімділігін анықтаудың жаңа жолын ұсыну
Шорт – трек туралы мағлұмат
Мұз үстінде ойналатын ойындар мен эстафеталар
Қан айналым жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz