IP-адрес. Жергілікті желідегі IP-адрес



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
IP-адрес. Жергілікті желідегі IP-адрес
IP-адрес. Жергілікті желідегі IP-адрес анықтамасы Компьютерлік желі (ағылш. сomputer network) -- барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы. Желілер шағын немесе үлкен, кабельдер арқылы тұрақты жалғанған, немесе телефон желілері мен сымсыз арналар арқылы уақытша жалғанған болуы мүмкін. Жергілікті желі (ағылш. Local Area Network, LAN) -- салыстырмалы түрде шектеулі кеңістіктің (мысалы ғимараттың) шегінде компьютерлер, басып шығарғыштар мен басқа да құрылғылар тобын біріктіретін коммуникациялық желі. Жергілікті желі бір біріне қосылған құрылғылардың өзара әрекеттесуіне мүмкіндік береді. Желі - мәліметтерді компьютерлер арасында жеткізу құралдарымен біріктірілген компьютерлердің жиынтығы . Желінің тиімді жұмыс істеуі үшін ОЖ-дің арнайы түрлері - желілік ОЖ қолданылады. Желілік ОЖ - есептеу желісін бір орталықтан басқаруға арналған программалар кешені (Windows NT, Novell NetWare, т.б.). Желілік қолданбалар - желілік ОЖ-нің мүмкіндіктерін кеңейтетін қолданбалы программалық кешендер (пошталық программалар, желілік мәліметтер қорлары, т.с.с.). Желіге қосылатын барлық құрылғыларды үш функционалдық топқа бөледі, олар:- жұмыс станциялары;- желі серверлері; - қатынастық тораптар. Ең үлкен желі -- Интернет, ол бүкіләлемдік желілер тобы болып табылады. Интернет - ауқымды ақпараттық инфрақұрылым. Қазіргі уақытта 20-да аса ауқымды (глобальды желілер (compuserve, America Online, MS Network)) бар, бірақ олардың ең танымалдысы - Интернет желісі. Интернет - бір-бірімен байланыс каналдары же бірегей қабылдау, мәліметтерді беру стандарттары арқылы өзара байланысқан компьютерлер мен компьютерлер желілерінің жиынтығы.

IP адрес дегеніміз - нүктелермен 4 бөлікке бөлінген (олардың ешқайсысы 225-ден аспауы керек) 32 биттік сан (мысалы, 49.19.81.2). пайдаланушыға түсініксіз болғанымен дәл осы адрес компьютермен оқылады. Мысалы, Франция - fr, АҚШ-us, Ресей-ru, Қазақстан-kz,бұрынғы КСРО-su. Мысалы: www.relcom.ru адресі бойынша www дегеніміз - ресурс аты - (World Wide Web), relcom - фирма аты, ru - Ресей. Домендік адресте алдымен компьютердің аты, содан соң ол қосылған желінің аты келеді. Тақырыптық белгілеріне қарай бөлінетін домендер де болады. Мысалы, коммерциялық ұйымдар -- com, ал оқу орындары - edu, халықаралық ұйымдар - int. Компьютердің аты өзіне бірнеше домендік деңгейлерге қосады. әр деңгей басқасынан нүктемен бөлінеді. Жоғары деңгейдегі доменнің сол жағында тұрған барлық атаулар қосымша домен болып есептелінеді. Мысалы, home.microsoft.com атауы. Мұнда com - коммерциялық ұйымдар үшін жалпы домен. Home - Microsoft-қа қосымша домен, ал ол өз кезегінде com-ның қосымша домені болып табылады.

.gov - үкіметтік ұйымдар

.org - коммерциялық емесе мекемелер, ұйымдар

.net - желілерді қолдайтын ұйымдар.

30 Web-беттерін көрудің қолданбалы бағдарламалары.

Бүкілəмдік Тор: əдетте WWW (World Wide Web атауынан). WWW - Web сервер арқылы миллиондаған электрондық құжаттардың бір-бірімен байланыстарының бірігуі. Web- кеңістігін құрайтын жекелеген құжаттар Web-беттер деп аталады. Тақырып бойынша біріктірілген Web - беттер тобы Web - түйіндер деп аталады (басқаша атауы - Web-сайт немесе жай ғана сайт). Web - беттерді көруге арналған программа браузерлер деп аталады. Электрондық пошта: немесе e-mail, Интернеттің барлық желілерінде қол жеткізімді. Жаңалықтық топтар (newsgroups): USENET-тегі желілік конференция, ол дискуссиялар мен жаңалықтар алмасуды жүргізу үшін ұйымдастырылған. Мəлімдемелерді оқу мен жіберу тұтынушы компьютерінде жүктеліп, жаңалықтар серверімен байланысатын программа арқылы жүзеге асады. WEB сайттың ең негізгі 7 типтері бар:1. Насихаттау сайты. (Advocacy site) қоғамдық лөзқарастың өзгеруіне қатысты қолданылады, активті түрде қолдау немесе түсім ақы жинау. Мынандай WEB - сайттар оған мысал бола алады, саяси компаниялар, ұйымдардың WEB-сайты, қоршаған ортаны қорғаудың бір нəрсеге сіздерді сендіру арқылы жүзеге асырылады, бір іске салым салуға шақыратын WEB-сайттар. Бұған мысал ретінде мына сайтты келтіруге болады:http: www.wwf.ru. Коммерциялық сайттар (Commercial site ) ол сайттарға сатуға арналған товарлардың жарнамасы мен ақпараттары туралы енгізілген сайттар; тапсырыс қызметін ұсынатын сайттар;бизнес жəне қандайда бір өндірісті арттыруды ұсынатын сайттар. Бұған мысал ретінде Microsoft http:www.microsoft.ru. компаниясының сайттарын айтуға болады.

3.Ақпараттық сайттар(Informational site) мəліметтерді жəне статистиканы, тізімдер мен түрлерді, анықтаматарды, əртүрлі ақпараттарды ұсынады.

4.Ойын- сауық сайты. Бұл сайт музыканы, ойындарды жəне де ойын-сауық индустриясының ақпараты мен жаңалықтары туралы да ұсынады.

5..Білім беру сайты (Educational site) бұндай сайттар əдетте шетелде болады жəне оның URL бар. Ол EDU мен бітеді.

6.Жаңалықтар сайты(News site) бұл сайттар жергілікті, аймақтық жəне халықаралық дəрежедегі

жаңалықтарды, болып жатқан оқиғалардың ақпаратын ұсынады. Олар журналдар мен газеттегі басылымдар мен немесе телевизиялық бағдарламаның ұйғарымдарымен сəйкес болуы мүмкін. Ресейлік газеттер http:www.rg.ru, Известия http:www.izvestia.ru, Интернет сайты немесе кабельдік желі, мысалы, http:www.rbc.ru.

7.Дербес сайттар(Personal site) Визиттік карточкасы, фотоальбомы жəне нақты адамның басқа да дербес ақпараты. Электрондық поштаны жіберу.Электрондық пошта немесе e-mail. Бұл көп қолданылатын интернет мүмкіндіктерінің бірі. Күн сайын дүние жүзінде миллиондаған хаттар алынып, жіберіліп отырады. Интернет желісіне қосылуы бар əрбір адам хатты алып, жібере алады.
31 Жергілікті желіде мәліметтермен алмасу. Желілік баспаға беру.

32 Желідегі барлық ресурстарға қатынасу. Жергілікті желіде құжаттармен жұмыс істеу.

Компьютерлік желі - бір бірімен мәлімет аламаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.

Телекоммуникация құралдарымен байланысқан компьютерлер жиынын компьютерлік желі деп атаймыз. Компьютерлік желілер құрылымы бойынша жергілікті, аймақты және аумақты болып бөлінеді.Компьютерлік желі дегеніміз - ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір - бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі.n Компьютерлік желі жұмыс істеу принципіне, аппараттық және программалық қамтамасыз етуіне байланысты жергілікті (ЖКЖ) және аумақты (АКЖ) компьютерлік желі болып бөлінеді. 1. Жергілікті желі. n Жергілікті желі шектеулі аймақтағы (бір бөлмеде, бір мекемеде, зауыт немесе бекетте т.с.с) компьютерлерді біріктіреді. n Жергілікті желі құрудағы себеп -- өндірістік процестерді автоматтандыру, әр түрлі құжаттарды жедел өңдеу. Егер жалпы желіге бір-бірінен айтарлықтай қашықтықтағы компьютерлер немесе жергілікті желілер біріктірсе, онда мұндай құрылымды таратылған немесе аймақтық желі деп атайды. Қазіргі кезде ірі компьютерлік желілер саны жүздеген мыңдармен есептеледі. Бір немесе бірнеше желілерді бір - бірімен өзара байланыстыру желіаралық байланыс немесе ауқымды желі деп аталады. Ауқымды желі қала, аймақ, ел, бүкіл Жер шарын қамтуы мүмкін.

2. ЖКЖ - нің физикалық негізіЖергілікті желінің физикалық негізі n Компьютерді жергілікті желіге қосу үшін қажет: желі адаптері (желі картасы), ол кейде кеңейтілген еркін слотқа қойылады немесе аналық тақшамен (материнская плата) бірге болады және арнайы кабелді желіге қосатын орын (разъем) болуы шарт Шиналық топология - мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайды

Жұлдыз тәрізді топология - мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін-желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізудіжүзеге асырады. Бұл топологияның артықшылығы - кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді. Сақиналық топология - мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі - кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысты бұзады.

:: Компьютерлердің біріне басып шығарғыш қосылған болуы мүмкін, онда жергілікті желінің арқасында басқа компьютерлерді пайдаланушылар одан өз компьютерлеріндегі құжаттарды басып шығара алады. Жергілікті желі - бұл компьютерлер арасында мәліметтер жеткізу үшін пайдаланылатын кабелдер (сондай-ақ телефон желісі немесе радиоарналар) арқылы өзара қосылған бірнеше компьютер тобы. Жұмыс үстелінде жергілікті желімен жұмыс істеуге арналған Желілік орта қалтасының белгішесі көрініс табады. Компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру үшін әрбір компьютерде желілік бейімдеуіш немесе желілік тақша орнатылған болуы тиіс. Компьютерлердің қазіргі заманға сай моделдерінде әдетте желілік бейімдеуіш аналық тақшаға бірге орнатылған болады. Содан кейін компьютерлерді кабелдермен жалғау керек. Компьютерлер арасында мәліметтер алмасу арнайы құрылғы - шоғырлауыш (немесе хаб) көмегімен жүзеге асырылады. Желідегі әрбір компьютерді жұмыс станциясы деп те атайды. Әрбір жұмыс станциясының атауы бар және ол қандай да бір жұмыс тобына жатады. Компьютердің атын білу оны жергілікті желіде таба алу үшін қажет. Internet - бұл дүниежүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемі тіпті бағалаудың өзі қиынға түседі. Internet ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз ғана уақыт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
IPv4 желісін ішкі желілерге бөлу
Корпоративтік желіге IP адрестерді бөлу
Интернет дамуының тарихы
IP адресі туралы түсінік
ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУ ПРИНЦИПТЕРІ
Internet және интернет серверлері
Желі туралы ұғым. Желінің түрлері
ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНДЕГІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАНЫ ПРАКТИКАДА ҚОЛДАНУДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Компьютерлік желілер концепциясы
TCP/IP хаттамаларының жұмыс жасау негіздері
Пәндер