Мақал - мәтелдердің тәрбиелік мәні туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Мақал-мәтелдер бір ғасырдың, ғана жемісі емес.Мақал-мәтел-халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан,өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешетін асыл мұра,ақылына ақыл қосатын,жарқын болашағына дұрыс бағыт сілтейтін,өмірді танытатын қамқоршы.Онда халықтың өмір сүру барысындағы барлық тәжірибенің өнегелі өсиеттері айтылған,халық даналығы сақталған.

Қазақтың мақал-мәтелдері - көркем әдебиетте сөздің әрін келтіретін,айтайын деген ойдың мағынасын толықтыратын ,сонымен қатар ұтымды да ықшам қолданатын әдемі форма.Өйткені бұл-мол тәжірибенің ұзақ уақыт әбден сұрыпталған,екшелген,сыннан өткен асыл түйіні.
Адамның мінезіндегі жат қасиеттер де мақал-мәтелдерде жеркенішті түрде берілген.Халық даналығына баулуда мақалдар мен мәтелдердің тәрбиелік мәні бөлек.

Мақал мен мәтелдердің мағынасы терең,сөзіықшам да көркем,еске сақтауға икемді де жеңіл болғандықтан және бала тәрбиелеу ісінде ерекше рөл атқаратындықтан балалар әдебиетінен үлкен орын алады.Сонымен қатар балаларға арналған мақалдар мен мәтелдердің ерекшеліктері оның құрылысы мен жасалу жолынан емес ,мазмұны мен мағынасы тәрбие жұмыстарына ,оқу-ағарту істеріне байланысты болуынан көрінеді.Мақалдар мен мәтелдер балаларға терең ой салумен қатар ,оларды көркем және обырызды сөйлеуге жаттықтырады,сөз байлығын,сөздік қорын байыта түседі.
Қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде мақал мен мәтел көлемі шағын,мазмұны бай,тілі көркем жанырға жатады.Мақал-мәтелдер өзін жасаушы халықпен бірге жасайды,біреулері ескіріп қолданудан шығып,екіншілері жасарып,жаңадан туындап жатады.
Халық шығармасының басқа түрлері секілді мақал мен мәтелдердіде әуел баста жеке адамдар шығарады ,оны біреуден біреу естіп,жаттап айта жүреді,өңдейді,өзгертеді,сөйтіп олар бірте-бірте жалпы халықтық мұраға айналады.Демек,мақал-мәтелді белгілі бір халықтың өмірде көрген - білгенін жасаған қорытындысы,ақыл-ой түйіні деуге болады.
Мақал мен мәтел халықтың өзі жасап алған заңы,өмірде болатын әр түрлі жағдайларды ұғындыратын,түсіндіретін оқу құралы іспетті.Мақал-мәтелде, көбінесе, ортақ ой,жалпы ереже,анықталған қағидалар айтылады, формасы жағынан тілге жеңіл,құлаққа жағымды дыбысқа,ырғақ-ұйқасқа құрылады, көбінше көркем тілмен-өлеңмен жасалады.

І-тарау.
1.1. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні.
Мақал мен мәтелдердің өміршеңдігі - тілінің көркемдігі мен мазмұнының тереңдігінде, аз сөзбен көп мағынаны беретіндігінде, еске сақтауға қолайлылығында.
Мақал-мәтел адам тұрмысындағы алуан түрлі уақиғаларды,қарым-қатынастарды қысқа, тұжырымды тілмен түсіндіреді;айтылмас ойды ажарлайды,әрі анықтайды.Сондықтанда халық Сөздің көркі-мақал деп бағалаған.
Мақал-мәтел қос мағыналы шығарма, онда көбінесе тура мағынамен қатар астарлы мағына да болады.Тура мағына мысал ретінде алынады да негізгі ой астарлап айтылады.Мысалы,Тырнадан қалауыл қойсаң,төбеңнен қиқу кетпес.
Мақал-мәтел,әдетте бүкіл адам баласына ортақ.Сондықтан бір халықтың мақалын екінші халық төл шығармасындай қабылдай береді.Көптеген мақал-мәтелдер көнермей көп жасайды,әлденеще ұрпаққа,қоғамға қызымет етеді.Малым жаным садағасы ,жаным арым садағасы;Қоянды қамыс өлтіреді,ерді намыс өлтіреді дейтін ежелгі халық мақалдары Ұлы Отан соғысы кезінде де ел аузынан түскен жоқ,елдегі ембеккерлерді ,майдандағы жауынгерлерді жігерлендіретін құрметті сөзге,ұранға айналды.
Мақал-мәтелдердің шығу,даму тарихын қоғам өмірінен,әлуметтік ой сананың өсуінен бөліп қарауға болмайды.Таудай талап бергенше,бармақтай бақ берсін;Ісінің ағына қарама,маңдайыңның бағына қара дейтін мақалдар өткен қоғамның санасын елес берсе,Талапты ерге нұр жауар;Еңбек етсең емерсің дейтін мақалдар халық сана сезімінің өскен кезін бейнелейді.Ал Оқу-өмір шырағы,кітап-білім бұлағы;Отан үшін отқа түс-күймейсің дейтін мақалдар жаңа заманның,біздің қоғамның ой-санасынан туған.
Мақал-мәтелдер ауыз екі сөзді көркейту үшін ғана емес,көркем шығармаларда да көп қолданылады.Ақын жазушылар шығармаларында халық даналығын пайдаланумен бірге,сол үлгімен өздері де жаңа мақал-мәтелдер жасайды.Ыбырай Алтынсариннің Аш бала тоқ бала мен ойнамайды,тоқ бала аш баламен ойнамайды дейтін сөз мақалға айналып кеткені рас.Мұхтар Әуезовтің Абай жолы романындағы Күйі бірдің күні бір дейтін сөзін де жаңа мақалға жатқызуға болады.
Мақал-мәтелдер-ертек,аңыз әңгіме,батырлық-ғашықтық жырлар,қара өлеңдер секілді халық шығармаларымен қатар жасап келе жатқан көне жаныр.Олай дейтініміз XII-XII ғасырлардан сақталған сирек жазба директерде де мақал-мәтелдерді кездестіруге болады.Орхон жазуларында: Жырақ болса жаман сыйлық берер,жақын болса жақсы сыйлық берер;Бастыны еңкейткен,тізеліні бүктірген (Күлтегіннен);Жұқаны таптау оңай,жіңішкені үзу оңай;Өлімнен ұят күшті(Тоныкөктен)деген мақал-мәтелдерді оқимыз.Ал Махмұт Қашқаридың Дивани луғат ат -түріксөздігінен:Ұлық болсаң кішік бол. . .;Тай ат болса-ат тынар,ұл ер болса-ата тынар;Күз болары көктемнен мәлім;Тау тауға қосылмас,адам адаммен әрқашан қосылар;Бейнет түбі-рақат дейтін мақалдарды; Құтадғу білікдастанынан біліп сөйлесең білікке саналар,білімсіз сөз өз басын жояар;Ауыздан бірде от,бірде су шығар,бірі жанса,бірі сөндірер;Аққан су ол-жақсы сөз,ол қайда ақса сонда гүл өсер дейтін мақалдарды оқимыз.
Көре-көре көсем боласын, сөйлей-сөйлей шешен боласын,деп еңбектенудің,талаптанудың,үздік әрекеттің арқасында осындай иелікке алға қарай шырқай беруге болатынына жас өспірімдердің сенімін арттырып,өздерін ынталандыра,қызықтыра түседі.Балалардың көңілін серпітіп,қанатына су бүркіп,эстетикалық идеялын шыңдап аспандата береді.Оның бәрі халықтың балаға деген ізгі ықыласынан туған асыл мұра.
Халықтық шығармалар ішінде балаларға арнайы айтылған мақал мен мәтелдердің алатын орны да өз алдына ерекше.Бұл барлық айтылған ойдың,насихаттың жиынтығы,қорытындысы ретінде беріледі.Мысалы Ата балаға сыншы деген халық мақалы мейлінше дұрыс айтылған пікір.Бұл өмір тәжірибесінен алынған бірден бір даналық сөз.
Бала өсіруде,тәрбиелеуде халық өзінде бар барлық асыл сөз,даналық ойларын балаларға,жеткіншектерге арнады.Өз өмірін ғасырлық тәжірибесінен алынған асыл ойларын мақал-мәтел етіп,үлгі өнеге ретінде өмірінің жалғасы болатын баласына,немересіне қалдырып отырған.Бала-бауыр еті,көздің нұры деп босқа айтпаған.Кім болса да өз баласын білімді,өнегелі халық азаматы болып өссе екен деп арман еткен.Сол арманын іске асыру үшін қолда бар барлық мүмкіншілігін бала болашағының игілігінен аямайды.Оқу білім-өмір шырағы деген нақыл сөздерді әрқашан құлағына құйып отырған.
Оқу білім азығы,білім-ырыс қазығы деп өз болашағының ырысты болуы да сол білімиділіктен туатынын айтады. Ақыл-тозбайтын тон,білім таусылмайтын кен деп оның болашағы да соншалық босымды,мығым болатынын сан рет ескертеді.
Бірақ мұның өзі еңбексіз,әрекетсіз тектен-тек қолға түсе қылатын оңай олжа емес.Асуы қиын бел-белес,ұшы қиыры көрінбейтін құба жон екенін де ашық айтқан.Қажымай қайрат көрсету арқылы ғана оның үлесіне жнтуге болатынын ескертеді.
Білім қымбат,білу қиын деген мақал осыдан алынып,жас өспірімдерге әдейі айтылған.
Өз білмегеніңді кісіден сұра,үлкен жоқ болса кішіден сұра,қалайда соның уәдесіне жет ,шыңына көтеріл дегенді насихат етеді.Егер білім алу жолындағы қиыншылыққа төзбесең,еңбектенбесең қатарыңнан қалып қойсаң,өкінішті боласың.
Өкініш естен кетпейді,бір тойғаның түске жетпейді,Өнерлі жігіт өрге жүзер,өнерсіз жігіт жер соғар деп жастардың намысына тие,ойына қозғау сала айтатын жақтары да халық мақалдарынан көп кездеседі.
Адам болар баланың кісіменен ісі бар,
Адам болмас баланың кісіменен несі бар,-деп баланың психологиялық оқу процесіне зер салып,дұрыс бағытқа жөн сілтеп отырған.Адам болатын баланың талабы,ынтасы жас кезінен танылады.Көпшілікке ,оның игілікті жақсы жақтарына үйір бола бастайды.Қоғамшыл,көпшіл бола бастайды.Ақыл,парасатқа бой ұрып,игі жұмысқа тез үйренеді.
Мақал дегеніміз,-тағылым берерлік,ырғағы бар,тәжірибеде көп қолданылатын бейнелі,қысқа,нақыл сөйлем...Мәтел дегеніміз де өнерге берерлік бейнелі,ырғағы бар сөйлем.Мұның мақалдан айырмашылығы-мағынасы ашық болмай ишарамен айтылғандығы,сөйлемнің толымсыз болып келуі.
Мақалдар мен мәтелдер - мағынасы да,тұлғасы да әлдеқашан қалыптасқан,тез өзгере қоймайтын жанр.
Мақал мен мәтел-егіз жанр,туыс жанр.Дегенімен мағынасына , құрылысына, атқаратын қызыметіне қарағанда өзіндік айырмашылықтары бар.Мақал аяқталған бір тиянақты ойды білдіреді,өз алдына тұрып та дербес мағына береді.Мысалы:Толмасқа құйма,тоймасқа берме.
Мәтел жеке тұрып тиянақты ойды бере алмайды,тек белгілі бір ойды,пікірді ажарлау,айқындау үшін қолданылады,эпитет,теңеу қызіметтерін атқарады.Мысалы:Ат қойып,айдар тағып ,Қөргеннен көзі ақы алған деген мәтелдер тианақты ойды білдіріп тұрған жоқ.
Мақал мен мәтелдің осындай даралық ерекшеліктерінің түсіндіре келіп белгілі этнограф, жазушы В.И.Даль:Мәтел,халық сөзімен айтқанда-гүл,ал мақалдан-дейді.Осы пікірді дамытып фальклорист М.А.Рыбникова:Мәтел-бұл сөз оралымы ,қалыптасқан сөйлем,пікірдің элементі.Мақал-аяқталған пікір,біткен ой,-деп түйеді.
Ауыз әдебиетінде мақал-мәтелдің араласпайтын жаныры жоқ.Еретегі,аңыз әңгіме,дастан-жыр,халық өлеңдерінде,тіпті жұмбақтармен тақпақтарда дасөз әрлеу,ойды өткірлеу үшін мақал-мәтелдер дәлел,айшық ретінде қолданылады.Мақал-мәтелдер ауыз әдебиетінің аталған жанырларына материал-кірпіш болып қаланумен бірге,олардан өзі де нәр алады,ойлы,өнегелі сөйлемдер есесінен байып,дамиды.Қорқыт дегенде өстіп Қорқыт деп пе едім дейтін мәтел Бөдене мен түлкі әңгімесімен,Түйе бойына сеніп жылдан құр қалыпты дейтін мақал жыл туралы аңызбен байланысты шыққан.
Мақал-мәтел халықтың сан ғасырлық көрген білгенінен,бастан кешкен уақиғаларынан қорытқан ақыл ойының жиынтығы,анықтамасы:табиғатта,өмірд е үнемі қайталап тұратын уақиғалармен,құбылыстармен байланысты туған тоқсан ауыз сөзінің тобықтай түйіні.
Әр халықтың мақал мен мәтелі-сол халықтың өзі жасап алған логикалық формуласы,ережесі.Ол кез-келген уақиғаның,мәселенің тұсында еске түседі тілге оралады.Туған елдің қадір-қасиеті туралы балаға ұзақ әңгімелемей-ақ:Ел іші-алтын бесік:Кісі елінде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол деп екі-үш ауыз сөзбен-ақ Отан қадірін ұғындыруға болады.
Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да,іске татырлық түгіл,не құдайшылыққа,не адамгершілікке жарамайтұғыны бар.Біз оны Абай Құнанбаевтың жиырма тоғызыншы қара сөзінде айтылған.
Көптеген мақал-мәтелдердің мағынасын білу керек.
Білсе барымта,білмесе сырымта
Тисе терекке,тимесе бұтаққадеген сияқты барымта,жауапкершілік заменнан қалған халық нақылы.Сөз төркіні туралы белгілі жазушы С.Мұқанов өзінің соңғы кітабында былай жазған:
Барымта жәбірлік көрген елдің (рудың, атаның ) жәбірленген елден зорлықпен мал.
Сүймеген істің түбі -реніш
Сүйген істің түбі-кеніш
Әркімнің өз сүйген ісі оны бақытқа жеткізеді.Бойға дарыған талант, қабілет,сол мамандықты сүйіп атқарудың түбі рахат кеніш.Ал,сүймеген, қолдан келмейтін іскі ұрынудың соңы реніш кейіске душар етеді дейтін ойлар жинақталған қанатты сөз
Сырлы сөз - сүйіндіреді
Сыпсың сөз-күйіндіреді
Сөз қадірін сипаттайтын және өсек - аяң, қаңқу сөздің адамға қандай зиянды әсер ететін жұптастырылған қанатты сөз.
(Қазақ СССР Ғылым академиясының кітапхана қорындағы Зұлпықар ақыннан жазылып алынған нақыл сөздерден Сөз тапқанға қолқа жоқ
Бір істің,әңгіме даудың түйінін шеше алмай қиналып отырғанда, яки топ ішінде тапқыр, ұшқыр сөзайтып көптің ойындағысын тапқанға ғалық осы қанатты сөзді арнайды.
Піл көтермегенді тіл көтереді.
Тілдің өткірлік ,тапқырлық,алғырлық құдіреті бейнеленген қанатты сөз.
Пілдей алып болсаң да,
Орнына жұмса күшіңді.
Құр қара күшке сүйене берме,күш құдіретіңді орнына жұмса.Пілдей күшің болса да,тарыдай тәсілің болсын,ақы,білімің,іс-тәжірибең мол болсын дегенде қолданылатын тәрбиелік мәні бар халық нақылы.
Құлаққа естілген қаңқу-жүрекке қадаоған шаншу.
Жала мен өсек-аяң,дөрекі сөздердің денсаулыққа қаншалықты зиянды әсер ететіндігі түйінделген қанатты сөз.
Кітап-білім бұлағы, Білім-өмір шырағы.
Оқушыларды кітап оқуға,оны қастерлеп күтіп ұстауға,кітап сөзін жете ұсынып,одан рухани азық алуға шақыратын бұл нақыл баспасөз бетіндегі мақалдарда жазылып келеді.
Кедей мен бай жолдас болмас,
Қасқыр мен қой қоралас болмас.
Қарама-қарсы антитезалық мағыналас бұл нақылдың түп төркіні қазақ халқыныңБаймен бай құда болса,арасында жорға жүрер,кедей мен кедей құда болса арасында дорба жүрер,бай мен кедей құда болса арасында зорға жүрердейтін мақалынан өңделіп шыққан.
Жылы киім тәнді жылытар,
Жылы сөз жанды жылытар.
Халықтың Жақсы сөз жарым ызысы, Жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады дейтін мәтелдеріне ұқсас жаңа нақыл.Оның Жақсы сөз - шипа,жаман сөз-шаншу дейтін нұсқасы да кездеседі.Сөз Ұлы Отан соғысы жылдарында айтыла бастаған.
Жалғыз ағаш орман емес,
Жалғыз кірпіш қорған емес.
Жалғыз жүріп елге тұтқа бола алмайсың,жеке шауып бәйге алмайсың,не де болса көппен бірге көр.Көппен көрген ұлы той,көр болып аспайтын асуы жоқ деген сөз.
Жақсы кісі ісінен мәлім,
Жылқы жасы тісінен мәлім.
Жақсы адамның адамдық асыл қасиеті біеірген ісінен,атқарған қызыметіннен мәлім болды деген ой жинақталған (Қазақ СССР ғылым академиасынның кітапхана қорындағы Н.Оңдасынов тапсырған нақылдардан.
Жалқаулық аздырады,еңбек оздырады.
Еріншек,жалқаулықтан бездіретін,өнегелі озат еңбекке шақыратын қанатты сөз. Мұның қаракесек,қара дүрсін түрі былай болар еді: Жалқау болсаң азасың,еңбек етсең озасың
Кен асылы жерде,сөз асылы елде.
Көп ақылы көл-дария,сөз ақылы халық арасында деген ой кен қазбаларымен ұйқасы айтылған халық нақылы.
Кен асылы жерде,сөз асылы елде.Оны жинап - теріп,елеп-екшіп саралау бірбің емес,көптің үлесіне тиетін сыйлы сыбаға

oo Көрнекті ісің үлгі болады,
oo Көріксіз ісің күлкі болады.
Халықтың бұл мақалында ,әрбір біткен іске ел сыншы.Егер сол біткен іс көңілге қонса,көп кәдесіне жарағаны,ал олай болмай шықса күлкі мазақ боласың деген ой бар.
...Көрікті ісің үлгі болады,көріксіз ісің күлкі болады,Ойлай берсең дана боласың,ойнай берсең бала боласың... деген сияқты нақыл сөздердің тәрбиелік мәні күшті.(Қазақ әдебиетінің тарихы1964,597-бет)
oo Кітаптан есті бала ес алады,
oo Ес алса сабағынан бес алады.
Оқушы жастарды кітап сүюшілікке шақыратын бейнелі мақал.Баспасөз ретіндеСыйлықтың ең бағалысы-кітап, Кітап білім бұлағы білім өмір шырағы,Кітап білім-қоймасы,одан ақыл да табылды,нақыл да табылады дейтін нұсқалары да кездеседі.
oo Жауды батыл жеңеді,
oo Дауды ақыл жеңеді.
Ақылдыққа,батылдыққа үндейтін,ертедегі тарихи оқиғалардан қалған қанатты сөз.
oo Ексең егер жүгері,көп-ақ оның берері.
Бір ғана жүгері дақылдарының өзінен қанша нәрсенің өндірілетін осы мақалдан аңғарылады.Жүгері-құт,жүгері-сүт, жүгері-ет,жүгері ек деген плакат та бар. Еліміздегі әрбір жаңа бастаманы халықтың дер кезінде дұрыс ұға біліп,дұрыс бағалағанын танытады. (Қазақ әдебиетінің тарихы 1964,284 бет)
oo Еңбек қылсаң ерінбей,
oo Тояды қарның тіленбей.
Егер тыным таппай еңбек етіп,жұмыс жасасаң қарның аш қалмайды.Еңбекке шақыратын мақал осы.
oo Жақсының аты,ғалымның хаты өлмейді.
Әрбір жақсы адамның аты ел есінде жүретін,ғалым еңбегінің оның ашқан жаңалықтарының өшпей,әрқашан да халық игілігіне жарай беретін қазақ ертеден - ақ осы нақылмен бейцнелеген.
oo Жақсы істің аяғы тыныс
oo Жаман істің аяғы ұрыс.
Сәтімен сапалы біткен іс пен сапасыз жұмыстың аяғы немен тынатыны көрінетін қанатты сөз.

1.2. Мақал−мәтел халықтық педагогиканың негізі.

Ауыз әдебиеті талай ғасыр жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертекшілері анау заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп бүгінгі біздің күнімізге жеткізген. Адамзат өзінің бала кезінде, табиғаттың сиқырлы алуан жұмбақтарын шешесем, оны тілегіме жаратсам, бағындарсам деген арманын өзінің ауыз әдебиетінде бейнелеген. Адамның, табиғаттың дүлей, мылқау күшімен арпалысы да сол ауыз әдебиетінде өрнектелген. Қоғамдық- әлеуметтік, экономикалық өмірдің ілгерлеуіне адамның ой санасының өсуіне, өзін қоршаған табиғаттың сырына терең бойлауына байланысты ауыз әдебиеті мазмұны, формасы жағынан байып, дамып отырған.
Мақал-мәтелдер. Мақал - халық поэзиясының жанрлық түрі, түйінді ойды білдіретін, тура мағынасына орай астарлы мағына да, бере алатын ықшамды нақыл сөз. Мақалдың тікелей мағынасы нақтылы өмір жағдайынан туған байлам, қорытынды-түйін болады да, ал сол жағдайға ұксас басқа өмір құбылыстарына да қаратып айтылу мүмкіндігі оның астарлы, ауыспалы мәнін кеңейте түседі. Мысалы, Соқыр тауыққа бәрі бидай. Мақал қоғамдық өмірдің сан алуан кұбылыстарын кеңінен қамтиды, такырыбы мейілінше бай, жан-жақты келеді. Адамгершілік, әділдік, еркіндік, еңбексүйгіштік, өнерлі, білімді, ана тілін жоғары бағалау секілді аса маңызды әлеуметтік идеялар, халықтың мүддесі, тілек-талаптары мақалдарда айқын көрніс тапқан . Мәтел -- халық поэзиясының ыкшамды нақыл сөз үлгісіндегі келетін жанрлық түрі, кестелі сөз. Мәтел мақалға жақын, алайда өзіндік сипат, айырмасы да жоқ емес. Мақал әдетте толық тұлғалы болады, ой түтас келеді, бір не бірнеше түжырымды толық сөйлемнен қүралады. Ал мәтелде көбінесе айтылатын ойдың ұшығы, тұспалы ғана болады, ол нақышты сөйлемше түрінде келеді. Бірақ сөз орайына келтіріліп, сөз қосылып айтылғанда мағынасы толысып, жетіліп тұрады. Мысалы, Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен, Ат тонын ала қашу секілді қалыпты сөз тіркестеріне қарағанда, мәтел басқарақ болады, ол өмір құбылыстарын жинақтап, түйіп айту жағынан мақалмен жағаласып жатады .
Мысал ретінде алып кету.
Ауыз әдебиетінде халықтың ғасырлық арманы, жақсы өмірді, әділеттілікті аңсаған мүрат мақсаттары бейнеленген. Халық ауыз әдебиеті, әр түрлі жанрда дамыған. Осы халық ауыз әдебиетінің сегіз түрі бар:
Тұрмыс - салт жырлары
Мақал мәтелдер
Жұмбақтар
Ертегілер
Эпостық жырлар
Айтыс өлеңдері
Тарихи жырлар
Шешендік сөздер
Ауыз әдебиеті де, жазба әдебиеті де көркем туынды. Бірақ ауыз әдебиетінің айырмашылықтары бар. Ең алдымен ауыз әдебиеті- ұғымдық шығарма, белгілі бір нақты авторы жоқ. Бұл ақын - жыраулардың, ертегішілердің өнеріне, дарынына, дүниетанымына қарай түрлі өзгерістерге ұшыраған. Және де ауыз әдебиеті өз шығармаларында лексикалық, синтаксистік қайталауларға жиі ұшырайды. ХІХ ғасырға дейін жазуы енді дамуы кезінде қазақ халқы үшін, яғни біз үшін көркем әдебиетте, білімде - ауыз әдебиеті болды. Халықтың бүкіл тіршілігі - әлеументтік экономикалық, рухани өмір мол көрініс тапты. Шын мәнісінде халық шығармасы - ауыз әдебиетінің қай үлгісі болсын, оқушыларды күреске, кемтарлықтан сары уайымнан аулақ, қиыншылықты жеңіп шығып, жақсы өмір жасауға үндейді. Яғни Абай атамыз айтқандай:
Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап
Осы ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан және өркендей беретін халық педагогикасының қасиетін қадірлеп, ұлттық тәрбиеге жан-жақты жағдай жасап, көңіл бөле бастағанымыз-болашақтың сәулетіне нұрын шашқан күн шуағы іспеті ұрпағына үйретіп, адлдыққа баулыған халқымыздың танымдық, тәрбиелік дәстрлері, салт-санасы, әдептік хадистері мен тұжырымдары - мәңгі нәр алатын рухани асыл қазынамыз.
Дүниетанымдық элементтерді өз бойына мол дарытқаны да, дүниені көркемдік әдіспен бейнелеуде күрделі жанрлық ерекшелігі мен дараланатыны да және философиялық мазмұнның тереңдігі жағынан шағын жанрлардың ішіндегі шоқтығы биігі де - мақалдар мен мәтелдер. Мақал - мәтелдер - ғасырлар шежіресі, ауыз әдебиетінің бір түрі. Онда халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл- өнегесі мол көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Мұнда өмірдің сан - алуан құбылыстарына баға беріліп, үлкен түйін жасалады, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі қорытылады. Олар - қолдану әдісі мен аясына қарай, мазмұн мен мәні жағынан сан - саққа құбылып отыратын көне де күрделі жанр. Мақалдар мен мәтелдердің дүниетанымдық табиғатының күрделілігі оның көнелігі мен қолдану аясының кеңдігінде ғана емес, мыңдаған ұрпақтардың ми қазанында құрыштай шыныққан ой-өрісінің биіктігіне, тәжірибе тезінен сұрыпталып өткен сұлу мүсіні мен ой маржандарының тазалығында жатыр. Сондықтан да мақалдардың төрт негізгі ерекшеліктерін ескерген жөн:
Мақалдар объективтік дүниені көркемдік тұрғыдан жалпылай қорытады.
Мақалдардың негізгі атқаратын қызметі сөйлеу практикасында қолдану ерекшелігі арқылы ашылып отырады.
Мақалдардың тура және ауыспалы, бейнелі мағыналарының қатынасын қатаң еске алып, олардың біріншісінен екіншісіне ауысу процксін белгілі мәселеге халықтың көзқарастық өзгеру құбылысымен байланысты қарау керек.
Мақалдар дүниені көркемдік тұрғыдан бейнелегенде өзіне тән логикалық заңдылықтары арқылы бейнелейді.
Мақалдар мен мәтелдер ұрпақтар ойының шежіресі мен халықтың рухани өмірінің практикалық энциклопедиясы. Мақалдар мен мәтелдер ұрпақтар ойының қиыннан қиыстырылған жүйесі мен қоғамдық - тарихи тәжірибеде қорытылған жиынтығы, даналық ойдың шежіресі мен халықтың рухани өмірінің практикалық энциклопедиясы. Олар - әлеумет өмірінің алуан саласы көркем образ түрінде бейнелеп, адамның сонау сәбилік дәуірінен сыр тартып, ұрпақтар үнінің жаңғырығынан елес беретін елгезек жанр. Осындай қасиеттерінің арқасында ұрпақтан - ұрпаққа таралып, еңбекші бұқараның құдіретті еңбек ұраны мен ежелгі ережесіне айналған келісті көркем сөз кестесін халыққа әрқашанда қасиетті мұра ретінде қастерлеп отырған. Мысалы: Келген дәулет - кеткен бейнет
Ер тынысы - еңбек, ез тынысы - ермек сияқты еңбектің неше алуан қасиетін өмір шындығынан алып түйіндеген тамаша мақалдар тудырған.
Сиқырлы сөз құдіретті, табиғатын терең меңгерген поэтикалық дарынды дала данышпандарының шығармашылық фантазиясынан туындаған бұл шығармалар - еңбекші халық болмысының аса бір биік шыңы.
Түптеп келгенде, мақалдар мен философиялық ойлау әдістерінің арасында тарихи туыстық бар. Оны мынандай ортақ белгілерден көреміз: біріншіден, мақалдар объективті өмір құбылыстарын қоғамдық - тарихи тәжірибе негізінде жалпылай қорыту арқылы бейнелейді. Осы тұрғыдан келгенде, мақалдар - жалпылай қорыту сияқты ойлау әдісінің тұңғыш пішіні.
Мақалдар жалпылауыштық қасиеті тікелей емес, ауыспалы, астарлы мағыналарда көрінеді. Өйткені белгілі бір мақалға арқау болатын өмір шындығы типтендіріліп алынатындықтан, ол шындық екінші бір жағдайларда ғана қолданылады.
Мақалдардың негізгі ерекшеліктерінің бірі сол, олардың қолдану орындары мен ауыспалы мағыналары әр түрлі ұрпақтар мен дәуірлердің қөзқарастарына, тәжірибесіне сәйкес өзгеріп отырады.
Бұл жағдайда көптеген мақалдар өздерінің тура мағынасынан алшақтап, тек ауыспалы мағыналарда ғана қолданылатын болып, жалпылай қорытушылық ерекшелігін күшейте түседі. Мәселен, қазақтардың қалмақтармен жауапкершілігі кезінде туған Жыға жығылмай ту жығылмас мақалын алайық. Ол тура мағынасында бізге тек тарихи құжат қана болып табылады. "Жыға деп соғыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбие үрдісінде мақал - мәтелдерді пайдалану
Бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін мақал-мәтелдер негізінде дамыту.
Мақалдар жарысы
ЖАЛПЫ МАҚАЛ - МӘТЕЛ ТУРАЛЫ
Мақал мәтелдерді, жұмбақтарды, жаңылтпаштарды оқыту ерекшеліктері
Қазақ мақал-мәтелдерінің бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын дамытудағы ролі
Мақал - мәтелдердің оқытылуы
Жұмбақпен айтылатын шешендік сөздер
Мақал - мәтел мағыналы шығарма
Мақал - сөз анасы
Пәндер