Қылмысқа қарсы күресте жасырын әдістерді қолдануға қатысатын лауазымды адамдар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қылмысқа қарсы күресте жасырын әдістерді қолдануға қатысатын лауазымды адамдар

Заңмен анықталған «лауазымды тұлға» түсінігі лауазымдық қылмыстарға қылмыстық жауапқа тартылатын адамдардың тізімін қатаң шектейді. Мемлекеттік органдарға және жергілікті басқару органдарға, Қарулы Күштерге, Қазақстан Республикасының әскери құралымдарына жататын лауазымды адамдардың жауапқа тартылуы қарастырылды.

Дегенмен, «Мемлекеттік орган» ұғымын анықтауда түрлі көзқарас байқалады, сондықтан қылмыс жасаған адамдардың қылмысын негізсіз жіктейді және заңсыз жаза қолданады.

Лауазымдық қылмыстардың бірқатары басқа да нысандарын көздейді (адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары, экономикалық қызмет, әділет) . Ол қылмыстарға жатады:

  • азаматтарға ақпарат беруден бас тарту;
  • жиналыс, шеру, ереуіл, пикеттеу өткізуге кедергі жасау немесе оларға қатысу;
  • заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау;
  • жер телімдері бойынша заңсыз мәмілелерді тіркеу;
  • контрабанда;
  • қылмыстық жауапкершілігіне кінәсіз адамды тарту;
  • қылмыстық жауапкершіліктен заңсыз босату;
  • заңсыз ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау;
  • жауап беруге мәжбүрлеу;
  • дәлелдерді бұрмалау;
  • соттың үкімін, шешімін немесе басқа актін орындамау.

Сондай-ақ лауазымдық қылмыстарға лауазымды тұлға болған адамдардың құқыққа қайшы келетін, қызмет бабын пайдалану арқылы жасалған әрекеттері жатады.

Лауазымдық қылмыстардың криминологиялық сараптауы кейбір қылмыстардың жасалуын сыбайлас жемқорлық қылмысы ретінде қарастыруға болатынын анықтады. Сыбайлас жемқорлық тек лауазымды тұлғаларды пәрелеу шартымен анықталады. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық қылмысы лауазымды тұлғалардың мемлекеттік әрі коммерциялық саласында жасалған түрлі құқыққа қайшылас әрекеттерін қамтиды. Сөйтіп, ол қылмыс түрлерінің арақатынасы бір-біріне жартылай салынған шеңбер түрінде көрсетуге болады [1] . Лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану (ҚР ҚК 307-бап) - мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның қызметтiк өкiлеттiгiн өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында қызмет мүдделерiне кереғар пайдалануы, eгep бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса, жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады [2] .

Аталған қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарын қарастырайық. Объективтік жағы үш міндетті сипатын қамтиды:

  • лауазымды тұлғаның қызметтік өкілеттілігін қызмет мүдделеріне кереғар пайдалануы;
  • азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзу салдарына әкеп соғуы;
  • әрекет пен салдарының арасындағы себепті байланысы.

Лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалануда объективті жағының міндетті элементі - азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуы. Тек осы салдарының пайда болған жағдайында лауазымдық өкілеттілігін немесе қызметтік билігін асыра пайдалануы толық қылмыс болып есептеледі. Елеулі түрде бұзылу - бағалау ұғым болғандықтан, тергеу мен сот құжаттарында ол дәлелдену керек. Лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану субъектісі лауазымды тұлға болғаны маңызды шарт.

Дара кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның кәсіпкерлік қызметіне кедергі жасауы түрлі әдістер арқылы жүзеге асады: кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін ұйымдыққұқықтық нысанына немесе меншік нысанына қарай (жеке кәсіпкер, шаруашылық қожалығы, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив немесе мемлекеттік мекеме) шектеу; 2) дара кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу; 3) қызметіне өзгедей заңсыз араласу. Кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеуі тек қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асуға мүмкін. Кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның құқығын шектеуде заңнама адам мен азаматтың заңды мүдделері мен құқықтарын, меншігін, ұйымдардың заңды мүдделері мен құқықтарын, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздігін, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын қорғауды көздейді, арнайы рұқсат(лицензияны) алуда белгілі шектеулер орнатады [3] .

Кейбір жағдайларда кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне қатысты мемлекттік органдардың және олардың лауазымды тұлғалардың араласу әрекеттері мүмкін болады: монополистік қызметін және сапасыз бәсекелестік бойынша, ақпараттық, экологиялық қауіпсіздігін сақтауда, сауда-саттық ережелерін бұзуына қарсы өкілеттілігін жүзеге асыруда. Аталған қылмыстың жүзеге асуына лауазымды тұлғаға жауапкершілік жүктеледі. Лауазымды тұлға деген ұғымды анықтауда ҚР ҚК 307-бабының 3ескертуіне сүйену керек.

Лауазымды тұлға деген ұғымы оның бірнеше түрлерін қамтиды: билік өкілі, әкімшілікшаруашылық пен әкімшілік-ұйымдастырушылық қызметін атқаратын лауазымды тұлға.

Билік өкілі - лауазымды тұлға. Билік өкілдерінің қызметі заңға негізделген және орындауға міндетті болған ведомстволық бағыныштылығы мен қатысына қарамастан заңды тұлғаларға және азаматтарға қатысты заңды маңызы бар өкімдері мен әрекеттерінде жүзеге асады. Мысалы, билік өкілі - полиция қызметкері белгілі жағдайда азаматтардың жеке куәлігін тексеруге, азаматтардың тұрғын үйлері мен басқа бөлмелеріне кедергісіз кіруге құқылы. Ұйымдастырушылық-әкімшілік қызметін атқаратын лауазымды тұлға. Бұл қызметтерді атқаратын тұлға ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның, бөлімнің, т. с. с. жұмысын басқарады (кадрларды іріктейді, бағынышты қызметкерлердің жұмысына басшылық етеді, жоспарлайды және жоспардың орындалуын қамтамсыз етеді) . Ұйымдастырушылық-әкімшілік міндетінің орындауы әрдайым басқа адамдардың жұмысын басқаруына байланысты болады.

Шаруашылық-әкімшілік қызметін атқаратын лауазымды тұлға. Шаруашылық-әкімшілік қызметі мүлікті пайдалану мен бақылау, онымен мәмілелер жасасу, жауапты сақтау бойынша өкілеттілігін жүзеге асыруды қамтиды. Қылмыс қасақана жасалады. Лауазымды тұлға кәсіпкерлік қызметке кедергі жасауға заңды негізінің болмағанын сезініп, алайда жүзеге асыруды ниеттенеді. Оған түрлі себептері болады: пайдакүнемдік, мысалы, нарықтағы бәсекелесінен құтылудың қажеттілігі туғанда, жеке уәждері, өзінің күш-қуаттылығын көрсету мақсатында, т. с. с.

Тәжірибемізде кәсіпкерлік субъектілерінен пара беруді мәжбүрлеуге (талап етуге) бағытталған лауазымды тұлғалардың дискриминациялық әдістерді қолдануы жиі кездеседі. Бұл жағдайда лауазымды тұлға заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау қылмысы әрі пара алу қылмысы үшін жауапқа бірақ тартылады(ҚР ҚК 311-бап, 4 т., «а») .

Пара алу мен лауазымдық өклеттілігін теріс пайдалану қылмыстарының жалпы біртекті сипаттары бар. Мысалы, лауазымды өкілеттілігін теріс пайдалануда лауазымды тұлға қызмет бабын пайдакүнемдік мүдделігінен пайдаланады, яғни бұл қылмыс кейбір жағдайда лауазымды тұлғаның қызмет бабын пайдалану арқылы мүліктік пайда алуына байланысты болады.

Бұл қылмыста қызметтік өкілеттілігін тек өз құқығы мен міндеттерінің шегінде пайдалана алады, ал пара алу қылмысы заңсыз әрекет (әрекетсіздік) жасауда бола береді. Қызмет өкілеттілігін теріс пайдалануы заңда материалдық құрам ретінде қарастырылады, яғни аталған қылмыс жүзеге асқанда міндетті түрде зардаптар - азаматтардың немесе ұйымдардың заңды мүдделерін немесе мемлекет пен қоғамның заңмен қорғалатын мүдделерiн заңды мүдделері мен құқықтарын бұзу басталуы керек, ал пара алу қылмыстың құрамы формалды деп танылады.

Қарастырылып отырған қылмыстардың негізгі айырмашылығы - қызмет өкілеттілігін теріс пайдалануда лауазымды тұлғаның құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруымен және өкілеттілігімен байланысты әрекет немесе әрекетсіздік заң бойынша танылады. Пара алуда аталған әрекет лауазымды тұлғаның мүмкінді мінез-құлқын сипаттайды.

Сондықтан «басқа адамның есебінен мүліктік пайда табуы (мысалы, сыйлық алу, дәм тату түрінде), бірақ аталған адамның мүддесіне қатысты қызмет бойынша әрекет жасамауы немесе уәдесіне қатысты әрекет жасауы лауазымын асыра пайдалану деп есептеледі (пара алу емес) деген кейбір ғалымдарының пікірі, біздің ойымызша, негізсіз. Сол себептен пара берушілердің мүддесіне байланысты болмаған әрекеттер қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану деп жіктеледі» [4] . Бұл жағдайда пара алудың бір түрі - жалпы қамқоршылық көрсету немесе қызмет бойынша жол беру орын алады (ҚР ҚК 311 бап) . Пара алудан қарағанда қызмет өкілеттілігін теріс пайдаланудың ерекшелігі - қызмет бойынша әрекет (әрекетсіздік) жасағанда мүддесін көздейтін «екінші тараптың» болмауы. Қызмет өкілеттілігін теріс пайдалануда екінші тарап тең қатысушы рөлінде заңсыз пайда табуға ниет білдіреді немесе қызмет мүддесіне қарсы мүліктік пайда табатын жәбірленуші рөлін атқарады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеті мәселесін қамтамасыз ету мақсатында мемлекет Елбасы мен ҚР заңнамалық органдары қысқа мерзімде отандық заңнамасының құқықтық негізін нығайтып, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықпен күрестің нақты мақсаты мен міндеттерін және қылмыстардың алдын алу, тергеу, ашу бойынша құқық қорғау органдарының рөлін анықтады.

Негізгі нормативтік ережелері Қазақстан Республикасының Конституциясында, Құқықтық реформасының мемлекеттік бағдарламасында, ҚР Президентінің «Сыбайлас жемқорлықпен және қылмыстың ұйымдасқан түрлерімен күресін нығайту бойынша шаралар туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен және қылмыстың ұйымдасқан түрлерімен күресін нығайту, ұлттық қауіпсіздігін нығайту бойынша шаралар туралы», «Экономикалық қылмыспен күрестің тиімділігін арттыру бойынша шаралар туралы» Жарлықтарында, ҚР «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңдарында анықталған. Соңғы Заңның қабылдануы сыбайлас жемқорлықпен күресінің жаңа кезеңін белгіледі, өйткені аталған нормативтік акт экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық шаралардың кешенін қамтиды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жедел іздестіру қызметін жүзеге асыруға қатысушы лауазымды тұлғалар
Есірткі және психотроптық заттардың және заңсыз айналым (контрабанда) түсінігі
Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттармен заңсыз айналысу қылмысын тергеу
Сыбайлас жемқорлықтың өсуін зерттеу
Сот ісін жүргізудегі арнайы білімді қолданудың ұйымдастырушылық негіздері
Қылмысты ашу мен тергеудің сот,тергеу және жедел-іздестіру тәжірибесін зерттеу
Ұйымдасқан қылмыстың түрлері
Қылмысқа қатысу нысандары, жауаптылығы және жанасушылық
Бiрiккен ұлттар ұйымының трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясы
Сыбайлас жемқорлықтың жалпы түсінігі мен сыбайлас жемқорлыққа итермелейтін себептердің негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz