Қолданбалы бизнес


Қолданбалы бизнес
1. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдасқан нысандары, түсінігі түрлері мысалдар.
Кәсіпкерлік - адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры - Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу - басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер - алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: «Кәсіпкер - адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам». Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды.
Бизнес - табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік (предпринимательство) - новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол - өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды. Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғым бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз - адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабіліттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес - бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік - бұл да адмның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады. Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктестігі жайлы» және «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет шаруашылық серіктестігінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін:
-жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;
-толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі;
-жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің
жауапкершілігі жүктеледі;
- коммандитті, аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлкімен және біреудің салынған салымымен) ;
- қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойнына алынады;
-өндіріс және тұтыну кооперативтері;
-консорциумдар;
- акционерлік қоғамдар.
Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар. Біріншісі, шаруашылықты жүргізу құқығына негізделсе, екіншісі - оперативті басқару құқығына негізделген. Шын мәнінде, мұнда шаруашылық есептің екі түрі қолданылады: таза мемлекеттік - толық шаруашылық есеп, қазыналық - толық емес шаруашылық есеп. Кәсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндірістік звеносының негізі болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай «кәсіпорын» мен «фирма» ұғымдарын баламалап қараймыз. Рас, олардың бір-бірінен өзара айырмашылығы бар: «фирма» термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін процесті жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда: ол барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық тұрғыдан дараланған.
Ол белгілі бір тарихи әлеуметтік ортада пайда болып, ұлттық құндылықтар мен дәстүрлер жүйесінде дамиды. Сондықтан, шаруашылықтағы табыс ең жоғарғы әлеуметтік құндылық болғандықтан, қоғамдағы кәсіпкерлік қызметтің беделін қалыптастырмай табысқа жету қиын.
Қазақстан республикасының Елбасы Н. Ә. Назарбаев
«Қазақстанның бәсекеге барынша қабілетті, әрі серпінді дамып келе жатқан әлем мемлекеттерінің қатарына қосылуы алдыңғы қатарлы қоғам құрудағы басымдықтардың бірі» деп өз Жолдауында атап өтті. Сондықтан, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға және жан-жақты қолдауға қазіргі уақытта үлкен мән беріліп отыр. Кәсіпкерлік мәнінің шетелдік анықтамасына шолу жасайтын болсақ, шет елдік теория мен тәжірибеде кәсіпкерлік дегеніміз жаңа кәсіпорынды құруда жауапкершілік пен тәуекелділікті мойнына алуды тудыратын және тәуелсіз құрылымдарды анықтауды қажет ететін қызмет деп түсініктеме береді. «Кәсіпкерлік» терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734жж. ) енгізді. Бұл ұғымға, ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды.
Кәсіпкерлік - адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950жж. ) мән берді. Оның айтқан мынандай сөзін эпиграф етіп алуға болады: «Кәсіпкер болу - басқаның істегенін істемеу». Ол “Экономикалық сараптаудың тарихы” атты еңбегінде жаңа шаруашылық тәсілдердің орындалуын кәсіпкерлік, ал оларды жүргізуші адамдарды кәсіпкер деп атаймыз деп жазды. Екінші жағынан кәсіпкерлер - алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832жж. ) былай деген: «Кәсіпкер - адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам». Ағылшын экономисті “Саяси экономияның қағидалары“ деген белгілі еңбектің авторы Д. Миль (1806-1873) кәсіпкерлік терминді одан ары танымал етті. Бүгінгі таңда кәсіпкерлік түсінігіне “Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы” Қазақстан Республикасының Заңында кәсіпкер азаматтардың өз меншігіне немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаның меншігіне негізделген және заңдылық негіздегі жауапкершілігі мен тәуекелділігін мойнына алып, табыс табуға бағытталған азаматтардың немесе заңды тұлғалардың бастамалық қызметі деген анықтама берілген.
Кәсіпкер сөзі жаңа кәсіпорынды ұйымдастыруымен немесе жаңа идеяны, жаңа өнімді немесе қоғамға ұсынатын жаңа қызметті әзірлеумен байланысты тәуекелге бас тіккен адамды білдіреді. Кәсіпкерлік өндірістегі жаңа қисындастыруларды (комбинаций), жаңа нарықтағы әрекетті, жаңа өнімдерді жасауды және т. б. жүзеге асыруды білдіредіЭкономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес - табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Кәсіпкерлік - новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер - ол өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды. Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғым бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабелділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабілеттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көзқараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
Кәсіпкерлік қызметтің белгілері мен принциптері
Алдымен «кәсіпкерлік» ұғымына қазақстандық заңнамаға сәйкес анықтама береміз, себебі кәсіпкерлік қызметтің негізгі белгілері содан туындайды. ҚР Азаматтық кодексінің (бұдан әрі ҚР АК) 10-б. 1т. -на сәйкес «Кәсіпкерлік - меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағатттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Бұл анықтама толық емес шығар, бірақ оны талдауы кәсіпкерліктің төмендегідей белгілерін атауға мүмкіндік береді:
Дербестік.
Кәсіпкердің мүліктік және ұйымдық дербестігін шартты түрде бөліп көрсетуге болады. Қызметтің экономикалық базасы сияқты мүліктік дербестік кәсіпкерде айрықша өзіндік мүліктің бар болуымен анықталады. Мүліктік дербестік көлемі негізінде осы мүліктік субьекті жататын заңдық атағына байланысты болады. Мүліктің меншік иесінің дербестігі анағұрлым басым. Шаруашылық жүргізу құқығында жұмыс істейтін кәсіпорындардың да айтарлықтай мүліктік, бірақ заңмен шектелген дербестігі бар. Ұйымдық дербестік - кәсіпкерлік қызмет барысында дербес шешімдерді қабылдау мүмкінілігі. Осындай қызметпен шұғылдану туралы шешім қабылдау, қызметтің түрін, ұйымдық-құқықтық нысанын, құрылтайшылардың шеңберін таңдау - мұның бәрі - ұйымдық дербестіктің көрінуі.
Тәуекелділік.
Кәсіпкерлік қызмет тәуекелге ұшырайды. Осы арқылы ол шаруашылық жүргізудің нашар нәтижелері кезінде мемлекетке жүгінуге мүмкіндігі болған зиянды кәсіпорындардың біле тұра жол берген әкімшілік - жоспарлы экономика кезеңінің шаруашылық қызметінен түпкілікті түрде ерекшеленеді. Кәсіпкерлік тәуекел - табысты жұмысқа қуатты ынта.
Кәсіпкерлік қызмет әрқашан табысты жүйелі түрде алуға бағытталған.
Кәсіпкерлік қызметті заңмен анықталған ретте кәсіпкерлер ретінде заңмен белгіленген тәртіппен тіркелген адамдар жүзеге асырады. Енді кәсіпкерліктің негізгі құқықтық принциптеріне қысқаша тоқталайық. Оларға мыналар жатады:
Кәсіпкерлік қызметі еркіндігінің принципі.
Бұл негізгі принцип. Ол ҚР Конституциясы 26-б. 1т. -да: «Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар» деп бекітілген. Меншіктің алуан түрлерін танудың, меншік құқықтарына заңдық теңдік пен олардың бірдей қорғалуының конституциялық принципі. Ол Конституцияның 6-б. -да бекітілген: Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады». Бәсекелестікті ұстап тұру мен монополизациялауға және жосықсыз бәсекеге бағытталған экономикалық қызметке жол бермеу принципі. Бұл принцип сақтау нарықтық экономиканы дамытудың және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың қажетті шарты. Мұнда ҚР 2001ж. «Бәсекелесу және монополистік қызметті шектеу туралы» заңына маңызды рөл беріледі. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу принципі. Ең бастысы, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу барысында - кәсіпкерлердің және мемлекеттің жұрт алдындағы және жалпы қоғамның мүдделерінің сақталуына қол жеткізілуі тиіс.
Заңдылық принципі. Ол өте маңызды және оның іске аырылуы құқықтық мемлекетті құрудың негізі. Біріншіден, кәсіпкерлік қызмет заңнама талаптары қатал сақталған кезде жүзеге асырылуы тиіс. Екіншіден, маңыздырағы, мемлекет құқықтық актілердің заңдылығын мемлекеттік билік және кәсіпкерлікті реттейтін жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін қамтамасыз етуі тиіс. Кәсіпкерлердің, солар сияқты тұтынушылардың құқықтарын қорғауды кәсіпкерлік принциптерінің қатарына жатқызуға болады. Бұл принцип түпкі мақсатты - тұтынушылардың мүдделерін толық қанағаттандыру жолымен кәсіпкерлікті дамытуды көздейді. Екінші жағынан, кәсіпкерлердің өздері өз құрылымдарын құру тәртібін оңайлатуға, дәлелсіз тексерулерге және керексіз мемлекеттік бақылауға жол бермеуге, коммерциялық құпияны сақтауға, әділ салық салуға мұқтаж болады. Кәсіпкерлердің үстел үстіне қоятын кітаптар қатары мынадай болуы керек:
1995ж. 30-тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы;
1994ж. 27-желтоқсандағы ҚР Азаматтық кодексі(Жалпы бөлім) ;
2001ж. 12-маусымдағы ҚР «Салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» кодексі;
2001ж. 30-қаңтардағы ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексі
1995ж. 17-сәуірдегі ҚР «Лицензиялау туралы» заңы;
1999ж. 10-желтоқсандағы ҚР «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» заңы;
2004ж. 28-ақпандағы ҚР «Еңбек қауіпсіздігі және қорғау туралы» заңы.
1992ж. ҚР «Жекеше кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау мәселелері туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бұрын Заңда кәсіпкерліктің нысаны - жеке және жекеше нысандары жайлы айтылса, қазір көрсетілген заңның жаңа редакцияда баяндалған бабы жекеше әсіпкерліктің барлық субьектілеріне - жеке кәсіпкерліктің субьектілеріне, микробизнес субьектілеріне, шғын, орта кәсіпкерліктің және ірі бизнестің субьектілеріне бөлінеді. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру формалары, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері
Кәсіпкерліктің ұйымдастыру-құқықытық формалары:
Жеке иелік ету - бұл бір адамның иелігіндегі іс, бұл оған мынадай белгілі артықшылықтарды береді:
а) әр меншік иесі кәсіпорынның барлық табысына иелік етеді;
ә) меншік иелері өз-өзіне билік етеді және кез келген өзгерістер енгізуге құқылы;
б) заңдар жеке иелерге ең төменгі шектеулер қояды.
Жеке иеліктің кемшіліктері:
а) толық меншікті жауапкершілік;
ә) капитал көлемінің шектілігі.
2) Серіктестік дегеніміз - кәсіпорынның екі немесе бірнеше иеленушілерінің болуы. Оның артықшылықтары:
а) серіктестердің бірігуі қосымша қаржыны тартуға мүмкіндік береді;
ә) әр серіктес бұл іске өзінің жаңа шығармашылық идеяларын немесе талантын ендіреді;
б) серіктестік салыстырмалы түрде оңай ұйымдастырылады және оған ерекше салық салынбайды.
Кемшіліктері:
а) көп жағдайда серіктестіктің барлығы шектелмеген мүліктік жауапкершілікке ие болады;
ә) егер серіктестердің біреуі істен шығатын болса, онда серіктестік өзінің жұмысын тоқтатады. өз қызметін әрі қарай жалғастыру үшін серіктестік жаңа келісім жасауы керек;
б) серіктестіктің өзіне тартатын капитал көлемінің шектілігі;
в) серіктестердің фирманы басқарудағы көзқарастарының сәйкес келмеуінің салдарынан фирманың өміріне қауіп төнуі мүмкін.
Серіктестіктің түрлері:
Толық серіктестік - ол барлық мүшелерінің толық мүліктік жауапкершілігімен ерекшеленеді;
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
Аралас (командиттік) серіктестік;
3) Акционерлік қоғам немесе корпорация бұл - өзінің әр түрлі тауарларды өндіру мен қызмет көрсетулерді жүзеге асыру және сатудағы өз қызметін атқаруға қажетті жеке және заңды тұлғалардың қаражаттарын тарту үшін акцияларды шығаруға негізделген кәсіпорын.
АҚ артықшылықтары:
а) мүшелерді біріктірудің ұйымдық-корпоративтік сипаты;
ә) шектеулі жауапкершілік;
б) операцияларды жүзеге асырудың қарапайымдылығы;
в) өмір сүруінің шексіздігі.
АҚ кемшіліктері:
а) құрудың күрделілігі және қымбаттылығы;
ә) ерекше салықтарды төлеу қажеттілігі;
б) акцияларды ашық сатылуда орналасқан корпорациялардың коммерциялық құпияға деген құқықтарынан бас тартуы. Акционерлік қоғамдар ашық және жабық АҚ деп бөлінеді. Ашық түрдегі АҚ жарғылық қоры акциялардың ашық нарықта сатылуының нәтижесінде қалыптасады. Жабық түрдегі АҚ жарғылық қорын өзінің құрылтайшыларының акциялары негізінде қалыптастырады. Бірдей бөліктерден тұратын жарғылық қор көлеміне сәйкес келетін АҚ шығарған құнды қағаз акция деп аталады және бұл акциялар әр акционерге олардың қосқан үлесіне сәйкес бөлінеді. Акцияға келетін табыс дивиденд деп аталады. Дивиденд көлемі АҚ шаруашылық қызметінің нәтижесіне тәуелді. Акциялардың сатылу бағасы оның бағамы деп аталады. Акциялардың бақылау пакеті - АҚ шығарған акциялар санындағы белгілі бір акционерден басқа акционерлердің акциялар санымен салыстырғандағы үлкен үлесі (50%-тен көп) . Акциялардың бақылау пакеті оның иесіне АҚ қабылдайтын шешімдерін анықтауға мүмкіндік береді. Жеке кәсіпкерліктің субьектілеріне заңды тұлға құрылмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жатады. Олар тұрғылықты жеріндегі салық комитеттерінде тіркеледі. Заңдық тұлғасы құрылмаған жеке тұлғалар, жұмыскерлердің жылдық орташа саны 10 адамға дейінгі кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалар микробизнес субьектілері болып табылады. Микробизнес субьектілері шағын кәсіпкерліктің құрамына кіреді және тиісінше шағын кәсіпкерліктің субьектілері үшін көзделген жеңілдіктерді пайдаланады. Шағын кәсіпкерліктің субьектілеріне заңды тұлғасы құрылмаған жеке тұлғалар және жұмыскерлердің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны 60 000 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заіды тұлғалар жатады. Олар тұрғылықты жеріндегі салық комитеттерінде тіркеледі. Орта кәсіпкерліктің субьектілеріне заңды тұлғасы құрылмаған жеке тұлғалар және жұмыскерлердің жылдық орташа саны 250 адамға дейінгі, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны 325 000 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар жатады.
Ірі кәсіпкерліктің субьектілеріне жұмыскерлердің жылдық орташа саны 250 адамнан асатын, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны 325 000 еселік айлық есептік көрсеткіштен асатын заңды тұлғалар жатады.
2. ИП мен заңды тұлға құрмай (тіркелмей) кәсіпкерлік қызметпен айнаысуға болады ма?
Кәсіпкерлік азаматтық-құқықтық реттеу объектісі болып табылады. Азаматтық құқықтың нормалары кәсіпкерлік саласында пайда болатын құқықтық қарым-қатынасты ғана реттемейді, онда кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүддесін сыбайлас-жемқорлықтан қорғауға бағытталған нормалар қатары бар.
ҚР Азаматтық кодекс (жалпы бөлімі 27. 12. 1994 жылы қабылданған, іс-әрекетке 01. 03. 1995 жылы кірген, ерекше бөлім 01. 07. 1999 жылы қабылданған) жадталған жүйе құратын заң болып табылады, ол мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастың барлық ауқымын реттейтін құқықтық негіз болып қызмет етеді, нарықтық экономика жағдайында дамиды.
Азаматтық заңнамамен реттелетін қатынас саласында кәсіпкерлер заңмен тыйым салынғаннан басқа кез-келген іс-әрекет жасауға құқылы. Кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүдделерін қорғау - бұл құқыққа қол сұқпауды қамтамасыз етуге, бұзған жағдайда және бұзу салдарын жойған кезде оны жүзеге асыруға, жандандыруға бағытталған заңмен қарастырылған іс-шаралар жүйесі. ҚР АК 9 бабы құқықты қорғайтын органдарды, қорғау құралдарын (тәсілдерін) және қорғау тәртібін белгілейді - сот, арбитраж немесе аралық сот.
Кәсіпкерге АК 2 бабымен танысу қажет, онда азаматтық кодекстің негізгі қағидаларының біреуі бекітілген - кім болса да жеке істерге араласпауы.
Бұл қағиданың мағнасының бірі - билік және басқару органдарына кәсіпкерлер өз мүлкіне қалай билік жүргізіп, өз пайдасын бөліп, кірісін пайдаланып жүргеніне ықпал жасауға тыйым салынуы.
Осы қағидаға сәйкес сондай-ақ ешкімнің рұқсатын, келісімін алу, ақпарат беру қажет емес, егер осыған ұқсас талаптар тікелей заңмен бекітілмесе.
Біріншіден, кәсіпкерлік түсініктің мағнасын түсіну қажет.
ҚР АК 10 бабы келесідей анықтама береді: “Кәсіпкерлік - ол меншік формасына қарамастан, тауарларға (жұмыстар, қызмет көрсету) сұранымды қанағатандыру арқылы таза табыс алуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық жүргізу (мемлекеттік кәсіпкерлік) құқығына негізделген азаматтардың және заңды тұлғалардың бастамалы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, тәуекелмен және мүліктік жауапкершілікпен жүзеге асырылады”.
Кәсіпкерлік қызмет анықтамасынан шаруашылық қызмет келесі қажетті белгілермен сипатталады:
а) нарықта өнім, қызмет көрсету, жұмыстар өндіру және сату арқылы кіріс (пайда) алуға бағытталған;
б) бастама болып табылады, яғни кәсіпкердің тек өз ықтияры бойынша оның мүддесіне сәйкес және оның өз қарауы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Небір жетекші органның немесе тұлғалардың бұйрығы немесе тікелей нұсқауы бойынша іс-әрекетті жүзеге асыруды кәсіпкерлік деп есептеуге болмайды;
в) кәсіпкердің толық мүліктік дербестігі базасында жүзеге асырылады. Кәсіпкер мүліктік базаның меншігі болып табылады, ол кәсіпкерлік барысында болуы мүмкін мүліктік шығын мен шығыстың толық қаупін көтереді;
г) кәсіпкер азаматтық айналымда өз атынан сөйлейді;
Екіншіден, кәсіпкер ҚР Азаматтық кодексінің 10 бабының 3 тармағын зерттеуі керек, онда кәсіпкерлерді қорғау және қолдау тәсілдері қаралады:
1) кәсіпкерлік қызметті, қызметтің лицензияланатын түрлерінен басқа, ешкімнің рұқсатын алмай-ақ жүзеге асыру мүмкіншілігі. Конституцияның 10 бабы ҚР-ң әр азаматының, арнайы рұқсат талап етілетін қызмет түрлерінен басқа(лицензия), ешбір шектеусіз және рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығын бекітеді. Кәсіпкерлік қызметті лицензиялаудың негізгі міндеті не өз- өзінен немесе оны ойдағыдай емес жағдайда жүзеге асырған кезде мемлекеттік немесе азаматтар мүддесін бұзуы мүмкін түрлерін шектеу болып табылады.
Кәсіпкерлікті лицензиялауға заңнамалық негіз болып 1995 жылғы 17 сәуірдегі ҚР “Лицензиялау туралы” Заңы қызмет атқарады. Лицензияны беру шарттары бұзылған жағдайда ол заңсыз деп мойындалуы мүмкін. Лицензияны мерзімінен бұрын тоқтату, кері қайтарып алу, оның іс-әрекетін тоқтата тұру немесе оны заңсыз деп мойындау заңнамалық актілермен бұлтартпай белгіленген және сыбайлас-жемқорлыққа жол бермеу үшін оған қатаң сәйкес болуға тиіс;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz