Иілгіштікті дамытуға арналған негізгі жаттығулар


Иілгіштікті дамытуға арналған негізгі жаттығулар
Адамның иілгіштігі - дене сұлулығы мен денсаулығы ғана емес, сонымен қатар оның күші. Йогада икемді адамды жел кезіндегі қамыспен салыстырады. Қатты жел соққанда аз қозғалатын ағаштар сынса, қамыс бұтағы қайырылып қана қояды. Иілгіштікке арналған жаттығулар денеңізді күшті әрі шыдамды етеді, аяқ, арқа, пресс бұлшықеттерін қатайтады. Ол ұйқыңызды жақсартып, жалпы ағзаның тонусын көтереді.
Басы
Иілгіштікті дамытуға арналған жаттығулар жиынтығы
Бұл жаттығулар жиынтығы қарапайым көрінгенімен, аз қозғалатын адамдарға өте тиімді. Мұндай жаттығулар зат алмасуды жақсартады, барлық ағзалар оттекпен қамтамасыз етіледі, ал денеңіз иілгіш әрі икемді бола бастайды. Жаттығуды айнаның алдында жасаған дұрыс.
Мойын омыртқасының иілгіштігіне арналған жаттығу
1. Тіке тұрып, аяғыңызды иық жалпақтығымен бірдей мөлшерде ашыңыз. Жауырынды артқа апарып, желкені жоғары қарай созыңыз. Омыртқаның созылуын сезініңіз.
2. Басыңызды ақырын алға түсіріп, осы күйде 30 секунд тұрыңыз, содан соң бастапқы қалыпқа қайтыңыз. Одан соң басыңызды келесі екі жаққа төмен түсіресіз. Яғни, құлағыңызды иыққа жеткізуге тырысқандай бұрасыз. Соңында басыңызды әр иық арқылы айналдырып, артқа қараңыз.
Кеуде омыртқасының иілгіштігіне арналған жаттығу
1. Тіке тұрып, қолыңызды екі жаққа созыңыз. Терең дем алып, өзіңізді қаттылап құшақтаңыз. Дем шығарғанда қолыңызды қайтадан екі жаққа созып, жауырыныңызды тақаңыз. Оны 10 рет қайталаңыз.
2. Қолыңызды арқаңызда біреуін жоғарыдан екіншісін төменнен құлыптап ұстаңыз. Саусақпен ғана емес, алақанмен ұстауға тырысыңыз. Содан соң қолдарыңыздың жағдайын ауыстырыңыз.
3. Орындықтың арқасына өзіңіз арқаңызбен тұрыңыз. Оны қолыңызбен ұстап, созылу сезінгенше отырыңыз.
4. Ішіңізбен жатып, қолыңызбен еденді тіреп, кеуде тұстан артқа қарай қайырылыңыз. Осы күйде 30 секунд тұрыңыз. Содан соң жатқан күйіңізде қолыңызбен табаныңызды ұстап, артқа қарай қайырылыңыз. Бұл күйде де 30 секунд тұрыңыз.
5. «Көпір» күйін жасап, 30 секунд тұрыңыз.
Бел омыртқасының иілгіштігіне арналған жаттығу
1. Еденде тұрып, аяғыңызды иық жалпақтығымен бірдей ашып, қолыңызды белге қойыңыз. Екі жаққа да 15 рет еңкейіңіз.
2. Беліңізді сағат тілімен, одан соң оған қарсы айналдырыңыз.
3. Тіземен отырып, қолыңызды артқа жіберіп, табаннан немесе тобықтан ұстаңыз. Бел тұсынан шалқайып, 30 секунд тұрыңыз.
Тізе буыны иілгіштігіне арналған жаттығу
1. Еденде тұрып, тізе бүкпей, алақаныңызбен еденді ұстауға тырысып, еңкейіңіз. Сол қалыпта 30 секунд тұрыңыз.
2. Содан соң аяғыңызды иық жалпақтығы бойынша ашып, екі аяғыңызға кезекпен еңкейіңіз. Тізенің артқы жағынан созылу сезінгенше еңкейіңіз.
3. Жерге отырып, аяғыңызды тіке созыңыз. Қолыңызды табанға дейін созып, денеңізбен аяғыңызға жатыңыз. Содан соң аяғыңызды максималды түрде екі жаққа ашып, кеудеңізбен жерге жатуға тырысыңыз.
Табан буынына арналған жаттығу
1. Еденге отырып, аяғыңызды созыңыз. Аяқ ұшын өзіңізге тартыңыз. Бұл күйде 30 секунд тұрыңыз.
2. Осы жағдайда табанмен айналым жаттығуларын жасаңыз.
Иілгіштікті дамытудағы маңызды кеңестер
- Дұрыс тамақтануды қолға алыңыз. Тамақтану үлесіңізде жеткілікті сүтті тағамның болуын қадағалаңыз;
- Жаттығу бастамас бұрын шынығуды ұмытпаңыз;
- Жаттығуды барлық денеңізге жасаңыз. Сол кезде дене біркелкі дамиды;
- Жаттығуды уақытылы жасау керек. Оны күнде немесе күнара жасауға тырысу керек;
- Бұл салада біліміңіз болмаса, өзіңіз ойдан шығарған жаттығу жасамаңыз. Ол ағзаңызға зақым келтіруі мүмкін;
- Егер ауыртпалық сезінсеңіз, ол жаттығуды жасамаңыз.
Тастанов Абдурашид
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz