Абайдың ұлттық идея туралы ұғымы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Ұлттық идея
Ұлттық идея - ұлттың сол тарихи кезеңде өзін-өзі тануынан көрініс табатын ұлттық санада басымдыққа ие көзқарастар. Зерттеушілер бұл үғымның екі қырына баса маңыз береді. Бір жағынан, қауымдастықтың өзін-өзі ұлт деп танып, түйсінуі, екінші жағынан оның ерекше тарихи адамдар қауымдастығы ретіндегі өз көзқарастары, ұстанымдары, құндылықтары жайлы жалпақ әлемге жар салуы.
Абайдың ұлттық идея туралы ұғымы

Абай өзінің бірінші қара сөзінде, Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын дейді. Ойшыл өзінің рухани өмірін, өмір сүріп отырған уақытын, қоғам болмысын зерделеу арқылы ұрпаққа өмірдің мәнін, өмір, келер уақыт, тарих алдында атқаруы тиіс міндеттерді көрсетеді. Адам жас шағында нені ескеруі қажет, есейген шағында неге көңіл бөлуі тиіс, өмірде қандай істерді атқаруы қажет? деген сауалды жұрт алдына қойып, оған қара сөздерінде өзі жауап берген. Абай ұрпаққа елдіктің ұғымынан алшақтамаудың қадір-қасиетін ескертеді.
Кешегі кеңес дәуірінде байды, байдың баласын ақылсыз қылып көрсету орын алды. Жазылған дүниелерде, түсірілген кейбір киноларда кедей адамды мүсәпір бейнесінде, бай озбыр адам кейпінде санаға сіңірілді. Шын мәнінде тарихта қазақ байлары, халықтың санасында бай деген ұғымның басқаша кейіпте өмір сүргендігі анық. Тарихта қазақтың бай адамдары елге, ел мүддесіне, елдің тәуелсіздігіне жауапты адамдардың бірі болған. Қазақтың байларының арасынан діни сауаты мол, кемеңгер тұлғалар шыққан. Жүсіпбек Аймауытов жазғандай, Кәсібі мал баққан, әлеуметі ру басыға бағынған жұртқа тап жігі, байлар, кедейлер табы деген нәрсе ашық болмайды.
Байлардың арнайы институтының болғандығын қазақ қоғамының тарихтағы өмірінен анық байқауға болады. Бұны айтып отырған себебіміз Абай, Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік деп патша өкіметінің идеологиясының салдарынан табиғаты өзгере бастаған қоғамды айтса керек. Қоғамдық санаға сынмен қарауда Абай алдыменен ұлттың тағдырына да ара түскен:
Болыс болдым мінекей,
Бар малымды шығындап.
Түйеде қом, атта жал,
Қалмады елге тығындап.
Сүйтсе дағы елімді,
Ұстай алмадым мығымдап.
Күштілерім сөз айтса,
Бас изеймін шыбындап.
Әлсіздің сөзін салғыртсып,
Шала ұғамын қырындап.
Абайдың бұл өлеңінде сол уақыттағы қазақ қоғамында орын ала бастаған мансапқорлық психология анық суреттелген. Билікке ұмтылу, жақсы өмірге құштарлық адамның табиғатында бар нәрсе. Бірақ бұл қашанда ақылға бағынуы тиіс, ақыл адамның мінезін реттеуші негіз. Адамның билікке деген құштарлығының ақылға бағынуы салдарынан жауапкершілік күшейеді. Жауапкершілік адамнан көркем мінезді, адалдықты, тәжірибені, шынайы білім мен іскерлікті қажет етеді. Осының барлығын ескеріп, иеленгенде ғана адам, қоғамына басшылық жүргізуі қажет. Бұны реттейтін уақыт, уақыттың талабы. Уақыттың талабы дегеніміз бұл ғасырдың жаңалығы, адамзат әлемінде пайда болып жататын жаңа дүниелер. Соны білген, толық меңгерген, қоғамын уақыттың талабына икемдейтін, икемдеуге ұмтылатын адам шын мәнінде қоғамды алға жетелеуші тұлғаға айналып отырады.
Отаршылдық саясаттың қандай мақсатта жүргізілгені сол заманның өзінде белгілі болды. Елдің игілігіне қайшы келетін іске араласу, оның айтқанымен жүру, елдің игілігіне қарсы келу Абай сияқты ойлы адамдарға ерсі көрінеді. Сол ерсіліктің қоғамға тиер зардабын ойшыл өзгеге де ескеткен:
Мәз болады болысың,
Арқаға ұлық қаққанға,
Шелтірейтіп орысың,
Шенді шекпен жапқанға.
Күнде жақсы бола ма,
Бір қылығы жаққанға?
Оқалы тон тола ма,
Ар-ұятын сатқанға?!
Күлмең қағып қасқайып,
Салынып ап мақтанға,
Таңқаламын, қампайып
Жоқты-барды шатқанға.
Мемлекеттің болашағын ойлаған адамға маңызды нәрсе ол ұлттың тағдыры. Ұлттың тағдырын шешетін нәрсе оның құндылықтары, құндылықтарын сақтай алмаса ұлт қанша мықты болғанымен ұзақ өмір сүре алмайды. Сондықтан қай уақытта болмасын елдің күштілігі, мәдениеттілігі мен өркениеттілігі құндылықтарды ақыл таразысына салып, ұлттық мүддені қорғаудан, оның өмірін жалғайтын дүниелерді ойлап табудан (қалыптастырудан) шығып отырған.
Ұлттық идея деп халыққа, ұрпаққа ұлттың игілігі мен болашағына ортақ тәжірибелер мен білім түрлерін, даналықтың үлгілерін айтамыз. Идея сөзінің түпкілікті мәні (көне грек тіліндегі) түр, кескін деген мағынаны білдіреді. Яғни нәрсенің түрі, кескіні (формасы) және т.б. Мәселен нәрсенің (табиғат, ұлт және адам болмысы) белгілі бір дәрежедегі өмір сүру формасы, сол өмір сүрудегі формадан туындайтын заңдылық, дәстүр, ережелер идея мен ұлттық идеяның мәнін айқындап отырады. Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, идея дегеніміз жеке адам, ұлт, халық, ел болмысы негізінде көрініп отыратын даналық білім, білімдердің жиынтығы. Идеяны даналық білім дейтініміз бұнда адам өміріне қажетті тәжірибе, мақсат, ереже, тәсілдер мен ұстаным үлгілері, үйлесімділік бар.
Идея кездейсоқ қалыптаспайды және кез келген уақытта қалыптаса бермейді. Кез келген ұлттың немесе мемлекеттің ұлттық идеясын алып қарайтын болсақ, оның бастауы бар, тарихи кезеңдерді басынан өткізуде жинақтаған тәжірибелері болады. Көне заманынан бастап идея ұғымы ойшылдардың тарапынан зерттеліп келеді, ежелгі дәуірдің өзінде идея феномені екі шеңберде (деңгей, негіз) қарастырыла бастаған. Бірінші, идея құбылысы жалпы жаратылысқа тән десе, екіншіден идея бұл интеллект өнімі, жеке адам мен ұлттың ішкі әлемінен туындап, ішкі әлемде өмір сүріп отыратын білімнің ерекше түрі.
Идеяны жаратылыс болмысына тән құбылыс дейтін себебі, жаратылыс әлемі, табиғат шексіздіктен, үйлесімділіктен тұрады, әлемде, табиғатта даму, қозғалыс, өсу, бір күйден екінші күйге өзгеру, ауысу бар. Осы әлемдегі, табиғаттағы дамуда, қозғалыс пен қалыптасу негізінде бастапқы себеп пен мақсат жатыр. Әлемдегі барлық құбылыс жаратылыс мақсатымен көрінеді және соған бағытталады. Ұлттың мәдени кодының негізінде де жаратылыс идеясының құбылысы жатыр. Адам болмысын өзге тіршілік өкілдерінен даралап тұратын нәрсе оның болмысындағы мәдени код. Бұл ұрпақтың танымын, мінезін, іс-әрекетін реттеп отырады.
Ұлттық идея ұлт пен оның өкілі жеке адамның рухани түп қазығы. Ұлттық идеямен тәрбиеленіп өскен адам кейінгі буынға игілік болып саналатын құндылықтарды табыстап отырмақ. Атап айтсақ ұлттың тілі, атамекен, дін мен діл, дәстүр, дәстүр мен мәдениет туралы кемел түсінік адамның танымына ұлттық идея арқылы енеді. Ұлттық идеяның негізінде, әсіресе оны ұрпаққа насихаттауда құндылық білімдері жатыр. Ұлттық идеяның күш алуына ықпал ететін құндылықдарды Абай былай деп түйіндеген:
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
- Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой
- Бес асыл іс, көнсеңіз.

Ғылым қоғамдық ақыл ойдың биігінде өмір сүретін дүние. Кез келген адамға ғалым болу міндет емес, бірақ ғалымның айтқан сөзін ескеріп, шынайы білімді тану, тағылымын өмірде пайдалану ұлттық идеяның құндылығын арттырады, ұлттық идея шеңберіндегі ұлттық құндылықтардың қоғамдық санада таралуына жол ашпақ. Себебі адамның жақсы қасиеттері бағаланып, әлеуметтік ортаға насихатталғанда қоғамның мәдени игіліктерге ұмтылары анық. Жеке адам мен қоғамға ортақ нәрсе, оларды біріктіретін және ұлттық құндылықтардың ұлттық идея шеңберінде өмір сүруіне ықпал ететін қоғамға ортақ мінез. Қоғамға ортақ мінез үлгілері ұлттық қасиетке айналуы немесе бағынып отыруы тиіс. Сонда ғана қоғам өркениет жолында. Қоғам өркениет жолына түсуі үшін қоғам мүшесі (жеке адам) өзіне талап қоя білуі қажет және бұл ұғым дәстүрге айналуы тиіс. Дұрыс талаптан еңбек шығады, еңбек ақыл мен білімге бағынады, ойлау арқылы еңбек игілікке айналады, еңбектің игілікке айналуында қанағат пен төзім, жанашырлық, мейірім секілді адамның асыл мінездері бар. Бұған қатысты Абай былай деген: Дәл осы күнде қазақтың ішінде кімді жақсы көріп, кімді қадірлеймін деп ойладым.
Байды қадірлейін десең, бай жоқ. Бай болса, өз басының, өз малының еркі өзінде жоқ. Кей бай өзі біреумен күш таластырамын деп, жүз кісіге қорғалауықтығынан жалынып, малын үлестіріп жүр...
Мырзаларды қадірлейін десең, осы күнде анық мырза елде жоқ, мал бергіш мырза иттен көп. Біреу бір пайдама келтірем деп мырза болып жүр
Болыс пен биді құрметтейін десең, құдайдың өзі берген болыстық пен билік елде жоқ. Сатып алған, жалынып, бас ұрып алған болыстық пенен биліктің ешбір қасиеті жоқ.
Мықтыны құрметтейін десең, жаманшылыққа елдің бәрі мықты, жақсылыққа мықты кісі елде жоқ.
Есті кісіні тауып құрметтейін десең, әділет, ұят, нысапқа есті кісі елде жоқ. Қулық, сұмдық, арамдық, амалға елдің бәрі де есті.
Ғаріп-қасар бишараны құрметтейін десең, жатқан түйеге міне алмаса да, ол момындыққа есеп емес. Егер мінерлік жайы болса, бірдемені ептеп ілерлік те жайы бар.
Енді қалды қу мен сұм, олар өзі де қуартпай, суалтпай тыныштық көрер емес.
Жә, кімді сүйдік, кімнің тілеуін тіледік? Өзі құрттанып шашылған болыс-билер тұра тұрсын. Енді, әлбәттә, амал жоқ, момындығынан Ырыс баққан дау бақпас деген мақалмен боламын деп, бергенінен жаға алмай, жарымын беріп, жарымын тыныштығымен баға алмай, ұры, залым, қуларға жеміт болып жүрген шын момын байларды аямасаң һәм соның тілеуін тілемесең болмайды. Сонан басқаны таба алмадым.
Ұлттық идея қоғамда дамуы және ұрпақ өмірінде жалғасын табуы үшін интеллигенттік миссия қажет. Интеллигенттік миссия сол қоғамның бет-бейнесін айқындайды. Интеллигенттік миссия халыққа ашық көрінген қоғамда құндылықтарды бағалау әлеуметтік ұстанымға айналады. Елдің мүддесі, жер тағдыры, өмір, уақыт, еңбек, кәсіп, білім, өнер, байлық, жақсы тұрмыс жөніндегі түсінік тегістей әлеуметтік дамудың бірден-бір тетігіне айналып отырады. Мәселен дамыған елдерді алып қарайтын болсақ, оның өркениет жолына түсуінің негізінде қоғам мүшелерінің, зиялылардың тарихи уақыттағы интеллигенттік миссиясы ерекше көзге түседі. Онсыз еш нәрсенің де болмайтындығын ұғыну қиын емес. Интеллигенттік миссия тарихта қазақ тұлғаларында да жоғары болды. Бірақ өкінішке орай сол кездегі қоғамда орын алған жағдайлар (елге сырттан жүргізілген саясат) қазақ зиялыларының қатарын сирете түсті.
Тарих қашанда ұрпаққа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Абай дүниетанымындағы негізгі мәселелер
Абай – қазақтың ұлы данасы. Оның философиялық көзқарастары
Ұлылық ұлағаты (Б. Шалабаевтың Мұхтар Әуезов шығармалары жайындағы зерделі зерттеуі: дәуір талабы және тың тұжырымдар)
Әдебиеттегі мазмұн мен пішін
Қазақтың тұңғыш эпопеясы
Әдеби үдеріс сипаты
АБАЙ ЖӘНЕ МӘШҺҮР ШЫҒАРМАЛАРЫ
Қобыз бен қоңырау бақсының аспаптары
Көзқарас және философия
Пәндер