Философиядағы болмыс және сана ұғымдары туралы


Тақырыбы: Философиядағы «болмыс» және «сана» ұғымдары.
Жоспары
Мазмұны:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім 1. Онтология ұғымы 2. Болмыс философиясы және түрлері 3. Сана және оның түрлері
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
«Онтология» термині грек тілінде екі сөз тіркесінен тұрады: онтос - болмыс, логос - ілім. Демек, онтология грек тілінен аударғанда болмыс туралы ілім дегенді білдіреді. Философияда бұл термин ХҮІІ ғасырдан бастап қолданылады, бірақ оның сол кезге дейінгі де тарихы бар. Екі жарым мың жыл бойы философтар әлемдегі адамның орны туралы ой толғап келеді, соның нәтижесінде философияда осындай ерекше сала қалыптасты.
Көптеген философиялық жүйелерде басқа да категориялар арасындағы ең маңыздысы «болмыс» категориясы болып табылады, өйткені ол заттардың мәнін бейнелейді. Бұл мәнділік «болудың» сипаттамасы болып табылады. Батыстық адам маңызды дүниетанымдық мәселелерді шешу барысында ой толғауды ең алдымен «барды», «болуды» түсіндіруден бастайды. Дүниеге келгеннен кейін адамды мынадай сұрақтар мазалайды: Қоршаған орта нені білдіреді? Оның шығу тегі қалай? Әлем мен адам болмысының шеткі түпнегізі не?
Философияның қалыптасуы да онтологияның пайда болуы мен дамуына арқау болған негіздермен байланысты. Көптеген философиялық жүйелерде басқа да категориялар арасындағы ең маңыздысы «болмыс» категориясы болып табылады. Болмыс батыстық рефлексияда базалық категория деп саналады, өйткені ол заттардың мәнін бейнелейді. Бұл мәнділік «болудың» сипаттамасы болып табылады. Батыстық адам маңызды дүниетанымдық мәселелерді шешу барысында ой толғауды ең алдымен «барды», «болуды» түсіндіруден бастайды және бұл ойлаудың негізгі азығы болып табылады.
Болмыс материя философияның түбегейлі категориялары болып табылады, өзінің негізінде жалпы реалдылықты, табиғат пен адамның, материалдық әлем мен адамзат рухының біртұтас негізін бейнелейді. Болмыстың өзі әртүрлі формаларға ие:
- Заттардың, табиғат күйі процестерінің болмысы;
- Адам болмысы;
- Руханилық болмысы;
- Әлеуметтік болмысы;
Заттар мен табиғи үрдістер болмысы ғарыш пен жердің, табиғилықтың күрделі жүйесі ретінде көрінеді. Бұл болмыс - бастапқы және Адам болмысының тарихи алғашқы негізі. Философиялық тұрғыда алғанда табиғи әлем объективті, заңдылықты, қажетті, Адам санасынан тәуелсіз, бүтіндей алғанда ғарыш - мәңгі, шексіз, ал жекелеген құрамдастар - шектеулі, өткінші. Табиғат пен ғарыш әлемі субстанционалды. Барлығының негізі - материя. Материя атрибутивті: қозғалыс, даму, өзгеріс, мәңгілік, шексіздік, таусылмастық, объективтілік және т. б.
Материя диалектикалық-материалистік тұрғыдан алғанда, объективті нақты және түрі жағынан алғанда сапалық-сандық алуан түрлі, өзінің акциденциалдық-функционалдық көрінісінде таусылмайды. Ол жалпы универсум, онда танымдық-зерттеушілік тұрғыдан үш деңгейді айқындауға болады: мега әлем, макроәлем және микроәлем. Материяның күрделі құрылым екендігі айдан анық. Дамудың диалектикалық концепциясы - универсумды пайымдаудың мүмкін болатын бір ғана позициясын ұстанатын тек философиялық парадигма ғана, ал әр түрлі жаратылыстанымдық-ғылыми концепциялар әлемнің әр түрлі құрамдастары туралы біздің көзқарасымызды тек қана кеңейте алады, мұның бәрі әлемнің бірбеткей иерархиясы тұрғысындағы салыстырмалы түрдегі білім ғана.
Адам болмысы - болмыстың екінші формасы ретінде әлемдегі тікелей біздің материалдық-тәндік-организмдік және психикалық дүниемізге қатысты. Дене ретінде Адам өзінің табиғи саласына оның құрамдас бөлігі ретінде енгізілген. Нақты дене ретінде біз өз болмысымызды үнемі гомеостаз ретінде көрінеміз, туылғаннан бастап біздің болмысымыз Ешнәрсеге - барлық тірі жанның табиғи өліміне бағытталған нәзік, тірі бүтіндік қана. Нақты денедегі өмір уникалды, қайталанбайды, тұлғалық-индивидуалды және өзінің өткінші өмірін бойындағы тұқым қуалаушылықпен сақталып келген биопсихикалық инстинктер, таңылған мақсаттармен басып тасталатындай әлеуметтік-саяси-оқшауланған социумда өткізетін болса, бұл өмір трагедиялығымен, драмалығымен де сипатталады. Өмірдің мәні жоғалту, босқа өткізген өмір, болмыстың жалғандығы - мұның бәрі нақты индивид экологиясындағы апатқа айналады.
Әлеуметтік болмыс , әлеуметтік философияның ұғымында мәдени-өркениеттік әрекеттің объективті-жалпы үрдісі ретінде, индивидтің өмір қамы үрдісі ретінде көрінеді. Бұл сананың қоғамдық формалары болмысының күрделі ұйымдасқан үрдісі және индивид санасының интеллектуалды адамгершілік бағдарындағы нақты формасы ретіндегі рухани болмысының стихиясы мен онтологиясы. Осылайша, әлемдегі Адам болмысы мәңгілік пен өткіншіліктің, шексіздік пен шектіліктің, тұрақтылық пен өзгермеліліктің, субстанционалды анықтық пен бос белгісіздіктің, мәнділік пен тіршіліктің және т. б. арақатынастарымен сипатталады. Өз кезегінде болмыстың бұл формаларының өз деңгейлері болады. Әлемді философиялық тұрғыдан түсінудегі басты мәселе субстанция ұғымы, субстанция мәселесі «алғашқы бастама» жөніндегі идеяны негіздеуге бастаған ұмтылыс ретінде пайда болды. Субстанцияны қалай түсінуге байланысты - мәнділіктің өзі ретінде - антиктік гректерде немесе жоғарғы және абсолюттік негіз құдай ретінде, немесе трансценденталдық негіз - Канта - тәжірибе мүмкіндігінің шарты ретінде, немесе Абсолюттік рухтың диалектикалық қозғалысы ретінде - Гегельде, немесе қоғамның экономикалық негізі ретінде - Марксте, немесе барлық табиғи түзілімдердің түпкі материалдық негізі ретінде - материалистерде, немесе билікке деген ерік ретінде - Ницшеде және оны танудың әдістері мен тәсілдері мәселені баяндау мен мақсатты негіздеу ережелері ойлап табылып, жасалынды. Осы ұмтылысты жүзеге асыруда әр түрлі тәсілдер пайда болды, олар:
- Монизм / материалистік немесе идеалистік/
- Дуализм.
- Плюрализм.
Монизм - бүкіл дүниедегі нәрселердің бір ғана бастамасын мойындайтын философиялық ілім. Материалистік монизм идеясы бойынша, негізгі ұғым материя болып табылады. Ұзақ тарихи уақыт барысында материя ретінде белгілі бір заттың негізгі қасиетін таныды, бұл материяны жаратылыстың ғылыми тұрғыдан анықтауының белгісі болды. Сонымен бірге, материя ұғымы материяны философиялық тұрғыдан анықтауда көрініс беретін философиялық аспектіге ие.
Материя мәселесінің қойылуы сана мәселесін тудырады, нақ осы екі ұғымдардың қатынасы философияның негізгі мәселесі болады. Материя, олардың болмыс түрлері: қозғалыс, кеңістік және уақыт бір-бірімен де тығыз байланысты.
Идеалистер барлық құбылыстардың бірден-бір бастамасын рух, идея деп санайды. Идеалистік монизмнің ең дәйекті бағыты Гегельдің философиясы болып табылады.
Дуализм - материалдық және рухани субстанцияларды өзара тең құқылы бастаулар деп есептейтін, монизмге қарама-қарсы философиялық ілім. Дуализмнің түп төркіні - материализм мен идеализмді ымыраластыру. Дуалистік сананы материядан бөліп алу, идеализмге соқтырады. Әсіресе дуализм Декарт пен Кант философиясына тән.
Плюрализм - дүниенің бастамасы ретінде көп субстанцияларды мойындайтын философиялық ілім.
Болмыстың екінші таңғажайып түрі - ол сана, рух, жалпы алғанда, адамның психикасы. Танымдық тұрғыдан қарағанда, сана - Дүниені бейнелеудің ең биік, тек адамға ғана тән идеалдық формасы. Оны біз болашақ «танымға» арналған тарауда көлемді түрде талдаймыз.
Сана - материя емес, оны қолға ұстап сындырып, я болмаса, ауызға салып дәмін байқап, мұрынға жақындатып иісін анықтауға т. с. с. болмайды. Болмыстық тұрғыдан кең түрде қарағанда, сана - адамның ішкі жан-дүниесі, адам белсенділігінің психикалық деңгейі. Ал оны нақтылай келсек, ол, әрине, адамның ой толғаулары. Бірақ, ол онымен бітпейді. Ойлау, рационалдық таным - сананың өзегі болғанмен, оған адамның сезім толқындары да кіреді: адам қуанады, ренжиді, ашуланады, шаттанады, сүйеді, жек көреді т. с. с. Егер де біз кең түрде адамның психикасын алатын болсақ, оған санамен қатар бейсаналық та кіреді. З. Фрейдтің уақытында ашқан бұл жаңалығының қазіргі өмірдегі маңызы өте зор. Сонымен қатар, санаға тең емес адамның ырқы да бар. Кейбір жағдайларда адам санаға сыймайтын, оған қарсы нәрселерді жасауы мүмкін. Ф. Ницше уақытында айтқандай “нағыз адам” толқынмен бірге емес, оған қарсы жүзиді. Адам Дүниені саналы түрде бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар, өз ішкі жан-дүниесіне сараптау жасайды - міне, осы сәтте оның рухы оянады. Рух категориясы біздің жақында өткен тарихымызда дінмен байланыстырылып, ал «кеңес тоталитаризмі» соңғыға қарсы болғаннан кейін, философиялық әдебиетте өте аз қолданды. Негізінен алғанда, рухқа ғылымдағы жетістіктер, қоғамдық сана формалары жатқызылды. Тек бүгінгі таңда ғана бұл категорияның маңызы өсуде. Жалпы алғанда, рух дегеніміз - адамның өзіндік сана-сезімі, өз-өзіне «сырттай қарап» баға беруі, өз өмірінің мән-мағнасы мен қатар, жалпы Дүние жөнінде ойлауы-толғауы, тебіренісі жатады. Бұл тек дамыған адамға ғана тән нәрсе. Қайсыбір жануарды алсақ, ол өз-өзін бұлдыр сезінеді, өзін жағалай ортадан бөлек алып, оған қарсы қойып қарай алмайды. Оған қабілетті - адам ғана. Жеке адамның рухымен қатар, белгілі бір халықтың рухы жөнінде де айтуға болады. Мысалы, қазақ халқының руханияты, демек, оның өзіне тән дүниесезімі, құндылықтары. Оны әдебиетте «объективті рух» деген категория арқылы береді. Сонымен қатар, рухтың жетістіктері ғылыми, көркем шығармалар арқылы өмір сүруі мүмкін. Оны «объективизацияланған рух» дейміз. Мысалы, қайсыбір ұлы суретшінің туындысын қабылдағанда, біздің рухани өміріміз үлкен тебіреністе болып, сан-алуан сезімдер мен ойлар жан-дүниемізге келеді. Әрбір адам өзінің рухани болмысына байланысты «Венера» мүсініне әр-түрлі қарайды. Біреуі оны «құдіретті теңдесі жоқ әсемдік» ретінде қабылдаса, тайыз надан адам оған «нәпсілік» тұрғыдан қарауы мүмкін. Симфония, я болмаса, басқа саз формаларын қабылдағанда да соған ұқсас тебіреністе боламыз, т. с. с. Дегенмен де, рухтың «негізгі үйі» - нақтылы өмір сүріп жатқан тірі адамның ішінде. Оған ақыл-ой, парасат, борыш, ар-ұждан мен ұяттық аяныш, адалдық, махаббат пен сүйіспеншілік, ізгілік пен ақиқат, әсемдік, үміт пен сенім, еріктік пен әділеттілік т. с. с. жүздеген категориялар жатады. Мысалы, Н. А. Бердяевтің айтуына қарағанда, «рух дегеніміз ақиқат, ізгілік, әсемдік, еріктік пен мән-мағна…Рух дегеніміз - адам ішіндегі оның
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz