Мерзімдерді есептеу және талап қою мерзімі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университетінің
Жоғарғы колледжі

БАЯНДАМА

Тақырыбы: Мерзімдерді есептеу және талап қою мерзімі.

Орындаған: Кеңесова Ж.А
Тексерген: Конысов А.Ж

Ақтөбе, 2020ж
Жоспары:
Мерзімдерді есептеу тәртібі.
Мерзімнің түрлері.
Талап қою мерзімі.Талап арызы мерзімінің ағымының басталуы, тоқтатылуы, үзілісі, қалпына келтірілуі.

1.Азаматтық айналымда және әлеуметтік проблемаларды шешуде уақыт факторы маңызды рөл атқарады.Басталуы немесе өтуі белгілі бір құқықтық салдар туғызатын уақыт кезеңі немесе уақыт мезеті азаматтық құқықта мерзім деп аталады.
Мерзімнің маңызы - оның басталуына немесе өтуіне белгілі бір заңдық салдар байланысты болады. Мерзім азаматтық айналымды реттейді, оның қатысушыларын тәртіпке келтіреді; азаматтық құқықтың әр түрлі субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін дер кезінде қорғауды қамтамасыз етеді. Өзінің заңдық табиғаты бойынша мерзім -- бұл заңдық факт, заң онымен белгілі бір заңдық салдардың тууын байланыстырады. Мерзімді, әдетте, оқиғалар санатына жатқызады, өйткені мерзімнің басталуы немесе өтуі объективтік сипатта, яғни азаматтық құқықтар субъектілерінің еркіне тәуелсіз сипатта болады. Бірақ заң әдебиеттеріндегі келесі көзқарас бойынша, мерзім оларды оқиғаларға да, әрекеттерге де жатқызуға болмайтын ерекше, дербес заңдық фактілер санаты болып табылады.Бұл көзқарас мынадай жағдайға негізделген: заңдық мерзімдер уақытының өтуінің объективтік заңына бағына отырып, шығу тегі жөнінен қалай дегенде де еріктік мерзімдер болып табылады, өйткені оларды заң шығарушылардың не шарттағы тараптардың еркі айқындайды, сондықтан да екіжақты табиғаты болады. Бұл пікірмен келісу қиын, өйткені әлде біреудің еркімен белгіленген мерзім уақыт кезеңі немесе уақыт мезеті ретінде қалай дегенде де бір кезде басталады, яғни оны жақындатуға да, алыстатуға да, өзгертуге де, жоюға да болмайды.
ҚР Азаматтық кодексінің 6-тарауында мерзімдерді есептеу тәртібін егжей-тегжейлі реттейтін нормалар бар. АК-ның 172-бабындағы 1-тармаққа сөйкес, заңдармен, мәмілемен белгіленетін не сот тағайындайтын мерзім күнтізбелік күнмен немесе сөзсіз болуға тиісті оқиға көрсетіліп белгіленеді.
Күнтізбелік күн дегеніміз - бұл белгілі бір айдың және жылдың нақты саны.
Оқиғалар дегеніміз - бұл адамдардың еркінен тәуелсіз пайда болатын заңдық маңызы бар фактілер (адамның табиғи өлімі, мерзімнің өтуі және т.с.с.). Мұндағы фактінің болмай қоймайтындығы мынадан көрінеді, заң актісіңде не мәміледе немесе соттың шешімінде көрсетілген оқиға міндетті түрде болуға тиіс. Сөзсіз болуға тиісті оқиғаны көрсете отырып, оның мерзімін анықтау ерекшелігі мынада, азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылар оның нақты басталатын уақытын алдын ала білмейді. Мәселен, АК-ның 1042-бабындағы 2-тармаққа сәйкес, мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн мүраның ашылу уақыты болып табылады.
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және міндеттерді орындау нақты күнмен байланыстырылатын жағдайдағы мәмілелерде күнтізбелік күнге сілтеме жасау жиі кездеседі. Мысалы, тауарлар 2004 ж. 31 желтоқсанына дейін жеткізіліп берілуі тиіс. Бірақ сілтемелер соттың шешімінде де болуы мүмкін, сондай-ақ заңның өзінде де айқындалуы мүмкін. Мәселен, АК-нъщ 1042-бабына сәйкес, мүра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шепіімі күшіне енген күн мүрамың ашылу уақьпы болып табылады. Немесе, ҚР Салық кодексінің 359-бабындағы 4-тармақта көрсетілгеніндей, мүлік салығы жөніндегі декларация есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей тапсырылады.
Уақыт кезеңі болып табылатын мерзім оның үзақтығын көрсетумен анықталады және жылдармен, айлармен, апталармен, күңдермен немесе сағаттармен есептеледі (АК-ның 172-бабының 2-тармағы). Мерзімді дұрыс есептеу үшін оның басталуы мен аяқталуын дәл анықтаудың зор маңызы бар. АК-ның 173-бабына сәйкес, уақыт кезеңімен белгіленетін мерзімнің өтуі күнтізбелік күннен немесе мерзімінің басталуы белгіленген оқиға болғаннан кейінгі келесі күннен басталады.
Жылдармен есептелетін мерзім - мерзімнің соңғы жылының тиісті айы мен күнінде бітеді (АК-ның 174-бабының 1-тармағы). Мәселен, үш жылдық талап қою мерзімі 2003 ж. 1 сәуірден басталса, 2006 ж. 1 сәуірде аяқталады.
Айлармен есептелетін мерзім соңғы айдың тиісті күнінде аяқталады. Мұнда, егер айлармен есептелетін мерзімнің аяқталуы оңцай күн жоқ айға келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде бітеді. Мәселен, мүлікті айлық жаддау мерзімі 2003 ж. 31 қаңтардан басталса, ол 2003 ж. 31 ақпанда аяқталуға тиіс, ал күнтізбеде мұндай күн жоқ болғандықтан, ол 2003 ж. 28 (немесе 29) ақпанында аяқталады.
Жарты жылда және тоқсанда есептелетін мерзімнің соңғы күні туралы мәселе де осылайша шешіледі. Мұнда жарты жылдық мерзім алты айға, ал тоқсан - үш айға тең деп есептеледі, тоқсанды есептеу жылдың басынан бастап жүргізіледі.
Жарты ай деп анықталатын мерзім күндермен есептелетін мерзім ретіңде қарастырылады және 15 күнге тең деп есептеледі. Мерзімді апталармен есептеуде ол соңғы аптадағы мерзім басталған күнмен аяқталады. Мәселен, апталық мерзімнің өтуі жүмада басталса, онда ол өзі басталғаннан кейінгі келесі жүмада аяқталады. Мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге келетін жағдайларда одан кейінгі ең жақын жұмыс күні мерзімнің аяқталу күні болып есептеледі. Бұл арада, мереке, жалпыға бірдей белгіленген демалыс күні, сондай-ақ осы ұйымның режимінде көзделген күн жұмыс істемейтін күн болып есептеледі. Мысалы, 25 желтоқсан көптеген шетелдік компаниялар үшін жұмыс істемейтін күн болып табылады, өйткені бұл күні Христостың туған күні - "Рождество Христово" мерекесі атап өтіледі. Бұл жағдайда жұмыс істемейтін күннен кейінгі ең жақын жұмыс күні мерзімнің аяқталатын күні болып есептеледі.
Сағаттармен анықталатын мерзімді есептеуде мерзімнің басталуынанықтау қажеттігі тумайды, өйткені мерзімді бұлайша анықтау әдісінде оның басталуы немесе аяқталуы әуел бастан-ақ өте дәлдікпен белгіленеді.
Егер мерзім қандай да бір әрекетті жасау үшін белгіленген болса, ол жалпы ереже бойынша, мерзімнің соңғы күңінің 24-сағатына дейін орындалуға тиіс. Алайда, мұндай әрекет ұйымда істелуге тиіс болса, онда мерзім белгіленген ережелер бойынша бұл ұйымда тиісті операциялар жүргізу тоқтатылатын сағатта аяқталады. Мұндай қатынастарда мерзімнің соңгы күні осы ұйымдардағы жұмыс ресми тоқтатылатын кезде не тиісті операцияларды жүргізу тоқтатылатын шақта аяқталады. Бірақ мұндай реттерде мерзімнің соңғы күнінің 24-сағатына дейін поштаға немесе телеграфқа тапсырылған жазбаша мәлімдемелер мен хабарламалар мерзімінде жәнелтілген деп есептеледі.
2.Мерзімнің түрлері. Мерзімді өр түрлі негіздерге сүйеніп жіктеуге болады. Мерзімді кімнің белгілейтініне қарай заңды, шарттық және сот мерзімдерін ажыратады. Туғызатын құқықтық салдарына қарай мерзім құқық түзетін, құқықты өзгертетін және құқықты тоқтататын мерзімге бөлінеді.
Өзінің табиғатына қарай мерзім мынадай түрлерге бөлінеді:
азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі - бұл осы кезеңде уәкілетті адам өзінің субъективіік құқықтарын жүзеге асыруға бағытталған қандай да бір әрекеттерді жасау мүмкіндігі болатын уақыттын бір бөлігі. Оны, әдетте, заң актісі белгілейді, бірақ тараптардың келісімімен де анықталуы мүмкін (меншік құқығы, авторлық құқық және т.б.);
субъективтік құқықтардың қолданылу мерзімі - бұл осы уақыт аралығында қолдданылу шегі уақытпен шектеулі туындаған субъективтік құқықтар сақталатын уақыт кезеңі. Мысалы, сенімхат үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі;
тыйым салатын мерзім - бұл белгілі бір құқықтарды жою мақсатында белгіленетін мерзім. Мәселен, "Нотариат туралы" 1997 ж. 14 шілдедегі ҚР Заңының 8-бабындағы 6-тармаққа сәйкес, нотариус лицензиясын алған, бірақ нотариаттық іс-әрекеттер жасауға үш жыл бойы кіріспеген адамның нотариаттық қызметпен айналысуына біліктілік емтиханын қайталап тапсырғаннан кейін ғана рүқсат етіледі деп үзілді-кесілді түрде атап көрсетілген; кепілдік мерзім - сатушының үзақ мерзім пайдалануға немесе сақтауға арналған өнімнің әдеттегі қабылдап алу кезінде байқала қоймайтын кемшілікгерін анықтауына арналған мерзім;
шағымдану мерзімі - заң бұл мерзімді міндеттерін ерікті түрде орындауды талап ету құқығын бүзуына байланысты субъективтік құқықты бүзған адамға белгілеңді. Заң шағымдану мерзімін ғана емес, сондай-ақ оған жауап беру мерзімін де белгілейді. Мысалы, тасымалдаушыға жүкті тасымаддаудан туындайтын талап қоюға дейін оған көлік туралы заң актілерінде көзделген тәртіпте талаптар қоюылуы міндетті (АК-ның 706-бабының 6 тармағы);
азаматтық-құқықтық міндеттерді орындау мерзімі - шартта белгіленеді. Мәселен, қарыз беру шарты бойынша борышты қайтару сәті міңдепі орындау мерзімі ретінде қарастырылуы мүмкін;
азаматтық құқықтарды қорғау мерзімі немесе азаматтық құқықта аталып жүргеніндей, талап қою мерзімі.Бұл бұзылған құқықты сот арқыны қорғау үшін заңмен белгіленген мерзім. Осы уақыт ішінде құқығы бұзылған адам өз құқығын мәжбүрлі түрде жүзеге асыруды немесе қорғауды талап ете алатын мерзімді азаматтық құқықтарды қорғау мерзімі деп түсінеді. Қойылған талапты қанағаттандыру бұзылған азаматтық құқықты қорғаудың негізгі құралы болғандықтан, аталған мерзім талап қою мерзімі деп аталған.
3. Талап қою мерзімі институты өзгеше әрекет етеді. Бұл мерзімнің атауының өзі талап қоюмен байланысты болғандықтан, ол талаптың сотта қаралуы барысыңда ғана қолданылуы мүмкін. Талап қою мерзімі институты негізгі үш міндетті атқарады:
азаматтық айналымның түрақтануына, оның қатысушылары арасындағы екіұштылықты жоюға, азаматтық құқықтарға қатысты олардың арасында туатын дауларды тездетіп шешуге жәрдемдеседі (азаматтық құқықтық қатынастарға айқыңдық және жүйелілік енгізеді);
соттардың іс бойынша объективтік шындықты анықтауын жеңілдетеді, сөйтіп осы арқылы дүрыс шешімдер шығаруға жәрдемдеседі;
шарттық тәртіптің нығаюына қызмет етеді, шарттағы тараптардың белсенділігін ынталаңдырады және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МЕРЗІМДЕРІ
Ерекше талап қоюмен іс-жүргізудің түсінігі және мәні
Азаматтық құқық қабілеттілігі
Заңдылық оқиғалар
Мерзімдердің түрлері
Азаматтық құқықтағы мерзімдердің түсінігі және түрлері
Талап қою мерзімінің өтуі
Мерзім ұғымы
Мерзімдерді есептеу және талап мерзімі
«Азаматтық құқық бойынша әрекетқабілеттілік ұғымы»
Пәндер