Бастауыш мектепте Информатика пəнін оқытудың маңыздылығы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Бастауыш мектепте «Информатика» пəнін оқытудың маңыздылығы

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға жəне кəсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», - делінген болатын [1] .

Қазіргі уақытта адам өмірін есептеуіш техника құралдарынсыз елестету қиын. Компьютер еңбекті жеңілдетеді, бос уақытты толтырады, уақытты үнемдейді жəне алыс арақашықтықты қысқартады, есептейді, жазады, ақпаратты сақтайды ғаламтор арқылы бүкіл əлеммен тілдесуге жол ашады. Бүгінгі таңда компьютер арқылы көркем туындылар жасалынады, музыкалар жазылады жəне кинофильмдер түсіріледі. Компьютер ғылыми аспаптан тұрмыстық техникаға айналады, ал онымен жұмыс жасау дағдысы мектеп оқушыларынан бастап үлкен жастағы адамдарды да баулиды.

Компьютерлер білім жүйесінде кеңінен қолдана бастағаннан бастап, «оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы» термині пайда бола бастады. Кез келген педагогикалық технология - бұл ақпараттық технология, себебі оқытудың техникалық үдеріс негізінде ақпарат пен оның қозғалысы (өзгеріс) жасалынады.

Ақпараттық технология арқылы оқыту тəжірибесі деп арнайы техникалық-ақпараттық құралдарды пайдалануды айтады. Компьютердің білім жүйесінде кең түрде қолдана басталуынан бастап, жаңа ақпараттық технология арқылы оқыту термині пайда болды.

Компьютерлік технологиялар оқытуды жоспарлау идеясын дамытып, қазіргі заманға сай компьютердің жəне телекоммуникацияның бірегей мүмкіндіктерімен байланысты оқытудың əлі зерттелмеген, жаңа нұсқасын ашады. Компьютерлік (жаңа ақпараттық) оқыту технологиясы бұл компьютер көмегімен дайындық үдерісі мен ақпаратты білім алушыға жеткізу болып табылады.

Ал солардың ішінде кейінгі уақытта бастауыш мектептің білім мазмұнына информатика пəнін енгізу туралы ой толғаныстар болып жатыр.

Мектепте оқылатын информатика пəні қарқынды дамып келе жатқан информатика ғылымының мазмұнын құрайтын сан алуан мəліметтердің бəрін қамти алмайды. Дегенмен, мектеп пəні ретінде жалпы білім беру қызметін атқара отырып ғылымның мəнін ашатын, өте елеулі іргелі ұғымдар мен мəліметтерді, терминдерді қамтып, мектепте оқушыларды басқа ғылымдардың негізін оқып үйрену үшін, сонымен қатар жастарды заманауи ақпарат құралдары туралы мəлімет, өмірге сүруге қажетті білім, біліктілік, дағдылармен қаруландыруы тиіс.

Қазіргі заманғы дидактика жалпы білім беру мазмұнын анықтайтын принциптер, ғылым логикасы мен оқу пəнінің бірлігі жəне қарама-қайшылығы принципін ерекше атайды. Осыған байланысты, Б. Т. Лихачев айтқандай, «ғылым логикасы мен оқу пəнін құрастырудың бірлігі мен қарама-қайшылық идеясы ғылымның қайшылықтарымен дамитындығын негіздеген». Ол ескішіліктер қат-қабатын бұза өзіне жол ашып, алға қарай секіріс жасайды, орнында табандап, тіпті артқа да шегінеді [2] .

Бастауыш мектепте оқитын балаларға жаңа нəрсе ұсынса, олардың қызығушылықтары оянып, талапшыл, тапқыш болатындары белгілі. Осыған сəйкес жаңа ақпараттық технологияларды кез келген сабақта қолдануға итермелейді. Дəстүрлі сабақ кезінде компьютерді қолдану оқушыларға оқу материалын түсіну мен есте сақтау үдерісін тездетеді, ең бастысы, балалардың оқуға деген қызығушылығын айтарлықтай көтереді.

«Информатика» пəнін бастауыш сыныптан бастап оқуға болатындығы жəне оның тиімділігі дүниежүзілік тəрбие негізінде дəлелденіп отыр. Ғалымдардың, практик-мұғалімдерінің пікірінше, бұл курсты бастауыш сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналалар:

  • бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;
  • ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту;
  • бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мəдениетін қалыптастыра отырып, əлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау [3] .

Бастауыш мектепте кез келген пəнді оқыту жалпы бастауыш сыныптың мақсатына сəйкес болуы жəне өзінің пəндік шеңберінде бастауыш білім берудің ортақ міндеттерін шешуге бағытталуы тиіс.

Бастауыш мектепте жалпы білім алу білімді игеру деңгейі кейінгі оқу процесі кезінде табысты болуды қамтамасыз ететін шеберлік пен дағдының құрылымы болып табылады.

Сонымен қатар бастауыш мектепте информатиканы оқыту келесі мақсаттарға жетуге бағытталған базалық курсты оқыту міндеттерін шешуі тиіс:

  • базалық білімдер жүйесін меңгеру;
  • ақпараттарды жинау мен талдау кезінде компьютерлік технологияларды қолдана білу шеберлігі;
  • əр түрлі оқу пəндерін оқу барысында танымдық қызығушылық пен информатикалық əдістерді қолданудың дамуы;
  • ақпараттық қызметте этикалы жəне құқықтық шаманы сақтауға жауапкершілікпен қарауға тəрбиелеу.

Сонымен қатар бастауыш мектепте информатиканы оқыту білім беру тəсілінен бірлесіп алған білім парадигмасы арқылы инновациялық тəсілдер негізінде өткізілу керек екендігі айқын.

Информатиканы оқытудағы перспективті тəсіл келесідей мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс:

  • əлемнің ақпараттық көрінісі туралы түсінігін дамыту;
  • қоғамда ақпараттық технологиялардың рөлі мен орны туралы түсініктерін қалыптастыру;
  • ақпаратты алу мен өңдеуде тұрақты дағдыларды қалыптастыру;
  • қызмет ортасында өзеріп отыратын ақпараттық қоғамға тез бейімделу қабілеттерін дамыту;
  • өмір бойына ақпараттық дайындығын ары қарай жетілдіріп отыру.

Кіші мектеп жасындағы балаларда болашақта табысқа жеткізетін оқуға деген талпыныс пен қызығушылық, ең берік білім мен əдет қалыптасып, ойын жинақтай бастайды. Осы арқылы да бастауыш сыныпта информатика пəнінің негізгі ұғымдарын оқу керектігін түсінуімізге болады.

Информатика курсын жоғарғы сыныптардан төменгі буынға көшіру қажеттіліктерін осы бағыттағы жүргізілген ғылыми зерттеулер көрсетті. Бұған дəлел ретінде информатиканы төменгі сыныптарда оқыту жөнінде жүргізіліп жатқан мұғалімдердің эксперименттері мен жарияланып жатқан мақалалары, сондай-ақ 1-4 сыныптар үшін информатикадан ұйымдастырылған үйірме жұмыстары мен факультатив сабақтарды айтуға болады.

Информатика курсының бастауыш сыныптарда оқытылуы жөнінде шетелдерде жəне Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерінде бірқатар жинақталған тəжірибелер бар.

Көптеген əдіскер-ғалымдар мен оқытушылар информатиканы пəн ретінде жоғарғы сыныптарда оқыту оқушылардың компьютерді пайдалану дағдысының қалыптасуын кешеюілдетеді, бұл пəнді оқу барысында қалыптасатын дағды бір ғана пəнге тəн емес екенін, жалпы білім беретін мəні бар болып есептелетінін атап көрсетеді [4] .

Біздің балаларымыздың ертеңгі күні - бұл ақпараттық қоғам. Компьютермен жұмыс жасау, толықтыру, қисындау жəне керек ақпаратты іздей білу қажет. Жылдан жылға өздерінің дербес компьютерлері бар оқушылардың саны артуда. Балалардың компьютердің мүмкіндіктерімен танысуы үлкендердің басшылығымен болғаны дұрыс (ата-ананың немесе мұғалімнің) . Бірінші сынып оқушысы алғаш рет мектеп табалдырығын аттатағанда көп жаңалықты ашу керек болатын білім əлеміне түседі. Əрбір бастауыш сынып мұғалімі баланы шығармашылық үдеріске тартудың тиімді жолдарын білуі қажет. Олар:

  • ойын;
  • жағымды эмоционалдық жағдай туғызу;
  • топпен жұмыс;
  • проблемалық оқыту.

Бастауыш сыныптарда бала үшін оқудың негізгі саласы ойын болып табылады. Ойын жəне ойын жағдайлары баланың жан-жақты ой-өрісінің дамуына да, тəрбиесіне де əсер етеді. Сонымен қатар əр түрлі педагогикалық мəселерді де шешуге көмектеседі. Информатиканы əр түрлі ойын əдістемесі негізінде өткізу өте пайдалы. Себебі бұл өзіне барлық жұмыс түрлерін қосып баланың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, ой-өрісінің дамуына кең мүмкіндік береді.

Ойындар оқушылардың ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен əсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пəндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нəтижелер береді.

Жаңа ақпаратты іздеу үшін адамнан білім мен дағдының дамуын талап ететін қоғамға қызметтің жаңа əдіс-тəсілдері керек, оның өңдеуінің, басқа адамдарға көрсету, жаңа нысанның жəне үдерістің модельдеулері, өзіндік жоспарлау мен өз əрекетін құрастыру. Бірінші сыныптан бастап оқу, жазу дағдысымен қатар, компьютерлік техниканы күнделікті өмірде оқу құралы ретінде пайдалануды үйрету өте маңызды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқыту әдістемесі
Информатиканы оқытудың нақты мақсаттарын анықтау
ІІ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУ
Информатиканы дербес оқыту әдістемесі
Бастауыш мектепте информатиканы оқыту теориясы мен технологиясы оқу пәні ретінде
Бастауыш сыныпта компьютерді қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылау тиімділігін арттыру жолдары
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ Бастауышты оқытудың әдістемесі мен педагогикасы мамандығы үшін
Информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың мақсаттары
Қоғамды информатикаландыру және оның жалпы білім беру жүйесінде алатын орны мен ролі
ДЭЕМ оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz