Өнер философиясы туралы


Өнер философиясы
Мазмұны:
- Эстетика пәні философиялық білім саласы ретінде.
- Антикалық эстетикалық ойлардың тарихы (софистер, Сократ, Платон, Аристотель) .
- Араб-мұсылмандық эстетика (Омар Хайям, Әл-Фараби, Ибн Рушд, Ибн Араби, Руми) .
- Христиандық ортағасырлықтың көркемдік-эстетикалық әлемі (А. Августин, Иоанн Дамаскин) .
- Өнерді зерттеудің заманауи философиялық тәсілдері.
- Қазіргі өнер философиясының негізгі категориялары: әлемді эстетикалық сезіну, еліктеу және елігу; сұлулық, көркем бейне, көркем стиль, көркем талғам, символ мен симулякр және тағы басқалары.
- Қазақ халқының сұлулық философиясы. Қазақ дәстүрлі музыкасының ерекшеліктері. Күй - қазақ өнерінің феномені.
Эстетика - адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым. Эстетика ғылым ретінде осыдан 5 мың жыл бұрын - Мысырда, Вавилонда, Үндістанда және Қытайда дүниеге келіп, Ежелгі Грекия мен Римде кеңінен дамыған. Демокрит, Аристотель, Эпикур, Лукреций Кар, т. б. өз еңбектерінде сұлулықтың объективті негізі - шындық өмірдің заттық қасиеттерінде, байланыстарында, қатынастарында, заңдылықтарында деп білді. Ал Платонға сәйкес, сұлулық дегеніміз абстрактылық, мәңгілік және өзгермейтін, сезімнен тыс идея, өнер туғызатын сезім иірімдері осы идеяның көрінісі ғана болып табылады. Қайта өркендеу дәуірі ойшылдарының, жазушыларының, суретшілерінің еңбектерінде адамгершілік сипаттағы реалистік бағыттар дамыды. Ағарту дәуірінің теорияшылары сондай-ақ олардың дәстүрлерін жалғастырушылар өнердің шындық өмірмен байланысын орнықтырды. Кант эстетикасы пікірдің мүлдем “мүддесіздігі” туралы қағида ұсынды. Ол сұлулықты пайдаға, көркемдік форманың толымдылығын-идеялық мазмұнға қарсы қойып, формалистік Эстетиканың дамуына ықпал етті. Гегель өз еңбектерінде Эстетикалық қызметті түсіндіруге негіз ретінде тарихнама принциптері мен қарама-қайшылықтарды алды, мұның өзі оған эстет. қызметті капит. өндірістің қарама-қайшы сипатымен салыстыруға, Эстетикалық ұғымның жай-жапсарын түсіну үшін еңбектің мағынасын анықтауға мүмкіндік берді. Алайда объективті идеалист бола отырып, Гегель өнерді абстрактылы рухтың бірінші және жетілмеген формасы ретінде айқындады. Фейербах сұлулықты тікелей заттар мен құбылыстардың физ. қасиеттерінен, ал эстетика сезімдер мен талғамдарды - биологиялық заңдылықтардан, адам “табиғатынан” алып көрсетуге тырысты. Эстетика орыс демократтары Белинскийдің, Чернышевскидің, Добролюбовтың еңбектерінде реалистік өнер, заңдылық, өнердің идеялылығы мен халықтығы принциптерін жасау, т. б. мәселелерде көтерілді. Эстетика мәселесі мен міндеттері көбінесе келесі жәйтпен айқындалады. Адамның дүниені эстет. тұрғыдан ұғынып-түсінуі бір-бірімен тығыз байланысты үш нәрседен тұрады:
- объективті шындықтағы эстет. Ұғым
- субъективті эстет. үғым
- өнер
Эстетика дүниені эстет. тұрғыдан ұғынып-түсінудің объективті негізін адамдардың қоғамдық мәнісін және табиғат пен қоғамды өзгертуге бағытталған жасампаздық күштері ашылатын олардың шығарм. қызметінің іс жүзіндегі көрінісі ретінде анықтайды.
Негізгі эстетикалық категориялар - сұлулық пен сұрықсыздық, асқақтық пен пасықтық, болса, олар қоғамдық байланыста, адам өмірінің әрбір саласында - өндірістік-еңбек пен қоғамдық саяси қызметте, табиғатқа көзқараста, мәдениет, тұрмыста, т. б. жағдайларда дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып түсінудің көрінісі ретінде байқалады. Эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсінудің субъективті жағы - ішкі сезімдерді, талғамдарды, бағалауды, күйзелісті, идеяларды, мұраттарды эстетиканы объективті өмірлік процестер мен қатынастарды көрсете бейнелеудің өзіндік формасы ретінде қарастырады. Өнер, көркем шығарм. оның маңызды жағы ретінде қарастырылады. Эстетика өнердің мәнісі мен оның заңдылықтарын зерттей отырып, арнаулы, теория және тарихи ғылымдармен және өнер туралы ғылымдармен тығыз байланыста дамыды. Бірақ эстетика- негізінен философияның бір саласы. Ол адамның ақиқатқа эстет. қатынастарының жалпы заңдылықтарын зерттейді, ал өнер зерттеу ғылымдары өнердің қаз-қалпындағы ерекшелігіне назар аударады. Философия сияқты дүниетану ғылымы бола отырып, Эстетика сана мен өнердің қоғамдық болмысқа, адам өміріне көзқарасы туралы мәселені шешуді өз проблематикасының басты назарына қояды. Осы мәселенің материалистік шешімін басшылыққа ала отырып, Эстетика өнердің табиғаты мен көркем шығарм. процесінің түрлі жағын: өнердің шығу тегін оның мәнісін және қоғамдық сананың басқа формаларымен байланысын, оның тарихи заңдылықтарын, көркем образдың ерекшеліктерін, өнердің мазмұны мен форманың өзара байланысын, көркемдік әдіс пен стильдің маңызын, т. б. ғыл. тұрғыдан ашып көрсетеді.
Эстетика - философиялық ғылым. Ендеше, ол да этика сияқты нақты ғылымдар өлшеміне сай келмейді. "Эстетика" ұғымын ғылыми қолданысқа XVIII ғасырдың орта шенінде неміс философы Александр Баумгартен енгізді. Ол эстетиканы грек тіліндегі "айстетикос" сөзінен құрас- тырып шықты. Этимологиялық тұрғыдан алғанда "айстетикос" - сезім, сезіммен қабылданатын деген мағынаға ие. Этимологиялық түбір өлі күнге дейін "анестезия" сезінде кездеседі. А. Баумгартен сезім арқылы қабылдауға мүмкін кемелділікті әсемдік деп білген, әсемдіктің бірден-бір керініс табатын саласы өнер деп қарастырған. Сөйтіп, неміс философы эстетикаға әсемдікті және оның өнерде көрініс табуын зерттейтін ілім деген анықтама берген. Сұлулық заңы бойынша адамның дүниені игеруге деген талпынысы А. Баумгартен эстетика ұғымын енгізбей тұрып-ақ белгілі болған. Эстетиканың тікелей өнермен байланыстығын есте ұстасақ, өнер тарихы - адамзат тарихы екендігін де мойындаймыз. Адамзат есін білгелі өнермен бірге жасасып келеді. Бізге белгісіз, бұлыңғыр ондаған мың жыл бұрын да өнердің бастапқы белгілері байқала бастаған. Атап айтсақ, тас дәуірінің алғашқы кезендерінің өзінде-ақ адамдар өнердің алғашқы нышандарын тудырып, оны өрі қарай дамытып отырған. Өнер - мәдениеттің маңызды саласының бірі. Сондықтан болар, "өнер - мәдениет айнасы" деген қанатты сөздің қалыптасқандығы . . . Өнердің шынайы мәнінің діңгегі - сұлулық, әсемдік. Сұлулык, әсемдік - адамды ерекше бір жан ләззатына бөлейтін сезім тудырар қасиет. Соның нәтижесінде, өнер көңіл күйді, сезімді білдіреді, соларға тікелей байланысты. Өнер адамды имандануға, жан дүниесімен біртұтас нұрлануға бастайды. Өнердің басты мақсаты - қандай да бір жетілу, кемелдену үлгісін, мұратын беру әрі соған адамды талпындыру, құштар ету. Өнер философиясы, өнер ілімі болып табылатын эстетика үшін де жоғарыда аталған мақсаттар бірінші маңызды болмақ. Ендеше, эстетиканы оқытудың, яғни эстетикалық тәрбиенің басты мақсаты - адамдарда өзінің айналасындағы сұлулықты көре, сезіне білу, бағалай және қабылдай білу қабілетін арттырып, сұлулық заңдарына сәйкес өмірді жаңартып, өзгертіп отыру. Эстетика этикамен өнер мен өнегелілік қалай байланысты болса, солай тығыз байланысты. Өйткені өнер адам сезіміне әсер ете отырып, оны адамгершілік, ізгілікке тәрбиелейді. Көркемдікке сүйсіну, соны тамашалаған сәтте сезімге бөлену барысында жанымыз тазарады. Жан тазалығы-ар тазалығы. Олай болса, эстетикалык тәрбие - имандылық, ғибраттылық тәрбиесінің бір тарауы.
Араб-мұсылман эстетикасы - мұсылман әлемі ойшылдарының орта ғасырлардағы араб тілінде жазған еңбектері арқылы қалыптасқан эстетикалық талғамдар мен талаптар жүйесі, адамзат өркениеті тарихындағы Ислам Ренессансы деп аталатын мәдени өрлеу кезеңінің жемісі. Бұл құбылыстың ілімдік негіздерін жасаушылар қатарында Шығыс перипатетикасының өкілдері тұр. Олар Аристотельдің “Поэтикасына” сүйене отырып, поэтикалық тілді, оның ақиқаттығы не жалғандығына қарамастан, эмоциялық оң және теріс әсерлер туғызатын құрал ретінде қарастырды. Бұл ғұламалар көркем шығармашылықты көне грек тіліндегі “мимесис” ұғымы арқылы түсіндірді. Көркем шығарма жасаушы табиғатқа еліктеу арқылы қабылдаған бейнесін қиял дүниесімен ұштастырады деп білді. Сопылық бағыт ықпалындағы ойшылдар поэтикалық құбылтулар мен жасампаздық бағытын ұстанды. Араб-мұсылман эстетикасына тән негізгі ұғымдардың бірі - адаб. Ол антик. білімділік принципімен қоса кейінгі гуманизм идеясын да өз бойына сіңіреді. Жалпы алғанда, адабтың эстетикалық мазмұны айқын - ол жоғары құндылықты білдіреді. Әдемілік пен әсемдік - кемел адамды тәрбиелеу мақсатымен тікелей байланысты. Бұл жоғары қасиеттер пендешілік пен пайдакүнемдіктен арылуға себін тигізеді және құштарлық арқылы мінсіз жетілуге әкеледі. Араб-мұсылман эстетикасының өкілдері формалар мен әуендер сұлулығынан ләззат алу - сол формалар мен әуендердің адам табиғатына жақындығынан деп түсіндіреді. Бұл ағымның көрнекті өкілдері - ибн Хазм және ибн әл-Хайсам. Философтар, ақындар әлем сұлулығы мен үйлесімділігі туралы жазды. Сұлулық кейде Пифагор рухында түсіндіріліп, ғарыштың, пластикалық формалардың, түстердің және дыбыстардың жарасымдылығы тұрғысынан қаралды. “Риясыз ағайындылар” энциклопедиясының авторлары, сопылық бағыттағы ойшылдар мен ақындар болмысқа ұқсатылып жаратылған бүкіл әсемдік пен көркем құбылыстардың ұштастырылуын эстетик. тұрғыдан баға беру өлшеміне айналдырды. Олар зиялылық пен имандылықты біріктіре білген сұлулықты дәріптеді. Әдебиеттануда өлеңдердің мазмұн, пішіні, дәстүр мен жаңашылдық, көркемдік талғамдар мен нормалардың өзгеруі, эстетик. таным проблемалары үлкен орын алды. Исламдағы бейнелеу өнеріне қойылған шектеулер көркем шығармашылықтың бұл саласын теориялық тұрғыдан жеткілікті зерттеуге мүмкіндік бермеді. Суретші шығармасындағы бояудың тазалығы мен қанықтығы, нәзіктік, үйлесімділік, жеңілдік - шеберлік үлгісі ретінде танылды. Махаббатты, гүлдерді, бақтарды бейнелеген әсем суреттер музыка сияқты көңіл-күйді қанаттандырып, қайғы-мұңды сейілте алады, рухани күш беріп, қажыр-қайратыңды шыңдай түседі деп ойлады. Хұснихат өнері жоғары бағаланды. Орта ғасырлардағы мұсылмандардың эстетикалық идеялары әлемдік эстетикаға үлкен ықпал етті.
Өнер-өмір шындығын көркем образдар жүйесі арқылы бейнелейтін қоғамдық сана мен адам іс-әрекетінің өзіне тән ерекшеліктерімен дараланатын формасы. Көркемдік образдар құрылымының ерекшеліктеріне қарай өнер туындылары бірнеше түрге бөлінеді. Көркем сурет, скульптура, графика, көркем әдебиет, театр, кино өнері-өмір құбылыстарын тікелей бейнелесе, музыка, би, сәулет өнері оларды суреткердің ішкі идеялық-сезімдік толғаныстар арқылы береді. Сөздің кең мағынасындағы өнер ұғымына технологиялық және эстетикалық жақтарынан аса шеберлікпен орындалатын адамның практикалық қызметінің барлық түрлері жатады. Өнердің өзіне тәні пәні-өмір шындығына адамның эстетикалық қатынасы, ал басты мақсаты- дүниені көркемдік түрғыдан бейнелеу. Сондықтан да, өнер туындыларының төрінде қоғамдық байланыс, басқа адамдармен қарым-қатынасы, өмірі мен қызметі тұрады. Осы тұста өнер туындыларының бір саласы музыкаға тоқталайық. Қоғамнан тыс өнер, мәдениет жоқ болғандықтан, әдебиет сияқты музыка да таптық, практикалық роль атқаратын қоғамдық құбылыстардың үні. Қоғамнан тыс музыка жоқ. Музыканы тыңдай білу, оны түсініп, ұғыну жеке адамның біліміне, көңіл күйіне, оның өмірден алған тәжірибесіне байланысты. Әдебиет сияқты, музыка да барлық кәсіп иелерінің сусындай ләззат алатын өмір талшығы. Ләззатты тек таңдаумен ғана емес, таңдалған музыкалық үнді сезімге түйсіну арқылы ала алады. Бірақ, музыкалық әуенді ұқпайтын, оны сезбейтін оған елеңдемейтін есту мүшелері жоқ. Есту мүшесінің бір құлақ болса музыканы тек құлақ арқылы тыңдаймыз. Оны біз барлық ішкі сезімімізбен тыңдап ұғылады. Психологиялық жүйелерінің өзара қатынасымен бірде қабылдап, бірде еске түсіріп, бірде көз алдына елестетіп, қайтадан жаңғыртып, түйсік сезіміне жеткізу арқылы музыканы түсіне аламыз. Музыка құр шуын, жай ызың емес болғандықтан, оның ішкі бейнелі үшін сезіммен тыңдауға дағдыланған жөн. Қазақ халқының өнері - оның тарихи болмысының құрамдас бөлігі. Рухани өнердің өмірге келуі, біртіндеп дамуы, халықтың сипат алуы, оның біртұтас бөлінбейтін құбылыс екенін аңғартады. Қазақ қоғамының мәдениеті мен өнерінің іргетасы тым ерте кезеңдерден бастап қаланған. «Өнер-оның өзіне тән сезімталдылығымен, шабытымен және көпшілік шеберлерінің сезімтал қасиеттері мен дағдыларының арқасында әрқашан алда жүреді. Сондықтан да халық атты композитор көп бейнелі барлық өнер әлеміне бүкіл жан-жақтылығымен әсер етеді»-деп, музыкатанушы Б. Асафьев қазақ өнерінің өміршеңдігін атап көрсетті. Қазақ халық музыкалық шығармашылығының тағы бір үлкен саласы-би өнері. Би - өнер атаулары ең ежелгісі. Оған негіз алғашқы қауымдық құрылыстың өзінде би элементтерін қолдану арқылы адамдар өздерінің тіршілігіне қажетті мәселелерді шешіп отырған. Жалпы би арқылы жеке бір халықтың ғасырлар бойы тұрмыс-тіршілігінен, кәсібінен, салт-дәстүрінен мағлұмат алуға болады, ал қазіргі кезде жастар көбірек көңіл бөледі. Мектептегі дискотеканы белгілі бір мерекелік іс-шара өткізу барысында, концерт соңында құруға болады. Дискотека жастарға тынығу жұмыстарының бір түрі-демалыс ретінде өткізіледі.
Негізгі эстетикалық категориялар
Қандай да болсын эстетикалық теория белгіті бір эстетикалық категориялар жүйесін құрмай тұрмайды. Тіпті сол категориялар жүйесі болуының өзі әлгі теорияның ғылыми дәйектігін танытады, іс жүзінде теория етеді. Эстетикалық категориялардың қалыптасу тарихы философия тарихымен тығыз байланысты. Эстетиканың негізгі категорияларының бірі - сұлулық. Оны ең кең түсініктемесінде кемел үйлесімділік деп қарастыруға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz