Эмоциялар мен ерік психологиясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Эмоциялар мен ерік психологиясы. Стресс теориясы мен механизмдері. Фрустрация
Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo -- толғану) -- адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.
Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция. Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т.с.с. эмоциялар жатады.
Эмоциялар:
1. Эмоциялар адамның түрлі органикалық қажеттіліктеріне байланысты туып отыратын шағын, жағдаятты көңіл күйлері, адам қуанғаннан, қамыққаннан көзіне жас алса, бір нәрсеге мәз болып, ішек-сілесе қатып күлсе, мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтындығы белгілі.
2. Эмоцияда мәнерлі көзқарастар (адамның сырт пішінінен байқалатын ым-шаралар) көбірек байқалады. Мұнда адам өзін тек ағза тұрғысынан көрсете алады.
3. Эмоциялардың қызметін лимби жүйесі мен ( ми бағанасының үлкен ми сыңарларына жақын жері) гипоталамус бөлігі (дененің зат алмасуын, тмпературасын реттестіретін жүйке орталығы) басқарып отырады.
4. Эмоциялар жануарларда да кездеседі. Жануарлар эмоциясы биологиялық сипаттағы реакциялардың жиынтығы. Адам сезімдеріне лайықты көріністер жануарлар психикасында кездеседі.
Күрделі эмоциялар
Жеке адам өмірінде эмоциялық күйлердің үлкен мәні бар. Олар белгілі бір кезеңдерде адамның бүкіл психикалық әрекетіне өң беріп, алуан түрлі көңіл күйінде аффектік жағдайда көрініс береді. Барлық эмоциялық күйлер белгілі бір себепке негізделеді. Эмоциялар адамның мінез-құлқын ерекше сезім сарынына бөлеп,ғ азды-көпті ұзаққа созылатын, өте берік әсерлер туғызады. Осы ұзаққа созылатын қысқа әсерлерді психикалық не эмоциялық жағдайлар деп атайды. Олардың қаарына: көңіл күй, аффект, құарлық жағдайлар жатады.
Күрделі эмоциялар: күрделі эмоциялардың бірі - көңіл. Көңіл ол адамның барлық толғаныс тебірістері менәрекетіне өң беретін біршама ұзақ эмоциялық күй. Кейпіне қарап адамдарды шат, жайдары, жылы жүзді, ызалы, түсі суық деп ажыратады. Адамның көңіліне айналасын қоршаған дүние әсер етіп отырады.
Эмоцияның бір түрі - аффектер. Аффектер дегеніміз - қысқа уақытқа созылса да бұрқ етіп, қатты көрінетін эмоцияның бір түрі.
Аффектілік жағдайдың тууы ми қыртысында күшті қозу бөлігінің болуымен байланысты. Осының салдарынан тежелу процесі бәсеңдейді және ми қыртысының төменгі бөліміндегі орталықтарынан келіп жататын импульстер тасқынын бақылап, басып отыру мүмкіншілігінен үлкен ми сыңарлары қыртысы айырылады. Аффект кезінде оны ерікпен реттеу өте қиын. Алайда аффектінің пайда болуын басуға болады.
Құмарлық - адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын күшті, терең, тұрақты эмоция. Құмарлық кісіге жүк артады, міндеттілік туғызады, міндет борышты етеді, бұлар еңбңкке жүктейді, еңбек ғылым мен өнерге ашылған жол, - деп Абай адамға қажеттіқұмарлықтың психологиялық табиғатын жақсы көрсеткен.
Бұл - адамның белсенділігін, күшті оятатын сезім. Құмарлық ұнамды да, ұнамсыз болады. Оқуға, ғылымға құмарлық - адамның қабілетін тәрбиелейтін, мәдениетін байытатын, оң өмірдің талай биік шыңдарына жеткізетін ұнамды қасиет.
Ерік
Ерік - адамның қиындықтарды жеңуді талап ететін мақсатты әрекеттер мен қылықтарды жүзеге асыру қабілетінен көрінетін сананың реттегіштік жағы.
Әрбір адам сан алуан, қарапайым және күрделі әрекеттер жасап жатады, олардың барлығы да саналы болып, белгілі бір мақсатты көздейді. Мұндай әрекеттерді ерікті немесе әдейі істейтін әрекеттер деп атайды.
Ақыл - ойдан туатын және алдында тұрған мақсаты бар ерікті түрде істелінетін барлық әрекеттерді ерік әрекеттері деп атауға болады.
Үлкен ерік дегенімі, - деп жазады А.С. Макаренко, - бірдеңеге тілек етіп сны іске асыруда ғана емес, сондай ақ, керек кезінде бірдеңелерден өзіңді тоқтата білу. Ерік - ол жай ғана тілек және оның орындалуы емес, ал ол тілек және одан өзіңді тоқтата білу де, ол бір сәттегі тілек және одан бас тарту да.
Ерікті қозғалыс дегеніміз - мақсатқа бағытталған қозғалыстар, яғни күрделі шартты рефлекстер. Еріксіз қозғалыстарда тумалық қсиет болса, ерікті қозғалыстар өмірде жүре-бара қалыптасады.
Еріктік адамдар кезеңдері
Дайындық кезеңі
Орындау кезеңі
oo Мақсат қою. Адамның еркі мақсат қоюдан басталады.

oo Тілек келешекте істейтін ісіміздің ойға бекуі

oo Қалау - мақсаттың айқындығы, оған жеткізетін жоспардың жасалуы, ойдың бекемдігі.

oo Мотивтер күресі - тілек пен қалаудың үйлесе алмай, қайшы келуі.

oo Тоқтамға келу.

Стресс теориясы мен механизмдері. Фрустрация
Стресс - (ағылш., stress) - қатты күйзелуа абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі. Стресс - бұл күтпеген, шытырман жағдайда туатын эмоциялық күй. Қауіп - қатер жағдайында әрекеттер, шапшаң шешімге келу қажеттілігі, қауіп төнген сәттегі реакция, күрт өзгерген жағдайдағы мінез-құлық стрестік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психология пәнінің мақсаты, міндеттер
Эмоция психологиясы
Эмоционалды - ерік сферасы бұзылған балалардың психикалық даму ерекшеліктері
Тұлғаның сезім мен эмоцияларына қатысты психикалық процестер
Мотивацияның психологиялық теориялары
Эмоция және дене
Тұлға және оның эмоционалдық аймағын зерттеу теорияларына шолу
Жан қуаттары
Психология ғылымының жалпы мәселелері
Эмоциялар және эмоционалдық интеллект туралы
Пәндер