Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

Тақырып : Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу

Мазмұны

Бухгалтерлік есеп шоттары, олардың мақсаты мен құрылысы3

Бухгалтерлік шоттар жоспарының түсінігі11

Бухгалтерлік есеп шоттарындағы екі жақты жазу, оның мәні мен мағынасы13

Синтетикалық және аналитикалық шоттар және олардың байланысы16

Айналым ведомості, оның маңызы мен құрылу тәртібі18

Ағымдағы есеп мәліметтерін қорытындылау21

:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
Бухгалтерлік есеп шоттары, олардың мақсаты мен құрылысы

Шаруашылық қызметіне басшылық ету үшін қорлардың жағдайы мен олардың көздері туралы ақпаратпен қатар осы қорлардың жабдықтау, өндіру және сату процестерінің барысындағы қозғалысы туралы мәліметтер қажет. Ол үшін әрбір шаруашылық операциясын көрсету керек, мұның өзі қажетті ақпарат алуды қамтамасыз етеді. Осы мақсатпен бухгалтерлік есепте шоттар жүйесі пайдаланылады. Оның көмегімен есептің экономикалық жағынан біртектес объектілері жіктелінеді.

Бухгалтерлік есептің теориясы мен әдістемесінде бухгалтерлік есеп шоттарының жүйесіне ерекше рөл беріледі, өйткені оларды пайдаланумен қатар ақпараттарды қосарлап көрсету, оларды жинақтау және жалпылау проблемалары шешіледі. Шоттарда жазбалар екіжақты жазу әдісін қолдану арқылы жүргізіледі.

Бухгалтерлік есептің шоттары дегеніміз шаруашылық қорлары мен олардың көздерін ақшалай бағамен топтастырудың, ағымдағы есепке алудың, бақылаудың және көрсетудің әдісі.

Шот - бұл ақпарат жинақтаушы. Кейіннен ол жинақталады және әр түрлі жинақ көрсеткіштер мен есептемелерді жасау үшін пайдаланылады. Шоттар шаруашылық қорларының әрбір түріне, олардың көздеріне және шаруашылық процестеріне бухгалтерлік есеп объектілерінің белгіленген жіктемесі арқылы ашылады. Бухгалтерлік шоттарға барлық жазулар құжаттардың негізінде жазылады. Операцияларды шоттарда тіркеу ақшалай түрде жүргізіледі. Бұл орайда алғашқы құжаттардағы натуралды көрсеткіштер ақшалай көрсеткіштерге ауыстырылады. Сыртқы түрі бойынша шот екі бөліктен тұратын кесте бейнелі.

Шоттың сол жақ бөлігі - дебет, ал оң жақ бөлігі кредит деп аталады. Әрбір шотқа айдың басындағы және соңындағы қалдықтың (сальдоның) және дебеті мен кредиті бойынша ай үшін айналымның болуы тән.

Шаруашылық операцияларын шоттарда көрсету үшін құжаттың растау қажет. Оған қағаздың алғашқы құжаттар, машиналық тасығыштар, дискеттер мысал бола алады. Бұл орайда олардың әрқайсысының заңдық күші болуға тиіс.

Шоттардың активтік және пассивтік деген түрлері болады. Олар өз атауын баланс жақтарының атауынан алған және олардың мазмұнын көрсетеді.

Активтік шоттар шаруашылық қорларын олардың құрамы мен орналасуы бойынша есепке алуға арналған. Мысалы, «Ағымдағы корреспонденттік шоттағы ұлттық валютадағы ақша» шоты, «Шикізат пен материалдар» шоты, «Кассадағы ұлттық валютамен қолға берілетін ақшалар» шоты және т. б. Активтік шоттардағы қалдықтар (сальдо) тек дебеттік болады.

Пассивтік шоттар шаруашылық қорларының көздерін олардың мақсаттық бағыты бойынша есепке алуға арналған. Мысалы, «Банктердің несиелері» шоты, «Резервтік капитал» шоты және т. б. Пассивтік шоттағы қалдықтар (сальдо) тек кредиттік болады.

Активтік шоттардың дебетінде қалдығы мен шаруашылық құралдары-ның көбеюі, ал кредитінде есепке алынатын объектілердің азаюы көрсеті-леді. Бухгалтерлік есеп шоттарында жазылған әрекеттер сомасы айналым деп аталады. Шоттың дебеті бойынша сомасы тиісінше дебеттік айналым, ал кредиті бойынша сомасы кредиттік айналым деп аталады. Соңғы қалды-ғы былай анықталады: Сқ = Бқ + ДА - КА

Активтік шоттағы жазулардың схемасы мынадай түрге ие болады (1-кесте) 1- кесте

Активтік шот

Дебет
Кредит
Дебет: Операция басындағы қалдық (сальдо)
Кредит:
Дебет: Шаруашылық қорларын кемітетін шаруашылық операциялары
Кредит: Шаруашылық қорларын арттыратын шаруашылық операциялары
Дебет: Шаруашылық операцияларының сомасы кредит бойынша айналымды құрайды
Кредит: Шаруашылық операцияларының сомасы дебит бойынша айналымды құрайды
Дебет: Операция соңындағы қалдық (сальдо) (операция басындағы сальдо + дебит бойынша айналым - кредит бойынша айналым)
Кредит:

Сонымен, активтік шот бойынша көрсетілетіні: шоттың дебит жағы бойынша - операция басындағы және соңындағы қалдықтар және қалдықты арттыратын шаруашылық операциялары; шоттың кредит жағы бойынша - қалдықты тек кемітетін шаруашылық операциялары.

Пассивтік шоттардың кредитінде қалдығы мен объектілердің көбеюі, ал дебетінде азаюы көрсетіледі. Шаруашылық әрекеттерін жүргізудің соңғы қалдығы былайша есептеледі: Сқ = Бқ + КА - ДА

Пассивтік шоттағы жазулардың схемасы мынадай түрге ие болады. (2-кесте)

2-кесте

Дебет
Кредит
Дебет:
Кредит: Операция басындағы қалдық (сальдо)
Дебет: Шаруашылық қорларының көздерін кемітетін шаруашылық операциялары
Кредит: Шаруашылық қорларының көздерін арттыратын шаруашылық операциялары
Дебет: Шаруашылық операцияларының сомасы дебит бойынша айналымды құрайды
Кредит: Шаруашылық операциясының сомасы кредит бойынша айналымды құрайды
Дебет:
Кредит: Операция соңындағы қалдық (сальдо)

Пассивтік шот

Сонымен, мүліктердің қалыптасу көздері ескерілетін пассивтік шот бойынша көрсетілетіні:

- шоттың кредиттік жағы бойынша операцияның басындағы және соңындағы қалдықтар, сондай-ақ қалдықтарды арттыратын шаруашылық операциялары;

- шоттың дебеттік жағы бойынша қалдықтарды азайтатын шаруашылық операциялары ғана көрініс табады.

Кез келген кәсіпорынның бухгалтерлік балансында сол ұйымның меншігіндегі шаруашылық құралдары мен олардың қорлану көздерінің есеп беретін уақыттағы жағдайы көрсетіледі. Әйтседе ұйымның шаруашылық қызметін басқару үшін оның мүліктері мен қаржыларының және олардың қорлану көздерінің есеп беретін уақыттағы жағдайын ғана білу жеткіліксіз. Яғни кәсіпорынның қызметін басқару үшін оның шаруашылық құралдары мен олардың қорлану көздерінің есепті кезең барысындағы, яғни күнделікті өзгерісін біліп, қадағалап отыру қажет. Кәсіпорында әрбір күнтізбелік жұмыс күні барысында бірнеше операцияның орындалуы мүмкін. Бұл операциялардың барлығы да ұйымның капиталына қандай да бір дәрежеде әсерін тигізеді. Ал осы операцияларға сәйкес бухгалтерлік баланс баптарындағы саңдарды өзгертіп отыру, яғни әрбір операциядан кейін кәсіпорынның жаңа бухгалтерлік балансын жасау мүмкін емес және олай жасау тиімді болып табылмайды. Осыған дейін айтылғандай бухгалтерлік баланс әрбір айдың (тоқсанның, жылдың) бірінші күніне қарай жасалады. Міне, осыған сәйкес ұйымдағы орындалатын әрбір операцияларды және олардың негізінде болатын өзгерістерді жіктеп (топтастырып) есептеп отыру үшін бухгалтерлік шот қолданылады.

Бухгалтерлік есепшот кәсіпорынның шаруашылық қызметін басқарып отыру үшін шаруашылық құралдары мен қорлану көздерін белгілі бір ұқсастықтарына қарай біріктіріп, олардың орындалған операция әсерінен өзгеріске ұшырауын есептеп отыратын ақпаратты мәліметтер әдісі болып табылады.

Шоттар ұйымдағы орындалған операцияларды жинақтап, тіркеп, кейіннен бухгалтерлік баланс және басқа да есеп беру мәліметтерін құру үшін пайдаланылады. Кәсіпорынның әрбір мүліктері мен қорлану көздерінің ұқсас топтары үшін белгілі бір шот ашылады.

Мысалы, ұйымның қолда бар нақты ақшаларын есептеу үшін «касса» деп аталатын шот, кәсіпорынның шығарған, дайындаған өнімдерін есептеу үшін «дайын өнімдер» деп аталатын шот және т. б. шоттар қолданылады.

Дебет Шоттың аты Кредит
Дебет Шоттың аты Кредит:

Бухгалтерлік шоттың қарапайым жай түрі үлкен «Т» әрпі сияқты болып көрінеді. Ал шоттың аты оның үстіңгі жағына жазылады. Барлық шоттар қарама-қарсы «активтік» және «пассивтік» болып екі түрге бөлінеді. Активтік шоттар ұйымның қолда бар мүліктерін, ал пассивтік шоттар осы ұйымның меншікті капиталы мен міндеттемелерін есептеуге арналған. Әдетте шоттың сол жағы «дебит», ал оң жағы «кредит» болып аталады. Шоттың қолданылуы барысында бұл «дебит» және «кредит» сөздері қысқаша Д-т (дебит), К-т (кредит) түрінде жазылады. Жалпы шот мына түрде болып келеді.

Кәсіпорындағы орындалған әрбір операция бір шоттың дебитіне және екінші шоттың кредитіне жазылады. Ал ол операцияларды бұл шоттарда тіркеп жазу белгілі бір есепті кезең барысында жалғасады. Әрбір мүлікке немесе қорлану көздерінің белгілі бір түріне ашылған бухгалтерлік шот арқылы сол заттың (мүліктің) немесе ақшаның ұйымдағы мөлшерін (қалған қалдығын) біліп отыру үшін «қалдық» сөзі қолданылады. Есепті кезеңнің басындағы, яғни шоттың ашылуы барысындағы қалдық - «бастапқы қалдық», ал шоттың жабылуы барысындағы, яғни есепті кезеңнің соңыңдағы қалдық - «соңғы қалдық» деп аталады. Осы есепті кезең бойындағы шоттың дебит жағына жазылған сандардың қосындысы «дебиттік айналым», ал кредит жағындағы сандардың қосындысы «кредиттік айналым» деп аталады. Осы жоғарыда аталған әрбір шоттағы «дебиттік айналым» мен «кредиттік айналымның» айырмасы сол шоттың қалдық сомасы болып табылады. Ескеретін жағдай - шоттағы соңғы қалдық сомасын есептегенде ол шоттың бастапқы қалдығын естен шығармау керек.

Яғни кез келген шоттың соңғы қалдығы сол шоттың бастапқы қалдығына «дебиттік айналым» мен «кредиттік айналымның» айырмасын қосу немесе шегеру арқылы табылады. Егер шоттың бастапқы қалдығы дебиттік болса, соңғы қалдықты табу үшін бастапқы қалдық сомасына дебиттік айналым сомасы қосылып, одан кредиттік айналым сомасы шегеріледі. Ал шоттың бастапқы қалдығы кредиттік болған жағдайда, соңғы қалдық сомасын есептеу үшін бастапқы қалдыққа кредиттік айналымды қосып, одан дебиттік айналымды шегеру қажет. Бұл айтқандарымыз түсініктірек болуы үшін төмендегідей екі шотты қарастырайық(3-кесте)

Дебет 1010-Касса Кредит
Дебет 1010-Касса Кредит:

Бастапқы қалдық 5000

  1. 2
  2. 45000

Айналым:65000

Соңғы қалдық: (5000+65000-6) =1

  1. 5
  2. 1

Айналым:65000

3-кесте

Жоғарыдағы касса деп аталатын шоттың соңғы қалдығын есептеу үшін сол шоттың бастапқы қалдығы (дебиттік) 5000 (бес мың) теңгеге дебиттік айналым 65000 (алпыс бес мың) теңге қосылып, кредиттік айналым 6 (алпыс мың) теңге азайтылды. Соның нәтижесінде бұл шоттың соңғы қалдығы (дебиттік) 1 (он мың) теңге болды (5000+65000-6=1) .

Кейбір жағдайларда шоттың бастапқы немесе соңғы қалдық сомалары нөлге тең болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, яғни шоттың соңғы қалдығы нөлге тең болғанда бұл шотты жабылған шот деп атайды. Қазақстан Республикасының типтік бухгалтерлік есепшоттар кестесінің «кірістер» және «шығындар» деп аталатын бөлім шоттары есепті кезеңнің соңында міндетті түрде жабылады. Бұл шоттарды транзиттік шоттар деп атайды. Осыған сәйкес жоғарыдағы аталған «кірістер» және «шығындар» деп аталатын екі бөлімнің шоттарында жинақталған сома «жиынтық табыс немесе жабылмаған зиян» шотына апарылады. Яғни «кірістер» деп аталатын бөлім шот дебиттелініп «жиынтық табыс немесе жабылмаған зиян» шоты кредиттелінеді және «шығындар» деп аталатын бөлім шот кредиттелініп «жиынтық табыс немесе жабылмаған зиян» шоты дебиттелінеді. Осыдан кейін «жиынтық табыс немесе жабылмаған зиян» шотының соңғы қалдығы есептелінеді. Егер бұл шоттың соңғы қалдығы дебиттік болса, кәсіпорын бұл есепті кезеңді зиянмен аяқтағаны, ал соңғы қалдық кредиттік болған жағдайда ұйым есепті кезеңді пайдамен аяқтағаны болып табылады. Ал бұл «жиынтық табыс немесе жабылмаған зиян» шотының соңғы қалдығының нөлге тең болуы кәсіпорынның осы есепті кезеңдегі табыстары мен сол табысты табуға кеткен шығындары сомасының тең болғандығын көрсетеді.

Бухгалтерлік шоттар жоспарының түсінігі

Бухгалтерлік есептің ерте заманда дамуы кезеңінде тек жеке шоттар ғана қолданылған. Кейіннен бухгалтерлік есеп шоттары нақтыланып, әр түрлі тұрғыдағы мүліктер қозғалысы есебін жүргізуші номиналдық шоттары пайдаланылды.

Есептің сенімділігі мен тұрақтылығын жетілдіру, сондай-ақ мұның басқарушылық функциясын арттыру, қаржылық қорытынды есеп өрісіндегі мәліметтерді толықтыру мен талдау мақсатында құрылатын бухгалтерлік есеп шоттары жоспарына жер жүзі ғалымдары баса назар аударып келеді.

Қазақстан, Ресей, Франция, Германия және басқа да көптеген шетелдерде бірегей үндестірілген, арнайы жүйеге келтірілген, меншік түріне

қарамастан барлық ұйымдарда қолданылатын ұлттық бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары жасалынған.

Шоттар жоспары деп - ұйымдардың экономикалық жүйесін тиімді басқаруға арналған ақпараттар алу мен дайындауға, сондай-ақ меншік иелері мен басқада мүдделі тұлғалар талабын қанағаттандыру мен бақылап отыруға және сенімді, толық, таза жолдармен дайындалып, тапсырылатын қаржылық қорытынды жүйесін жасауға, сондай-ақ, ұйымдардың шаруашылық қызметіндегі біртекті фактілер мен операцияларды экономикалық маңызына қарай топтастыруға арналған тараулар мен тармақтарға жүйеленген шоттар

тізімін айтады.

Шоттар жоспары бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық қорытынды

шығаруды қамтамасыз етеді. Шоттар жоспары ұйымдардың тиісті

органдарға бағыныштылығына және меншіктің түріне қарамастан,

шаруашылық қызметін жүргізуші фирмаларда, компанияларда және т. б.

ұйымдардың барлығында міндеттік түрде жүргізіледі.

Шоттар жоспарының негізгі мақсаты - біртектес ақпараттарды топтастыру мен салыстыру, сондай-ақ есеп ақпараттарын сапалы дайындау мен көрсету болып табылады. Мұның өзі әртүрлі ұйымдардағы ақпараттарды салыстырып қарауды және өндіріс тиімділігін талдауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар шоттар жоспары тиісті жоғары орындарға, басқа да есеп ақпараттарын сыртқы пайдаланушыларға хабарлаудың негізін салушы үрдіс.

Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сай үйлесімді бағытта жасалған Қазақстандық шоттар жоспарының негізгі мақсатын төмендегіше түсінуге болады:

- елімізде өндіріліп отырған өнімдер мен шикізаттарды әлемдік рынокқа

шығару мен халықаралық валюта қорынан, басқа да қаржы салымшылардан

инвестиция алу мақсатын шешу үшін халықаралық бухгалтерлік есеп

стандарттарына сай келтіру;

- ұйымдардың технологиялық т. б. ерекшелектеріне қарай, бұлардың таза

пайдамен жұмыс істеуіне қажетті операциялар жүргізу мен бақылауды

қамтамасыз ету т. б орындалған, іске асқан аралық шараларды тіркеу болып

табылады. Есеп жүргізу тәжірибесінде шоттар жүйесі шоттардың жоспары түрінде

танылса, екі жақты жазу жекелеген шоттарды өз орнымен дұрыс қолдану

жөніндегі әдіснамалық үрдіс және шаруашылық операциялары мазмұнын

өзара байланысқан шоттарды тіркеуді қамтамасыз етеді.

2006 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап қолданылған шоттардың

қазақстандық жұмыс жоспарының мақсаты есеп жүргізу ережелері мен

тәсілдерін сапалы қаржылық ақпараттар қалыптастыруға және халықаралық

бухгалтерлік есеп стандарттары талабына сәйкестендіру болып табылды.

Бухгалтерлік есеп шоттарындағы екі жақты жазу, оның мәні мен мағынасы

Әрбір шаруашылық операциясы бухгалтерлік есептің шоттарында екі рет (екіжақты жазу әдісімен) : бір шоттың дебеті және екінші шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.

Екіжақты жазу - бұл шаруашылық операциясын әр түрлі шоттардың дебеті мен кредиті бойынша бірдей сомамен бір мезгілде көрсету әдісі.

Дебеттелетін және кредиттелетін шоттарды көрсету шоттар корреспонденциясы немесе бухгалтерлік жазу (бухгалтерлік жазба) деп, ал шоттар деп аталынады.

Шоттар корреспонденциясын жасау типтік және жалпылама сипатқа ие болатын қарапайым шаруашылық, операцияларының мысалында қарастырылатынын атай кету керек. Олардың мағынасы: шаруашылық операциясы бір шоттың дебетіне және екінші шоттың кредитіне әсерін тигізеді, яғни оған тек екі шот қана катысады.

Алайда тәжірибе жүзінде көрсеткендей, қаржы-шаруашылық қызметте бір шоттың дебеті бойынша және бірнеше шоттардың кредиті бойынша көрсетілетін, сондай-ақ бір шоттың кредиті бойынша және бірнеше шоттардың дебеті бойынша көрсетілетін операциялар да кездеседі. Сондықтан бухгалтерлік жазулар қарапайым және күрделі болып бөлінеді.

Бір шоттың дебеті екінші шоттың кредитімен жазу қарапайым деп аталынады.

Мысалы, жеткізушіден 3 теңге сомасындағы материалдар келіп түсті. Материалдардың келіп түсуі нәтижесінде активтік «Шикізат пен материал дар» шотындағы сомалар артады, сондықтан «Шикізат пен материалдар» шоты дебеттеледі, сонымен бірге жеткізушілерге берешек өсті, сондықтан «Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу» шоты бойынша бұл сома кредитте көрсетіледі. Жалпы жазу мынадай түрге ие болады: «Шикізат пен материалдар» шотының дебеті, «Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу» шотының кредиті - 30 000 теңге.

Бір шоттың дебеті екі немесе одан да көп шоттардың кредитімен , бір шоттың кредиті екі немесе одан да көп шоттардың дебетімен бухгалтерлік жазу күрделі жазу деп аталынады.

Мысалы, 50 000 теңге жалақы есептелген, соның ішінде, негізгі өндірістің жұмысшыларына - 30 000 теңге, көмекші өндірістің жұмысшыларына - 2 теңге.

Келтірілген шаруашылық операциясы былай көрсетіледі:

Д-т «Негізгі өндіріс» шоты - 30 000 теңге.

«Көмекші өндіріс» шоты - 20 000 теңге.

К-т «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шоты -

50 000 теңге.

Деректерді экономикалық біртектес объектілер бойынша жүйелендіретін жазулар жүйелік деп аталынады. Шаруашылық операциясының бұл жазулары шоттарда (шоттар схемасында) жүргізіледі. Есеп практикасында хронологиялық және жүйелік жазулардың бір кестеге бірігуі сирек емес (№1 журнал-ордер, «Кассадағы ұлттық валютамен қолға берілетін ақшалар» шоты бойынша № 1 ведомость, № 2 журнал-ордер, «Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшалар» шоты бойынша № 2 ведомость) .

Экономикалық мағынасына қарай әрбір шаруашылық операциясы есептің екі объектісіне, яғни екі шотқа әсерін тигізеді, өйткені екіжақты сипатқа ие болады. Іс жүзінде, егер кәсіпорынға материалдар келіп түссе, онда бір жағынан, материалдар көбейеді, ал екінші жағынан, оны сатып алатын қаражаттар азаяды, яғни олардың қандай көздердің есебінен келіп түскені міндетті түрде көрсетіледі: қолма-қол ақшаға сатып алынған ба, әлде оларды сатып алуға несие пайдаланылды ма немесе жеткізушілерге берешек қалыптасты ма?

Шаруашылық операциясын екіжақты көрсетудің мәні - ол бір шоттың дебеті бойынша және екінші шоттың кредиті бойынша бірдей сомамен жазылуға тиіс. Демек, екіжақты жазу әдісін пайдаланып шоттар корреспонденциясын жасаған кезде үш құраушы қатысады: шаруашылық операциясының мазмұны; дебеттелетін шот; кредиттелетін шот.

Екіжақты жазудың мәні кәсіпорын балансының құрылымымен түсіндіріледі. Онда оның мүлкі екі тұрғыдан қарастырылады: құрамы мен орналасуы бойынша (баланс активі) ; осы мүліктің қалыптасу көздері бойынша (баланс пассиві) . Сондықтан баланстың активі мен пассивінің жиындары әрқашан тең.

Демек, екіжақты жазу әдісінің қажеттілігі кәсіпорынның мүлкін баланстың топтау әдісінен туындайды. Екіжақты жазу әдісінің үлкен қадағалаушылық мәні бар, өйткені сол бір ғана шаруашылық операциясы бірдей сомамен екі рет көрсетіледі. Сондықтан осы операция бойынша сома айырмашылығы болса, жіберілген қателік пен оған жауапкер де анықталады.

Синтетикалық және аналитикалық шоттар және олардың байланысы

Бухгалтерлік есептің шоттары синтетикалық және аналитикалық болып бөлінеді.

Шаруашылық қорларын немесе олардың көздерін жалпылама түрде көрсетуге арналған шоттар синтетикалық шоттар деп аталады. Осындай шоттармен жүргізілетін есеп синтетикалық есеп деп аталынады.

Жинактамалы есептің ерекшелігі - ол тек ақшалай бірлікпен жүргізіледі және кәсіпорында бар материалдық құндылықтардың сомасы қандай, берешектің сомасы қандай екендігін көрсетеді. Cинтетикалық шоттар бухгалтерлік балансты жасауға қажет. Алайда кәсіпорынды басқару және қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық ету үшін, бәсекелес кәсіпорындармен есеп айырысуды ұйымдастыру, нарықтық экономикада оның алатын орнын бағалау үшін материалдарды жеткізушілердің әрқайсысы бойынша, әрбір сатып алушы бойынша және т. с. с. бойынша егжей-тегжейлі деректер болу керек. Яғни кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің барлық жақтарына тек ақшалай түрде ғана емес, сондай-ақ натуралды түрде де сипаттама беретін нақты, жеке мәліметтер талап етіледі. Сондықтан синтетикалық шоттарды экономикалық жағынан топтастыруды дамыту үшін аналитикалық шоттар ашылады.

Қорлардың және оның көздерінің жекелеген түрлерінің құрамдас бөліктерін есепке алуға арналған шоттар аналитикалық шоттар деп аталады, ал осы шоттардың көмегімен жүргізілетін есеп аналитикалық есеп деп аталынады.

Аналитикалық шоттарда есеп тек ақшалай өлшеуіштермен ғана емес, сондай-ақ натуралды өлшеуіштермен де жүргізіледі. Бұл шоттардағы жазулар неғұрлым толық болады. Оларда операцияның қысқаша мазмұны, құжаттың нөмірі және жедел басқаруға қажетті бірқатар басқа деректер келтіріледі.

Субшоттар тиісті синтетикалық шоттың шегінде аналитикалық шоттарды аралық топтастыру болып табылады. Синтетикалық шоттар I реттегі шоттар, субшоттар - II реттегі шоттар, аналитикалық шоттар - III, IV және т. б. реттегі шоттар болып табылады. Мұның өзі тиісті басқару шешімдерін әзірлеу, негіздеу және қабылдаумен байланысты, алға қойған мақсаттарға немесе кәсіпорынның нарықтағы жағдайын, ол өндіретін және сататын өнімдердің бәсекеге қабілеттігін анықтауға тәуелді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есеп
Бухгалтерлік есептің шоттар жүйесі және екі жақты жазу
Бухгалтерлік есеп шоттары және екі жақты жазу жүйесі.
Бухгалтерлік есепте шоттарды жіктеу
Бухгалтерлік есепті жүргізу
Екі жақты жазу есебі
Бухгалтерлік есептің шоттары
Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу
Бухгалтерлік шоттар, олардың құрылысы
Шоттар және екі жакты жазу әдісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz