Абай шығармашылығының рухани болмысы туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Философияның негізгі зерттеу нысандарының бірі адам екені көне заманнан белгілі. Адам мәселесі - философияда толық шешімін таппаған іргелі тақырып. Ертедегі ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниедегі атқаратын қызметі мен алатын орны жайлы ой-толғауларына тоқталып көрейікші. Грек ойшылы Протагор: Барлық заттың өлшемі-адам деген қанатты сөзін тілге тиек етсе, Көне Қытай философы Лао Цзы: Басқаларды білетін адам-ақылды, өзін танып білген адам - данышпан,- депті. Үнді философиясының, буддизм ілімі өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды мақсат етіп қояды. Ал қазақтың ұлы данышпаны Абай: Атаңның баласы болма, адамның баласы бол атты қанатты сөз қалдырған. Адам мәселесі және оның тарихи дамуы, философиялық тұжырымдар мен толғамдар қазақ ойшылдарын да бей-жай қалдырған емес. Адамды философиялық тұрғыдан түсінудің іргетасы осы қалыптасқан түсініктер, идеялар образдар мен ұғымдар негізінде, философия мен мифология арасындағы сұхбат нәтижесінде қаланды. Абай заманынан алыс кетсек те, даналық ойларын санамызға сіңіре отырып, оның рухани әлеміне жақындай береміз. Хәкім Абай өзінің азаматтық көзқарасын, халқының өмірін, болмыс тіршілігін, қара сөздері арқылы паш етті.
Абайдың рухани әлемі дүниетанымы ерекше бір тылсым, таптырмайтын құндылық. Оның ойшыл - дана ретіндегі философиялық орталық мәселесі адам. Абай өзінің азаматтық парызын түсініп, саналы түрде жаңа ізденістер мен ерекше әрекеттер жасап, адамтану адам болу ілімінде көп жаңалықтар ашты. Абай философиясының басты мақсаты адамды барынша жоғары денгейге жеткізіп, кемелдіктің онтологиялық-аксиологиялық мәнін ашу. Бүкіл өміріне азық етіп басқаларға да шарапатын тигізу. М.Әуезов Абайдың: ұстаздық, әлеуметтік талабының түп мақсаты жеке адамдарды жаманшылдықтан арылтып, сол арқылы заманындағы қауым-қоғамын және бар халқын түзетіп өзгертпек болады;- дейді. Бұл тұжырым Абайдың адамгершілік тәрбиеге, оның негізі болатын мораль философиясына орала беретін себебін ашып көрсетеді. Абай қазақтардың өткені мен бүгінін, болашағын, салт-дәстүрі мен рухани мәдениетін жетілдіру, жастарға адамгершілік тәрбие беру жолдарын тынымсыз ойлаумен өтті. Бүгінгі уақыттың талабына сай ой түйіндейтін болсақ, хакімнің ойлау мәдениеті қазақтың менталитеті, болмыс бітімі қандай, оған тән кемшіліктерді қалай жоюға болады, деген сауалдар төңірегінде өрбіді. Ол өзінің бүкіл болмысын, білімі мен өмірлік тәжірибесін, поэзия мен прозасын, ой-толғанысы мен философиясын адам бойынан таба білді. Ол кісілік қасиеті, білімі мен парасатын елдің қамын ғана емес, адамзаттың мақсат-мүддесін ойлайтын, дүниеге әлем тұрғысынан қарайтын адамды тәрбиелеуге жұмсады. Ұлы данышпанды адам өмірінің мәні, тұрмыс тіршілігі мен болмысы, ар - намысы сияқты мәселелер ерекше толғандырды. Ол былай дейді: Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап күлмес, мені мен менікінің айрылғанын, өлді деп ат қойыпты өнкей білмес Өйткені, қоғамдағы құбылыстар мен процесстердің өзегі адам болмысы болып табылады. Бұл жерде мен деген не, менікі деген не, сауалдарға жауапты Абайдың өзінен табамыз. "Мен" дегеніміз ақыл мен жан. Екеуі де рухани түп негіз. "Менікі" деп сөзді тәнге қатысты айтып отыр. Абай адам баласының жаман-жақсы қасиеттеріне терең мән беріп, философиялық ой толғауларында атап көрсетеді. Отыз сегізінші сөзінде Абай: Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек дейді. Әуелі надандық, екінші еріншектік, үшіншісі зұлымдық. Үш - ақ нәрсе адамның жақсы қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек
Адам бойындағы осы үш қасиеттің басын қосып, оны үлкен әлеуметтік ізгі күшке айналдыратын ғылым деген қорытындыға келеді. Ол ғылымды үйреткенде, бақталастық, атақ - данқ үшін емес, айқын мақсатпен, білмек үшін үйрену керектігін баса айтады. Өйткені қай қоғамда болмасын, бақталастық адамды жаман жолға жетелейтіні рас. Абайдың пікірі бойынша адамгершілік нормалары мен принциптерін күнделікті өмір сүру тәсіліне айналдырған адамды ғана нағыз адам деп есептеуге болады. Сондықтан: адам болам десеңіз, оған қайғы жесеңіз...Бес нәрседен қашық бол. (Бес дұшпан- Өсек, Өтірік, Мақтаншақ, Еріншек, Бекер мал шашпақ) Бес асыл іс- Талап, Еңбек, Терең ой, Қанағат, Рақым).
Бұл өлеңде Абай адам болу қағидасын үсынады. Бекер даурығып, өтірік айтып, жалқау болудың орнына өнер - білімнің арқасында өзіңнің орныңды тап дейді. Адам өміріне мән беретін, негізгі нәрсе өзінің бойындағы адамшылдықты жоймау. Бүкіл өмір бойында адамға лайықты өмір сүру. Бұл дүниеге адам болып келген соң, адам болып кету керек. Қандай жағдай болмасын адамдық қасиетті жоғалтып алмау, адамның басқа адамдар алдындағы жауапкершілігі. Ол адам тарапынан ерік-жігерді, қайратты қажет
етеді. Отыз алтыншы қара сөзінде: Ұяты күшті адамдар ұйқыдан тамақтан қалатұғыны да бар, хатта өзін - өзі өлтіретұғын кісілер де болады. Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіс қылған қысымның аты,- дейді
Ұлы ойшыл, адам бойындағы ұят пен иман мәселесін қозғайды. Бұл екі ұғым адам мен хайуанның ара жігін ажыратады. Адам хайуаннан, ақ жүректігімен адамгершілік қасиеттерімен ерекшеленеді. Ұяты бар адам - иманды. Ойшыл Абай адамдық танымдағы ұяттың басымдығын сөз етіп тұр. Жиырма бесінші қара сөзінде: Қарыны аш кісінің көңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын? Ашап - ішуге малдың тапшылығы да ағайынның араздығына уа әртүрлі бәлеге ұрлық зорлық, қулық сұмдық секілді нәрселерге үйірлендіруге себеп болатын нәрсе деп ой түйіндейді
Бұл пікірді мақұлдауымыз қажет. Өйткені, қай қырынан алсақта философия адам мәні, оның болмыстық мақсаты сынды мәселелерді айналып өте алмайтыны ежелден мәлім. Абайдың да дүниетанымындағы негізгі тұжырым, басты құндылық - адам болмысы. Абайдың қара сөздерінен, таусылмас рухани қазынасынан, оның адамның өмір сүру философиясын бес бағытта қарастыранын аңғаратынымыз. Біріншісі, жеке адамдардың тұрмыс тіршілігі. Екіншісі, әлеуметтік топтардың қоғамдағы алатын орны, мінез-құлқы, менталитеті, психологиясы; Үшіншісі, ұлттың ата-бабалардан мұраланған өзіндік өмір салтын, дәстүрлі мәдениетіне бейімделген мұрат-мақсаттарын болмыстың жаңа сұраныстарына байланысты жаңартып, жаңғырту жолдары. Төртіншісі, адамзат тарихында қалыптасқан моральдық құндылыққа сай келетін үрдістердің өркениетпен сабақтасу жолдары. Бесіншісі, имандылық жолымен Алла болмысын тану. Адамның өз ісәрекетін, сөзін, Иллаһи қағидаларына, пайғамбар хадистеріне, өнегелеріне сай келтіруге ұмтылу. Жаратушы махаббатына сүйіспеншілікпен жауап қайтару жолы. Бұл бес тармақты бағыт, адамның жаны мен тәнінің дамуы мен өркендеуі, өсу негізінде қалыптасатын, бүгінгі өмірде маңызды орын алатын талпыныстар. Абайдың ойлау жүйесі, адам өмір сүруінің философиясы мен табиғатына, адамзат болашағына зор сенім негізінде қалыптасқан. Сонымен біз өскелең ұрпақ адамды Абайша түсінудің тұжырымдарын, құндылықтарын түсінуге бет бұруымыз қажет. Бұл әр адамнан парасат пен ерікті, ақыл мен сезімді жұмылдыруды талап етеді.

1. Абай шығармашылығының рухани болмысы
Өлмейтұғын артына сөз калдырған..." - дейді. "Адам өлмес" дегеннің мағынасы өзі өлсе де, кейінгіге сөзі, айтқан ойы калады деген пікірге саяды. Абай "Өлең сөздің патша сы" өлеңінде "сөз түзелді, тыңцаушы сен де түзел!" -деп жүртшылықган ақындық сөзге зор маңыз беріп қарау-ын, поэзияның жоғары қо-ғамдық міндетін түсіне білуін талап етті. Жаңа танымның баурап аларлық күшін, жаңа ақындық сөздің құнын әрбір адамның тани алатынына қа-зақ өмірінің сол кездегі жағ-дайында толық сенім арту қиын да еді. Абай оны жақсы тү-сінді, мүны оның "Мен жаз-баймын өлеңці ермек үшін" деген өлеңіндегі мына шумақ-тар толық дәлелдейді: ..." Шу дегенде қүлагаң тосаң-сиды, Өскен соң мүндай сөзді бұрын көрмей".
Бұдан біз ақын өлең-жырла-рывдағы жаңа, соны ой-пікір-лерді жүртшылықтың қалай кдбылдайтынына ерекше мән бергенін айқын аңғарамыз. Өлең-жырға көңіл қоятын кдуымнан мән-жайын түсініп байыбына жетуді талап етті. "Сыртын танып іс бітпес, сы-рын көрмей". Абай ақын халықтың тағдыры мен қасіретін терең түсініп, оның жоғын жоқгаушы болуға тиіс деп са-наған. А-дың өлеңдерінің ішінде мазмүны жағынан да, көркемдік бітімі жағынан да ерекшеленіп түрған үздік туындылар мол. "Сегіз аяқ", "Сен мені не етесің", "Қан сонарда бүркітші шығады аңға", "Кдлыңелім, қазағым, кайранжүргым", "Жаз", (Жаз-дыгүн шідде болғанда) "Жел-сіз түнде жарық ай", "Болыс болдым, мінеки", "Қызарып, сүрланып", "Келдік талай жерге енді", "Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?", "Көк түман - алдындағы ке-лер заман" секілді өлендерінің кай-кайсысын алсақ та, мүлде тың дүние, шығармашылық жаңалық. Бүларға қоса "Ем таба алмай", "Ата-анаға көз куаныш", "Сағаттың шықыл-дағы емес ермек", "Нүрлы аспанға тырысып өскенсің сен", "Ауру жүрек ақырын соғады жай", "Өлсе өлер та биғат, адам өлмес", аударма өлеңдерден "Жалғыз жалау жалтылдап", "Жолғашықгым біржым-жырт түндежалғыз", "Қанжар", "Мен көрдім үзын қайың қүлағанын" сияқты тағы сан алуан шығармалар-ды атауға болар еді. Абай өлеңдерінің көбі не тақырыбы, не стилі, жанрлық сипаты неме-се өлең өрнегі жағынан мүлде жаңа болып келетіндіктен осы топка жатқызуға болады деген туындыларды түгел қамтып, бөліп алудың өзі өте қиын. Міне, осындай ондаған кемеліне келген өлең үлгілерін туғызған Абай соларға ұқсас, біртектес өлеңдер жазуға үмтыла бермейді. Әрине, қай ақында болсын бірнеше өлең-дер тақырыбы жағынан жалғас келіп отырады. Бұл сол тақырыпқа терендеп бару үппн кажет. Бірақ ол тақырып әр өлеңде әр қырынан ашылады. Абайдың сарқылмас шығармашылық тапқырлығы, оның қолынан шыққан кемеліне келген, коркемдік бітімі жағынан мүлтіксіз өлең үлгілерінің көптігі және әрқайсысының бір-біріне үқсамайтын, жаңаша сипатты дүние болып келетіні. Абайдың тіпті дылдың төрт мезгілін суреттейтін "Қыс", ("Ақ киімді, денелі, ақ сақалды"), "Күз" (Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан"), "Жаз" ("Жаздыгун шілде болғанда'')."Жазғытұры" ("Жазғытұры қалмайды қыстың сызы") секілді бір топқа, циклге жататын қлендерініңі де әрқақайсы мазмұн-мағынасы, суреттеу тәсілі, кұрылысы жағынан әр түрлі болып шыккан. Сондай-ақ өлең, ән-күЙДІҢ мәнін. ақындық өнердің қасиетін бағалайтын,.тақырыбы жағынан бір-біріне жалғас "Өлең-сөздің патшасы, сөз с арасы", "Біреудің кісісі өлсе, каралы-ол". "Мен жазбаймын.өлеңді ермек үшін". "Көніл кұсы құйқылжыр шартарапқа". Өзгеге көңілім тоярсың", "Адамнын кейбір кездері" деген шығармалары да ойды әр кырынан өрбітуі. пікір сонылғы, бейнелеу, айту ерекшелігі бойынша бір бірінен өзгеше сипатталған. Осындай бір-бірінс ұқсамайтын әр өлеңінде акынның өнерпаздық тұлғасы әр қырынан көрініп, жаңаша сипат табады. '"Өлсе өлер табиғат, адам өлмес". "Көк түман алдындағы келер заман". "Сағаттың шықылдағы емес ермск" деген сияқты өлеңдерін окысанда Абайойшыл акын екен деп танысак, "Жүрегім, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім поэзиясының негізгі арқауы
Абай шығармашылығының рухани болмысы
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ДҮНИЕТАНЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ОРНЫ
Шәкәрім өлеңдеріндегі тұлға мәселесінің дәстүрлік негіздері
Рухани құндылықтардың қалыптасу ерекшелігі
Шәкәрім поэтикасы
Мұқағали Мақатаевтың экспрессионизмі және поэтикалық ойлауы
Ғасырлар тоғысындағы Мұхтар Әуезовтың рухани мұрасы мен қазақтың қоғамдық ойы
Ғ. МҮСІРЕПОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ПОЭТИКАСЫ
Жүсіп Баласағұнның философиялық көзқарасындағы болмыс мәселесі
Пәндер