Адвокаттардың азаматтық - құқықтық дауларға қатысуы
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасы
Ғылыми мақала
Тақырыбы: Адвокаттардың азаматтық-құқықтық дауларға қатысуы
Орындаған: Әлкен Толғанай
Ю18-2к
Ғылыми жетекші: Шошаева Л.С.
АДВОКАТТАРДЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ДАУЛАРҒА ҚАТЫСУЫ
Қазіргі уақытта Қазақстанда адам мен азамат құқықтарын қорғау
жөніндегі міндеттерді атқаратын әр түрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес
органдар, мекемелер мен қоғамдық ұйымдар бар. Оларды атап өтетін болсам, мысалға: соттар, прокуратура, ішкі істер, әділет органдары т.б. Яғни, бұл аталған органдар құқық қорғау міндеттерін бір-бірімен тығыз байланыста жүзеге асырады. Алайда осы міндеттерді табысты жүзеге асыру адвокатура сияқты қоғамдық- құқықтық институтсыз мүмкін емес.
Қазақстандық заңнамада адвокатура ешбір құқық қорғау органы
ретінде көрсетілмесе де, ол іс жүзінде құқық қорғау қызметі мен міндетін
атқарады. ҚР Конституциясында адам мен азамат құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі делінген. Азаматтардың конституцияда кепілдік берілген құқықтарының сақталуын
заңнамада көрсетілген органдар, соның ішінде құқық қорғау органдары
қамтамасыз етеді. Мемлекеттік органдардың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауы және қорғауы белгілі бір дәрежеде азаматтар мен ұйымдарға кәсіби заң көмегін көрсетуді жүзеге асыратын тұлғалар қызметінің негізгі принциптерін анықтайтын адвокатура сияқты институтпен тығыз байланысты. Сөйтіп, азаматтардың білікті заң көмегін алу құқығын қамтамасыз етуге тиісті құқық қорғау жүйесінде адвокатура маңызды орынды алады. Себебі жеке адамның құқығын қандай да бір қол сұғушылықтан қорғау, заңдылық үшін күрес және сот төрелігіне көмектесу - адвокаттық қызметке үлкен саяси-әлеуметтік маңыз береді. Әрбір адам бұзылған не даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы. Әрбір адамның азаматтық процесс барысында білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Осы тұрғыда, ҚР Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңның 31-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы адвокатура - адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сот арқылы қорғауға және заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтарын іске асыруға жәрдемдесуге, сондай-ақ дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесуге арналған.
ҚР АІЖК 18 - бабына сәйкес заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі. Азаматтық істерді қарау кезінде жеке және заңды тұлғаларға көмек көрсете, мүдделерін білдіре отыра адвокаттар істі дәл сәйкестікпен дұрыс шешуге жәрдемдеседі. Осы тұрғыда, адвокаттың білікті көмегі тұлғаға өз құқықтары мен мүдделерін қорғаудың өте тиімді жолдарын таңдауға мүмкіндік береді. Кез келген қолсұғушылықпен тәртіп бұзушылықтың кімнің тарапынан болғандығына қарамастан, азаматтардың құқығын қорғау жөніндегі өз міндетін адвокаттар заңда көзделген барлық құралдармен әдістермен жүзеге асырады. Бұл заңгерлік мәселелер бойынша консультация беру азаматтардың , заңды тұлғалардың тапсырмасы бойынша сотта өкілдік ету, талапкерлердің, жауапкерлердің, өзге де тұлғалардың өкілі ретінде азаматтық істерде сот талқылауларына қатысу т.б. Ақиқатты анықтау үшін соттық азаматтық істерді шешу кезінде тапсырылған материалдарымен және түсініктерімен шектелмей, процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін қатаң сақтай отыра, істің мән-жайын толық обьективті айқындау мақсатында заңда көзделген барлық шараларды қабылдайды.
Азаматтық істерді талқылау кезінде сотта өкiлдiк ету әрбір тараптың оның ішінде үшінші тұлғаның құқықтар мен заңды мүдделерін қорғау үшін заңда көзделген барлық іс жүргізу құралдары мен әдістерін пайдалануды өз
мақсаты етеді. Ал сот өкілдері болса, сот ісіне олардың не үшінші
тұлғалардың атынан қатыса отыра, өз мүддесін білдіріп отырған тараптың
құқығын қалпына келтіретін не дауға түсіп отырған құқықты бұзудан
қорғайтын шешім шығару қажеттігі үшін соттың көзін жеткізуге тырысады.
Осы кезеңде өкіл бола алатындардың бірі - адвокаттар. Шарт бойынша өкілдік етуді азаматтар не ұйымдармен жасалған шарт негізінде адвокаттар не адвокаттық кеңселер жүзеге асырады. Адвокат азаматтық іс жүргізуде тарап болып танылмаса да ол шарттан туындаған барлық міндеттемелерді орындауға, клиентке оның іс жүргізу құқықтар мен міндеттемелерін жүзеге асыруға көмектесу мақсатында оның өкілі ретінде іске қатысады. Ең әуелі ҚР Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы занының 45-бабына сәйкес жалпы адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлеріне тоқталатын болсам,
құқықтық мәселелер бойынша ауызша нысанда да, жазбаша нысанда да консультациялар және анықтамалар береді;
арыздар, шағымдар, өтінішхаттар мен құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар жасайды;
азаматтық сот ісін жүргізуге клиенттің өкілі ретінде қатысады;
мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарда клиенттің мүдделерін білдіреді.
Азаматтық сот ісін жүргізуде адвокат әрқашан сенім білдірген адамның атынан және оның мүддесі үшін іс-әрекет еткендіктен оның іс жүргізу әрекеттерінің салдары өз мүддесін білдіріп отырған адам үшін туындайды. Сөйтіп шарт бойынша адвокат жүзеге асыратын өкілдік етуде өзара қатынастың екі жағын ажыратқан жөн:
өкіл мен оның клиенті арасындағы азаматтық құқықтық қатынас,
оның негізін адвокаттың өз атынан жеке не заң консультациясының
тапсырмасы бойынша жасалған тапсырмалық шарт құрайды;
сотқа қатысты адвокат өкілеттілігінің көлемі анықталған іс жүргізу
құқығы нормаларымен реттелетін сот өкілі мен соттың арасындағы азаматтық іс жүргізу қатынастары туындайды.
Сотта азаматтық істі қарау кезінде азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін білдіру - адвоттық қызметтің маңызды жақтарының бірі. Өзіне өтінген тұлғаға азаматтық процесте олардың мүддесіне өкілдік ету жолымен білікті заң көмегін көрсету мүмкіндігі бірқатар шарттарға байланысты. Бұл шарттар азаматтың сотта іс жүргізуді өзіне қабылдауына не одан бас тартуына ықпал етеді. Азаматтық процестің қылмыстық сот ісінен айырмашылығы адвокаттың іс жүргізу құқығы тек құқықтық айқындама болғанда ғана ықтимал болып табылады. Құқықтық айқындама түсінігі бойынша адвокаттың азаматтық істі жүргізу тапсырмасын мына жағдайда ғана қабылдауы не бас тартуын білдіреді:
егер оның клиент талаптарының не наразылықтарының заңдылығына көзі жетсе;
заңмен рұқсат етілген шын дәлелдемелер тапсырылған болса,
істің заңи болашағы қолайлы шешілетін болса, даулы құқықтық мүдде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz