Эфирлер - құрамында оттек бар органикалық қосылыстар


Түркістан облысы
Төлеби ауданы
“Мейір-бейс медициналық коледжі”
Реферат
«Күрделі эфирлер «
Химия пәнінен
Ф01-20Қ студенті
Орындаған: Жақсылық Балжан Сағындыққызы
Қабылдаған: Кадыралиева Сауле Жаксылыковна
Мамандығы: Фельдшер ісі
Ленгер қаласы
2020-2021ж
Жоспар.
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
- Күрделі эфирлер. Алу әдістері
- Күрделі эфирлердің түзілуі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
1. Эфирлер - құрамында оттек бар органикалық қосылыстар; спирттер молекуласындағы гидроксил тобының сутек атомын радикалға алмастырғанда эфирлер алынады. [1]
Эфирлер
Олар жай және күрделі эфирлер болып негізгі екі топқа бөлінеді. Жай эфирлердің жалпы формуласы R - O - R немесе R- O- R' (R, R' - органикалық радикалдар) . Екі радикалы бірдей жай эфирлер - симметриялы эфирлер, радикалдары әртүрлі жай эфирлер аралас эфирлер деп аталады. Жай эфирлер өздерінің құрамындағы радикалдар бойынша аталады: СН 3 -О-СН 3 диметил эфирі, СН 3 -О-С 2 Н 5 метил-этил эфирі, т. б. Жай эфирлер ұнамды иісті, суда нашар еритін, ұшқыш, органиалық еріткіштерде жақсы еритін, сілтілер мен сілтілік металдар әсеріне тұрақты, бейтарап, активтігі нашар қосылыстар. Жай эфирлер негізінен спирттерді немесе олардың алкоголяттарын галогенакилмен алкилдеу арқылы алынады: RОМе+R′ Х→RОR′+МеХ. Жай эфирлердің ең маңыздысы - этил эфирі (ол көбіне эфир деп аталады) . Эфирлер этил спиртін сусыздандыру арқылы алынады. Жай эфирлердің көпшілігі лабораторияларда және өндірісте еріткіш ретінде, органиканикалық синтезде, медицинада, т. б. қолданылады.
Күрделі эфирлер - қышқыл құрамындағы сутек атомын (карбон қышқылдарындағы карбоксил тобының сутек атомын) алкил немесе арил радикалдарымен алмастырғанда түзілетін қосылыстар. Күрделі эфирлерді алудың кең тараған әдістеріне эфирлену (қышқыл мен спирттің әрекеттесуі) реакциясы жатады. Бұл - белгілі бір сатысында тепе-теңдік күйге келетін қайтымды реакция. Күрделі эфирлердің ең маңызды химиялық қасиеттерінің бірі - сабындану реакциясы (гидролиз) . Күрделі эфирлер табиғатта кең таралған. Олардың көбі эфир майларының құрамында болады. Глицерин мен май қышқылдарының күрделі эфирлері табиғи майлардың негізін құрады. Күрделі эфир техниканың, өндірістің әртүрлі салаларында кең қолданылады. Мысалы, күкірт қышқыл күрделі эфирлері алкилдеу реакцияларында, қағаз өндірісінде, фосфор қышқыл күрделі эфирлері өсімдіктер зиянкестеріне қарсы қолданылады. Кейбір эфирлер тамақ және парфюмерия өндірісінде, дәрі-дәрмек дайындауда, органикалық шыны жасауда, еріткіш ретінде, т. б. қолданылады. [2]
Алу әдістері. 1. Күрделі эфирлер көбіне табиғи өнімдерден алынады.
2. Этерификация реакциясында карбон қышқылдары мен спирттерді минерал қышқылдар қатысында әрекеттестіріп, нәтижесінде, күрделі эфир мен су түзіледі. Эфирлену реакциясы кезінде карбоксил тобының гидроксилі мен спирт молекуласындағы сутектен су молекуласы түзілетіні реакцияға изотоптар енгізу арқылы анықталды. Құрамында оттектің 180 изотопы бар спиртпен әрекеттестіргенде, оттектің ауыр изотопы судың емес күрделі эфирдің құрамында екендігі белгілі болды:
Этерификация реакциясының жылдамдығы қышқыл мен спирттің құрылысына байланысты. Екіншілік спирттерге қарағанда біріншілік спирттердің реакция жылдамдығы екі есе жоғары.
3. Күрделі эфирлерді қышқылдың галогенангидридтерін және ангидридтерін спирттермен әрекеттестіріп алады. Мысалы:
2. Күрделі эфирлердің түзілуі. Оларды алу.
Физикалық және химиялық қасиеттері. Қолданылуы
Күрделі эфирлер спирттер органикалық карбон қышқылдарымен әрекеттескенде түзіледі, реакцияны эфирлеу деп атайды, реакция қайтымды. Катализатор ретінде қышқылдың сутегі ионы алынады. Жалпы формуласы R- СООR не RСООR1.
Күрделі эфирлерді спирттер мен карбон қышқылдарын әрекеттестіріп, галогенацилдерді және алкоголяттарды әрекеттестіріп алады:
Н+
1. СН3СООН + НОСН3 СН3СООСН3 + Н2О
2. СН3СОCl + NaОС2Н5 → СН3СООС2Н5 + NaCl
Триглицеридтер - не бейтарап майлар, жоғары қарбон қышқылдары мен глицерин әрекеттесуі әсерінен алынады. Майлар-глицерин мен жоғарғы карбон қышқылдарының күрделі эфирлері.
глицерин глицерин үшстеараты
Табиғи майлардың құрамында үнемі глицерин және жоғарғы карбон қышқылдары болады.
стеарин қышқылы
О- қаныққан не қанықпаған карбон қышқылының қалдығы (ацил) .
Ацилге байланысты қатты майлар (май құрамында қаныққан ацил көп болады) және сұйық не өсімдік майлары (қанықпаған ацил көп болады) .
Күрделі эфирлер сияқты, майлар да гидролизге (сабындануға) түседі: сілтілер, минерал қышқылдары әсерінен. Биологиялық әдіспен майларды ыдыратуға болады, онда энзимдер, мысалы, липазалар қолданылады.
Екі не одан да көп қос байланысы бар өсімдік майлары тотыққан кезде мөлдір пленка түзеді-ондай майларды кепкен майлар деп атайды. Кендір майларына қорғасын оксидін қосып пісірсе, олифа алынады, бояулар алу үшін қолданылады.
Өсімдік майларын гидрлеп, қатты майлар алынады. Оларды сабын алуда және тамақ өндірісінде маргарин алуға қолданылады. Маргариннің қасиетін жақсарту үшін оған сүт, жұмыртқа, А витаминін қосады.
Майлар-тамақ өнімдерінің бағалы құрамы болып табылады. Организмге май энергия береді. Табиғи майларда көптеген пайдалы заттармен қоса А, Д, Е витаминдері болады. Күнделікті адамдар 60-70 г май қабылдау керек. Май сонымен бірге организмді салқындаудан қорғайды.
Организмде глицерин глюкозадан синтезделеді. Бірнеше қос байланысы бар қышқылдар (линолевая, линоленовая) тек өсімдіктерде синтезделеді, олар организмде болмаса өсу баяулайды, бүйрек функциясы бұзылады.
Алу әдістері
1. Күрделі эфирлер көбіне табиғи өнімдерден алынады.
2. Этерификация реакциясында карбон қышқылдары мен спирттерді минерал қышқылдар
қатысында әрекеттестіріп, нәтижесінде, күрделі эфир мен су түзіледі. Эфирлену
реакциясы кезінде карбоксил тобының гидроксилі мен спирт молекуласындағы сутектен
су молекуласы түзілетіні реакцияға изотоптар енгізу арқылы анықталды. Құрамында
оттектің 180 изотопы бар спиртпен әрекеттестіргенде, оттектің ауыр изотопы судың емес
күрделі эфирдің құрамында екендігі белгілі болды:
Этерификация реакциясының жылдамдығы қышқыл мен спирттің құрылысына
байланысты. Екіншілік спирттерге қарағанда біріншілік спирттердің реакция
жылдамдығы екі есе жоғары.
Қарапайым карбон қышқылдарының күрделі эфирлері түссіз сұйықтықтар, суда ерімейді.
Күрделі эфирлердің көбінің иістері жағымды. Молекула арасында сутектік байланыс жоқ
болғандықтан, сәйкес қышкылдарға қарағанда күрделі эфирлердің қайнау
температуралары төмен болады.
Химиялық қасиеттері
Гидролиздену реакциясы. Күрделі эфирлердің гидролизі этерификация реакциясына кері
реакция, қышқыл немесе сілті қатысында жүреді. Күрделі эфир сумен әрекеттесіп
айырылып, реакция нәтижесінде қышқыл және спирт түзіледі:
CH3COOC2H5 + H2O → CH3 - COOH + C2H5OH
Минералды қышқылдардың күрделі эфирлері
Бейорганикалық қышқылдар да (күкірт, азот және фосфор қышқылдары) спирттермен
әрекеттесіп, күрделі эфирлер түзеді. Күкірт қышқылының маңызды эфирлері - метил
және этил-сульфаттар. Бұларды алкилкүкірт қышқылдары деп те атайды.
Күрделі эфирлер спирттер органикалық карбон қышқылдарымен әрекеттескенде түзіледі, реакцияны эфирлеу деп атайды, реакция қайтымды. Катализатор ретінде қышқылдың сутегі ионы алынады. Жалпы формуласы
RСООR не RСООR 1 .
Күрделі эфирлерді спирттер мен карбон қышқылдарын әрекеттестіріп, галогенацилдерді және алкоголяттарды әрекеттестіріп алады:
Н +
1. СН 3 СООН + НОСН 3 « СН 3 СООСН 3 + Н 2 О
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz