Әлеуметік қамсыздандырудың түсінігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Әлеуметік қамсыздандырудың түсінігі
Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де занды негіздерде оған ең төменгі жалакы мен зейнетакының мөлшеріне, әлеуметгік қамсыздан-дырылуына кепілдік беріледі.
Әлеуметтік қамсыздандыру түсінігін әртүрлі мағынада колдануға болады.
Біріншіден, әлеуметтік камсыздандыру ретінде экімшілік-биліктік катынастардың ерекше нысаны түсініледі.
Екіншіден - бұл мемлекеттің функциясы.
Үшіншіден, азаматтарды қартаюына, асыраушысынан айырылуына, еңбекке кабілетінен айырылуына және т.б. жағдайларға байланысты материалдык камтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі және нысаны ретінде.
Төртіншіден, кұкыксаласы ретінде.
Бесіншіден, азаматтардың кұкығы ретінде.
Әлеуметтік камсыздандыру - бұл материалдык игіліктерді еңбектің қатысуынсыз бөлудің нысаны. Әлеуметтік камсыз-дандыруда материалдық игіліктер коғамньн еңбекке жарамсыз мүшелеріне мемлекеттің және арнайы қорлардың есебінен әлеуметтік нормаларда белгіленген кездерде және жағдайларда бөлінеді. Соған коса, әлеуметтік камсыздандыруды мемлекет әлеуметтік мәнге ие деп танылған жағдайлардың туындауы салдарынан тіршілік етудін, кайнар көзі ретіндегі жоғалған жалакыны өтеуге бағытталған, мемлекет қалыптас-тыратын кұкыктык, экономикалык және ұйымдастырушылык шаралар-дың жүйесі ретінде де аныктауға болады.
Әлеуметтік қамсыздандыру осы максаттар үшін арналған қаражат есебінен жүзеге асырылады. Акша кұралдарының қайнар көзіне қарай әлеуметтік камсыздандырудьн 2 екі түрін ажыратуға болады:
1 - мемлекеттік және жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатын мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру;
2 - зейнетақы қорларының салымшыларының - занды және жеке тұлға-лардың қаражаты есебінен жүзеге асырылатын мемлекеттік емес әлеу-меттік қамсыздандыру.
Әлеуметтік қамсыздандырудын түрлері
Акша кұралдарының кайнар көзіне карамастан, мемлекеттік элеу-меттік камсыздандыру келесі түрлерде жүзеге асырылуы мүмкін:
- акша төлемдері (зейнетакылар, жәрдемакылар, өтемакылар, мате-риалдык көмек және т.б.);
- заттай көмек (дәрі-дәрмек, азык-түлік, мүгедектер үшін техника-лык көмек кұралдары);
- қызмет көрсету және жеңілдіктер (қарттар және мүгедектердін үй-интернаттарына, балалар үйлеріне орналастыру, үйде әлеуметтік кыз-мет көрсету және т.б.);
- мүгедектердің емделуімен, сауығуымен және денсаулығын жак-сартуымен (стационарда, үйден катынап емдеу санаторийларда, карттар және мүгедектер үшін арналған үй-интернаттарда), емдеу орнына ба-руымен және кайтуымен байланысты косымша шығындарын өтеу, жұмыссыздарды кайта окыту (кайтадайындықтан өткізу);
- азаматтардың жекелеген санаттарына көмек көрсетудің бір жолғы ақшалай және ақшалай емес түрлері.
2. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының пәні.
Әлеуметгік камсыздандырудың субъектілеріне келесідей түрлерге белуге болады:
1) еңбекке кабілеттігі жок жастағы азаматтар:
-зейнеткерлер, солардың ішінде мүгедектер және жалғызбасты түлғалар;
- балалар, солардың ішінде жасөспірімдер.
2) еңбекке кабілетті жастағы азаматтар:
- жұмыссыздар;
- уакытша жұмыссыздар;
- мүгедектер;
- көпбалалы отбасылар;
- тұрмыстык жағдайы төмен түлғалар.
Әлеуметтік қамсыздандырудың функциялары
Әлеуметтік камсыздандырудың мәні келесі функциялардан көрініс
табады:
- саяси;
- экономикалык;
- әлеуметтік;
- еңбек;
- демографиялык;
- сауықтыру.
Әлеуметгік камсыздандырудың саяси функциясы әлеуметтік тұрақ-тылықты сактаудан және халыктың әртүрлі тобының өмір деңгейінің ерекшеліктеріне толы коғамдағы әлеуметтік шиеліністі әлсіретуден көрініс табады.
Әлеуметгік қамсыздандырудың экономикалык функциясы жасына, еңбекке кабілеттігінен айырылуына немесе асыраушысынан айыры-луына байланысты жалақыны немесе өзге де табыстың орнын толты-рудан және тұрмыс жағдайы нашар түлғаларға көмек көрсетуден көрініс табады.
Әлеуметтік қамсыздандырудьн әлеуметтік функциясы әлеуметтік қорғалмаған, өзгенің жәрдем көрсетуіне мұқтаж азаматтар санаттары-на оларға қосымша каржы бөлу жолымен көмек көрсетуден көрініс табады.
Әлеуметтік қамсыздандыру кұкығының пәні болып азаматтар-ды зейнетақылармен, жәрдемақылармен, өтемакылармен қамтамасыз етумен, сонымен катар процедуралык және кұкык корғаушылык сипат-тағы қызметтер көрсетумен байланысты когамдык катынастар табыла-ды. Олар мыналарды камтиды:
* азаматтарды зейнетакылармен, жәрдемақылармен және өтемакы-лармен камтамасыз етумен байланысты қоғамдык катынастарды;
* заттай нысанда көмек көрсетумен байланысты қоғамдық қатынас-тар, яғни тегін немесе жеңілдікті бағамен берілетін накты тауарлармен, қызметтермен камтамасыз ету;
■ процедуралык және кұқық корғаушылык сипаттағы қоғамдык каты-настар.
3. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының әдісі.
Әлеуметгік камсыздандыру саласындағы катынастар өз мәні бойын-ша әкімшілік-биліктік қатынастар болып табылады. Олардың 5 тәсілін бөліп қарастыруга болады:
- тегін, әрбір азаматтың бөлінетін, алайда мемлекет белгілеген әлеуметтік нормативтің (стандарттың) шегінде коғамның саналы (ұтымды) қажеттіктеріне жэне экономикалык мүмкіндіктеріне сай игіліктерге катысты теңдей құкыктарына негізделеді. Мысалы, от-басының жан басына шаккан табысына сэйкес медициналык кызмет көрсету, етемакылар төлеу кезінде, бірақ кез келген жагдайда мұндай көмек еңбек кызметімен немесе зейнетақы жарналарын төлеумен байланысты болмайды;
-бұрынғы немесе ағымдағы еңбектің шығындарын, өндірістің, материалдық камсыздандырудың кажеттіктерін ескере отырып теңестіріл-мейтін, бірак нормаланған сипаттағы;
- құнды ішінара төлеумен байланысты жеңілдетілген жағдайдағы. Мысалы, дэрі-дәрмектерді, санаторийларға жолдамаларды жеңілдетіл-ген бағамен сату;
- ақы үшін;
- еңбектің саны мен сапасына карай.
Байкағанымыздай, бүл катынастар эртекті және кұкыктық реттеудің эртүрлі эдістерін талап етеді. Қызметті акылы түрде керсету кағидасы-на негізделген катынастар азаматтык кұқыктың реттеу саласын камти-ды. Оларга үшінші тәсілдің акылылыкка негізделетін катынастары да жатады. Қатынастардың бесінші түрі еңбек кү-кығы саласына жатады. Алғашкы үш тэсілдегі катынастар негізінен әлеуметгік камсыздавдыру кұкығына жатады.
Yenзак уакыт бойы бұл катынастар еңбек, экімшілік және қаржылык кұқықтар шеңберінде дамыды. Алайда, уакыт ағымымен заңшығару-шылық материалдың дамуымен, әлеуметтік камсыздандыру құқығының және оның ерекшеліктерінің дамуымен әлеуметтік камсыздандыру кұкығы дербес кұкық саласы болып бөлініп шыкты.
Әлеуметтік камсыздандыру кұкығының пэнін құрайтын қоғамдык катьшасгардьщ негізгі түрі болып, жоғарыда атап өткеніміздей, зейнетакылык қатынастар табылады. Зейнетакылық кұкыктық катынастар мыналарды төлеумен байланысты туындайды:
* жасына байланысты зейнетакыларды;
■ мүгедектігі бойынша зейнетакыларды;
■ еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетакыларды;
* әлеуметтік зейнетакыларды.
Жэрдемақы алуға қатысты кұкыктык қатынастар мыналарды төлеу-мен байланысты туындайды:
* еңбекке уакытша жарамсыздығына байланысты жәрдемакыларды;
* жүктілігіне және босануына байланысты жәрдем ақыларды;
* кайғылы окиғаның немесе кәсіптік аурудың нәтижесінде кызмет-керлердің денсаулығына келтірілген зиянды өтеумен байланысты жәрдемакыларды;
* жұмыссыздарға берілетін атаулы әлеуметгік көмекті;
* бала туумен байланысты бір жолғы жәрдемакыны.
Өтемақы алуға катысты кұкыктык катынастар келесідей өтемакы-ларды төлеумен байланысты туындайды:
* 18 жасқа дейінгі мүгедек-баланы, І-топ мүгедегін, 80 жастан асқан қартты күтуші еңбекке қабілетгі азаматгарға берілетін өтемакыларды.
Заттай нысанда көмек көрсетуге қатысты кұқыктык катынастарға мыналар негіз болады:
- тегін немесе жеңілдікпен берілетін тауарлар және көрсетілетін қыз-мет түрлері;
- медициналык көмек;
- дәрі-дэрмектер;
- санаторийлык-курортгық емделу;
- балаларды балалар мекемелеріне орналастыру;
- мүгедектерге берілетін көлік кYenралдар;
- кәсіби оқыту және қайта дайындықтан өткізу;
- өзге де жеңілдіктер.

4-БӨЛІМ. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
17-тарау. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
179-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу:
1) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалауды, бақылауды және оған мониторингті;
2) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерін және нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеуді және қабылдауды;
3) еңбек жағдайларын, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жақсарту, қауіпсіз техникалар мен технологияларды әзірлеу және ендіру, жұмыскерлерді жеке және ұжымдық қорғау жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйелерін құруды және іске асыруды;
4) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнамасының сақталуын мемлекеттік, ішкі бақылаудың тиімділігін арттыруды;
5) еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекті қорғау бойынша озық отандық және шетелдік тәжірибені ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуді;
6) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардан және кәсіптік аурулардан зардап шеккен жұмыскерлердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін қорғауды;
7) ауыр жұмыс және өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы техникалық деңгейінде жойылмайтын зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс үшін кепілдіктер мен өтемақылар белгілеуді;
8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды;
9) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды есепке алудың бірыңғай тәртібін белгілеуді;
10) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді;
11) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты қамтиды.
180-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар және іс-шараларды қаржыландыру
1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленеді және жұмыскерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған қағидаларды, рәсімдерді және нормативтерді қамтуға тиіс.
2. Жұмыс берушілер мен жұмыскерлер Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыру кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды орындауға міндетті.
3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру жұмыс берушінің қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаржыландыру көздері есебінен жүзеге асырылады.
Жұмыскерлер бұл мақсаттарға арналған шығыстарды көтермейді.
Қаражат көлемі жұмыс берушінің актісінде немесе ұжымдық шартта айқындалады.
18-тарау. ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ЖӘНЕ ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
181-бап. Жұмыскердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері
1. Жұмыскердің:
1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жабдықталған жұмыс орнына;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен, жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуге;
3) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға өз жұмыс орнындағы еңбек жағдайларына және еңбекті қорғауға тексеру жүргізу туралы өтініш білдіруге;
4) еңбек жағдайларын, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеруге және қарауға өзі немесе өз өкілі арқылы қатысуға;
5) жұмыс беруші жұмыскерді жеке және (немесе) ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етпеген жағдайда және денсаулығына немесе өміріне қатер төндіретін ахуал туындаған кезде бұл жөнінде тікелей басшысына немесе жұмыс берушіге жазбаша түрде хабарлай отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен еңбек міндеттерін қауіпсіз орындау үшін қажетті білім алуға және кәсіптік даярлыққа;
7) жұмыс берушіден жұмыс орнының сипаты мен ұйымның аумағы, еңбек жағдайларының жай-күйі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы, орын алған кәсіптік тәуекел туралы, сондай-ақ оны зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғау жөніндегі шаралар туралы анық ақпарат алуға;
8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта жалақысының сақталуына құқығы бар.
2. Жұмыскер:
1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормалардың, қағидалардың және нұсқаулықтардың талаптарын сақтауға;
2) жұмыскерлердің әрбір өндірістік жарақаты және денсаулығының өзге де зақымдануы, кәсіптік аурудың (уланудың) белгілері туралы, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін ахуал туралы жұмыс берушіге немесе жұмысты ұйымдастырушыға дереу хабарлауға;
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен міндетті алдын ала және мерзімдік медициналық қарап-тексерулерден, сондай-ақ ауысым алдындағы және өзге де медициналық куәландырудан өтуге;
4) жұмыс берушінің талабы бойынша жұмыс берушінің актісінде көзделген жағдайларда, сондай-ақ басқа жұмысқа ауысқан кезде профилактикалық медициналық қарап тексеруден өтуге;
5) мүгедектіктің белгіленгені немесе денсаулық жағдайының еңбек міндеттерін жалғастыруға кедергі келтіретіндей өзге де нашарлауы туралы жұмыс берушіге хабарлауға;
6) жұмыс беруші беретін жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарын мүлтіксіз қолдануға және оларды мақсат бойынша пайдалануға;
7) мемлекеттік еңбек инспекторының, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың, ішкі бақылау мамандарының талаптарын және медициналық мекемелер ұсынған емдік және сауықтыру іс-шараларын орындауға;
8) жұмыс беруші айқындаған және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқытудан, нұсқау алудан және білімдерін тексеруден өтуге міндетті.
Ескерту. 181-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 16.04.2018 № 147-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.05.2020 № 321-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

182-бап. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері
1. Жұмыс берушінің:
1) жұмыскерлерді жұмыс орындарында қолайлы еңбек жағдайларын жасауға жәрдемдескені, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі рационализаторлық ұсыныстары үшін ынталандыруға;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзатын жұмыскерлерді осы Кодексте белгіленген тәртіппен жұмыстан шеттетуге және тәртіптік жауаптылыққа тартуға;
3) жұмыскерден өндірісте жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарды мүлтіксіз сақтауды талап етуге;
4) жұмыскерлерді Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе жұмыс берушінің актісінде көзделген жағдайларда профилактикалық медициналық қарап-тексеруге өз қаражаты есебінен жіберуге құқығы бар.
2. Жұмыс беруші:
1) кәсіптік тәуекелге бағалау жүргізуге және профилактика жүргізу, өндірістік жабдықтар мен технологиялық процестерді неғұрлым қауіпсіз түрлеріне ауыстыру арқылы оны барынша азайту және болғызбау жөнінде шаралар қолдануға;
2) жұмыскерлерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, оларға нұсқау беруді және білімдерін тексеруді өткізуге, сондай-ақ меншікті қаражаты есебінен өндірістік процесс пен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі құжаттармен қамтамасыз етуге;
3) жұмыс берушінің актісімен бекітілген тізімге сәйкес, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен, кадрлардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарда үш жылда бір реттен сиретпей мерзімділікпен басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды және білімін тексеруді ұйымдастыруға;
4) жұмыскерлерге қажетті санитариялық-гигиеналық жағдайлар жасауға, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нормаларға сәйкес жұмыскерлердің арнайы киімі мен аяқкиімін беруді және жөндеуді, оларды профилактикалық өңдеу, жуу және дезинфекциялау құралдарымен, медициналық қобдишамен, сүтпен немесе бірдей тамақ өнімдерімен және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдермен, жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен жабдықтауды қамтамасыз етуге;
5) алып тасталды - ҚР 06.04.2016 № 483-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

6) он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің өздері үшін белгіленген шекті нормалардан асатын ауыр заттарды тасуына және қозғалтуына жол бермеуге;
7) әйелдердің өздері үшін белгіленген шекті нормалардан асатын заттарды қолымен көтеруіне және жылжытуына жол бермеуге;
8) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды тіркеуді, есепке алуды және талдауды жүзеге асыруға;
9) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға және еңбек инспекциясы жөнiндегi жергілікті органға, жұмыскерлердiң өкiлдерiне олардың жазбаша сұрау салуы бойынша еңбек жағдайлары, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жай-күйiнің мониторингі үшін қажеттi ақпаратты тоқсанына бір рет беруге;
10) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тергеп-тексеруді қамтамасыз етуге;
11) мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын және қорытындыларын орындауға;
12) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен қағидаларға сәйкес өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша мерзімдік аттестаттауды жұмыскерлер өкілдерінің қатысуымен бес жылда бір реттен сиретпей өткізуге;
13) өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерi туралы мәліметтерді бiр ай мерзiмде жазбаша немесе еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі ақпараттық жүйе арқылы беруге;
14) жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға;
15) авариялық ахуалдың өршуін және жарақаттайтын факторлардың басқа адамдарға әсер етуін болғызбау жөніндегі шұғыл шараларды қабылдауға;
16) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен әзірлеуді, бекітуді және қайта қарауды жүзеге асыруға;
17) келісімде, ұжымдық шартта, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, сондай-ақ еңбек жағдайлары өзгерген басқа жұмысқа ауыстырған не кәсіптік аурудың белгілері пайда болған кезде жұмыскерлерді міндетті, мерзімдік (еңбек қызметі барысында) медициналық қарап-тексерулерден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өз қаражаты есебінен өткізуге;
18) еңбекті қорғауды басқару жүйесін ендіруге және оның жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
Ескерту. 182-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 483-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.04.2018 № 147-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.05.2020 № 321-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

19-тарау. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІН ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
183-бап. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау
1. Өндірістік объектілер еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестатталуға жатады.
2. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар бес жылда бір реттен сиретпей мерзімділікпен жүргізеді.
3. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша мерзімді міндетті аттестаттаудан өткізу тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
4. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу тәртібін бұзу анықталған кезде, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды мемлекеттік бақылау және қадағалау органының талап етуі бойынша өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша кезектен тыс аттестаттау жүргізіледі.
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша кезектен тыс аттестаттау нәтижелері өндірістік объектіні еңбек жағдайлары бойынша алдыңғы аттестаттау материалдарына қосымша түрінде ресімделеді.
5. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізуді ұйымдастыру үшін жұмыс беруші құрамында төраға, мүшелер және өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жөніндегі құжаттаманы жасауға, жүргізуге және сақтауға жауапты хатшы бар аттестаттау комиссиясын құру туралы тиісті бұйрық шығарады.
6. Аттестаттау комиссиясының құрамына басшы не оның орынбасары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің және келісу бойынша өзге де бөлімшелерінің мамандары, сондай-ақ жұмыскерлердің өкілдері кіреді.
Жұмыскерлер өкілдерінің аттестаттау комиссиясына қатысудан бас тартуы өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізбеу үшін негіз болып табылмайды.
7. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау аяқталғаннан кейін өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйым оның нәтижелері туралы мәліметтерді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ол белгілеген тәртіппен күнтізбелік он күн ішінде жібереді.
8. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелері өндірістік объектіні аттестаттау актісі шығарылған кезден бастап күшіне енеді.
9. Өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу тәртібінің сақталуын бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
184-бап. Жұмыс орындарының қауіпсіздік талаптары
1. Жұмыс орындары орналасқан ғимараттар (құрылыстар) құрылысы жағынан өздерінің функционалдық мақсатына және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес болуға тиіс.
2. Жұмыс жабдығы осы жабдық түрі үшін белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуге, онда тиісті техникалық паспорттары (сертификат), ескерту белгілері болуға және жұмыскерлердің жұмыс орындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоршаулармен немесе қорғау құрылғыларымен қамтамасыз етілуге тиіс.
3. Авариялық жолдар мен жұмыскерлердің үй-жайдан шығатын жолдар белгіленуге, бос болуға және ашық ауаға не қауіпсіз аймаққа шығаруға тиіс.
4. Қауіпті аймақтар нақты белгіленуге тиіс. Егер жұмыс орындары жұмыстың сипатына қарай жұмыскерге қауіп-қатер төндіретін қауіпті аймақтарда болса, онда мұндай орындар бұл аймақтарға бөгде адамдардың кіруін бөгейтін құрылғыларымен жабдықталуға тиіс.
Жаяу жүргіншілер мен технологиялық көлік құралдары ұйымның аумағында қауіпсіз жағдайларда жүріп-тұруға тиіс.
5. Жұмыс орындары орналасқан үй-жайдағы температура, жарық, сондай-ақ желдеткіш жұмыс уақыты кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес болуға тиіс.
6. Құрылыс алаңында бір мезгілде бірнеше ұйым (екі және одан көп) жұмыс жүргізген кезде осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес олардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтауы бойынша жұмыстарды жалпы үйлестіруді бас мердігер жүзеге асырады.
Ескерту. 184-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.05.2020 № 321-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

185-бап. Жұмыскерлерді міндетті медициналық қарап-тексеру
1. Жұмыс беруші ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімдік медициналық қарап-тексеруден және зерттеп-қараудан өткізуді меншікті қаражаты есебінен ұйымдастыруға міндетті.
2. Қаупі жоғары жұмыстарда, машиналармен және механизмдермен байланысты жұмыстарда істейтін жұмыскерлер ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтуге тиіс. Ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өту талап етілетін кәсіптердің тізімін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Ескерту. 185-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.04.2018 № 147-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

20-тарау. ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДЫ
ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУ
186-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудің жалпы ережелері және оларды есепке алу
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықты әлеуметтік қорғау құрылымы
Еңбекке қабілетсіз азаматтарды материалдық қамсыздандыру
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қолдау жүйесі
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығында еңбек стажы
Баспасөз релизі
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі жайлы
Қайырымдылықтың қалыптасуы мен көмектердің қоғамда орнығуы
Қазақстан Республикасының тұрғындарының қорғау құқығы
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру жолдары
Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі
Пәндер