Қазақ халқының тарихи, философиялық мұрасы ретіндегі қазақ мифтерінің мәні
1.Қазақ халқының тарихи, философиялық мұрасы ретіндегі қазақ мифтерінің мәні мен мазмұны
Әр тастан қашалып жасалған сырлары аңыз бен мифке толы.
Қазақ мифологиясы Мифтер - адамдардың дүниетанымының көрінісі болып табылады. Миф арқылы жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы туралы мыңдаған жылдар бұрынғы түсінік пен көзқарастар бізге жетіп отыр.
Ертеде адамдар мифологиялық түрде ойланған десекте болады. Сол замандарда табиғаттың тылсым күші мен құбылысын түсіндіру үшін абыздар мифтерді қолданған.
Мифтік əңгімелерге қарай отырып отырып, баяғы адам баласының санасы мен рухани дүниесін, ойлау қабілетін қандай болды дегенге жауап тапқандай боламыз. Қазақ халқының ежелгі тарихы да осы мифтердің ішінен орын алған.Өйткені ата-бабаларымыздың өткен дəуірінің айғағы боларлық мифтер мен мифтік аңыздарының түрлері көп кездеседі .Олар қазақтың əн-күйлері, өлең жырлары, аңыз əңгімелері, т.б. Яғни мифтер белгілі бір дəуірдің, адам дүниетанымының өткен бір өмірінің нəтижесі.
Қазақтар жақсылықты басқарушыларын аруақ, періште, перизат деген, ал жамандық істерді басқаратындарын пері, шайтан, жын, албасты, жезтырнақ т. б. деп атайды.
Шайтан -- діни танымда Құдайдың қаһарына ұшыраған, адамды азғырып аздыратын, өзімен бірге тозаққа әкетуді мақсат ететін пері. Шайтан оттан жаратылған, Ібілістің бұйрығын орындаушылар. Адам баласына тек дұшпандық ойлайды, бірақ оның дұшпандығының өзі Рахымды Құдайдың құдіретімен адамның рухани толысуына қызмет етуі мүмкін. Әрбір адамның бойында періштесімен қатар өзінің Шайтаны болады.
Далалы жерлердің өзендерінде, қамысты сай-салаларында, иірімді тұмаларда (кішірек бастау, бұлақ) сұлу арулар - су перілері өмір сүреді. Қазақтар оларды Күлдіргіш деп атайды. Күлдіргіштер су түбінде жасырынады. Сол себептен қамыс пен құрақ өскен жайылма айдын қауіпсіз, тыныш болып көрінеді. Ағаштардың жуан діндерін аймалаған су ақырын ағып жатады. Перілер жалаңаш келіп, шомылып жүрген жас жігіттерді қызықтырып, арбайды, еліктіріп, қастарына шақырады. Жігіт жақындай бергенде жармаса кетіп, ұзын қолдарымен мойындарынан орай қысып, өлгенше қытықтап, су түбіне, балдырлы түнекке тартып әкетеді.
Албасты- су тылсымына байланысты әзәзіл пері. Албастылар өзен-көлдердің маңайын мекен етіп, ақ шашы жалбыраған, ұсқынсыз әйел кейпінде көрінеді. Әдетте, ол жағалауда жайбарақат шашын тарап отырады. Албастылар жансыз заттар мен жануарлар кейпіне енеді деген нанымдар бар. Ең қаскүнем зиянкес албастылар қара, қалғандары сары болады.
Мифке сенуші көптегеген факторлар болған. Соның бірі адамдардың ұғым-түсінігінде Қыдыр сәттілік пен бақ беруші деп сенген. Бейнесін иман жүзді қарт кісі деп бейнеленіп, өз көзімен Қыдыр атаны көрген жандарды ол адамға бақыт сыйлаушы ретінде қабылдаған. Яғни күнделікті өмірде адамдардың арасында Қыдыр-ата болуы мүмкін: ол әр түрлі кейіпте көбіне кедей адам сияқты жүреді.
Мифтердің де түрлі-түрлі, тарихи деңгейлері, түрлері болған . Мысалы атап айтатын болсақ,
аспан мен жердің жаратылысы туралы айтылатын мифтерді космогониялық мифтер деп атаған,
адамдар және оның жаратылуы туралы мифтерді антропогондық мифтер деп аталынады.
Мұндай жұртшылық мойындаған бірқатар нəтижелерге табан тірей отырып, қазақ мифтерінің де қайсыбір ерекшеліктерін анықтау ұлтымыздың рухани мұрасын түгелдеуге септігін тигізері сөзсіз.
Салыстырмалы зерттеулердің нəтижелеріне қарағанда, ең қарапайым, əрі ең көне мифтердің қатарына аспан денелері - Күн, Ай, жұлдыздар мен планеталар туралы айтылатын мифтер жататын көрінеді, яғни космогониялық мифтер.
Космогониялық мифтер деп аталатын мұндай əңгімелердің түп-тамыры бізді қоршаған дүние қашан, қалай жаратылды, жаратқан кім?.. деген күрделі сауалдарға жауап іздеумен байланысты. Осы мифтердің əлем жұртшылығына кең таралғандығы жəне миф атаулының ішінде алатын орнының мəн-мазмұны олар бір кезде адам болды деген түсінікті айшықтап көрсетеді. Күн сəулесінің өткірлігін оның мінезінің тік , өжеттігіне, Ай сəулесінің əлсіздігін оның жұмсақ мінезіне байланысты түсіндіру де олардың адам кейпінде ұғынылғанын дəлелдейді. Миф бойынша Ай мен Күн асқан сұлу қыздар екен, бірбірінің сұлулығын қызғанып, Күн айдың бетін тырнап алыпты, содан Айдың бетінде дақ қалып,
бұдан кейін бір жүрмейтін болыпты... [3, 4]
Тағы бір мифте: жігіт бейнесіндегі Айға жердегі жетім қыз ғашық болып қалыпты. Өгей шешесі қызды түнде су əкелуге жұмсайды. Қыз суға барса, ғажайып бір сұлу жігітті көреді, сөйтсе ол су бетінде шағылысқан Айдың бейнесі екен. Қыз Айға жалынып, өзін алып кетуді өтінеді.Сөйтіп Айға барып қосылған, қолына шелек ұстап тұрған қыздың бейнесін Айдың бетінен көруге болады. Бұл мифтердің бəрінде де аспан денелерін адам ретінде түсіну айқын көрінеді.
Ерте замандарда қазақтар әр түлік малдың өз алдына бөлек-бөлек бақташы иелері бар деп сенетін. Қойдың Шопан ата, түйенің Ойсыл қара, сиырдың Зеңгі баба, жылқының Қамбар ата, ешкінің Шекшек ата деген иелері бар деп есептейді. Бұл аталған есімдердің барлығы - бір кездері данышпан, әулиелігімен есімі елге жайылған тұлғалар.
Одан сый алу үшін кез келген адамға, оның әлеуметтік мансап-мәртебесі мен байлығына, киіміне, түр-әлпетіне қарамай, қонақжайлық көрсету керек (өйткені ол Қыдыр болып шығуы мүмкін). "Қырықтың бірі Қыдыр" сөзінің астарынан осындай түсініктен туындаған моральдық факторды көруге болады. Қыдыр (Қызыр) ата бүкіл халықтың қамқоры, оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші, бақыт, береке, өмір сыйлаушы қасиет иесі, кемеңгер, әулие, көріпкел, жарылқаушы қарт. Ол Ұлыстың ұлы күнінде әр елге келіп, әр шаңыраққа соғып бата береді. Міне сондықтан әр үй Қыдыр атаның жолын күтіп, өздерінің жанын да, тәнін де, киер киім, ыдысы мен бұйымдарын да таза ұстауға тырысады. Үйдің іші-сыртын, қора-қопсыны тазартып, ағаш егіп, өсімдікке су құяды. Мұсылман қауымы мұндай үйге Қыдыр ата түнеп немесе бата беріп кетеді деп түсінген. Қыдыр қонған, Қыдыр дарыған деген сөздер осындайдан шыққан. Жындардың, албастылардың, шайтандар мен басқа да мифологиялық мақұлықтардың пайда болу туралы мынадай әңгімелер айтылады.
Адам ата мен Хауа ананың арасында адамның кімнен жаратылғандығы жөнінде талас туады: Хауа ана менен десе, Адам ата жоқ, менен дейді. Қайсысының сөзі рас болып шығатынына көздерін жеткізу үшін екеуі ұрықтарын бөлек-бөлек жинайды. Адам ата ұрығын құмыраға сақтайды, Хауа ана мақтаға орап қояды. Белгілі бір уақыт өткен соң қараса, құмыра ішінде адам пайда болған екен, мақтаның ішінде де бірдеңе жыбырлайды. Бірақ ол адам емес, дию, жын, пері болып шығады. Албасты, жын-шайтанның әйелге үйір келетіні де осыдан дейді.
Қазақ мифтерінің арасында аспан мен жердің, күн мен айдың, жұлдыздар мен планеталардың қалай пайда болғандығы, оларды кімдер жаратқаны туралы мифтер аз сақталған. Дегенмен, жұмыртқадай жерді көтеріп тұрған көк өгіздің мүйізі, бір мүйізінен екінші мүйізіне ауыстырғанда жер сілкінеді, дүниежүзіне мəлім миф бойынша əлемді топан су басқаннан кейін Нұх (Ной) кемесі тоқтаған жерде тіршілік басталған; аспан иесі (əрі Жаратушы) - Тəңір, кейбір түркі халықтарының мифтерінде жердің иесі əйел Құдай Ұмай, бəлкім байырғы ұғым бойынша Тəңір мен Ұмай ерлі-зайыпты; аспанды еркек, жерді əйел бейнесінде ұғыну дүниежүзінің көптеген халықтарына тараған. Жер бетіндегі тау-тас, өзен-көлдер бір кездегі алып адамдардың (Еділ, Жайық, Толағай, т.б) іс-əрекеттерінің нəтижесінде (секіргенде, жылағанда, айқайлап күңіренгенде, ұйықтағанда т.б) пайда болған дейтін түсініктердің арғы негізі олар қалай жаратылды, кімдер жаратты дейтін сауалдармен байланысты екені анық.
қазақ арасында сақталған мифтерде көшпелі өмір салтына негізделген көріністердің жалпы дүниеге, оның ішінде аспан денелерінің қасиеттері мен қимыл-қозғалысына да телінетіні табиғи жағдай. Көшіп-қонған ел (үнемі қозғалыс үстіндегі аспан денелері), төрт түлік мал, оны ит-құстан, ұрықарыдан қорғау (Жетіқарақшы, Ақбозат, Көкбозат, Арқанжұлдыздары), мысалы Жетіқарақшы мифтік əңгімеде:
... Жетіқарақшы бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін ұрлаған баукеспе ұры болыпты. Халық болып соңына түскен соң, қылмысы басынан асқан жеті жеткізбей аспанға қашып шыққан. Бастаған алдыңғы төртеуі, ана артындағы үшеуі ерер-ермес болып жүрген олардың құйыршығы. Ана бүйірдегі екі жарық жұлдыз - екі батыр. Сонау көрінген қатар екі жұлдыз, Ақбозатпен Көкбозат - батырлардың аттары. Олар Темірқазыққа арқандаулы. Шұбатылған арқаны да, əне көрініп тұр. Аттар Темірқазықты айнала аттайды. Оларды аңдыған жеті ұры да түнімен төңіректеп айналып жүреді. Ұрылар қайтсе де осы аттарды түсіріп алмақшы. Сақ күзетуші алдыңғысынан көз жазбайды. Сөйтіп жүргенде таң атады. Таң атысымен Жетіқарақшы көзден тайып, тасаланады[3, 14]. Жылдың əр мезгілінде əр түрлі өзгешеліктерімен көрінетін аңдар мен жан-жануарлар (Үш Арқар, Қамбар, Үркер, т.б жұлдыздар) қосақтап сауған қойлар, (Кемпірқосақ), түнгі бақташының жөн сілтер, мезгілді анықтар бағдары (Темірқазық, Шолпан, Есекқыран, Сүмбіле, Құс жолы) ауа райының, жыл маусымының малға жайлыжайсыздығын болжау (Айдың қалай тууы, күннің батуы,жұлдыздардың түр-түсі,т.б.
Қазақ аңыздарын оқып отырсақ,халқымыздың текті де киелі екенін ұғамыз. Сонау замандағы Кир патшаның күнді үш рет құшақтап,отыз жыл елге билік еткені,Мөңке бидің түсіндегі қазіргі заманның дөп келуі,Шақшақ Жәнібектің қалмақ ханын жеңіп,елге азаттық бергені,Асан қайғы мен Қорқыт бабамыз туралы аңыздарды естіп,оқығанымыз,сексеуілді ат қып бәйгеге қосқан Молықбай ата,елдің болашағын болжаған Нұртуған жырау...толып жатқан аңыздарды есіткенде таң қаларлық екені сөзсіз рас.
Қорыта келе , аңыз да болса, ұлы даламның ойшылдары мен көріпкелдері халқымның иманы кетпеген ырысы мен бірлігі іспеттес. Ұлы даламның ойшылдары мен көріпкелдері мың жығылып,мың тұрған қазағымның барыстай алғыр болып алға жетелейді.Қазақ халқымның қырандай биік самғап,тек тектілікке ғана ұмтылғандығын қалады.Түркілердің ішінде байрағы жығылмаған айбары халық боларына сенді.
Бүкіл ғаламды алсаң да, қаншама байлық жисаң да бәрі өзіңмен бірге кетеді. Артыңда өнегелі ісің мен ілім, өлмейтін сөзің, сөзің мен ісіңді өлтірмейтін саналы ұрпақ қалдыру барлық қазақ азаматының ең абыройлы парызы болып қалатынын саналы ұрпаққа түсіндіргісі келді.Елінің,ұрпағының тектіліктің тұмары болып қалуына өз жанын пида етіп,аруларының ардың жібін аттамауға,батырларының жағасын жыртқызбай байтақ даласын азат етуге ат салысуды арман етіп кеткен қайран бабаларым,сендерге мың тағзым...
2.Қазақ халқының эстетикалық талғамына сәйкес келетін құндылықтар негізі және Аң стилі мен қазіргі қазақ бейнелеу өнері арасындағы мәдени сабақтастық.
Қазақ эстетикасы - философиялық ғылым.
Қазақ халқының адам мен дүние жүзі арасындағы құндылық қатынастардың көрінісі ретіндегі әсемдік пен сұлулық аясын және ұлттық көркемөнер, мәдениет саласын зерттейді. Қазақ эстетикасы халықтың көркемдік әрекетінің алуан түрлерінен көрініс тапқан. Қазақ халқының қалыптасуы барысындағы эстетикалық ой-пікірлердің дамуы бірнеше кезеңдерден өткен. Халықтың эстетикалық құндылықтары алдымен фольклорда - тұрмыс-салт жырларында, аңыздар мен мифтерде, батырлық және лирикалық эпоста көркем түрде баяндалған. Халықтың дәстүрлі тұрмысы мен бүкіл тыныс-тіршілігіне ежелден бастап-ақ сұлулық, эстетикалық көркемдік тән болды. Эстетикалық бастама дәстүрлі тұрмыста, күнделікті іс-әрекетте көрініс тауып, ондағы сұлулық пен мейірімділік ұғымдары қатар қойылды. Қазақ эстетикасы мәдениетінің тарихы мынадай кезеңдерге бөлінеді:
исламға дейінгі ежелгі эстетикалық процестер;
орта ғасырлардағы түркі даналарының эстетикалық ой-пікірлері;
қазақ хандығы дәуіріндегі эстетикалық процестер;
қазақ ағартушыларының эстетикалық ойлары;
кеңес дәуіріндегі эстетикалық ұғым; 6) Қазақстан Республикасындағы эстетика.[1]
Қазақ эстетикасының Батыс пен Шығыстың дәстүрлі көркем мәдениет үлгілерінің типтік ерекшеліктеріне ұқсамайтын, оларды сіңіре отырып дамыған өзіндік төлтума мәдениеті болды. Қазақ халқы адам мен әлем біртұтас деген философиялық тұжырымға көзбен көріп, қиял қанатымен жетіп, ой тезіне салып, іштей білген тәжірибесі, көшпенді өмірі арқылы ие болды. Осы рухани сырластық деңгейі халықтың әдет-ғұрып сырына, эстетикалық негізіне айналған. Қазақ эстетикасында табиғатқа шексіз сүйіспеншілік, оны сезініп түсінуі, онымен бірге ажырамас біртұтастықта өмір сүру талғам-түсінігі ерекше орын алды.
Жалпы сақ ата-бабаларымыздан жеткен аңдық стильдерді қазіргі таңда қазақ халқының қолөнер шеберлері күнделікті тұрмыстық бұйымдарға, сән әлемінде ұтымды әрі жаңаша бағытта қолданып жүр. Дегенмен, сонау сақ кезеңінен бастау алған композициялық туындылар өз кезегінде заманауи үйлесімділікке ие болып жандана түсуде. Демек, өрнектердің композициялық орналасуындағы тұрақтылық пен жүйелік әдістер адамзат пен әлем арасындағы тылсым күштің, рухтың жақындығын, тәңірге табынушылықтан туындаған дүниетанымдық көзқарастарды көрсететін керемет дүниелер сонау сақ заманынан жеткен аңдық стильдің бір тармақшалары болып табылады. Бізге жеткен мәліметтерге қарасақ, ою-өрнектің мазмұндық ерекшеліктері символы, дүниені тану, салт-дәстүр, наным-сенімнен туындаса, ал сондағы бояу түсінің идеялық мазмұны, эмоциялық әсері адамның ішкі жан дүниесін көрсетсе керек. Сондай-ақ ат әбзелдеріндегі ерекше қолөнер туындылары сақ кезеңінен бастау алған жылқыға деген ерекше құрмет пен пір тұту, серік ету сияқты дүниетанымдық көзқарастардан басталған. Мәселен, ердің қасына салынған аңдық және геометриялық ою-өрнектер салу, өсіп-өну, құт береке, байлық нышандарымен тығыз байланысты екендігі белгілі.
Қорыта келе, сақ дәуірінен бастау алған аңдық стиль қазіргі таңда жалғасын тауып ата-бабаларымыздан жеткен өнер туындылары жанадана түсуде, бұл дегеніміз өнердің ешқашан өшпейтінін, заман талабына сай көркейіп, дамып, жетіле түсетіндігін көрсетеді. Демек, сақ өнерінің жауһарлары қаншама уақыт өтсе де, өз миссиясын жоғалпағандығын меңзейді.
- Б.з.б VIII ғасырдан бастап Ұлы дала төрінде аңдарды бейнелеу өнері, яғни, аң стилі пайда болды. Оның негізгі тақырыбы, діңгегі - аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу. Негізінен, ол көбіне сәндік сипатта қолданылған. Ол бабаларымыздың ай - рықша жоғары өндірістік тәжірибесі болғанын көрсетеді. Мәселен, археологиялық қазба нәтижелерінде табылған жәдігерлерден аталмыш өнердің сол заманның өзінде-ақ дамығанын аңғаруға болады. Қазба шаралары нәтижесінде түрлі бейнелермен безендірілген қола қазандар, құрбандық заттары, қару-жарақтар, ат әбзелдері мен киімдер табылды, - деді тарих ғылымдарының кандидаты Уәлихан Ибраев. Ол осы саланың маманы ретінде аң стилінің төркінінде келешек ұрпақтарға қалдырған мол рухани-материалдық мұра жатқандығын жеткізді.
Б.з.б 8 ғасырдан бастап Еуразия далалы аймақтар өңірінде аңдарды бейнелеу - аңдық стиль пайда болды. Оның негізгі тақырыбы - аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу. "Аң стилі" өнері ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz