Ағаш аттан секіру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Мактумкулов Ерболат, ФКНВП-20К

Вопросы: 1

аяқты ат арқылы бөлек секіру техникасы

Ағаш аттан секіру - гимнастикалық көпсайыстың қарапайым түрлерінің бірі. Ол, ең алдымен, күрделі тіреп секіру жаттығуларын меңгеруге көмектеседі. Өйткені, секірудің әрбір жекелеген түрлерінде ортақ жайттар көп кездеседі. Ағаш аттан секіру аяқпен көпіршені (мостик) басудан басталады. Көпіршеден серпілуге қолдың алға қарай сілтенуі дем береді. Бұл қимыл-әрекеттер әрқашан ұқсас және барлық секіру түрлеріне ортақ болып келеді. Сонымен бірге бұлар секіру әдісінің жалпы түп негізін құрайды.

Көпіршеге аяқты тіреп секіруді орындау техникасы ұлдар үшін де, қыздар үшін де бірдей.

Тіреп секіруді дұрыс үйрену және оны өз бетінше жетілдіру үшін бұл жаттығуды орындау кезеңдерін жақсы білу қажет.

Тіреп секіру тұтасымен мынадай кезеңдерден тұрады:

Екпіндей жүгіру;

Көпіршені басу;

Аяқпен серпілу;

Қолды ағаш атқа тірегенге дейінгі қалықтап ұшу;

Қолмен серпілу;

Қолмен серпілуден кейінгі қалықтап ұшу;

Жерге түсу.

Ағаш аттан секіруге арналған екпіндей жүгіріп келу қашықтығы 12 - 15 м-ден аспайды. Алайда егер көпірше ағаш аттан 60 -70 см-ден алыс тұрса, онда екпіндей жүгіріп келу қашықтығы өсе түсуі мүмкін.

Көрсету:

Көпіршені ағаш аттың алдына қою кезінде мынадай жайттар: екпіндей жүгіріп келу жылдамдығы, секіру түрі, аяқпен серпілу күші есепке алынады.

Мектепте ағаш аттан секірудің екі түрінің бірі - екі аяқты кең ашып немесе екі тізені бүгіп секірудің бірі орындалуға тиіс. Секірудің бұл екі түрін де қолды алдын ала сермемей, яғни аяқпен серпіліп ыршығаннан кейін денені қосымша қимылдатпай-ақ орындауға болады.

1- міндет. Секірудің техникасымен таныстыру.

Секірудің техникасын қысқаша әңгімелеп беру, оның

ерекшеліктерін түсіндіру, кинограммды демонстрациялау,

видеофильмдер, фотосуреттер мен секіруді толық үлгіде кӛрсету

- секіру жайлы дұрыс түсінік қалыптастырады.

2 - міндет. Итерілу техникасын үйрету.

Репозиторий КарГУ

131

Секірудің бұл фазасын үйренуде басты назарды аяқ пен

қолдың серіппелі қозғалысын аяқпен итеру жұмысының

сәйкестігіне аударған жӛн. Осы мақсатта арнайы секірулер,

имитациялық және қорытынды жаттығулар ӛте кӛп орындалады:

- тіректі қолмен ұстап(гимнастикалық таяқ, ағаш), бос

аяқтың серіппелі қозғалысы;

- қол мен аяқтың серіппелі қозғалысы секіруге жалғасады;

- тіреусіз итерілудің серпілумен үйлесуі, бүгіле серпілген

аяқта тұру, итеретін аяқӛкшеменалда тұрады, қолды артқа қарай

сермейді;

- итеретін аяқты қою имитациясы - серпілетін аяқта

отырыңқырап, итеріліп, аяқ ӛкшеден толық табанға тұрады;

- сол қалыпта, тек қолды сермеп жасау;

- сол қалыпта, тек биіктікке секіріп және әртүрлі заттарға

қолды, басты, серпілген аяқты тигізу;

- сол қалыпта, тек 3, 5, 7 екпін алу қадамында жоғарыға

секіруді орындау.

Арнайы жаттығуларды үйренудің мӛлшері оларды орындау

жылдамдығы мен планканың алатын биіктігі ӛскенде арта

түседі.

3-міндет. Екпін алу техникасын итерілумен үйлестіріп

үйрету.

Бұл міндетті орындау үшін екпін алу кезінде жылдамдықты

біртіндеп кӛбейтіп, әсіресе соңғы үш қадамда күшейтіп, ал

соңғы қадам - ең ұзын болады, ол секірушінің ОЦМ

тӛмендетуге және жақсы итерілуге икемді жағдай жасайды.

Ритмді жақсы меңгеру үшін қадамды

дауыстап, шапалақтап, таяқты тықылдатыпсанауға болады.

Итерілу арқылы екпін алуды үйретудің әдістері мынадай

жаттығулар: белгі бойынша екпін алу, мұғалімнің санауымен

екпін алу, 1, 3, 5 қадамнан арнайы сызылған жерге дейін итерілу

арқылы екпін алу, планка арқылы секіру, жеке екпін алуды

іріктеу.

Репозиторий КарГУ

132

4 - міндет. Планка арқылы ӛту және жерге түсу

техникасына оқыту.

«Аттап ӛту» әдісі бойынша планка арқылы ӛтуге үйретуге

кӛшпес бұрын, секіруді үйрету тәсілдерінің кемшіліктері мен

артықшылықтарын белгілеп қою керек. Ұшу фазасында секіру

қозғалысының техникасын меңгерген кезде имитациялық және

арнайы секіру жаттығулары аса маңызды рӛл атқарады.

Дайындық жаттығуларын меңгере отырып, оқушылар планка

арқылы секіру кезінде секірушіні қозғалыс техникасына үйрету

жалғаса береді. Планка арқылы ӛтуге үйрету және жерге түсу

үшін келесідей жаттығулар қолданылады:

- бір бүйірмен тұру, орындық, резеңке эспандер сызылған

түзу бойымен планка арқылы қозғалу техникасының

имитациясы;

- серпілетін аяқ жағымен планкаға бүйірімен тұрып,

алдымен сермейтін аяқпен, сосын итеретін аяқпен планка

арқылы қозғалыс жасау;

- сол қалыпта, тек секіру;

- сол қалыпта, тек қадам басу;

- екпін алып, 3, 5 қадамда планка арқылы секіру;

- итеретін аяққа қарай денені бұру;

- сол қалыпта планкадан секіру үшін екпін алып, секіргенде

планкадан белдің бӛлігін биігірек ұстау;

- жеке қателіктерді түзетіп, планка арқылы секіру.

Планка арқылы ӛту үшін барлық қозғалыстар қатаң түрде

екпін алу сызығынан басталып орындалуы керек және ол келесі

жаттығуды орындағанда қадағаланып отырылуы керек.

Вопросы: 2

Денені жерден көтеру техникасы

Денені жерден көтеру жаттығуларын (отжимания) 10-ға дейін де жасай алмайтын адамдарға қарағанда, дәл осы жаттығуды 40-тан да көп жасайтын орта жастағы денсаулығы жақсы ер адамдар жүрек аурулары мен жүрек жетіспеушілігіне шалдықпайды. Осыған қатысты АҚШ-та өткізілген зерттеулердің нәтижесі JAMA Network Open платформасында жарияланған болатын.

Т. Х. Чан атындағы Гарвард қоғамдық денсаулық мектебінің мамандары 2000 жылдан 2010 жылға дейінгі 10 жылдық зерттеу барысында 1104 өрт сөндірушінің денсаулық жағдайын саралады. Ерлердің орташа жасы 39 болды, дене салмағының индексі де ескерілді, нақтырақ айтсақ, оның негізі 28, 7-ге теңестірілді. Зерттеу басында ғалымдар өрт сөндірушілердің еденнен кеуде көтеруін және жүгіру жолындағы субмаксималды жүктемені орындаудағы төзімділігін тексерді. Кейін 10 жыл бойы әр адам жыл сайын физикалық жүктемелерден емтихандар мен сынақтардан өтіп тұрды.

Жиналған мәліметтер бойынша, кеудені жерден көтеру жаттығуын 40-тан да көп жасай алатын ерлерде, аталмыш жаттығуды 10-ға дейін де жаса алмайтын адамдармен салыстырғанда жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупі 96 пайызға дейін төмен болған екен. Барлық зерттеу кезеңінде жүрек-қан тамырлары ауруларына қатысты 37 оқиға тіркелген. Олардың барлығы дерлік негізгі тестілеу кезінде 40 немесе одан да аз жаттығу орындаған ерлерде байқалған.

Ғалымдар денені жерден көтеру жаттығуы арқылы денсаулық жағдайын қадағалау жүрек және қан тамырлары ауруларының қаупін алдын-ала нақты болжауға айтарлықтай септігін тигізетінін айтады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гимнастика спорттың бір түрі
Дене тәрбиесі жүйесінде гимнастиканың алатын орны және маңызы
Акробатикалық жаттығуларды үйрету
Акробатикадан жаттығуларының спорт саласы болып бөлінуі
Сапта тұру жаттығулары
Дене жаттығулары
Иілгіштік дене қасиеттерін оқыту әдістемесінде ұғымдар негізі
Жеңіл атлетиканың түрлері
Спорт жабдықтарында орындалатын гимнастика жаттығулары
Иілгіштік дене қасиеттерін оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz